Қазақстан республикасы денсаулық сақтау министрлігі



Pdf көрінісі
бет8/83
Дата03.12.2023
өлшемі2,08 Mb.
#133070
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   83
Байланысты:
НЕРВ ЖҮЙЕСІ ОҚУ ҚҰРАЛЫ

Ишемиялық инсульт – 
миды қоректендіретін
 
артериялардың тарылуынан 
немесе бітелуінен дамитын ми қанайналымының жіті бұзылысы (МҚЖБ). 
Негізгі себептері қантамырлардың атеросклерозы, жиі атеросклерозбен 
қабаттасқан қантты диабет, гипертониялық ауру, жүрек қақпақшаларының 
ақаулары, эмболиялар, коллагеноздардағы васкулиттер, қан жүйесінің 
аурулары (эритремиялар, лейкоздар). Барлық инсульттердің ішінде 
ишемиялық инсульт 65-80 %-ды құрайды. 
Геморрагиялық инсульт –
инсульттің миға қан құйылумен сипатталатын 
түрі. Ілкі немесе салдарлық артериялық гипертензия салдарынан, туа 
біткен және жүре пайда болған артериялық-веналық қантамырлардың 
аневризмасы кезінде туындайды. Миға қанның құйылуы қантамырлардың 
жарылуынан және диапедездік жолмен дамуы мүмкін. Осы екі жағдайда 
қантамыр арнасынан қанның шығуының негізінде жалпы, әсіресе 
аймақтық 
мидағы 
қанайналымның 
функциялық-динамикалық 
ангиодистониялық бүліністері жатыр. Барлық инсульттердің ішінде 
геморрагиялық инсульт 65-80 %-ды құрайды. 
Субарахноидалды қан құйылулар – 
субарахноидалды кеңістікте (мидың 
өрмелі және жұмсақ қабығы арасындағы қуыста) қан құйылумен 


11 
сипатталатын 
ми 
қанайналымының 
жіті 
бұзылысы 
(МҚЖБ). 
Cубарахноидалды 
қан 
құйылулар 
артериялық 
аневризмалардың 
жарылуынан (жарақаттық емес қан құйылулар) немесе бас-ми жарақатынан 
(жарақаттық қан құйылулар) туындайды. Барлық инсульттердің 5-7%-ын 
құрайды. 

Инсульт кезіндегі ишемияның ядролық аймағы («өзек», 
«инфарктты ядро») – 
ми қанайналымының жіті бұзылысы дамығаннан
бастап 6-8 минуттың ішінде нейрондардың қайтымсыз зардапталған 
аумағы 
және 
қантамырлардағы 
минуттық 
қанағымның 
(МҚ) 
10 мл/100г/минуттан
–1 
төмен) айқын азайған аймағы. Бұл инсульттің 
орталық аймағы саналады, яғни көлемі жағынан басымдау «ишемиялық 
жартылай көлеңке» деп аталатын тіршілікке икемді аймақпен қоршалған 
некроз ошағы (1- сурет). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   83




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет