25
Ишемиялық инсульттің модификацияланған (бақылайтын,
реттейтін) қауіп-қатер факторлары
Артериялық
гипертензия
(ишемиялық
инсульт
үшін
популяциялық қауіп-қатер факторы 70-80%-ды құрайды; АҚ 160/95 мм
сын.бағ. жоғарылағанда ишемиялық инсульттің даму қауіпі 4–5 есеге
артады, АҚ 200/115 мм сын.бағ. жоғарылағанда – 10 есеге артады;
диастолалық АҚ 7,5 мм сын.бағ. өсуі инсульттің даму қаупін 2 есеге
арттырады).
Темекі шегу
(ИИ-тің даму қаупін екі еселейді; инсульттің даму
қаупі темекі шегетін әйелдерде жоғары болады; темекінің пассив шегілуі –
ми атеросклерозының өршуін туындататын қауіп-қатер факторы саналады;
темекі шегуді мүлдем тоқтату қауіп-қатер факторларының әсерін 50%-ға
дейін азайтады, темекі шегуді тоқтатқаннан кейін 5 жыл өткен соң темекі
шекпейтін адамдардың қауіп-қатер факторларынан айырмашылығы
болмайды).
Жүрек аурулары
(жүректің ишемиялық ауруы – ЖИА
ишемиялық инсульттің даму қаупін 3-5 есеге, жыпылық аритмиясы – 2-4
есеге, ЭКГ бойынша жүректің солжақ қарыншалық миокард
гипертрофиясы - 3 есеге, жүрек функциясының жеткіліксіздігін – 3-4 есеге
арттырады).
Қантты диабет
(ИИ-тің даму қаупін 2–4 есеге арттырады;
науқастардың 20–35% -да ИИ атеросклероздық ми макро- және
микроангиопатиялардан туындайтын қантты диабет кезінде байқалады).
Гиперхолестеринемия
(жалпы холестерин мөлшерінің 5,2
ммоль/л артуы және төмен тығыздықты липоротеидтердің 3,36 ммоль/л
жоғарылауы ИИ-тің тікелей емес қауіп-қатер факторы саналады).
Басынан өткерген инсульттер, ТИА
(алғашқы инсультті
басынан өткергеннен кейін ИИ-тің қайталануы 10 есеге өседі; ТИА-ны
басынан өткерген науқастардың 1/3 бөлігінде ишемиялық инсульт дамиды;
ТИА-мен ауыратын науқастарда ИИ-тің даму қаупі жылына 4-5%-ды
құрайды; ми инфарктының 2/3 бөлігі ишемиялық транзиторлық атаканы
өткерген тамырлық бассейндерде жиі дамиды).
Достарыңызбен бөлісу: