Қазақстан республикасы денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі



Pdf көрінісі
бет70/199
Дата23.02.2022
өлшемі3,75 Mb.
#26194
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   199
Байланысты:
Темиргалиев Философия каз

Бенедикт  Спиноза  (1632  –  1677  жж.)  –  Нидерланд  философы-
материалист, пантеист және атеист. Екі ірі еңбегі белгілі – 
«Діни-саяси  трактат»  (1670  ж.)  және  «Этика»  (1675  ж.). 
Амстердамның  еврей  шіркеу  қауымынан  дінге  еркін 
көзқарасы 
үшін 
аластатылды. 
Философиядағы 
геометриялық  әдістің  негізін  салды.  Білімнің  мақсаты 
табиғатты  меңгеру  және  адамды  барынша  жетілдіру  деп 
есептеді.  Бостандық  туралы  ілімін  қалыптастырды.  Ол 
қажеттілік  шеңберінде  адам бостандығының қалай  мүмкін 
болатындығын  дәлелдеді.  табиғат  туралы  ілімін  жасап,  Декарт  дуализіміне 
қарсы  болды.  Спиноза  табиғат  -  өзіне-өзі  себепші,  ол  өзінің  болмысы  үшін 
ешнәрсені  де  қажетсінбейді  деп  тұжырымдады.  Табиғат  –  субстанция,  өзі 
атағандай  ол  –  құдай.  Субстанциядан  шектелген  жеке  заттар  дүниесін 
ажырататын  –  модустар.  Субстанция  біртұтас,  модустар  шексіз  көп.  Шексіз 
ақыл ғана шексіз субстанцияны тани алады. 
 
 
 
 
 
 
 
 
                                                   Құдайдың басқа атрибуттары 
 
 
 
Созылыңқылықтың                       идеялардың тәртібі мен байланысы                         ойлаудың      
басқа модустары                                       заттардың тәртібі                                             басқа  
                                                            мен байланысы                                           модустары  
                                                                    сияқты 
 
11 - сызбанұсқа. Бенедикт Спиноза  
Спиноза  бойынша  адам  –  табиғаттың  бір  бөлшегі.  Жан  модусы  туралы 
ілімінде  Спиноза  адамның  күрделі  психологиялық  өмірін  зердеген  және 
ынтықтыққа яғни аффектілерге – қуанышқа, қайғыға, құмарлыққа әкеп шектеді. 
Ол бостандықты ақылмен теңестірді. Бостандық белгілі бір себептерге тәуелді 
Құдай  
Созылыңқылықтың 
атрибуттары  
Ойлау атрибуттары  
Дене 
модусы 
Жан 
модусы  


92 
 
екендігін  мойындады.  Спиноза  ілімі  бойынша  бастандықта  халық  бұхарасы 
емес, тек ақыл иесі болуы мүмкін. 
Спиноза  таным  теориясында  рационализм  бағытын  жалғастырды.  Ол 
рационалды  танымды  жоғары  қойып,  сезімдік  танымды  екіншіге,  ал 
тәжірибенің рөлін төмендетті, айқындық пен дәлдікті ақиқаттың критерийі деп 
жариялады. 
Спинозаның  атеизм  мен  еркін  ойшылдықты  дамытудағы  ролі  зор.  Діннің 
негізгі мақсаты – табиғаттың тану емес, адамдарды өнегілі өмір сүруге шақыру 
деді. Сондықтан дінде, мемлекет те ой бостандығына қиянат жасамауы тиіс. 
Қоғам  туралы  ілімінде  Гоббсті  жалғастырушы.  Одан  айырмашылығы 
биліктің жоғарғы түрі монархия емес, демократиялық билік деп көрсетті және 
мемлекеттің шексіз билігін бостандық талаптарымен шектеді.  
Ал  енді    Т.  Гоббс,  Б.  Спиноза,  Д.  Локк  материализмді  негіздеп  оны 
дамытса, XVІІ ғ. Готфрид Вильгельм Лейбниц (1646 – 1716 жж.) идеализмнің 
өкілі болды. 
Г.  Лейбництің  ғылыми  әрекетіне  тән  сипат  – 
теорияны  практикамен  байланыстыруға  тырысты.  Оны 
әлеуметтік  мәселелер  де  қызықтырды.  Ол  монадалар 
туралы  ілімін  жасады.  Материя  субстанция  бола 
алмайды,  ол  ұзаққа  созылып  жатыр,  әрі  ол  қарапайым. 
Монадалар  бөлінбейтін  рухани  субстанциялар,  бүкіл 
әлем  монадалардан  қалыптасады.  Монадалардың  саны 
шексіз,  олардың  әрқайсысы  қабылдау  мен  ұмтылу 
қасиеті бар. Монадалар бір-бірімен физикалық жағынан әрекетеспейді, жоғары 
монадаға тәуелді. 
Лейбниц таным теориясы – идеалистік рационализм. Локктың сенсуализмі 
мен эмпиризміне қарсы. Локк ақыл дегеніміз таза тақтай көзқарасын қолдамай, 
ақыл ғана білім қажетілігінің көзі бола алады деп тұжырымдады. 
 
Готфрид Лейбниц. Табиғат теориясы 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   199




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет