240
санамыздан тыс өмір сүретін, бірақ
тануға, тәжірибе жасауға болмайды.
Құдай – бостандық , т. б.
Пантеизм – (гр. рап – бәрі және
tcheos ― құдай) құдай мен әлем
біртұтас деп танитын, құдіретті
табиғатқа балаған философиялық
ілім.
Патристика – (лат. pater ― әке )
шіркеу әкелерінің ілімі, I-VIII ғғ.
Христиандық ілім, христиандық дін
догматтарын
сақтайтын
«шіркеу
әкелерінің»
апологетикасы.
Патристика кейiнгi антикалық және
орта
ғасырлық
қоғамның
эстетикасының құрылуына үлкен
үлестi қосты.
Перипатетиктер – (гр. peripatetikos –
серуен
кезінде
жасалатын)
–
Аристотельдің
шәкірттері
мен
ізбасарлары, оның философиялық
мектебі.
Мектептің
атауы
Аристотельдің дәріс оқу кезінде
оқушыларымен
серуендеп
жүру
дағдысынан туған.
Плюрализм – (лат. рlurais ― көптік)
дүниенің
негізі
бір-бірімен
байланыссыз, белгілі бір бастамасы
жоқ рухани мәндерден тұрады дейтін
ілім. Болмыстың негізінде көптеген
(жер, су, рух, т. б.) нәрселер бар деп
санайды.
Позитивизм – (positivism – дұрыс
пікір)
ғылым
негізіндегі
білім,
ғылымның нәтижесі, синтезі және
философиялық зерттеудің танымдық
маңызын теріске шығаратын бағыт.
Достарыңызбен бөлісу: