Хром Сr3+иондарын ашу реакциялары. Сілтілік металдар гидроксидтерінің әсері. Сілтілік металдар гидроксидтерінің ерітінділері (NaOH, КОН) көк-жасыл түсті Сг3+ тұздарының ерітінділерінен қоңыр-жасыл түсті хром гидроксидінің Сг(ОН)3 тұнбасын тұндырады, оның амфотерлік қасиеттері бар.
СгС13 + 3NaOH = Сг(ОН)3 + 3NaCl
Артық NaOH тұнбаны зүмірет жасыл түсті натрий гексагидроксохромының (III) кешенді тұзының ерітіндісін түзе ерітеді:
Сг(ОН)3 + 3NaOH = Na3[Сг(ОН)6]
Сутегі пероксидінің Н2О2сілтілік ортадағы әсері. Сутегі пероксиді Н2O2 сілтілік ортада хром (ІІІ) тұздарын сары түсті хромат-иондарына СгО42- дейін тотықтырады:
2Na3[Сr(ОН)6] + 3Н2O2 = 2Na2CrO4 + 8H2O + 2NaOH
Қалайы Sn2+ иондарын ашу реакциялары. Топтық реактивтің NaOH әсері. Натрий гидроксиді қалайы (ІІ) иондарымен амфотерлік қасиеті бар, қышқылдар мен сілтілерде еритін ақ тұнба Sn(OH)2 түзеді:
SnCl2 + 2NaOH = Sn(OH)2↓ + 2NaOH
Sn(OH)2 + 2H+ = Sn2+ + 2H2O
Sn(OH)2 + 2OH- = [Sn(OH)4]2- Висмут нитраты Bi(NO3)3 сілтілік ортада Sn2+ иондарымен тотықсызданған висмуттың қара тұнбасын береді:
3Sn(OH)2 + 2Bi(NO3)3 + 12NaOH = 2Bi +3Na2[Sn(OH)6] + 6NaNO3 Қалайы SnIV иондарын ашу реакциялары. Натрий гидроксиді NaOH қалайы (IV) иондарымен ақ сірне тәрізді ортоқалайы қышқылының Sn(OH)4 немесе H4SnO4 тұнбасын түзеді, ол артық реактивте натрий гидроксостаннатын(IV) түзе ериді:
SnCl4 + 4NaOH = Sn(OH)4↓ + 4NaС1
Sn(OH)4 + 2NaOH = Na2[Sn(OH)6]
Fe, Al, Mg металдары қалайы (IV) иондарын қалайы (II) иондарына немесе бос қалайыға дейін тотықсыздандырады. Темір металы Sn4+ ионын тек қана Sn2+ ионына дейін тотықсыздандырады:
SnCl4 + Fe = SnCl2 + FeCl2
Алынған ерітіндіге күшті сілтілік реакцияға дейін NaOH қосады. Пайда болған Fe(ОН)2 тұнбасы мен темір жаңқаларын сүзіп алып, фильтратқа висмут тұзын қосады. Бос висмуттың қара тұнбасының түзілуі қалайының бар екендігін көрсетеді.