Қазақстан республикасы денсаулық сақтау министрлігі



Pdf көрінісі
бет125/200
Дата20.10.2023
өлшемі2,48 Mb.
#119854
1   ...   121   122   123   124   125   126   127   128   ...   200
Пациенттердің
 
құқықтары
 

диагностика, емдеу жəне күтім жасау 
процесінде өзіне лайықты ілтипат жасалып, өзінің мəдени жəне жеке басының 
құндылықтарына 
құрмет 
көрсетілуіне; 
қандайда 
бір 
кемсітушілік 
факторларының ықпалынсыз, тек қана медициналық критерийлер негізінде 
айқындалатын кезектілікпен медициналық көмек алуға; дəрігерді немесе 
медициналық ұйымды, оның ішінде тегін медициналық көмектің кепілдік 
берілген көлемі шеңберінде медициналық көмек көрсететін ҚР денсаулық сақтау 
ұйымдарында қызметін жүзеге асыратын шетелдік дəрігерді таңдауға, 
ауыстыруға; медициналық ұйымда аудио

жəне (немесе) бейнебақылау жəне 
жазба жүргізілетіндігі туралы хабарландырылуына; отбасының, туыстары мен 
достарының, сондай
-
ақ діни бірлестіктер қызметшілерінің тарапынан қолдау 
көрсетілуге; медициналық технологиялардың қазіргі деңгейі қандай мүмкіндік 
берсе, сондай шамада дерт зардабының жеңілдетілуіне; өзінің денсаулық 
жағдайы туралы тəуелсіз пікір естуге жəне консилиум өткізілуіне; ҚР 
заңдарында көзделген өзге де құқықтары болады.
Көру жəне (немесе) есту қабілеттері бұзылған адамдар үшін қолжетімділігі 
ескеріле отырып,
пациенттің өз құқықтары мен міндеттері туралы, көрсетілетін 
қызметтер, көрсетілетін ақылы қызметтердің құны, олардың ұсынылу тəртібі 
туралы ақпаратты алуға құқығы бар. Пациенттің құқықтары туралы ақпарат 
медициналық 
ұйымдардың 
көрнекі 
үгіт 
орналасатын 
жерлерінде 
орналастырылуға тиіс. Медициналық ұйымға түскен кезде пациентке өзіне 
медициналық қызметтер көрсететін адамдардың аты
-
жөні мен кəсіптік мəртебесі 
туралы, сондай
-
ақ медициналық ұйымның ішкі тəртібінің қағидалары туралы 
мəліметтер берілуге тиіс.
Медициналық көмек хабардар етілген пациенттің ерікті түрдегі ауызша 
немесе жазбаша келісімі алынғаннан кейін көрсетілуге тиіс. 
Пациент медициналық көмек алу кезінде ұсынылатын жəне баламалы 
емдеу əдістерінің ықтимал қатері мен артықшылықтары туралы деректерді

емделуден бас тартудың ықтимал салдарлары туралы мəліметтерді, пациентке 
түсінікті болатын нысандағы диагноз, емдік іс
-
шаралардың болжамы мен 
жоспары туралы ақпаратты қоса алғанда, өз денсаулығының жай
-
күйі туралы 
толық ақпаратты алуға, сондай
-
ақ оны үйге шығару немесе басқа медициналық 
ұйымға ауыстыру себептері туралы түсінік алуына құқығы бар.
Пациент өз денсаулығының жай
-
күйі туралы ақпаратты хабарлау қажет 
болатын адамды тағайындай алады. Пациенттің ақпарат алудан бас тартуы 
жазбаша ресімделеді жəне медициналық құжаттамаға енгізіледі.
Егер медициналық апараттың берілуі пациентке пайдасын тигізбейтіні 
былай тұрсын, елеулі зиянын да тигізеді деуге кесімді негіз болса ғана ақпарат 
пациенттен жасырылуы мүмкін. Мұндай жағдайда осы ақпарат пациенттің 


~202~ 
жұбайына (зайыбына), оның жақын туыстарына немесе заңды өкілдеріне 
хабарланады.
Денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдарының клиникалық 
базалары жағдайында медициналық көмек алатын пациенттердің оқу процесіне 
қатысудан, сондай
-
ақ емдік
-
диагностикалық рəсімдердің өткізілуі кезінде 
үшінші тұлғалардың қатысуынан бас тартуға құқығы бар. Пациенттердің 
құқықтарын қорғауды денсаулық сақтау органдары, ұйымдары, сондай
-
ақ 
қоғамдық бірлестіктер өз құзыреті шегінде жүзеге асырады. Некелесетін 
азаматтардың медициналық жəне медициналық
-
генетикалық зерттеп
-
қаралуға 
құқығы бар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   121   122   123   124   125   126   127   128   ...   200




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет