Августин Аврелий (354-430 жж.) – христиан дінбасы
және неоплатонизмге жақын философ – мистик,
патристиканың ықпалды өкілі. Оның дүниетанымы
фидеистік сипатта, яғни «нанымсыз білім, ақиқат жоқ»
деген принципке бағынады. «Құдайдын қаласы» (426 ж.)
атты шығармасында Августин тарихты, адам тағдырын
фаталистік (теологиялық фатализм тарихтағы оқиғалар мен
адам өмірі – құдайдың құдіретімен анықталатын негізге
алу) тұрғыдан түсіндіретін христиандық концепциясын
ұсынды. «Жердегі қалаға», «күнәһар» зиялы мемлекетке
ол «Құдайдың қаласын», яғни шіркеудің бүкіл
дүниежүзілік
үстемдігін
қарама-қарсы
қойды.
Августиннің христиан теологиясының әрмен қарай
дамуына жасаған ықпалы орасан зор.
Ортағасырлық философияның белді өкілдерінің бірі