83
ішіне canalis caroticus өзегі арқылы енеді. Сыртқы
ұйқы артериясы ішкі ұйқы
артериясынан ішкері және алдына таман орналасады және тура бөлінген жерден сәл
жоғарырақ жоғарғы қалқанша артериясын,
одан соң тіл артериясын, соңынан бет
артериясы мен төс-бұғана-емізіктік артерияны береді. Ішкі ұйқы артериясы сыртқы
артерияға қарағанда сәл латералды және артқа таман өтеді және өзінің бастама бөлігінде
шамалы кеңейген қойнаушы жасайды (sinus caroticus).
Сыртқы және ұйқы
артерияларының бөлінетін жерінде ұйқы түйіншегі орналасады (glomus caroticum), оны
өте нәзік препараттау нәтижесінде табуға болады, пішіні мен үлкендігі күріштің
дәніндей, ал түсі сұрғылт-сары болады. Синус пен гломус тіл жұтқыншақ нерві
тармақтарымен және вегетативті нерв талшықтарымен (хемо- және барорецепторлар)
қамтамасыз етіледі. Бұл маңай өте маңызды рефлексогендік аймақ болып табылады, оны
механикалық тітіркендіру, жарақаттау немесе жіппен, қысқышпен қысу қан қысымының
төмендеуіне және жүрек жұмысының бұзылуына алып келеді.
Ежелден мойын тұсынан
ұру өте қауіпті болып есептеледі. Көне тибет медицинасының қағидаларында мойын
организмнің ең маңызды бөлігі деп көрсетілген. Мойын аймағынан ұру дзюдо және басқа
шабуылдау немесе қорғаныстың жүйелерде қолданылады. Жапонияда шок болған
жағдайларда
бұғананың ортасына, VІІ мойын омыртқалық қылқанды өсіндісіне,
табанның сыртқы қырына тоқылдату сияқты арнаулы қайта жандандыру әдістері
қолданылған.
Достарыңызбен бөлісу: