Қазақстан республикасы денсаулық сақтау министрлігі марат оспанов атындағы батыс қазақстан



бет5/6
Дата15.09.2022
өлшемі157 Kb.
#39149
түріСабақ
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
лабор 2к

Мышьяк AsIII иондарын ашу реакциялары.
Күміс нитратымен реакция. AsIII тұздарына күміс нитратымен әсер еткенде сары түсті күміс арсенитінің тұнбасы пайда болады:
Na3AsO3 + 3AgNO3 = Ag3AsO3↓ + 3NaNO3
Тұнба HNO3, CH3COOH, NH3 ерітінділерінде ериді. Дегенмен аммиакты ерітіндіні қышқылмен бейтараптандырғанда қайтадан Ag3AsO3тұнбасы пайда болады.
Иод J2 ерітіндісі As (III) ионын As (V) ионына дейін тотықтырады, мұны иод ерітіндісінің түссізденуінен оңай байқауға болады:
Na3AsO3 + І2 + H2O = 2HІ + Na3AsO4
Мышьяк AsV иондарын ашу реакциялары.
Күміс нитратымен реакция. AsV ерітіндісіне AgNO3 қосқанда қоңыр-қызыл түсті мышьяқтықышқыл күмістің тұнбасы түзіледі, ол HNO3 және NH3 қосқанда ериді:
Na3AsO4 + 3 AgNO3 = Ag3AsO4↓ + 3 NaNO3
Молибден сұйықтығы (амммоний молибдаты (NH4)2MoO4+HNO3) As (V) иондарымен сары кристалдық тұнба (NH4)3АsO4·12МоО3·6Н2О береді, ол концентрлі HNO3--те ерімейді, бірақ NH4ОН пен сілтілерде ериді:
Na3AsO4 + 12(NH4)2MoO4 + 24HNO3 = (NH4)3АsO4·12МоО3·6Н2О↓ + 24NH43 + 6 Н2О
Калий иодиді KІ қышқыл ортада As (V) иондарын As (III) иондарына дейін тотықсыздандырады, бұл кезде бос иод түзіледі, ол ерітіндіні сары түске бояйды:
Na3AsO4 + 2 KІ + 2НС1 = І2 + Na3AsO3 + 2КС1 + Н2О
4 аналитикалық тобы катиондарына сапалық реакциялар 1-кестеде топтастырылған.

Кесте 1

4 аналитикалық тобы катиондарына тән реакциялар

Реактивтер

Al3+

Cr3+

Zn2+

Sn2+

SnIV

AsIII

AsV

NaOH немесе KOH

Al(OH)3
ақ

Cr(OH)3
жасыл

Zn(OH)2
ақ

белый

Sn(OH)4
ақ

AsO33-

AsO43-

артық сілтіде және қышқылдарда ериді

ерітіндіде

NH4OH

Al(OH)3

Cr(OH)3

Zn(OH)2

Sn(OH)2

Sn(OH)4

AsO33-

AsO43-

тұну толық емес, артық реактивте ериді

ерітіндіде

Ализарин

Алюминий лагы

-

-

-

-

-

-

Н2О2 сілтілік ортада

[Al(OH)4]‾. [Al(OH)6]3 ерітіндіде

CrO42-
сары
ерітіндіде

[Zn(OH)4]2
ерітіндіде

[Sn(OH)6]2 ерітіндіде

-

AsO33-

AsO43-

ерітіндіде

Bi(NO3)3 сілтілік ортада

-

-

-
Bi

қара

-

-

-

Fe, Al, Mg


-

-

-

-
Sn

қара

-

-

AgNO3


-

-

-

-

-

Ag3AsO3
сары

Ag3AsO4
шоколадтүсті

Катиондардың бесінші аналитикалық тобы (Mg2+, Mn2+, Fe2+, Fe3+, SbIII, SbV, Bi3+)
Бұл катиондардың аналитикалық тобына магний, марганец(II), темір(II және III), висмут(IІI), сурьма(II және III) катиондары жатады. Олардың топтық реагенті болып аммиактың сулы ерітіндісі алынады. Ол аталған катиондарды реактивтің артық мөлшерінде – аммиак ерітіндісінде ерімейтін гидроксидтер түрінде тұнбаға түсіреді.
Магний катиондарын Mg2+ анықтау реакциялары
1. Күйдіргіш сілтілер мен аммоний гидроксиді магний тұздарының ерітінділерімен ақ аморфты тұнба Mg(OH)2 түзеді, ол қышқылдарда және аммоний тұздарының ерітінділерінде жақсы ериді:
Mg2+ + 2OНˉ = Mg(OH)2
Қышқылдарда еруі:
Mg(OH)2 + 2H+ = Mg2+ + 2Н2O
Аммоний тұздарының ерітінділерінде еруі:
Mg(OH)2 + 2NH4+ = Mg2+ + 2NH4OH
2. Аммоний карбонаты (NH4)2СО3 магний тұзының ерітіндісімен әрекеттескенде ақ аморфты NH4Cl-дың артық мөлшерінде еритін негіздік тұздың (MgOH)2CO3 тұнбасын береді:
2MgCl2 + 2(NH4)2CO3 + Н2О = (MgOH) 2CO3↓ + СО2↑ + 4NH4Cl
2Mg2+ + 2CO32- + Н2О = (MgOH)2CO3↓ + CO2
3. Аммоний оксалаты (NH4)2С2О4 магний иондарымен (концентрлі ерітінділерден) ақ кристалды тұнба MgC2O4 түзеді, ол минералдық қышқылдарда және аммоний тұздарында ериді:
MgCl2 + (NH4)2С2О4 = MgC2O4↓ + 2NH4С1
Марганец иондарын Мn2+ анықтау реакциялары
1. Аммиак NH4OH ерітіндісі Мn2+ иондарымен Мn(ОН)2 тұнбасын береді, тұнба аммоний тұздарында жақсы ериді:
MnCl2 + 2NH4ОН = Mn(OН)2↓ + 2NH4С1
Mn(OН)2 + 2NH4+ = Mn2+ + 2NH3
2. Сілтілік металдар гидроксидтерінің әсері. Сілтілік металдар гидроксидтерінің ерітінділері (NaOH, КОН) Мn2+ тұздарының ерітінділерінен (Мn2+ тұздарының ерітінділері солғын-қызғылт түсті) ақ марганец(II) гидроксидін Мn(ОН)2 тұнбаға түсіреді, ол қышқылдарда ериді де, сілтілерде ерімейді:
МnС13 + 2NaOH = Мn(ОН)2↓ + 2NaCl
Мn(ОН)2 тұнбасы ауадағы оттекпен біртіндеп қоңыр түсті марганец(IV) оксиді-гидроксидіне МnО(ОН)2 дейін тотығады, ол сонымен қатар Mn2+ ерітінділерін сутек пероксидімен Н2О2 тотықтырғанда да оңай түзіледі:
Мn(ОН)2 + Н2O2 = MnO(OH)2↓ + Н2O
3. Mn2+ катионын MnO4ˉ анионына дейін тотықтыру. Күшті тотықтырғыштардың әсерінен (PbO2, (NH4)2S2O8, KBiO3) қышқылдық ортада түссіз Mn2+ катионы өзіне тән күлгін түске боялған перманганат-ионына өтеді:
2Mn(NO3)2 + 5 PbO2 + 6HNO3 = 2HMnO4 + 5 Pb(NO3)2 + 2H2O
Темір(ІІ) иондарын Fe2+ анықтау реакциялары
1. Аммиак NH4ерітінділерден Fe2+ иондарын темір(II) гидроксиді түрінде тұндырады, тұнба реактивтің артық мөлшерінде мардымсыз ериді:
FeCl3 + NH4OH = Fe(OH)2↓ + 3NH4Cl
Fe(OH)2 + 2NH4+ = Fe2+ + 2NH3 + 2H2O
2. Гексацианоферрат(III) калий K3[Fe(CN)6] әсері. Гексацианоферрат(Ш) калий Fe2+ ионын Fe3+ ионына дейін тотықтырады:
Fe2+ + [Fe(CN)6]3- = Fe3+ + [Fe(CN)6]4-
Пайда болған Fe3+ иондары гексацианоферрат(II) аниондарымен жаңа кешенді анион түзеді:
Fe3+ + К+ + [Fe(CN)6]4- = KFe3+[Fe2+(CN)6]
KFe3+[Fe2+(CN)6] қосылысы турнбуль көгі деп аталады.
3. Сілтілік металдар гидроксидтерінің әсері. Сілтілік металдар гидроксидтерінің (NaOH, КОН) ерітінділері Fe3+ тұздарының ерітінділерінен темір(II) гидроксидін Fе(ОН)2 тұндырады. Ол кәдімгі жағдайда ауада Fе(ОН)3-ке дейін біртіндеп тотығып, лай жасыл түсті тұнбаға өтеді:
FeCl2 + 2NaOH = Fe(OH)2↓ + 2NaCl
4Fe(OH)2 + О2 + 2H2O = 4Fе(ОН)3
Темір(ІІІ) иондарын Fe3+ анықтау реакциялары
1. Гексацианоферрат(II) калий K4[Fe(CN)6] әсері. Гексацианоферрат(II) калий K4[Fe(CN)6] Fe3+ тұздарының ерітінділерімен (сары түсі бар) қою-көк түсті темір(III) гексацианоферратының(II) (берлин көгілдірі) тұнбасын береді, ол рентгенқұрылымдық талдау мәліметтері бойынша турнбуль көгіне сәйкес болып келеді:
FеС13 + К4[Fе(СN)6] = KFe[Fe(CN)6] + 3КС1
2. Сілтілік металдар гидроксидтері мен аммиактың әсері. Сілтілік металдар (NaOH, КОН) мен аммоний гидроксидтерінің ерітінділері Fe3+ тұздарының ерітінділерімен темір(III) гидроксидінің Fе(ОН)3 қызыл-қоңыр түсті тұнбасын береді, ол екідайлық қасиеттер көрсетпейді:
FеС13 + 3NaOH = Fе(ОН)3↓ + 3NaCl
3. Калий мен аммоний роданидтері (KSNC, NH4SNC) Fe3+ иондарымен суда еритін қанқызыл түсті темір роданидін түзеді:
3KSNC + FеС13 = 3KС1 + Fе(SNC)3
Висмут иондарын Bi3+ анықтау реакциялары
1. Аммоний гидроксиді NH4OН Bi3+ иондарымен негіздік тұздың ақ тұнбасын береді, оның құрамы ерітіндінің концентрациясы мен температурасына қарай өзгеріп отырады:
Bi(NO3)3 + NH4OH = Bi(OH)(NO3)2↓ + NH4NO3
Тұнба реактивтің артық мөлшерінде ерімейді (Cu2+ иондарынан ерекшелігі).
2. Сілтілік ортада Sn2+ иондарымен висмуттың тұздары тотықсызданған висмуттың қара тұнбасын береді:
3Sn(OH)2 + 2Bi(NO3)3 + 12NaOH = 2Bi↓ +3Na2[Sn(OH)6] + 6NaNO3
3. Судың әсері (гидролиз). Висмут тұздарын сумен қатты сұйылтқанда негіздік тұздардың тұнбасы пайда болады:
BiCl3 + 2 H2O = Bi(OH)2Cl ↓+ 2 HCl
Тұнба түзілу барысында судың молекуласын бөліп, құрамы BiOCl негіздік тұз береді:
Bi(OH)2Cl = BiOCl + H2O



Реактивтер

Mg2+

Mn2+

Fe2+

Fe3+

Bi3+

SbIII

SbV

NaOH немесе KOH,
NH4OH



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет