26
Алкогольді салынып ішу
(инсульттің дамуында алкогольдің рөлі
қолданған алкогольдің мөлшеріне, ми инфарктының түріне
байланысты
болады. Ер адам үшін күніне 50 г, ал, әйел адам үшін күніне 35 г таза
алкогольді қолдану ишемиялық инсульттің даму қаупін 2-3 есеге
арттыратыны дәлелденген. Сонымен қатар, алкоголизммен бірге аритмия,
артериялық
гипертензия, гиперкоагуляциялық процесстер ишемиялық
инсульттің даму қаупін одан сайын күшейтеді)
;
Гипергомоцистеинемия
(эндотелийдің
зақымдануы, қарқынды
атерогенез, тромбтардың түзілуі ишемиялық инсульттің даму қаупін 3-4
есеге арттырады);
Гиперкоагуляциялық бұзылыстар
(антифосфолипидтік антидененің
түзілуі, V Leiden факторы, протромбиннің мутациясы, С, S протеиндерінің,
антитромбин III-нің тапшылығы);
Ауыз арқылы қолданылатын контрацептивтерді қабылдағанда
(құрамы 50 мг көп эстрогендерден тұратын
дәрі-дәрмектер ишемиялық
инсульттердің даму қаупін күшейтеді)
;
Созылмалы инфекциялар мен қабыну үдерістері.
Инфекциялар,
әсіресе Chlamydia pneumonia микроорганизмінен туындаған инфекциялар
эндотелийді зақымдап, қантамырлық аурулардың даму қаупін күшейтеді.
Достарыңызбен бөлісу: