18
А суретінде – дені сау адамның миы көрсетілген, мидың қара заты жақсы
пигменттелген.
В суретінде – Паркинсон ауруымен ауыратын науқастың миы көрсетілген, мидың қара
заты пигментацияланбаған.
Эпилепсия (қояншық)
(грек тілінен ауд. epilepsia – ұстап қалу) –
созылмалы психоневрологиялық ауру, қайталанатын ұстамалармен
сипатталады. Ұстамалар дамуының негізінде нерв жасушаларының тым
қуатты электрлік белсенділігі жатыр. Эпилепсиялық ұстамалардың даму
механизміне негізгі 3 фактор қатысады: 1) құрысулық немесе
пароксизмалы дайындық; 2) эпилепсиялық ошақ; 3) сыртқы эпилепсиялық
тітіркендіргіштер. Эпилепсиялық ұстамалар сезімтал, қимылдық,
вегетативтік және ойлау қызметтерінің уақытша бұзылыстарымен көрінеді.
Достарыңызбен бөлісу: