Қазақстан республикасы денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министерлігі


Мидың негізгі жүлгелері мен қатпарлары



Pdf көрінісі
бет13/82
Дата06.10.2023
өлшемі4,15 Mb.
#113007
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   82
Байланысты:
httpengime.orguploaddownloadid98183

Мидың негізгі жүлгелері мен қатпарлары
 
Мидың ең үлкен бөлімін сопақша пішінді үлкен мидың сыңарлары алып жатыр 
(hemisp
heria cerebri). Олардың жоғарғы бетін нерв жасушаларынан құралған (шамамен 14 
млрд. нейрондар) ми қыртысы жауып тұрады. Ми қыртысындағы нейрондар 6 қабат 
жасап орналасқан. Ми сыңарлары (жартышарлары) жоғарғы жағынан ұзынша бағыттағы 
сагиталды саңылаумен бөлінген, ал тереңінде олар сүйелді дене, алдыңғы және иіс сезу 
миының жалғамалары сияқты құрылымдармен өзара байланысқан. Сүйелді денені 
сагиталды ұзынша саңылаудың түбінде көруге болады. Ми жартышарларының бүкіл беті 
(жамылғысы) саңылаулармен (fissurae), жүлгелермен (sulci) бөлінген, ал олардың 
арасында ми қатпарлары (gyri) орналасқан. Адамда жүлгелер мен қатпарлардың 
бейнелері әрбір жеке тұлғада өзгермелі болады, бірақ жалпы орналасу сипаты сақталады. 
Әрбір жартышардың жамылғысы үлестерге бөлінеді: маңдай,
шеке, самай, шүйде 
үлестері және аралшық –
ол латералды жүлгенің терең түбінде жатыр. Маңдай және 
шеке үлестері орталық жүлгемен бөлінген (sulcus centralis Rolando), одан алға қарай 
алдыңғы орталық қатпар (gyrus precentralis) орналасқан, оның нейрондарында мидың 
қозғалтқыш орталығы жатыр. Аталған қатпардың төменгі бөлімі бас бұлшықеттерінің, 
жоғарғысы –
аяқ бұлшықеттерінің, ортаңғы бөлімі барлық басқа бұлшықеттердің 
жиырылуын басқарады. Роланд жүлгесінің артқы жағында артқы орталық қатпар (gyrus 
postcentra
lis) жатыр, мұнда тері анализаторының (талдағыш) ядролары орналасқан. 
Маңдай мен шеке үлестері самай үлесінен –
бүйірлік (латералды) жүлгемен бөлінген 
(sulcus lateralis Silvii), оның алдыңғы бөлімінде сөйлеу үрдісінің қозғалтқыш орталығы 
шоғырланған.
Бассүйек –
 
ми топографиясының Кренлейн сызбасы
 
Бастың сүйектері сынғанда, бассүйек қуысына қан құйылғанда, қабыну аурулары 
кезінде, мидың және оның қабықтарының жаңа өспелері пайда болғанда бассүйекке 
трепанация (тесу) операциясын жасау көрсетілген –
яғни науқастың бассүйегі ішіндегі 
келеңсіз заттарды алып тастау үшін бастың жұмсақ тіндерін тіліп сүйегін тесіп ашу. 
Мұндай операцияны жасау үшін клиникалық көрсеткіштер негізінде зақымдану орнын 
дәл анықтау өте маңызды. Бұл үшін бассүйектің әртүрлі болып келетін пішініне 
байланысты мидың психикалық –
қозғалтқыштың орталықтарын, орталық және 
латералды жүлгелерін, ми қатпарларын, ми мен оның қабықтарының тамырларын бас 
терісіне проекциясын анықтауға мүмкіншілік беретін ерекше сызбаларды қолданады. 
Ұсынылған сызбалардың (схемалардың) ішінде неғұрлым ұтымдысы және практикалық 
жағынан кеңірек қолданылатыны бассүйек –
ми топографиясының Кренлейн ұсынған 


21 
және С.С. Брюсова толықтырған сызба болып табылады. Ол бойынша шашы қырылған 
бас терісіне бояулы қаламмен 9 сызық түсіріледі:
1)
төменгі (бірінші немесе негізгі) көзұясының төменгі қырынан бетсүйек доғасы 
арқылы сыртқы есту тесігінің жоғарғы шетімен жалғастыратын горизонталды сызық (1);
2)
ортаңғы (екінші) горизонталды сызық –
көзұясының жоғарғы қырынан артқа 
қарай төменгі горизонталды сызыққа параллелді бағытта жүргізіледі (2);
3)
сагиталды сызық –
мұрын қырының ортасынан сыртқы шүйде төмпешігіне дейін 
(бассүйектің жебе тәрізді тігісі бойымен) (3);
4)
алдыңғы вертикалды сызық –
бетсүйек доғасының ортасымен бірінші 
горизонталды сызыққа перпендикулярлық бағытта (4);
5)
ортаңғы вертикалды сызық –
төменгі жақсүйектің буындық басының ортасы 
арқылы (5);
6)
артқы вертикалды сызық –
емізік тәрізді өсінді негізінің артқы нүктесі арқылы 
(6); 
Аталған үш вертикалды сызықтар горизонталды сызықтарға перпендикулярлық 
бағытта сагиталды сызықпен қиылысқанша жүргізіледі. Орталық (Роланд) жүлгесінің 
проекциясы алдыңғы вертикалды сызықтың ортаңғы горизонталды сызықпен қиылысқан 
А
-
нүктесінен артқы вертикалды сызықтың сагиталды сызықпен қиылысатын нүктесіне 
дейін өтетін сызыққа (7) сәйкес келеді. Бұл сызықтың ортаңғы және артқы вертикалды 
сызықтар арасындағы кесіндісі орталық жүлгенің ұзындығына сәйкес деп есептелінеді (R 
нүктесінен 3 және 6 сызықтардың қиылысқан нүктесіне дейін). Орталық жүлгенің 
алдындағы ми
қыртысы қатпарында қозғалтқыш, ал артқысында сезімтал орталықтар 
шоғырланған. 8) Латералды (Сильвий) жүлгесі А нүктесінен басталатын 7 және 2 
сызықтар жасаған бұрыштық бисектрисасы 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   82




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет