80
Менингококтық менингиттің жалпы сипаттамасы
Менингиттердің жиі кездесетін түрі: барлық жас тобының ішінде 1–2-
ші орынды алады. Менингококтық инфекция тек адамдарда ғана кездеседі.
Барлық науқастардың 70%-ын 5 жасқа дейінгі балалар құрайды.
Балалардың өмірінің алғашқы айларында менингококтық менингит өте
сирек дамиды. Өйткені, олар анасының плацентасы арқылы антиденелерді
қабылдап отырады.
Инфекцияның негізгі көзі – ауыруды тасушы адамдар (3–30%
ауырудан
сауыққандар)
мен
науқастар
саналады.
Инфекцияны
жұқтырудың негізгі көзінің 70%-ын ауруды тасушылар, 25%-ын
менингококтық назофарингитпен ауыратын науқастар, 5%-ын жайлып
кеткен түрімен ауыратын науқастар құрайды.
Аурудың қоздырғышы Вексельбаум менингококкы – Neisseria
meningitidis (Nm) грамтеріс диплококк, қимылсыз, шыбыртқысы (жгутик)
болмайды, споралар түзбейді, көбінесе ми қабықтары мен терге төзімді, аз
деңгейде синовиялық және сірнелі қабықтар мен бүйрек үсті безіне төзімді
болады. Қоздырғыш ауа-тамшы арқылы беріледі. Nm жөтелгенде,
түшкіргенде,
сөйлегенде
сілемей
тамылары
арқылы
беріледі.
Инфекцияның алғашқы ену жолы – мұрын-жұтқыншақ. Қабынбалық
үдеріс назофарингиттің дамуымен, яғни әдеттегідей мұрын бітелуімен
және тамағының ауырсынуымен көрінеді. Назофарингиттің даму ұзақтығы
2–7 күнді құрайды. Қоздырғыш мұрын-жұтқыншақтан қан (гематогендік)
және лимфа (лимфогендік) арқылы таралады. Қоздырғыш қанда қанша
уақыт болуына байланысты ауырудың клиникалық түрі (менингит,
менингококцемия немесе олардың қосылуы) қалыптасады.
Достарыңызбен бөлісу: