~209~
іске асыру болып табылатын конституциялық мемлекет Конституциялық
құрлыстың негізгі принципі, қоғамдық дамудың маңызды бағыттары жоғарғы
заң
-
конституциялық деңгейде бекітілетіндігінде. Конституция құқықтық
жүйенің орталығы болып табылады.
ҚР əлемдік қауымдастықтың тең құқылық мүшесі бола отырып ҚР əрекет
ететін құқықтық құрамдас бөлігі ретінде Қазақстанның халықаралық
келісімдерін де таниды. Сондықтан, егер заңда қарастырылғаннан гөрі ҚР
халықаралық келісімінде басқа тəртіп көрсетілсе, онда халықаралық
келісім
тəртібі қабылданады.
ҚР Конституциясына сəйкес азаматтардың еркіндігі мен міндеттеріне
қатысты ресми басылған нормативтік құқықтық актілер, құқықтар олардың
қолданылуында міндетті болады.
Құқықтық мемлекеттің қалыптасуының маңызды алғы шарты мен
оның
шегінің сипаты қоғам өмірінің барлық сферасын қамтитын толық заң шығару
жүйесінің болуы. Сонымен қатар барлық нормативтік актілер ҚР
Конституциясына қайшы келмеуі қажет.
Демократиялық мемлекетте құқық нормасы барлық азаматтар үшін тең
болуы қажет, сондықтан шынайы құқықтық мемлекет болып, оның заңдарының
алдында оның барлық азаматтарының теңдігін қамтамасыз ететін мемлекет
есептелінеді.
ҚР Конституциясына сəйкес барлық азаматтар заң мен сот алдында тең,
ешкім өзінің шығу тегіне, əлеуметтік, мүліктік
жəне лауазымдық жағдайына,
жынысына, ұлтына, нəсіліне, дінге қатысына, сеніміне, тұрғылықты жеріне
немесе басқа да жағдайларға байланысты қандай да бір шектеуге ұшырау.
Құқықтық мемлекет тұлға мүддесін тимді жүзеге асыру үшін құрал ретінде
шамаланылады құқықтық мемлекеттіліктің мақсаты
-
тұлға мен қоғамның
қажеттілігіне қызмет ету. Осыдан
-
тұлға мен мемлекет арасындағы қатынаста
тұлғаның жоғарылығы қажет. Бірақ құқықтық мемлекеттің өмір сүруінің
мағнасы тек адамды мемлекеттік талап етуден қорғау ғана емес. Құқықтық
мемлекет принципінің 2 мақсаты бар: мемлекет қызметін белгілі бір деңгейде
шектеу жəне қамтамасыз ету арқылы адам құқығы мен еркіндігін кепілдеу, оның
əділеттілігі мен құқығын қорғау. Нəтижесінде құқықтық мемлекет азаматтардың
субъективтік құқығы мен мемлекеттік қызметтің объективтік тəртібін
байланыстыруды көрсетеді. Құқықтық мемлекеттің маңызды бір ерекшелік
сипаты азаматтардың тап болуы мүмкін кез
-
келген жағдайға шамалана жазылған
заң процедурасының болуы қажет.
Достарыңызбен бөлісу: