Қазақстан республикасы денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі



Pdf көрінісі
бет62/199
Дата23.02.2022
өлшемі3,75 Mb.
#26194
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   199
Никколо 
Макиавелли 
(1469-1527 
жж.) 
болды. 
Макиавеллидің  саясат  саласындағы  ең  басты  еңбегі  - 
«Патша»  шығармасы  мемлекет  басындағы  адамдардың  ел 
билеуде басшылыққа алуына арналған әртүрлі кеңестер мен 
ұсыныстар  және  қағидалар  берілген  туында  болып  табылады.  Ол  бұл 
шығармасында  Италияны  біріктіретін  директорға  қажет  қасиеттерді  ежектеп 
көрсетеді.  Макиавелли  елді  біріктіру  мен  билік  мақсатына  жету  үшін  барлық 
Николай Кузанский  
Құдай барлығында және барлығы
 
Құдайда  
Құдай абсолютті максимум және минимум
олардың арасында барлық табиғат орналасады  
Абсолюттік бірлік ретінде Құдайда табиғаттың 
барлық қарама-қарсылықтары ұқсайды  
Құдай 
барлығында 
және барлығы 
Құдайда  
 


82 
 
амал-айланы қолдануға, яғни қол астындағыларды алдауға, өтірік айтуға, уәдені 
аяққа  басуға,  зұлымдыққа  баруға  адамдарды  қырып-жоюға,  қатал  тәртіп  пен 
күш  қолдануға  және  опасыздық  жасауға  да  болады  деп  үйретті.  Бұл  үшін,  ол 
билеушінің бойында арыстан мен  түлкінің қасиеттері қатар болуы және өтірік 
пен екіжүзділіктің ұлы өнерін  терең меңгеруі керек деп тапты. Егер саясаткер 
зорлыққа  сүйенсе  ол  оның  жеке  мақсаты  болмауы  керек.  Оның  айтуынша, 
зорлықтың  мақсаты  қирату  емес,  бүліншілікті  қалпына  келтіру.  Кез-келген 
зорлық  әрекетті  мемлекет  мүддесі  үшін  жасалған  ғана  ақтауға  болады. 
Макиавелли  саяси  билікті  жүзеге  асырудың  міндетті  ережелерінің  бірі  қол 
астындағылардың  сеніміне  ие  болу  керек  екендігін  жақсы  түсінді.  Жақсы 
билеушінің  басты  қасиеттерінің  бірі халық  сеніміне ие бола  білуі  деп  есптеді. 
Халық  билеушінің  билік  қызметін  жүргізуіне  кедергі  жасамауы  үшін,  олар 
билеушіге  толық  бағынышты  болуы  да  қажет.  Макиавеллидің  айтуынша, 
халықты  өзін  толық  бағынышты  етудің  екі  жолы  бар.  Оның  біріншісі  - 
халықтың  билеушіге  деген  сүйіспеншілігі,  екіншіден  -  оның  алдында 
қорқынышта  болу.  Бұның  қайсысы  тиімді  және  қолайлы  деген  мәселеде 
Макиавелли «сүйіспеншілік пен қорқыныш бір мезгілде болғанда тиімді нәтиже 
берер  еді,  бірақ  сүйіспеншілік  қорқынышпен  сіңісе  алмайды,  ол  осылардың 
біреуін  таңдау  қажет  болғанда,  қорқынышты  таңдау  тиімдірек  болады»  деген 
қорытындыға келеді.Қол астындағыларды өзіне мүлтіксіз бағынышты ету үшін 
билеуші ең қатал және ауыр шараларды ғана пайдаланып қоймай, ең бастысы 
айламен  билей  білуі  керек.  Макиавелли  қаталдық  соғыс  және  төтенше 
жағдайларда  ғана  емес,  бейбіт  уақытта  да  қажет  деп  есептейді.  Мысалы, 
мемлекеттік билік жаулары мен сатқындардың көзін жойып отыру билеушінің 
міндеті  болып  саналады.  Олардың  алдына  билеушінің  жауапкершілік  міндеті 
болуының  қажеті  жоқ.  «Билеуші  сотқа  бағынышты  емес».  «Патша»  атты 
шығармасында  Макиавелли  «билеуші  қандай  әдістермен  мемлекетті  басқара 
алады  және  билікті  ұстап  тұрады»  деген  сұраққа  «биліктің  мықты  негізін 
қалау»  арқылы  қол  жеткізуге  болады  деп  жауап  береді.  Билеуші  өзі  құрған 
мемлекеттік  аппарат  арқылы  ғана  бүкіл  елге  билігін  жүргізе  алады.  Билеуші 
елдегі  саяси  биліктің    әлдебіреулердің  де  қолында  болуына  ешқашанда  жол 
бермеуі  тиіс.  Макиавелли  орта  ғасырлық  саяси-құқықтық  тап-таурындар  мен 
құндылықтардың тас-талқанын шығарушы болды, шынтуайтында Қайта өрлеу 
дәуірінің саяси доктринасын жасап, саясат ғылымының бұдан кейінгі дамуына 
орасан зор ықпал етті. 
Томас  Мор  (1478-1535  жж.).  Утопиялық  социализмнің 
негізін салушылардың бірі. Қайта өрлеу дәуірінің гуманист – 
рационалисті.  Басты  шығармасы  –  «Золотая  книга,  столь  же 
полезная,  как  забавная,  о  наилучшем  устройстве  государства 
и  о  новом  острове  Утопии»  (1516).  Ол  тұңғыш  рет  өндірісті 
қоғамдастыру  идеясын  дәйекті  түрде  дәлелдеп,  оны  еңбекті 
ұйымдастырудың  коммунистік  идеялармен  байланыстырды. 
Бостандыққа  негізделген  қиядағы  Утопия  мемлекетінің 
шаруашылық  ұясы  –  отбасы,  қолөнер  өндірісіне  негізделген.  Утопиялықтар 


83 
 
демократиялық  басқару,  еңбек  теңдігі  жағдайында  өмір 
сүреді.  Адамдар  күніне  алты  сағат  жұмыс  істеп,  қалған 
уақытында  ғылыммен,  өнермен  шұғылданады.  Адамның 
жан–жақты 
дамуына, 
теориялық 
оқуды 
еңбекпен 
ұштастыруына  үлкен  мән  беріледі.  Мор  жаңа  қоғамға  өтуді 
бейбіт жолмен іске асыруды армандады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   199




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет