Қазақстан республикасы денсаулық сақтау министрлігі


Броун-Секар синдромы (жұлын-мидың латералдық гемисекциясы) –



Pdf көрінісі
бет14/83
Дата03.12.2023
өлшемі2,08 Mb.
#133070
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   83
Байланысты:
НЕРВ ЖҮЙЕСІ ОҚУ ҚҰРАЛЫ

Броун-Секар синдромы (жұлын-мидың латералдық гемисекциясы) – 
жұлын-мидың жарты бөлігі зақымданғанда пайда болатын симптомдар 
кешені (6- сурет). Зақымданған жақта орталықты салдану (немесе парез) 
дамиды, бұлшықеттік-буындық және вибрациялық сезімталдық жойылады. 
Қарама-қарсы жақта ауырсыну сезімі мен температуралық сезімталдық 
жойылады. Жұлын жарақаттанғанда, онда қанайналым бұзылғанда
инфекциялық миелопатияларда, жұлын өспелерінде, таралған склероз 
дамығанда пайда болады.
 
6- сурет. 
 Броун-Секар синдромы кезіндегі 
жұлын-мидың зардапталған 
аймағы 
(http://www.owoman.ru)
 


17 
Спиналдық шок – 
жұлын-мидың үзілгеннен кейін сезімталдық, 
қимылдық және вегетативтік рефлекстердің толық жоғалуы, сонымен 
бірге, нәжіс пен зәрдің бөгелуі, анестезия және енжар салданумен 
байқалады. Қимылдық және вегетативтік рефлекстердің тежелуі мидың 
белсендіруші әрекетінің бұзылуымен байланысты туындайды. Спиналдық 
шоктың ұзақтығы бірнеше аптадан айларға дейін созылуы мүмкін.
Құрысқақ 
(грек тілінен ауд. spasmos – құрысқақ, спазм) – бір немесе 
бірнеше бұлшықеттердің еріксіз жиырылуы, ауырсыну сезімімен 
ұштасатын гиперкинездің түрі.
Тонусты құрысқақ 
– бұлшықеттердің ұзақ жиырылуынан, олардың сол 
қалпында (бүгілген немесе керілген күйі) қатып қалуы, науқастың денесі 
керілген, басы шалқайған немесе иілген күйі. 
Клонусты құрысқақ 
– жазылатын және бүгілетін бұлшықеттердің рет-
ретімен жиырылуы, нәтижесінде еріксіз қимыл-қозғалыстар байқалады. 
Клонустық құрысқаққа қарағанда аса қауіпті емес, өйткені онда жүрек, 
тыныс жүйесінің бұзылыстары байқалмайды. 
Тик 
(француз тілінен ауд. tic) – еркінен тыс, үйреншікті, жеке 
бұлшықеттердің немесе бұлшықет топтарының клоникалық тартылуы . 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   83




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет