Қазақстан республикасы денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі



Pdf көрінісі
бет93/199
Дата23.02.2022
өлшемі3,75 Mb.
#26194
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   199
Байланысты:
Темиргалиев Философия каз

3.6.  ОРЫС ФИЛОСОФИЯСЫ 
 
Орыс  философиясының  қалыптасуы  мен  даму  кезеңдері  орыс 
мемлекетілігі  мен  мәдениетінің  кезеңдерімен  сәйкес  келеді.  Орыс 
филлософиясы  қалыптасуының  алғашқы  кезеңінен-ақ  әлемдік  философиямен 
байланыста болды, сондай-ақ оған өзіндік ерекшелік тән болды. Сонымен, орыс 
философиясының  қалыптасуындағы  мынандай  кезеңдерді  бөліп  көрсетуге 
болады: 

орыс  философиясының  қалыптасуының  алғашқы  кезеңі  –  ІX-XІII  ғғ. 
(Киевтік  Русь)  бұл  кезеңді:  Ерте  кездегі  орыс  философиясы  немесе 
орыстың ортағасырлық философиясы деген атауларға ие болады. 

монғол-татар шапқыншылығы тұсындағы философия ХІІІ-ХVІІ ғғ. 

орыс  философиясының  үшінші  кезеңі  XVIII  ғасырдан  басталады, 
ағартушылық дәуір философиясы деп аталды. 

келесі кезеңі XIX ғ. философиясы 

XX ғ. философиялық жүйелердің пайда болуымен байланысты. 
Орыс  халқының  тарихында  ортағасырда  орыс  ұлтының  мемлекетілігінің 
қалыптасуы туралы қоғамдық ойлар кең тарала бастады.  
Ортағасырдағы  алғашқы  орыс  философы,  митрополит  Илларион  орыс 
халқының жеке мемлекеттілігі мен халықаралық маңызын негіздеуге ұмтылған. 


116 
 
Ол христиандықты ең жоғарғы ізгілік ретінде бағалаған («Ізгілік пен заң туралы 
сөз»).  Илларион  Х  ғасыр  соңы  –  ХІ  ғасыр  басының  қоғамдық  өмірінің 
мағыналануының  бірінші  үлгісін  жасады,  әлемдік  тарихтағы  орыс  халқының 
орны  туралы  мәселені  қойды,  христиандықтың  рухани  құндылықтарының 
жалпы адамзаттық маңыздылығын негіздеді.  
Осы  кезеңде  Святославпен  «Изборник»  жазылғын,  ол  болмыстың 
үйлесімділігі мен абаттықтың нышаны ретінде  София тақырыбын талдау, діни 
мәтіндерді  түсіндіру,  негізгі  категориялар  мен  ұғымдар  туралы  трактат  болып 
табылады. Практикалық философияның үлгісі болып Владимир Мономахтың 
«Поучение»  еңбегі  табылады.  Онда  сол  уақыттың  құқықтық  және  саяси 
мәселелері бейнеленген, тәртіптің этикалық кодексі берілген.   
Мәскеу  Русінің  қалыптасу  кезеңінде  маңызды  ықпалды  византиялық  дін 
маманы және философы Г.Палама негіздеген діни ілім – исихазм жасады. Осы 
ілімде  Құдай  мен  дүниені  тануда,  белгілердің  қатынасы  мен  мағынасының 
философиялық  мәселелері  көрініс  тапты.  Исихазм  (грек  тілінен  hesychia  – 
тыныштық)  орыс  философиялық  дәстүріне  бекем  кірді,  ол  XIV-XVI 
ғасырлардың көптеген ойшылдардың еңбектерінде байқалады.  
Ресейдің XV-XVII ғғ. елеулі дәрігер-философтары Г. Дрогобыч (Котермак, 
1450-1494 жж.), Г. Скорина (1490-1551 жж.) және П.В. Постников (1676-? жж.)  
болып табылады.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   199




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет