Қазақстан республикасы денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі



Pdf көрінісі
бет99/199
Дата23.02.2022
өлшемі3,75 Mb.
#26194
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   199
Байланысты:
Темиргалиев Философия каз

Н.А.Бердяев 
(1874-1948  жж.) 
сияқты  ұлы  ойшылды 
дүниеге  әкелді.  Бердяев  философиясының  мәні  - 
болмыстың  мәнін  субъект,  яғни  адам  арқылы  тану.  Оның 
философиясының  бастапқы  нүктесі  еркіндіктің  болмыстан 


122 
 
басымдылығы  болып  табылады.  Онымен  бір  қатарда  шығармашылық,  тұлға, 
рух,  Құдай  ұғымдары  тұрады.  Адамдағы  болмыс  адам  арқылы  ашылады.  Ол 
Құдайдың бейнесіне ұқсас жаратылған микрокосмос болғандықтан шексіз және 
шығармашыл  жан  болып  табылады.  Адамдағы  шексіздік  құдайға  тән 
құдіреттілікпен,  ал  шолақтық  -  табиғи  қырымен  байланысты.  Бұл  жағдайда 
Құдайдың өзі табиғи күш емес, әлемнің мәні мен ақиқаты ретінде түсіндіріледі. 
Сондықтан, Бердяевтің пікірінше, Құдайсыз адам жеткілікті толысқан жан деп 
есептелмейді. Құдай жоқ болса, онда мән де, жоғары ақиқат та, мақсат та жоқ. 
Онда  бұл  үмітсіздік  пен  бейшаралық.  Осылайша,  Бердяев  Құдайды  теріске 
шығарып, адамды Құдайға айналдыратын гуманизмге қарсы шығады. 
Бердяев  марксизмді  революциялық  тұрғыда  насихаттаудан  діни 
философияға 
дейінгі 
үлкен 
жолдан 
өтті. 
Еркіндік, 
рух, 
тұлға, 
шығармашылықты  ол  зұлымдық,  қасірет,  құлдық  үстемдік  ететін  объектілер 
әлеміне,  қажеттілікке  қарсы  қояды.  Тарихтың  мәніне,  оның  айтуынша,  тарихи 
уақыттан тыс еркін рух әлемінде мистикалық жолмен жетуге болады. Бердяев 
өзінің  негізгі  идеяларын  алғаш  рет  «Шығармашылықтың  мәні»  еңбегінде 
жариялап, кейін онан ары дамытады. Бұл еркіндік идеясы, шығармашылық пен 
объективация  идеясы,  тұлға  идеясы  және  соңғысы  тарихтың  «метатарихи», 
эсхатологиялық  (ақырзамандық)  мәні  идеялары  еді.  Бердяевтің  құрған 
нақтылықтың  дуалистік  картинасында  бір  жағынан  рух  (Құдай),  еркіндік, 
ноумен, субъект (тұлға, «мен»), екінші жағынан эмпирикалық әлем, қажеттілік, 
феномен, объект бір-біріне қарсы қойылады. Бұл екі әлем де, бір-бірінсіз өмір 
сүре алмайды, бір-бірімен өзара әрекетке түседі: рух пен еркіндік ноуменалдық 
әлемнен  феноменалдық  әлемге  өтіп,  онда  әрекет  етеді.  Әлемдегі  рухтың 
әрекетінің  нәтижесі  әрқашанда  өлі  өнімдер,  объектілер  формасында  болады 
және  субъекттен  бөлініп,  эмпирияның  барлық  шектеулеріне  -  кеңістік-
уақыттық, себеп-салдарлық байланыс, формалды логика заңдарына бағынышты 
болады.  Бердяевтің  объективация  деп  атаған  бұл  еркіндіктің  қажеттілікке 
құлауы  қасіреттің,  құлдықтың,  зұлымдықтың  болмыстық  түбірін  білдіреді. 
Алайда  әлемде  объективацияға  өзге  бастау  -  шығармашылық  қарсы  тұрады. 
Шығармашылықпен айналыса отырып субъект бұл әлемді өзіне тартып алады, 
оны еркіндік пен рухты қабылдауға дайын өзінің ішкі өміріне енгізеді және осы 
әрекетімен  оны  өзгерте  отырып,  объективациядан  азат  етеді.  Шығармашылық 
акт  -  рухтың  объектілер  әлеміне  басып  кіруі.  Оның  нәтижелері  объективация 
саласында қайта пайда болғанымен, өзі бұл салаға жатпағандықтан еркін болып 
саналады.  Шығармашылық  -  объективацияны  игерудің  жолы,  ал  бұл  игеру 
әлемдік  тарихтың  мәні  мен  мақсатын  құрайды.  Алайда  эмпирияның  кеңістік-
уақыттық болмыстың шеңберінде игерудің жүзеге асуы мүмкін емес; уақыттың 
өзі  өткенді,  қазіргіні  және  болашақты  сәйкес  келтіре  алмағандықтан 
объективацияның  салдары  болып  табылады.  Объективациядан  азат  элем 
Бердяевте  інжілдік  Құдай  патшалығымен  біріктіріле  отырып,  еркін  рух  әлемі, 
өзге  «эон»  ретінде  тарихтан  тыс  жатады.  Бұл  метатарихи  эон  болмыстың 
белгілі  бір  «эсхатологиялық»  қалпында  мәңгі  өмір  сүреді  және  бұл  дүниедегі 
әлеммен  кез  келген  уақытта,  кез  келген  жерде  қақтығыса  алады. 


123 
 
Шығармашылық  акт  осындай  қақтығыс  болып  табылады,  оның  барысында 
әлемде,  тарихта  олардың  ақыры  мен мәні  ұшқын  түрінде көрінеді.  Оның  мәні 
тұрғысынан  алғанда  тарих  үздіксіз  емес,  дискретті,  ол  «арасында  үзілісі  бар, 
шығармашылық  процесс».  Тарихтың  мұндай  картинасы  барлық  эволюциялық 
және теологиялық үлгілерді, прогресс теориясын, сонымен қатар Бердяев «қате 
ілім» деп сипаттаған Құдайдың Көріпкелдігі доктринасын да теріске шығарды. 
Құдай Әлемге Өзін ашады, бірақ оны басқармайды. Бердяевтің философиясы - 
бұл  тұлға  философиясы,  персонализм.  Тұлға  -  бұл  эмпирикалық 
индивидуалдылық емес, объективацияға бағынбайтын шығармашыл және еркін 
адам.  Өзге  адамдарға  шығу  және  олармен  бірігу,  Бердяев  бойынша,  тұлғаның 
ішкі  әлемінің  ажырамас  бөлігі  ретінде  оған  тән  қасиет:  «қоғам  -  тұлғаның 
бөлігі». Бұл еркін ішкі әлеуметтіліктің іске асуын Бердяев «соборшылдық» деп 
атайды  және  оны  топтар,  партиялар,  ұлттар,  шіркеулер  сияқты  тұлғаны 
ұжымдық,  әлеуметтік  институттардың  тұлғасыз-универсалды  құрылымына 
қарай алып кететін күштеп әлеуметтендіруге қарсы қояды. Осыдан Бердяевтің 
әлеуметтік  және  құқықтық  позициясы  аңғарылады:  «Құқықтың  мемлекеттен 
үстемдігін  және  еркіндік  пен  тұлға  абыройының  максимум  мүмкіндіктерін 
беретін салыстырмалы формаларды бекіту керек». 
Бердяев  дінге  сене  отырып,  сонымен  қатар  заттанған  діни  формаларға  - 
догматтарға,  шіркеу  ұйымдарына,  тарихи  христиандыққа  объективациядан 
жеңілгендіктен сын көзбен қарады: оны шығармашылық тұрғыда игеру Құдай 
мен адам туралы ауыспайтын аян түріндегі «эсхатологиялық христиандықтың» 
рухани мәнін айқындауы тиіс. 
Н.  Бердяев  философиясының  гуманистік  бағытта  екендігін  ескеру  қажет, 
өйткені  оның  барлық  ойы  тек  бір  ғана  объектке  -  адамға,  оның  абыройы  мен 
еркіндігіне бағытталған. 
ХІХ  ғ.  –  ХХ  ғасырдың  бірінші  жартысындағы 
Ресейдің  аса  көрнекті  дәрігер-философтары  Н.И.Пирогов 
(1810-1881 
жж.), 
И.М.Сеченов 
(1829-1905 
жж.), 
И.И.Мечников  (1845-1916  жж.),  В.М.Бехтерев  (1857-1927 
жж.)  және  И.П.Павлов  (1849-1936  жж.).    Н.И.Пирогов  – 
атақты  хирург,  педагог,  қоғамдық  қызметкер.  Ол  өзін 
философ  ретінде  санамаған,  бірақ  оның  толық  ойланған 
философиялық 
дүниетанымы 
болған. 
Пироговтың 
дүниетанымының  эволюциясы  діни  дүниетанымның 
ғылымдағы  материализм  мен  эмпиризмге  ауысуын  сипаттайды.  Өмірінің 
соңында  ол  жүйелі  материализмнен  алыстады  және  өмір  түсінігін  таза 
материалистік  түсіндіруге  мүмкін  еместігі  туралы  тұжырымға  келді. 
В.В.Зеньковский Пироговтың дүниетанымын «биоцентрлік» ретінде анықтады. 
Пирогов үшін танымның барлық тақырыптары шынайы әлемдәк ойлау туралы 
ілімге әкеледі. Пироговтың гносеологиясында біздің барлық қабылдауларымыз 
санасыз  ойлаумен  қоса  жүреді,  және  ол  ойлау  біздің  «Меннің»  қызметі. 
Пироговтың  ойынша  біздің  «Мен»  әлемдік  сананың  даралануы  ғана.  Ол 
моральдық  саладан  алыстаған  таза  ақылдың  шектілі  екенін  мойындайды. 


124 
 
Таныммен қатар ғалым біліммен ығыстырылмаған сенімге үлкен көңіл бөледі. 
Сенімнің  негізі  болып  табылатын  идеал  барлық  білімдерден  жоғары  болып 
тұрады, және ақиқатқа жетуге ұмтылады.   


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   199




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет