Қазақстан республикасы денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі



Pdf көрінісі
бет42/199
Дата23.02.2022
өлшемі3,75 Mb.
#26194
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   199
Аристотель  (б.з.б.  384-322  жж.)  –  «Физика», 
«Механика»,  «Органон»,  «Жан  туралы»,  «Никомахова 
этикасы»,  «Саясат»,  «Риторика»  еңбектерінің  авторы. 
Аристотель  көне  заманның  энциклопедисті  және  өзіне 
дейінгі  философия  мен  ғылыми  білімді  жүйеге 
келтіруші, танымал тұлға. 
Аристотель 
шығармашылығын 
үшке 
бөліп 
қарастыруға  болады:  теоретикалық  –  болмыс 
мәселесін, барлығының пайда болу мәселесін қарастырған; практикалық – адам 
әрекеті,  мемлекет  құрылымы  мәселесін  қарастырған;  поэтикалық  – 
шығармашылық  жөнінде. 
Аристотель  философиялық  ілімінінің  негізгі  жақтары  ретінде  мына 
төменгілерді алып қарауға болады: 
Категориялар  туралы  ілім.  Бұл  ілім  Платонның  идеялар  теориясына 
негізделіп, түрлі сападағы идеялар туралы ілім болды. Аристотель ең алдымен 
екі  катигорияны  ажыратып  айтты:  мән  («субстанция»)  және  сапа 
(«акциденция»).  Мысалы,  ізгілік  идеясы  және  идеяның  өзі  мән  мен  сапаны 
көрсетеді. мән өзінен өзі өмір сүреді, ал сапа (немесе сан) қандайда бір мәнге 
сәйкес  өмір  сүреді,  өзімен  өзі  бола  алмайды.  «Ізгілік»  сапа  категориясы,  ол 
өзімен  өзі  бола  алмайды,  біреудің  қасиеті  (ізгілікті  адам,  ізгілікті  іс)  ретінде 
өмсір сүреді. 
Материя  және  форма  туралы  ілім  немесе  әрбір  заттың  екі  себептілігі 
туралы ілім. Аристотель материя ұғымын ендірген алғашқы философ, онда ол 
қарапайым  тіл  және  «материал»  ұғымын  пайдаланды.  Форма  Аристотель 
бойынша  –  заттың  бейнесі,  материядан  белгілі  бір  затты  тудыру  үшін  керекті 
әрекеттіліктің  бастауы.  Аристотель  тілімен  айтқанда  форма  әуелгі  кезде 
болмыс «мүмкіндігі». Ал оның мүмкіндіктен шындыққа айналуы форма болып 
табылады.  Материя  Аристотель  бойынша,  бір  жағынан  субстрат,  яғни  негіз, 
бірдеңенің  ішкі  астары,  яғни  таза  мүмкіндік.  Екінші  жағынан  мүмкіндік  қана 
емес, таза шындық. 
Логика.  Болмысты  тану  тек  логика  көмегімен  мүмкін  болады.  Логиканы 
«органикалық» ғылым ретінде қарастырды, яғни ол болмысты танудың құралы 
(«органон»)  деп  есептеді.  Логика,  Аристотель  бойынша  таным  үшін 
методологиялық  мәнге  ие.  Ол  жалпыны  жекеден,  ақиқат  білімді  жалған 
білімнен  ажыратуға  көмектеседі.  Жалпыны  ажырататын  әдісті  Аристотель 
индукция  (жекеден  жалпыны  ажырату)  деп  атап,  кейін  ол  жеке  факторды 
түсіндіруге  мүмкіндік  береді  деп  тұжырымдады.  Силлогизмдерден  дәлелдеуді 
негіздейтін әдіс, яғни, жалпы тұжырымдардан – жекелеген пікірлерді алуды ол 
дедукция деп атады. 
Жан туралы ілімі. Адамның өзге тіршілік иелерінен жануарлардан негізгі 
ерекшелігі оның ақылында. 


59 
 
Ақыл  жалпылама  ойлаудың  мүмкіндігі.  Адамның  сөйлеу  қабілеті  осыған 
негізделген  (сөйлеуде  жалпылықтар  туралы ойлар байқалады) ал  жануарларда 
бұндай қабілеттілік жоқ. Адамда ғылым бар (яғни жалпы бастау туралы білім) 
және бұл жануарларда болмайды. Ақыл адам әрекетін шартты етеді, оның еркін 
қалыптастырады. Ерік адамның талпыныстарынан құралады және адамгершілік 
таңдауына (ол жалпы білімге негізделіп жасалған) дайындығын көрсетеді . 
Аристотель  бойынша  адам  жанында  екі  түрлі  бөлгі  бар:  жануарлық  және 
ақылды. Ақыл – индивидуалдылыққа жатпайтын, жалпылық, өзгермейтін және 
мәңгі.  Ақыл  барлығына  ортақ,  оның  индивидуальды  ерекшеліктері  болмайды. 
Ол  тәндік  процестермен  байланысты  емес,  жан  тек  ақылды  бөлігінде  ғана 
ажалсыз. 
Антикалық философияның үшінші кезеңі римдік – эллиндік кезең ( б.д.д. 3 
ғ  –  б.д.  6  ғ.).  Платон  мен  Аристотельдің  философияға  енгізген  орасан  зор 
еңбектері  мен  жаңалықтарынан  кейін  философия  айтарлықтай  беделге  ие 
болып,  дәрежесі  өсе  бастады.  Бұл  жағдай  «Эллиндік  дәуірдің»  өркендеп, 
гректік  ойлау  ерекшелігінің  Жерорта  теңізінің  барлық  территориясына 
таралуына  септігін  тигізген  еді.  Мұнымен  қоса,  Александр  Македонскийдің 
бірнеше елді мекендерді жаулап, сол жерлерде жаңа мәдениетті жасауы болды. 
Бір жағынан грек ойшылдарының философиясы жан-жақты таралып, қанат 
жая өркендеп өсуі - сол замандағы адамдардың өз өмірдерін жақсартуға деген 
құлшыныстарына  да  байланысты  болды,  өйткені,  олар  «қалай  өмір  сүру 
керектігін»  білу  үшін,  «данагөй»  болуға  тырысты.  Соған  орай  философия 
жүйеленіп,  догматикалық  сипатқа  ие  бола  бастады.  Қалаған  мектебінен, 
ұстазынан  білім  алатын  жағдайға  жетті,  себебі  әртүрлі  философиялық 
мектептер  қалыптаса  бастады.  Ерекше  сипатқа  ие  болған  философиялық 
мектептер  қатарына  стоиктер,  эпикуршылар  және  скептиктерді  жатқызуға 
болады. Адам өмірінің жандануы мен құлдырауы жөніндегі мәселе сол кездегі 
негізгі  философиялық  сұраққа  айналды.  Бұл  сұрақ  ақиқатқа  жетудің  жолын 
емес, бәрінен бұрын қалай жақсы өмір сүруге болады деген мәселенің шешімін 
іздеді. Міне, осы сұрақ төңірегінде өрбіген стоик, эпикуршыл және скептиктер 
секілді ағымдар өздігінше жауап беруге тырысты. 
Антика  философиясы  және  медицинасының  өзара  байланысы  мен  өзара 
ықпалы туралы антиканың атақты үш дәрігері мысалында талдауға болады.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   199




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет