37
бастауы, Ян – бейсаналық, «ер адамдық» бастауы деп түсініледі. Қытай
философиясында Инь мен Янның өзара әсерінен табиғат құбылыстары да,
қоғамдағы өзгерістер де туындап отырады деп тұжырымдалады.
Ли – ритуал, салт, этикет.
Сяо – ата-ананы құрметтеу.
Тянься – (орысша «Поднебесная»), «Көкасты», Қытай елінің, мемлекетінің
синонимі, қытайлықтар өздерін қазірге дейін осылай атайды. Көк немесе Аспан
ұғымы Қытай философиясында жер бетіндегі барлық бар нәрсенің алғашқы
негізі және алғашқы себебі, ең құдіретті күш. Адамдардың тағдыры мен өмірін
де, мемлекет істері мен табиғат құбылыстарын да анықтаушы және реттеуші
Көк, ал мемлекетті билеуші оның жердегі өкілі, сондықтан да әрбір адам Көкке
табынуға міндетті.
Ци – этимологиялық мағынасы «пісіп жатқан күріштің буы» дегенді
білдіреді, бірнеше мағынаға ие: белгісіз, сапасы жоқ алғашқы зат; дүниеден
жоғары космостық субстанциядан үшып шығып жатқан нәрсе; алғашқы
материалдық элементтер, денелер, атомдар және т.б. Ци алғашында тұтасып
кеткен субстанциялардан тұрды, кейінірек таза мен бұлдырға – Инь мен Янға
бөлінді деген түсінік қалыптасқан.
Көне Қытай философиясының негізгі мектептері: Конфуций мектебі,
даосизм, легизм, моизм, натурфилософия және номиналистер мектебі (4 кестені
қараңыз).
Олардың арасындағы бастысы – Конфуций мектебі болды деуге болады,
оның біздің дәуірімізге дейінгі екінші мыңжылдықтан бастап, XX ғасырдың
басына дейін Қытай мемлекетінің ресми идеологиясы қызметін атқарғаны бұл
пікіріміздің дәлелі бола алады.
Бұл философиялық ағымның пайда болуы және
қалыптасуы осы ағымның негізін қалаушы Кун-фуц-зы,
оның ізбасарлары Мэн-цзы жөне Сюнь-цзының
есімдерімен
тығыз
байланысты.
Достарыңызбен бөлісу: