12
Философия ерекше дүниетаным және адамның рухани іс - әрекетінің
көрнекті саласы ретінде аталған дүниетаным түрлерінің өзара қатысуының
нәтижесінде қалыптасты. Бірақ ол олардан жоғары дәрежеге көтерілді, сонымен
бірге, алғашқы бастауы, қайнар көзі ретінде олармен байланысын жоғалтқан
жоқ.
Бірақ та философия дүниетанымның теориялық өзегі болып онымен сәйкес
келмейтінін ұмытпау керек. Философия дүниенің барлық құбылыстары үшін
ортақ негіз туралы, оның бірлігі мен бүтіндігі шартын іздейді. Философия
біріншіден, дүниетанымдық сананың пайда болуы философия қалыптасуының
алдында жүреді; екіншіден, философияның пайда болуына дейін
дүниетанымның қызметтерін мифология, дін, ғылыми және күнделікті
білімдердің нышандары орындаған. Философия адамның дүниені тану
тәжірибесін жинақтау, әлемнің біртұтас теориялық үлгісін жасау, әлемге қарым
– қатынасты білдіру қажеттігінен туындаған ерекше феномен.
Достарыңызбен бөлісу: