Қазақстан республикасы денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министерлігі



Pdf көрінісі
бет27/82
Дата06.10.2023
өлшемі4,15 Mb.
#113007
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   82
Байланысты:
httpengime.orguploaddownloadid98183

 
10-
сурет. Бастың ми бөлігінің жарақатының біріншілік хирургиялық өңдеуі

Бас 
жарақаты: ашық және жабық (терісінің жарақатталуы).Бас сүйегінің зақымдалуы: 
сүйек ішіне кіретін және кірмейтін жарақат.Бас жарақатының
 
біріншілік хирургиялық 
өңдеу.
 
Диплоэлық тамырлардан аққан қанды сүйектің қанап тұрған бетіне балауыз 


42 
пастасын жағу арқылы тоқтатады. Пастаның артық бөліктерін кез келген құрал 
көмегімен алып тастайды. Зақымданған сүйектің шығарушы (эмиссарлық) веналарынан 
аққан қанды мынадай жолмен тоқтатады: қанап тұрған сүйек аймағының қабығын 
міндетті түрде сүйектен ажыратады, зақымданған тамыр орналасқан сүйек тесігіне 
күшпен басып балауыз пастасын жағады. Кей кезде мұндай жерге коагуляция да 
жасайды. Мидың қатты қабығы аман болған жағдайда, бастың жұмсақ тіндерінің 
жарасын түйіндік тігістер арқылы біржола тігеді. Егер мидың қатты қабығы зақымданған 
болса, онда оның жыртылған шеттерін қайшымен шамалап қияды да, түйіндік 
тігістермен тігіп тастайды.
Мидың қатты қабығының тамырларынан қан кеткенде, зақымданған тамырдың екі 
жақ ұшына да тігіс жасау және лигатурамен байлау арқылы немесе клипстер салу 
жолымен тоқтатады. Қатты қабықтың жарақаттанған тамырларына клипс салу тек 
тамырдың кесілген шеті жағынан ғана мүмкін, оның өзінде клипс тамырды мидың қатты 
қабығымен қоса қысу керек. Мидың қатты қабығының бетіндегі «нүктелік» қан шығуды 
сутегінің асқын тотығы ерітіндісімен ылғалданған жұқа мақта немесе мәрлі көмегімен 
тоқтатады. Мидың өрмекті қабығынан өсетін пахион грануляцияларынан қан кету 
қауіпті болады, себебі оны тоқтату оңайға түспейді. Мәрлі тампоны әдетте нәтиже бере 
қоймайды. Бұл жағдайда, жараны тез құрғатып, қанап тұрған жерге гемостатикалық 
губканың көп мөлшерлі кесектерін сеуіп, одан соң ылғалды мәрлі шаригімен немесе 
хирургиялық салфеткамен қыса басу қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   82




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет