Қазақстан республикасы денсаулық сақтау министрлігі


Ұлттық медициналық холдинг



Pdf көрінісі
бет68/200
Дата20.10.2023
өлшемі2,48 Mb.
#119854
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   200
Байланысты:
5f48db6acc320 1598610282 (1)

Ұлттық медициналық холдинг

Астана қаласындағы медициналық 
кластер ТМД елдерінде бірінші болып құрылғандығымен ерекшеленеді. Бүгінде 
кластердегі медициналық орталықтардың барлығы «Ұлттық медициналық 
холдингі» АҚ біріктірілді. Еліміздің денсаулық сақтау саласын жоғары өркениет 
талаптарына сай келетін сапалы қызмет көрсететiн деңгейге көтеру мақсатында 
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен Астана 
қаласындағы медициналық инновациялық
кластер өмірге келді. 2008 жылы 
Үкіметтің арнайы қаулысымен «Ұлттық медициналық холдинг» АҚ құрылды. 
Елбасының Орталық Азияда бұрын соңды қолға алынбаған мұндай кластердi 
құрудағы мақсаты 

дүние жүзiндегі ең жаңа, ең озық технологияларды елiмiзге 
əкелiп, халыққа көрсетілетін медициналық қызметтің сапасын халықаралық 
стандарттарға сай жоғары деңгейге көтеру болды.
Қазір
«Ұлттық медициналық холдинг» құрамына
Астанада жаңадан 
салынған 6 медициналық мекеме кіреді. Олар:
1.
Ана мен бала ғылыми орталығы
2.
Республикалық балаларды оңалту орталығы
3.
Республикалық диагностикалық орталық
4.
Республикалық нейрохирургия ғылыми орталығы
5.
Республикалық жедел медициналық жəрдем ғылыми орталығы
6.
Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығы
Осы алты мекеменің ішінде 4 мыңнан аса медицина қызметкерлері мен 
басқа да мамандар жұмыс істейді. Оның 1 мыңға жуығы 

дəрігерлер, 3 мыңнан 


~113~ 
астамы мейірбикелер.
Экономист, заңгер, техникалық инженерлер де бар. Бүкіл 
Орталық Азиядағы ең үлкен медициналық мекеме болғандықтан, холдинг тек 
дəрігерлерден ғана тұрмайды, онда білімді менеджерлер, экономика саласының 
мамандары да қызмет етеді.
Осы мекемелерді білікті мамандармен қамтамасыз ету, ішін жаңа 
технологиялармен жабдықтау біздің алдымызға қойылған негізгі міндеттердің 
бірі. Халықты медициналық көмектермен қамтамасыз ете отырып, ең мықты, 
заманауи құрылғыларға қол жеткізуде.
Аталмыш медициналық мекемелерде 
жыл сайын 25 мыңнан астам сырқат жандар емделеді. Олардың жартысына 
жуығы республикамыздың түпкір
-
түкпірінен келетіндер. Еліміздегі көптеген 
азаматтар дерті жанына батқасын соңғы тиынына дейін жинап, жоғары 
медициналық көмек алу үшін шетелге барып емделіп жатады. Өйткені сапалы 
медициналық көмек таба алмағандықтан, осылай істеуге мəжбүр болады. 
Холдингті құрудағы мақсат та, мүдде де осы жоғары, сапалы медициналық көмек 
пен түрлі ем, диагностиканың барлығын өз елімізде жолға қою.
Холдингке қарайтын клиникалар жүйесін басқара отырып, жоғары 
технологияларды енгізуге қол жеткізу мақсат етіліп отыр.
Мысалы жылдың 
басында көрсетілетін медициналық көмектің құрамында жоғары технологиялық 
əдістер небəрі 14 % болған, қазіргі күнде ол екі есе көбейді. Бүкіл көрсетіліп
жатқан медициналық көмектердің 28 % жоғары технология деп санауға болады.
Медициналық қызмет сапасының деңгейін жақсарту мақсатында, біраз 
жұмыстар атқарылып
жатыр. Мемлекет басшысының
бастамасымен құрылған 
Астанадағы
медицина қалашығындағы клиникаларға орнатылған жабдықтар мен 
технологиялардың көпшілігі Орталық Азияда жоқ. Клиникаларды жүйелі 
басқару арқылы қызмет көрсету деңгейін көтеру. Медициналық туризм дамыса

еліміздің экономикасына тигізер көмегі орасан болмақ.
Бүгінгі күнде
клиника
үлкен зауыттан да күрделі құрылымға айналды. Бір клиниканың өзі 50
0-
ден 
астам функцияны атқарады.
Мысалы əлемдік ірі клиникалар арасында нағыз 
бəсекелестік қалыптасқан. Олар экономикалық жағдайын көтеру үшін 
науқастарды өздеріне тартып, жоғары қызмет көрсету барысында үлкен 
бəсекелестікке түседі. Холдинг осы мақсатта кең көлемдегі шараларды атқарып 
жатыр.
Мамандарды даярлау ісіне келетін болсақ, биылдан бастап «Ұлттық 
медициналық холдинг» жаңадан құрылған Астанадағы Назарбаев университеті 
құрамына кірді. Бұл университетте оқыту халықаралық стандарт бойынша 
өткізіледі. Арнайы алғышарттары да бар. Осыған сəйкес клиникалар да бар. 
Студенттерді оқыту саласында жұмыс істейді. Бұдан басқа медициналық 
кадрлардың білімі мен іскерлігін арттыру үшін жыл сайын 40
-
тан аса шеберлік 
кластар өткізеді. Бұл үздіксіз кəсіби білімді жетілдіру деген арнайы бағдарлама 
негізінде жүзеге асуда.
Ана мен бала Ұлттық ғылыми орталығында Франциядан 
келген тəжірибелі хирург, акушер

гинеколог жергілікті мамандардың
біліктілігін жетілдіру мақсатында дəріс өткізеді. Бұл шеберлік

кластарға тек 
холдинг мамандары ғана емес, сонымен бірге еліміздің барлық өңірлерінен 
дəрігерлер шақырылып, тəжірибе алмасады. Биылғы жоспар бойынша осы 
клиникаларда республиканың барлық аумағынан
800 маман келіп оқиды. 


~114~ 
«Ұлттық медициналық холдинг» (бұдан кейін 

Холдинг) акционерлік 
қоғамының 2013
-
2020 жылдарға даму стратегиясы міндетті, пайымды, 
қағидаттар мен стратегиялық мақсаттарды, «Назарбаев Университеті» (бұдан 
кейін
-
Назарбаев Университеті) автономиялы білім беру ұйымы денсаулық 
сақтау интеграциялық академиялық жүйесінің құрамында Холдингтің жəне 
оның еншілес ұйымдарының (бұдан кейін 

Орталықтар) тиімді де серпіңді 
дамуын қамтамасыз етудегі Холдингтің рөлін белгілейді
.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   200




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет