Қазақстан республикасы денсаулық сақтау министрлігі


Медициналық қызмет нарығындағы сұраныс жəне ұсыныс



Pdf көрінісі
бет41/200
Дата20.10.2023
өлшемі2,48 Mb.
#119854
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   200
Байланысты:
5f48db6acc320 1598610282 (1)

Медициналық қызмет нарығындағы сұраныс жəне ұсыныс.
 
Медициналық қызмет нарығында тауарлар мен қызмет нарығы сияқты
сұраныс 
жəне ұсыныс болады. Бірақ бұл нарықтың өзіндік ерекшелігі бар. Медициналық 
қызмет нарығындағы сұраныс халық арасында қандай ауру саны көбейгеніне 
байланысты, оған əсер ететін факторлар табиғи, əлеуметтік, экологиялық, сəндік 
жəне тағы да басқа факторлар болуы мүмкін. Сұраныс

қандайда бір уақыт 
аралығында белгіленген бағасы бар науқастың алғысы келетін медициналық 
қызметтердің көлемі. Сұранысқа əсер ететін факторлар: 
-
тұрғындар кірісінің деңгейі (кіріс неғұрлым жоғары болса,
соғұрлым 
қызметке сұраныс болады)
-
тұрғындар құрылымының өзгеруі (тұрғындардың қартаюы дəрі

дəрмекке жəне медициналық қызметке сұранысты арттырады)
-
кей жағдайда дəрігерлер өздерінің ұсыныстарымен, диагноздарымен 
медициналық қызметке сұранысты жоғарлатады
-
жарнамалық қызмет.
Медициналық қызметке сұраныс келесідей есептеледі:
С= N * П
(8) 
мұндағы

С

медициналық қызметке сұраныс,
N- 
науқастар саны,
П

медициналық қызметке жүгінгендердің орташа коэффициенті
 
Сұраныстың сипатына қарай медициналық қызметке науқастың 
қажеттілігінің өзгеруін, пайданың жоғарлауын немесе төмендеуін болжауға 
болады.
Ал бұл нарықтағы ұсыныс қандай медициналық қызметтерге сұраныс көп 
соған байланысты. Ұсыныс

белгіленген бағамен белгілі бір уақыт арасында 
қызмет көрсете
алатын медициналық мекемелердің
медициналық қызметтері. 
Медициналық қызметті ұсыну оның бағасына ғана емес, басқа да бірқатар 
факторларға байланысты: 
-
қызмет көрсететін дəрігерлердің саны

-
медициналық құралдардың құны (медициналық құралдардың құнының 
өсуі, соңында медициналық қызметтің ұсынысын қысқартады, яғни мекеме 
құралдарды сатып ала алмайды)

-
салық (салықтың өсуі ұсынысты қысқартады). 


~67~ 
Сұраныс бағасы

бұл көрсетілетін медициналық қызметті сатып алуға 
келіскен науқастың максималды бағасы. Бұл бағадан
артық жоғарлай алмайды, 
себебі науқастың оны тұтынуға мүмкіндігі болмайды. 
Ұсыныс бағасы

өз қызметін сатқысы келген дəрігерлердің максималды 
бағасы. Ұсыныс бағасы медициналық қызметтің шығынын жауып пайда əкелуі 
керек, сондықтан нарықтық баға ұсыныс бағасынан төмен бола алмайды. 
Нарықта сұраныс пен ұсыныстың тепе

теңдігі кезінде тепе

тең баға бекітіледі. 
Егер баға жоғары болатын болса сатушылардың бəсекесі күшейеді, нəтижесінде 
баға төмендейді. Баға төмендеген кезде сұраныс жоғарлайды, адамдар көп 
қызымет тұтынғысы келеді жəне керісінше баға жоғарлаған кезде
сұраныс 
төмендейді. Егер сұраныс ұсыныстан жоғары болса, онда сатушылардың 
бəсекесі пайда болады. Сұраныс жоғарлаған кезде нарық механизмінің алғашқы 
əсері бұл бағаның өсуі, сол қызметті көрсететін
медициналық мекемелердің 
бағасы боғарлайды. Нарық механизмінің екінші əсері

кəсіпкерлердің өз 
ақшаларын пайдалы іске салуы. Нəтижесінде қосымша жиынтық сұраныс 
қызмет көрсету нарығының сиымдылығын жоғарлатады, өндірушілер арасында 
бəсеке шиеленіседі. Прогрессивті технологияны игеру көмегімен көрсетілетін 
медициналық қызметтің көлемін тез ұлғайтын сол уақытта шығынды азайтып, 
бағаны төмендететіндер сəттілікке жетеді. Келесі бір жағдайларда нарық 
сұраныстың жоғарлауына əсер ете алмайды, ұйымдарға медициналық қызметті 
қосымша өндіруге белгілі бір уақыт керек, бағаның жоғарлауы нəтижесінде 
қосымша кіріс келеді. Осыған байланысты нарық механизмі сұраныс пен ұсыныс 
арасында динамикалық тепе

теңдікке жетумен сипатталады. Нарық бұл 
жағдайда өзін

өзі реттеуші жүйе ретінде.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   200




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет