Қазақстан республикасы денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министерлігі



Pdf көрінісі
бет36/77
Дата22.12.2023
өлшемі3,67 Mb.
#143037
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   77
Байланысты:
аза стан республикасы денсаулы са тау ж не леуметтік даму мин

 
 


53 
 
15-сурет. Беттің операциясы 
Операция кесінділері, беттің табиғи қыртыстарының бойымен және бет 
нервініңТармақтарының бағытының бойымен ашылады. 
Операциядан кейінгі жіті паротитке жасалатын әрекеттер 
Операциядан кейінгі тиянақты күтімге қарамай, әсіресе ауыр жағдайдағы жасы 
ұлғайған науқастарда құлақ маңы безінің қабынуы жиі кездеседі. Ауқымды операцияға 
байланысты мұндай науқастарда безден секрет бөлінуі азаяды да, нәтижесінде қабыну 
іріңдікке айналуымен аяқталады. Іріңдікке және абсцеске ауыспаған жай қабынуды 
салыстырмалы қарапайым әдіспен ойдағыдай емдеуге болады. Науқасқа шайнауға сағыз, 
нанның қыртысын немесе резеңке түтікшені ұсынады. Шайнау кезіндегі механикалық 
тітіркендіру бездің секрет шығаруын ұлғайтады да, қабыну жағдайы 1-2 күн ішінде 
кетеді. Қабынудың ертерек кезеңдерінде құлақ маңы безінің аймағын рентген сәулесімен 
емдеу арқылы жақсы нәтижеге жетуге болады. Бір сеанста аса терең емес, шамамен 20-
40р рентген сәулесін қолданады, жалпы мөлшері 50-60 р, ал ең жоғарғысы 200 р болуы 
қажет. 
Ал, абсцесс қалыптасқан жағдайда, оның жарылып сыртқа шығуы өте сирек 
кездеседі, бұл бездің мықты фасциясы болуына байланысты. Егер абсцесс жарылып 
шықпаған болса, оны ашу тек операциялық жолмен ғана іске асырылады. 
Құлақ маңы безінің абсцесін төменгі жақсүйек бұрышының ортасынан және оған 
паралелді бағытта жасалатын бұрыштама тілік арқылы ашады. Бұдан соң бездің төменгі 
бөлімі тұсында, оның фасциясына кішкене тесік жасайды да, ішіне қарай ұштары тұқыл 
қысқышты енгізіп, бездің затынан іріңдік сұйықтықтың ағып шығуына жол ашады. 


54 
Сасық иісті түйіршік аралас ірің шығып болған соң, тілік арқылы дренаждық түтікшені 
кіргізеді. Абсцесс қуысын, физиологиялық ерітіндімен катетер көмегімен күнделікті жуу 
арқылы жазылу жағдайын тездетуге болады. 
Кішкентай балаларда, ауыз қуысының тазалығын сақтау нашар болса, іріңді паротит 
пайда болуы мүмкін. Мұндай абсцестер сырты есту жолының алдыңғы қабырғасының 
томпайып ісіп, соңынан жарылуы нәтижесінде сыртқы құлақ жолына ашылып, іріңнің өз 
бетімен сыртқа шығуы байқалады. Егер ірің шығатын абсцесс тесігі тым кішкентай 
болса, онда жеңіл наркоз беріп, тесікті кеңейтеді. Сыртқы құлақ жанында кеңейтілген 
тесік арқылы ағын жеткілікті болады да, абсцесс жойылады, жара орны бірнеше күнде 
жазылып кетеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   77




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет