Қазақстан республикасы денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі


 - ТАРАУ. ФИЛОСОФИЯ МӘДЕНИЕТ ФЕНОМЕНІ ХАҚЫСЫНДА



Pdf көрінісі
бет6/199
Дата23.02.2022
өлшемі3,75 Mb.
#26194
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   199
1 - ТАРАУ. ФИЛОСОФИЯ МӘДЕНИЕТ ФЕНОМЕНІ ХАҚЫСЫНДА 
 
1.1.  ДҮНИЕТАНЫМ ҰҒЫМЫ, ОНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ ЖӘНЕ 
НЕГІЗГІ ТҮРЛЕРІ 
 
Тарихи  дамудың  қазіргі  кездегі  кезеңі  қоғам  өмірінің  барлық  жақтар 
арасындағы,  құрлықтар,  елдер,  аймақтар  арасындағы  өзара  байланыстың 
күрделенуімен  сипатталады.  Барлық  әлемдегі  өзгерістер,  жаһандық 
мәселелердің шиеленісуі қоғамдық дамудың жалпы сұрақтарына қызығушылық 
күшейе түсті. Осы сұрақтарды тұжырымдамалық зерттеу адамзат тарихындағы 
кешегі,  қазіргі  және  болашақ  байланыстарды,  қазіргі  әлемде  болып  жатқан 
үрдістерді зерттеу үшін маңызды әдістемелік мағынаны білдіреді. Бұл жағдайда 
осы  қоғамда  қабылданған  терең  дүниетанымдық  ұстанымдардың  өзгеруі 
жүрген  кезде,  адамның  қабілеті  мен  мүмкіндіктері  туралы  сөз  етілгенде, 
адамның шындыққа деген өз қатынасының философиялық мәнін түсіну маңызы 
күшейе түседі.  
Әлемнің  әр  түрлі  жақтары  адамның  өмірлік  іс  әрекетінде  маңызды  рөл 
атқарып,  оның  санасында  бейнеленеді  және  қоғамдық  сананың  әр  түрлі 
формаларында көрінеді. Осындай түрлі формалар шындықтың нақты жағының 
бейнесі  ғана  емес,  сонымен  бірге  адамның  бағыттылығын  анықтайтын,  осы 
өмір  саласындағы  мақсатты  тұжырымдау  іс  әрекетінің  бағыттылығын 
қамтамасыз ететін фактор. Қоршаған ортаны меңгере, сынақтар мен қателіктер, 
табыс  пен  шығын  жолдарымен  жүріп  адам  қажетті  білімдерді  жинақтады, 
оларды  жалпылады  және  жүйеледі.  Осы  білімдер  ұрпақтан  ұрпаққа  берілді, 
жаңа  жетістіктермен,  ашылулармен  толықтырылды,  жетіле  түсті,  адамға  тірі 
қалуға және өзін тұлға ретінде санауға  көмектесті.   
Адам  және  қоғамның  қалыптасыу  мен  дамуының  шамасы  бойынша 
қоршаған  әлемді,  оның  «құпияларын»  ашуға  деген  қажеттілік  арта  бастады. 
Жеке  адамды  әлемнің  құрылысы,  ондағы  адамның  орны  туралы,  адам  өз 
тағдырының  жаратушысы  болуы  мүмкін  бе,  өзінің  тіршілік  етуін  бекіту 
барысындағы  күрестегі  күштің  билеушісі  бола  алады  ма,  бақытқа  жетуге 
болады  ма,  адамзаттың  тіршілік  етуінің  мағынасы  неде  және  тағыда  көптеген  
сұрақтар  қызықтырды.  Жалпы  пайымдаулардан  осындай  сұрақтарды  талдау 
барысында  зерде  адамзат  болмысының  нақты  өлшемдеріне  сөзсіз  ауысады: 
табиғатқа,  қоғамға,  бір-біріне  деген  қатынасты  қалай  құру  керек,  қандай 
білімдер  және  құндылықтармен  басшылық  ету  керек?  Осы  және  басқада 
сұрақтарға жауапты мәдениетте қалыптасатын дүниетаным береді. 
«Дүниетаным» ұғымы «адам» ұғымымен тығыз байланысты. Дүниетаным 
–  қоршаған  болмыста  адамның  рухани  бағытталу  тәсілі,  әлемге  деген  нақты 
көзқарас.  Бұл жүйе дүние және ондағы адамның рөлі, тұлғаның құндылықтары 
мен нанымдары туралы жалпы түсініктері мен білімдері. Осындай түсініктердің 
жиынтығы  оның  іс  әрекетін,  жүріс-тұрысын,  қарым-қатынасын  ұйымдастыру, 
өзін-өзі танытуына, өмір жолын және жүріс-тұрыс стратегиясын  анықтау үшін 



 
жеке  адамға  қажет.  Сонымен  қатар,  ол  адамның  бағыт  бағдарын,  сенімі  мен 
идеалдарын, принциптерін, ұмтылыстарын білдіреді. 
Дүниетаным  адамның  өзі  және  қоршаған  орта  туралы  білімдерімен  ғана 
шектелмейді.  Өйткені,  ол  дүниенің  бейнесі  ғана  емес,  ең  алдымен,  дүниеге 
деген  қатынас.  Адам  дүниеге  бейжай  немқұрайдылықпен 
немесе 
қызығушылықпен қарайды, оны не ізгілік, не зұлымдық тұрғысынан бағалайды. 
Осы қатынастар төңірегінде сыртқы материалдық әлем мен ішкі рухани дүние 
туралы  түсініктер  жинақталып,  тиянақталынады.  Сөйтіп,  әлем,  табиғат,  адам, 
олардың  бірлігі  мен  адамның  дүниедегі  орны,  болмыс  пен  болашақ  туралы 
түсініктер  қалыптаса  бастайды.  Дүниетаным  -  өзін  өзі,  айналадағы  ортаны 
өзгертетін адамның практикалық іс  - әрекетінің тірегі. Кез келген пенде, жеке 
адам,  ойшыл  дүниетанымның  субъектісі  бола  алады.  Өйткені  әр  адамның 
өзіндік  тәжірибесі  мен  білімдері  бар,  ол  әр  нәрсені  өзінше  қабылдайды, 
түйсінеді, түсінеді.  
Дүниетанымды  зерттеу  барысында  әлемнің  дүниетанымын  ұғынуда 
мынадай  сатыларға  бөледі:  «дүниені  сезіну»,  «дүниені  қабылдау»,  «дүниені 
түсіну»  (1  кестені  қараңыз).  Дүниені  сезіну  –  адамның  дүниетанымдық 
қалыптасуының  бірінші  сатысы,  жеке  тәжірибені  ұйымдастыратын,  адамға 
дүние бейне формасында берілетін, әлемді сезімдік ұғынуды білдіреді.  
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   199




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет