К. Гален(б.д. 131 – 201 жж.) 400 шығарма жазған,
оның 200 дейі медицина бойынша, сонымен бірге
философия, математика және т.б. бойынша. Өзінің философиялық көзқарастарында Аристотельді
жақтаған, ал мақсаттылық қатынасында Платонның
көзқарасын ұстанған, сондықтан Гален дүниетанымын
дуалистік деуге болады. Галеннің медициналық жүйесі
«Methodus medendi» 14 томдық еңбегінде және «Frs
medica» нұсқаулығында жазылған, жоғарыда айтылғандай
Платонның жүйесін көрсетеді. Гален «денсаулық 4 элементтің ылғалдың,
біртекті бөліктердің, мүшелердің, және барлық ағзаны басқаратын күштің тепе-
теңдігі мен үйлесімділігі»деп есептеген, яғни гуморальды терапияның
жақтаушысы болған.
Галенді адамның анатомиясының, эксперименталды физиология мен
жергілікті диагностиканың негізін қалаушы деп санауға толық болады. Егер
Гиппократта медицина өнер ретінде айқындалып шықса, Галенде медицинаның
екі ғылыми-теориялық және тәжірибелік жақтары өзінің жоғарғы өркендеуіне
жетті.