Қазақстан республикасы денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі



Pdf көрінісі
бет90/199
Дата23.02.2022
өлшемі3,75 Mb.
#26194
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   199
Байланысты:
Темиргалиев Философия каз

Серен  Кьеркегор  (1813-1855  жж.)  Данияның  философы.  Еңбектері: 
«Немесе немесе», «Үрей мен қалтырау», «Ажалға бастайтын ауру». Ол Гегель 
философиясын  сынға  алды.  әсіресе  оның  рационализмінің  өз  шегіне  жетіп, 
панлогистік  дәрежеге  көтерілді.  Гегель  бойынша  болмыс  –  ойлаумен  тең,  ал 


114 
 
ақыл-ойдың шеңберінен шығатынның бәрі ақиқат емес. Кьеркегор оған үзілді-
кесілі қарсы тұрып, болмысты жүйелеу мүмкін емес. 
Кьеркегордың  тағы  бір  қарсылығы  адамды  объект  ретінде  қарап  зерттеу. 
Оның ойынша адам – рухтың басшылығымен өмір сүріп жатқан жан мен тәннің 
бірлігі, ол – рух. Ал рух – ойлаумен тең емес, яғни ой логика заңдарына тәуелді 
емес. 
Философияның негізгі мәселесі адамның өмірі, өзіндік 
санасы, ішкі рухани өмірі. Кьеркегор бойынша «Шындық – 
ол  ішкі  дүние.  Менің  өз  Меніме  деген  қатынасым». 
Адамның  ішкі  өмірі  объект  бола  алмағандықтан 
танылмайды. Оны тек тебіреністер арқылы ұғынуға болады. 
Сондықтан  Кьеркегор  адамның  ішкі  өмірін  бейнелейтін 
жаңа  катигорияларды  ендірді.  Олар.  өмір  сүру,  үрей,  сәт, 
шешім,  шектілік  және  шексіздік,  зардап  шегу,  қайталау, 
түңілу,  өкіну,  кінә  және  күнә,  қайта  туылу.  Осы  ұғымдар 
арқылы адам ішкі тебіреністерін беруге болады. 
Кьеркегордың  анықтауынша,  өмір  сүру  дегеніміз  –  ол 
тебірену,  зардап  шегу,  соның  шеңберінен  шығуға  бағытталған  адамның  еркі. 
Өмір  сүру  –  адамның  алдындағы  мүмкіндіктердің  біреуін  ерікті  түрде  таңдау, 
өзінің  қайталанбас  болмысын  іске  асыру,  тобырға  ұқсамау,  одан  бөліну,  ішкі 
шектелген  мен  шексіздіктің  арасын  таңдау,  соған  байланысты  үрей,  шешім 
және  секіріс.  Шешім  еш  нәрсеге  байланысты  емес,  ол  тұлғаның  ерікті 
таңдауымен  байланысты.  Мұндағы  секіріс  Гегельдегі  пікірінен  өзгеше  –  ол 
ешбір  нәнекерлікті  талап  етпейді,  ол  –  зерденің  шеңберінен  шығып,  кететін 
рухтың іс-әрекеті. 
Кьеркегорда  адам  өмірінің  үш  сатысы  көрсетілген,  олар:  эстетикалық  – 
тікелей сезімдікпен байланысты саты; этикалық – адам өміріндегі ізгілік саты, 
эстетикалықта 
адам 
өзін-өзі 
қанағаттандыруға 
тырыса, 
этикалықта 
жалпылықты жүзеге асыруға тырысады. Екеуінің арасынан үлкен қайшылықтар 
пайда  болады.  Адам  моральдық  жағынан  алып  қарағанда  өзіне-өзі  жеткілікті 
пенде бола алмайды. Оның себебін, Августин сяқты, адамның туа күнәлігінен 
көреді.  Бұл  арада  «немесе,  немесе»  принципі  таңдау  мәселесін  шеше  алмай, 
адам  өмір  сатысының  үшіншісіне  секіріс  жасауға  тырысыды.  Бұл  саты  –  діни 
саты. Адамдардың ғылыми танымның кереметігінен өз өмірінің мәнін, рухани 
тебіреністерінің мәселелерін ұмытқан, осы сатыда адам сол мәселелерге қайта 
оралады. Діни сатыда Құдаймен сұхбатқа түсіп, өз күнәларын мойындап, өзін-
өзі табады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   199




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет