Қазақстан республикасы денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі



Pdf көрінісі
бет63/199
Дата23.02.2022
өлшемі3,75 Mb.
#26194
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   199
Байланысты:
Темиргалиев Философия каз

Томмазо Кампанелла (1568-1639 жж.) - утопиялық қоғам авторы. Негізгі 
шығармасы  –  «Күн  қаласы».  Барлық  оқиғалар  фантастикалық  Күн  қаласында 
болмақ,  қала  тұрғындары  идеалды  қоғам  орнатады  және  олар  әлеуметтік 
әділеттілікті  негізге  ала  отырып,  өз  өмірлерімен  және  еңбектерімен 
рахаттанбақ. 
Әлеуметтік утопистер сол дәуірдің әлеуметтік қатынастарына және кейнгі 
заман философиясына айтарлықтай әсер етті. 
Парацельс  (1493  -  1541  жж.)  (лат. Paracelsus,  шын 
есімі  Филипп  Авреол  Теофраст  Бомбаст  фон  Гогенгейм, 
нем. Philippus 
Aureolus 
Theophrastus 
Bombast 
von 
Hohenheim) 
– 
швейцариялық 
дәрігер, 
философ, 
жаратылыстанушы, Қайта өрлеу дәуірінің натурфилософы, 
ятрохимияның негізін салушылардың бірі, алхимик. Ежелгі 
медицинадағы  идеяларды  қатал  сынға  алып,  қайта  қарауға 
ықпал  етті.  Сонымен  қатар,  медицинаға  химиялық 
препараттарды  енгізуге  ықпалын  тигізген.  Қазіргі  заманғы 
ғылымның негізін қалаушыларының бірі ретінде есептеледі. Ортағасырлардағы 
атағы  жер  жарған,  ұлы  оккультист  және  өз  заманының  ең  көреген  дәрігері 
болып есептеледі. 
  Өзіне  қойып  алған  лақап  аты  –  Парацельс  латын  тілінен  аударғанда 
ежелгі  рим  энцеклопедисті  және  алғашқы  ғасырлардағы  медицина  білгірі 
«Цельсті асып түскен» деген мағына береді. 
Парацельс кедейленген ақсүйек тұқымынан шыққан дәрігердің отбасында 
дүниеге  келеді.  Анасы  католиктік  шіркеуде  (аббатство)  мейірбике  болып 
жұмыс  істеген.  Оның  түр-әлпеті  бір  қарағанда  аянышты,  үлкен  басы  мен 
қисайған  жіп-жіңішке  аяқтары  болған.  Өз  отбасында  Парацельс  философия 
және медицина саласында керемет білім мен тәрбие көрген.  
16  жасында  ғана  хирургия  негіздерімен  жіті  таныс  болып,  терапия  және 
алхимия  негіздерінде  жақсы  бағыт-бағдар  алады.  16  жасында  өз  үйімен 
мәңгілікке қоштасып, Базель университетінде білім алуға аттанады. Бұдан соң 
аббат Иоганн Тритемияның шәкірті болып Вюцбургте білім алады. Парацельс 
жоғарғы білімді Феррар қаласында алады, сонымен қатар осы жерде медицина 
докторы деген атақ-дәрежеге ие болады. 
Парацельс Базель университетінде медицина курсын неміс тілінде оқыған. 
Оның  бұл  әрекеті  тек  қана  латын  тілінде  оқытып-үйретуге  міндеттейтін 
университеттік дәстүрге қайшы келуін көрсетті.Оның лекциялары сол заманғы 
медицина профессорларының жалғыз ермегі болған -  Галеннің, Гиппократтың 
және Авиценнаның көзқарастарының жәй ғана қайталануы емес болатын. Оның 


84 
 
оқытып-үйреткен  ілімі,  шынымен  де,  өз  ой-еңбегінен  құралған  болатын  және 
бұл  ілімді  ешкімнің  де  көзқарасын  елемей  оқытқан  болатын.  Дінге  сенетін 
әріптестерін    қабылданған  стереотиптерді  бұза  отырып,  жүректеріне  үрей 
ұялатады.  Бірақ  дәл  осы  әрекетімен  көптеген  студенттердің  сый-құрметіне  ие 
болған.  Осындай  позициясының  нәтижесінде  қалалық  билікпен  жанжалға 
түседі  де,  Кольмар  қаласына  көшіп  кетеді.  Осыдан  кейін    10  жыл  шамасында 
академиядан мүлдем қол үзеді. 
Осы  уақыт  аралығында  Парацельс  дунаймаңы  елдерге,  Италияға  сапар 
жасайды.  Бұл  жерде  көптеген  әскери  экспедициялардың  құрамында  болып, 
империялық  армияның  құрамында  әскери  оташы  /хирург/  болып  қызмет 
атқарады.  Өзінің  ел  кезулерінде  көптеген  пайдалы  мәліметтер  жинайды  және 
бұл  мәліметтерді  тек  дәрігерлер,  оташылар  және  алхимиктардан  ғана  алып 
қоймай, 
баскесерлермен, 
қойшылармен, 
шаштаразбен, 
еврейлерден, 
сығандармен  әңгіме-дүкен  құра  отырып,  жинаған  болатын.  Яғни  білімнің 
қайнарын ұлыдан  да,  кішіден  де,  ғалымдардан да, қарапайым  халық арасынан 
да іздеді.  
1529-30  жж.  Эсслинген  және  Нюрнберг  қалаларына  сапар  жасайды. 
Нюрнбергтің  «нағыз  дәрігерлері»  Парацельсті  қандай  да  бір  алаяқ,  шарлатан 
ретінде  атағын  шығарады.  Олардың  мойнына  салған  айыптауларынан  құтылу 
үшін,  Парацельс  қалалық  кеңестен  аурулары  емдеуге  келмейді  деген  бірнеше 
пациентті  сеніп  тапсыруын  сұрайды.  Оның  айтқанын  орындап,  піл  ауруымен 
/элефантиаз/  ауыратын  бірнеше  адамды  оған  бағыттайды.  Нәтижесінде 
Парацельс науқастарды аз уақыт аралығында өз жұмысы үшін ешқандай да ақы 
алмай сырқаттан айықтырып береді. Бұл оқиғаның айғағын Нюрнберг қалалық 
архивінен табуға болады. 
Парацельс тиімді бірнеше  дәрілік заттарды ойлап тапқан адам. Оның ең ірі 
жетістігінің бірі – силикоз ауруының /кәсіби кеншілер ауруы/ шығу табиғатын 
және себептерін айқындау болды. 
1541  жылдың  24  қыркүйегінде,  Зальцбург  жағалауындағы  «Ақ  тұлпар» 
қонақүйінің  кішкентай  нөмерінде  ұзаққа  созылмаған  аурудың  салдарынан 
қайтыс  болады.  Ол  кездегі  жасы  48-де  болатын.  Қалалық  Әулие  Себастъян 
зиратында жерленген. 
Парацельстің  өлімінің  себептері  әлі  күнге  дейін  айқындалған  жоқ.  Бірақ 
соңғы жүргізілген зерттеулер нәтижесі бойынша, Парацельс шақырылған түскі 
ас кезінде қарақшылардың алдамшы шабуылына тап болған. Бұл шабуыл оның 
қас  жаулары,  емшілердің  біреуімен  ұйымдастырылған  болуы  ықтимал.  Тасқа 
құлауының  нәтижесінде  әлгі  тас  бас  сүйегін  зақымдап,  бірнеше  күннен  соң 
салдары өлімге алып келген. 
Тек қана Аристотель, Гален және Авиценнаның  теорияларының негізінде 
құрылған  ортағасыр  медицинасына  Гиппократ  ілімнің  негізінде  жасалған 
«спагирикалық медицинаны» /шөп дәрілер негізінде емдеу/ қарсы қойды. Оның 
мәні  барлық  организмдер  табиғаттың  басқа  да  заттарын  құраушы  дәл  сол 
сынаптан,  күкірттен,  тұздар  мен  көптеген  басқа  заттардан  тұратындығында. 
Дені  сау  адамда  бұл  заттар  өзара  тепе-теңдікте  болады,  ал  сырқат  олардың 


85 
 
біреуінің мөлшері артып немесе төмендеп кетуінің нәтижесінде пайда болады. 
Алғашқылардың бірі болып емдеуде химиялық қосылыстарды пайдаланады. 

 
Парацельсті  қазіргі  заманғы  фармакологияның  негізін  қалаушы  деп 
санайды. Ол келесі қанатты сөздің авторы: «Бәрі – у, бәрі – дәрі; екеуін де 
молшері  анықтайды»  (в  популярном  изложении:  «Всё —  яд,  всё — 
лекарство; то и другое определяет доза»). 

 
Парацельс  өзінен  соң  әртүрлі  алхимиялық  түзілістер  туралы  еңбектер, 
соның  ішінде  «Химическая  псалтирь,  или  философские  правила  о  Камне 
Мудрых», «Азот, или о древесине и нити жизни», т.б. 

 
Liber  Mineralium  кітабында  «zincum»  немесе  «zinken»  сөздерін  қолдана 
отырып, мырыш /цинк/ металлына атау береді. Бұл сөз немістің Zinke, яғни 
«тісше»  деген  сөзінен  шығуы  ықтимал,  өйткені  металлдық  мырыштың 
кристалиттері инеге ұқсас болып келген. 
1846  жылға  дейін  ота  жасау  үстеліне  түскен  немесе  тіс  дәрігерінің 
қабылдауында  болған  адамдар  қатты  ауырсынудың  зардабын  тартқан, 
кейбіреулері  оны  көтере  алмай  өліп  те  кеткен.  Өйткені  оған  дейін  ауруды 
сездірмеу құралы тек шоқпар болатын, оның көмегімен ауруды ота жасау үшін 
уақытша  «ұйықтататын»  болған.  Эфир  ХІІІ  ғасырдың  өзінде-ақ  ашылған 
болатын,  алайда  тек  ХVI  ғасырда  ғана  оның  ауруды  сездірмейтін  қасиеттері 
белгілі  болды  және  оны  анықтаған  –  Филипп  Парацельс  есімді  дәрігер. 
Ашылған  жаңалық  алғаш  рет  1844  жылы  пайдаланылды.  Ал  1846  жылдың  16 
қазанында  анестезия  көмегімен  алғашқы  ота  жасалды.  Бостондағы  клиникада 
дәрігер бұқара алдында Гилберт Эббот есімді адамның мойнындағы ісігін кесіп 
алып тастады. Осы күнді заманауи анестезияның туған күні деп атауға болады. 
 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   199




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет