Қазақстан республикасы денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі



Pdf көрінісі
бет68/199
Дата23.02.2022
өлшемі3,75 Mb.
#26194
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   199
Рене Декарт (1596 -1650 жж.) – француз философы, 
математик,  физик  және  физиологы.  Ла  Флеш  діни 
коллегиясында  оқыды.  Математикада  аналитикалық 
геметрияның  негізін  салған.  Механикада  қозғалыс  пен 
тыныштықтың салыстырмалығын атап көрсетті, әсерлесу 
мен  жалпы  әсердің  заңын  тұжырымдады,  сондай-ақ 
серпілмейтін екі заттың өзара соқтығысында қозғалыстың 
толық 
санының 
сақталу 
заңын 
анықтады. 
Ол 
космологияда  ғылым  үшін  жаңа  идея  –  Күн  системасының  табиғи  дамуын 
жетілдірді,  әлем  құрылымына  және  аспан  денелерінің  пайда  болуына  жағдай 
тудыратын  космологиялық  категория  қозғалысының  негізгі  формасын  оның 
ұсақ  бөлшектерінің  құйынды  қозғалысы  деп  білді.  Декарт  дамуды  тек 
механикалық  заңдылық  деп  түсінді,  бұл  болжам  табиғатты  диалектикалық 
тұрғыдан түсінуге ықпал етті.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
9 - сызбанұсқа. Рене Декарт. Философияның алғашқы бастамалары туралы ілімі  
Рене Декарт  
Философияның алғашқы бастама дедукциясы  
Мен 
күмәнданамы
н 
Мен  
өмір сүремін  
Жан  
өмір сүреді 
Құдай  
өмір сүреді
  
Табиғат  
өмір сүреді  
Сондықтан да  
cogito, ergo 
sum 
Мен күмәндансам, 
мен 
кемелденбегенмін 
және өзімнің 
тіршілік етуімнің 
себебі бола 
алмаймын. Демек, 
Құдай - менін, 
менің 
ойлауымның және 
басқа тіршіліктің 
себебі  
Күмәндану және 
сонымен бірге 
ойлау 
болғандықтан 
Сондықтан да 
Құдай  барлық 
қозғалыстың 
себебі  


89 
 
 
Декарт  материяны  кеңістікпен  теңестірді.  Бұл  қандайда  болмасын 
кеңістікте  зат  бар,  бос  кеңістік  болмайды,  ал  тығыздық  пен  геометриялық 
қасиеттер  дененің  бір  мәнін  құрайды.  Декарт  материалистік  физика  іліміне 
дуалистік идея тән: қозғалысқа жалпы себепші – құдай, ол материяны қозғалыс 
және  тыныштықпен  қоса  жасады,  және  материя  қозғалыс  пен  тыныштықтың 
бірдей  жалпылама  санын  сақтайды.  Физиологияда  рефлекстік  актының 
алғашқы  ғылыми  сипаттамасы  –  қимылдар  тетіктерінің  нобайын  жасады. 
Декарт  бойынша  мәні  кеңістік  болып  табылатын  денеден  жанның 
айырмашылығы оның ойлау қабілетінде.  
Декарт  та  Бэкон  сияқты  білімнің  міндеті  адамның  табиғат  күштеріне 
үстемдік  етуінде,  техникалық  құралдарды  ойлап  табу  және  жасауында,  себеп 
пен  салдарды  танып  білу,  адам  табиғатын  жетілдіру  деп  білді.  Осы  міндетті 
орындау үшін бәріне күдіктене қарау керек деп білді. Бұл күмән барлық нәрсені 
танып білуге болмайды деген сенімсіздіктен туған жоқ, керісінше, ол білімнің 
дұрыс  бастамасын  тудыру  үшін  қажет.  «Мен  ойланамын,  яғни  өмір  сүремін» 
(Cogito, ergo sum) деген қағиданы осындай бастама деп есептеді. Сөйтіп, ақиқат 
білімнің тамыры ақылда деп есептеді де, теоретикалық ойлаудағы тәжірибенің 
мәніне мүлдем көңіл бөлмеді.  
Декарттың  ақылдың  дұрыстығы  және  туа  біткен  идеялар  туралы  ілімі 
(мұндай  идеяларға  құдай,  жандық  және  тәндік  субстанция  туралы  ойлары 
жатады)  идеализмге  ықпал  етті.  Танымдағы  сананың  алғашқылығы,  ақылдың 
сезімдік қабылдаулардан тәуелсіз екендігін мойындады. Егер ақыл ақиқат әдісті 
пайдаланатын болса, барлығынан ақиқат білімді ала алады. Мұндай әдіс ретінде 
Р.  Декарт  дедукция  деп  көрсетті.  Оның  әдіс  туралы  ілімі  «Әдіс  туралы  пікір» 
(1637 ж.) шығармасында жазылды. 
Материалистік  философияның,  танымның  дамуына 
жол 
ашқан, 
әлеуметтік-философиялық 
ойларын 
тұжырымдаған ағылшын философы Томас Гоббс (1588 – 
1679  жж.)  болды.  Оның  негізгі  шығармалары  –  «Азамат 
туралы  ілімнің  философиялық  элементтері»  (1642  ж.) 
және «Левиафан» (1651 ж.). 
Гоббс Бэкон бастаған ілімді ілгері қарай дамытты, өз 
заманында  пайда  болған  әдістерді  пайдалана  отырып, 
оларды қоғам өмірімен, адам туралы іліммен байланыстыруға тырысты. Оның 
ойынша  әлем  –  механикалық  қозғалыс  заңдарына  бағындырылған  денелердің 
жиынтығы.  Денесіз  ешбір  нәрсе  өмір  сүрмейді.  Ойды  материядан  ажыратуға 
болмайды,  материя  –  барлық  өзгерістердің  субъектісі.  Адамдардың  рухани 
өмірін де  қозғалыс пен  күш-жігерге  саяды.  Олар  сыртан  жасалған  әсерлермен 
тұтас айқындалатын күрделі механизм. 
Таным  теориясында  табиғаттың  сапалық  алуан  түрлігінің  объективтік 
сипатын теріске шығарды, оны заттардың механикалық айырмашылықтарында 
жатқан  адам  сезім-түйсіктерінің  қасиеті  деп  есептеді.  Декарттың  туа  пайда 
болатын  идеяларына  қарсы  шықты,  бірақ  идеяларды  өңдеу  туралы  ілімді 


90 
 
дамытты. Гоббс бойынша таным идеялар көмегімен жүзеге асады. Идеялардың 
түптамыры тек сыртқы дүниені сезімдік қабылдау болып табылады және біздің 
танымымыздың да түпкі негізі. 
Т.Гоббстың  саяси-әлеуметтік,  қоғамдық  көзқарастарын  айқындайтын 
шығарма  –  «Левиафан».  Бұл  шығармада  қоғамның  пайда  болуы  мен  дамуын 
жан-жақты қарастырды. Қоғамды екі дәуірге бөлді: 
1) алғашқы дәуірі табиғи деп аталды. Мұнда адамдар тең құқылы, барлығы 
заттарға  тең  иелік  етеді.  Бұл  тең  құқылық  адамдар  арасындағы  қақтығысқа, 
соғысқа әкелді, ол адамның жер бетінен құрып кетуін әкелетін болды. 
2)  екіншісі  азаматтық  деп  аталды.  Онда  адамдар  өзара  келісе  отырып, 
«мынау  менікі,  мынау  сенікі»  деген  құқықтық  қатынастарды  тудырды. 
Сонымен  жеке  меншік  пайда  болды.  Ал  жеке  меншікті  қорғау  үшін  мемлекет 
пайда  болды.  Ендігі  жерде  қоғам  екінші  дәуірге  аяқ  басты.  Гоббс  қоғамның 
құдіреттің  күшімен  орнайтындығын  теріске  шығарып,  қоғамдық  келісім 
теориясын жасады. Бұл теориясы бойынша жеке меншік пен мемлекеттің пайда 
болуы  заңды  процесс  және  ол  қасиетті.  Оған  қарсы  шығуға  болмайды,  оған 
қарсы шығу адамзат табиғатына, белгілі бір заңдылыққа қарсы шығу деген сөз. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
                                                                             
 
 
 
10 - сызбанұсқа. Томас Гоббс  
Англиядағы  Ф.  Бэконның  және  Т.  Гоббстың  ізін 
қуушы  Джон  Локк  (1632  –  1704  жж.)  болды.  Ол 
материалистік  сенсуализм  принципін  негіздеді,  яғни 
барлық  білімнің  сыртқы  дүниені  сезімдік  қабылдаудан 
пайда  болады  деп  тұжырымдады.  Оның  негізгі 
шығармасы  –  «Адамның  ақыл-парасаты  туралы»  (1690), 
бұл еңбегінде Декарттың туа біткен идеялар туралы ілімін 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   199




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет