Қазақстан республикасы денсаулық сақтау министрлігі


Пенумбра («ишемиялық жартылай көлеңке») –



Pdf көрінісі
бет9/83
Дата03.12.2023
өлшемі2,08 Mb.
#133070
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   83
Байланысты:
НЕРВ ЖҮЙЕСІ ОҚУ ҚҰРАЛЫ

 
Пенумбра («ишемиялық жартылай көлеңке») – 
ишемияға ұшыраған
бірақ, тіршілікке икемді, инфаркт ядросы аймағын қоршап жатқан ми 
тіндерінің аумағы. Пенумбра аумағында қалыпты қызмет атқару үшін 
қажет болатын қанмен қамтамасыз етілу деңгейінен төмен, бірақ, 
қайтымсыз өзгерістердің критикалық (шектік) межесінен жоғары болады. 
Пенумбра аумағында энергиялық метаболизм толығымен сақталған
құрылымдық өзгерістер жоқ, бірақ функциялық өзгерістер байқалады. Осы 
«ишемиялық жартылай көлеңке» аумағында жасушалардың өлуі инфаркт 
ошағының ұлғаюына әкеледі. Ми тінінің адекватты перфузиясының 
қалпына келуінен және нейропротективті дәрі-дәрмектерді қолданған кезде 
«ишемиялық жартылай көлеңке» аумағы тіршілікке икемділігін сақтай 
алады. Инсультті емдеудің алқашқы сағаты мен алғашқы күндері тек 
пенумбра ғана басты нысана рөлін атқарады. 
Диашиз 
(грек тілінен ауд. diaschisis – бөліну, ыдырау) – бұл ишемиялық 
зақымданған ошақтан алынған, бірақ сол жерлермен анатомиялық және 
функциялық байланысы бар нерв құрылымдарының бұзылыстары. 
1- сурет. 
А. Ядролық аймақ 
(құрылымдық өзгерістер)
Б. Ишемиялық жартылай көлеңке 
= пенумбра = митохондриялық 
дисфункция (функциялық 
өзгерістер) 
(
Е.Г.Клочева 
Неврологияда 
цитофлавин дәрісін қолдану – 
Дәрігерлерге арналған нұсқау – 
СПб., 2008) 
 


12 
Нәтижесінде зақымданған анатомиялық ошақтың өлшеміне қарағанда 
ОНЖ-нің қызмет атқармайтын бөлімінің көлемі артады. Диашиздің себебі – 
нейрондарға физиологиялық тітіркендіргіштердің әдеттегідей әсер 
етпеуінен нерв жасушаларының қызметі бұзылады. Сондықтан, бүлінген 
ошақтың орнында жергілкі көріну белгілері байқалады. Мысалы, инсульт 
кезінде ми жарты шарының белгілі бір бөлігі бүлінсе, олармен 
комиссуралық талшықтар арқылы байланысқан басқа жарты шарлардың 
қызметі де бұзылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   83




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет