тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі
9
МП
медициналық пункт
10
ЖДО
жастар денсаулық орталықтары
11
МҰ
медициналық ұйым
12
НҚА
нормативтік-құқықтық актілер
Нұсқаулықта пайдаланылатын ұғымдар мектеп медицинасы – білім алушылардың денсаулығын бағалау, бақылау, қорғау және жақсарту, аурулардың алдын алу мақсатында жалпы білім беретін ұйымдарда медициналық қызмет көрсету;
медицина қызметкері – мамандығы бойынша тиісті сертификаты бар, орта немесе жоғары арнайы медициналық білімі бар маман;
психолог – білім алушылардың психологиялық денсаулығымен айналысатын, жоғары педагогикалық білімі бар маман;
педагог– бұл педагогикалық және тәрбие жұмыстарымен айналысатын бейінді маман;
білім алушы – жалпы білім беретін ұйымның оқушысы;
ата-ана немесе баланың мүдделерін қорғайтын тұлға (қамқоршы) – бұл кәмелетке толмаған балаға қамқор болу құқығы бар және оған міндетті ересек адам (ата-аналық қамқоршылық құқық);
ата-аналық қамқоршылық құқық – баланың жеке өзіне қамқорлық ету құқығынан және оның мүлкіне қамқор болу құқығынан тұрады;
мектептің қамқоршылық кеңесі – міндеттеріне мектептегі оқу-тәрбие жұмысын қадағалау және ол үшін жақсы жағдайлар жасауға көмектесу кіретін әртүрлі мүдделі топтардың таңдап алынған өкілдерінен (білім алушылар, мұғалімдер, ата-аналар, жергілікті билік органдарының өкілдері, мектеп бітірушілер, мектеп қызметіне қолдау көрсететін ұйымдардың өкілдері) тұрады.
Қамқоршылық кеңес бюджет, жалпы білім беретін ұйымдардың даму жоспары, оқу бағдарламасы, білім алушылардың денсаулығы және басқа да мәселелер бойынша ұсыныстар енгізеді;