Қазақстан республикасы денсаулық сақтау министрлігі


Экономикалық қажеттіліктер



Pdf көрінісі
бет9/200
Дата20.10.2023
өлшемі2,48 Mb.
#119854
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   200
Байланысты:
5f48db6acc320 1598610282 (1)

Экономикалық қажеттіліктер
 

қоғам өндірісінің ішкі себептерінің бір 
қалыпты қызмет етуі жəне дамуы. Олар адамдарды нақты экономикалық 
нəтижелерге қол жеткізу үшін бар ресурстарды тиімді қолдануға жігерлендіреді. 
Экономикалық қажеттіліктер жүйесінен

қоғамдық немесе экономикалық, 
шынайы жəне жеке қажеттіліктер бөлінеді. Адамның жеке қажеттілігіне жатады: 
өзінің икемділігіне сай жұмыс табу, өнертапқыштық, спортпен айналысу, білім 
алу, емделу жəне т.б.
Абрахам Маслоу арнайы 
қажеттілік «пирамидасын
» ұсынған, онда 
барлық адамдардың əртүрлі қажеттіліктері мен ой

мақсаттары бейнеленген:
1.
Физиологиялық қажеттіліктер (тамақ, су, киім, тұрғын жай, ұрпақты 
өмірге əкелу жəне т.б.);
2.
Қауіпсіздікке қажеттілік (қылмыскер, сыртқы жаулардан қорғану жəне 
ауырғандағы көмек);
3.
Əлеуметтік қажеттіліктер (махаббат, достық, адамдармен араласу);
4.
Қадірлеудегі қажеттілік (өзін
-
өзі қадірлеу жəне басқа адамдардың 
қадірлеуі);
5.
Өзінің мүмкіндіктерін дамытудағы қажеттіліктер. 


~18~ 
Экономикалық
 
ресурстар

бұл өндіріс факторлары, табиғатта пайда 
болады жəне оны адамдар өндіреді. Оған: көмір, газ, мұнай, темір рудасы, болат, 
көлік, станок жəне т.б. жатады. Ал еңбек ресурстарына

адамның дене еңбегі, 
кəсіпкерлік қабілеті жатады. Планетамыздағы барлық экономикалық ресурстар 
шектеулі мөлшерде болады. Ресурстардың жеткіліксіздігі оларды үнемдеу, 
таңдау мəселелерінің қажеттілігін тудырады. 
Экономикалық теория келесідей қызметтер атқарады
:
1) 
Танымдық
-
қоғамдық экономикалық процестер мен құбылыстарды терең 
əрі жан
-
жақты зерттеу жəне түсіндіру;
2) 
Практикалық
-
іс жүзінде зерттелген теорияларды қолдану, нақты 
принциптер мен шаруашылықты жүргізудің тиімді əдістерін жасау, мемлекеттің 
саясатын ғылыми дəлелдеумен түсіндіру;
3) 
Болжамдық

экономиканың жəне жалпы қоғам дамуының ғылыми 
болжамын жасау;
4) 
Дүниетанымдық

ғылым негізінде қоғам өміріне белгіленген 
көзқарастар жүйесін құру;
5) 
Методологиялық

экономиканың ғылым жүйесі үшін теориялық жəне 
методологиялық негіз болады. Оларға салалық экономика (ауыл шаруашылық 
экономикасы, өнеркəсіп экономикасы, құрылыс, көлік экономикасы), қызметтік 
ғылымдар (қаржы мен несие, ақша айналымы, бухгалтерлік есеп, статистика), 
əртүрлі білім салалары тоғысатын ғылымдар (экономикалық тарих, 
экономикалық география, тұрғындар экономикасы, табиғатты пайдалану 
экономикасы), қолданбалы ғылымдар (маркетинг, менеджмент, жоспарлау, 
болжау) жатады
[22, 8 б.].
Экономикалық теория ғылыми танып
-
білудің əртүрлі əдістерін қолданады. 
Кез
-
келген зерттеудің методологиялық негізі
-
диалектикалық танып білу əдісі 
болып табылады. Бұл əдістің ғылыми мəні мынада: барлық экономикалық 
құбылыстар мен үрдістерді олардың дамуы тұрғысынан

жай түрінен 
күрделісіне, төменгі сатыдан жоғарысына қарай қарастырылады.
Осы үрдістерді 
қарастыру кезінде танып
-
білудің көптеген 
тəсілдерін
қолданылады:
1) 
Ғылыми абстракция

зерттеліп отырған құбылыстардың тұрақты 
қасиеттерін тауып көрсету;
2) Тарихи жəне логикалық əдіс
-
құбылыс пен үрдістердің пайда болуы мен 
олардың даму жолдарын көрсету;
3) 
Экстраполяция
- 0
болашаққа лайықталған тенденциялар негізіндегі 
экономикалық даму болжамы;
4) Индукция (синтез)

көптеген деректерді зерттеу нəтижесінде жалпы 
қорытынды жасау. Дедукция (анализ)–
жалпы ережелер негізінде жеке 
қорытынды шығару; 
5) Гипотеза (болжам)

алдын ала тексерілмеген қағида.
Қоғамдағы экономикалық процестерді басқару экономикалық заңдарға 
тəн. Экономикалық заңдар өздігінен іс
-
əрекет жасамайды. Адамдар өндіре, 
айырбастап жəне тұтына бастаған жағдайда ғана экономикалық заңдар пайда 
бола бастайды. Экономикалық заңдар объективті сипатта болады, яғни 
адамдардың еркі мен санасына бағынбайды. Экономикалық категория
дегеніміз


~19~ 

экономикалық құбылыстардың (мысалы, тауар, баға, кіріс жəне т.б.) маңызды 
жақтарын көрсететін жалпылама ұғымдар. Экономикалық заңдар
-
бұл 
экономикалық құбылыстар арасындағы тұрақты, қайталанатын байланыс. 
Экономикалық заңдар келесідей жіктеледі: 
1) 
Ерекше экономикалық заңдар 

бұл белгілі бір шаруашылық түрлерінің
нақты тарихи дамуының заңдары;
2) 
Айрықша экономикалық заңдар

бұл заңдар олардың іс
-
əрекет 
жасауына жағдайдың сақталуындағы тарихи дəуірге тəн. Мысалы, құн заңы, 
сұраным мен ұсыным заңы жəне т.б. 
3) Жалпы экономикалық заңдар

бұл заңдар барлық тарихи дəуірге тəн. 
Мысалы, уақытты үнемдеу, халық өсуінің заңы, қажеттіліктің жоғарлау заңы, 
шекті пайдалылық заңы жəне т.б. Адамдар экономикалық заңдарды жасауға, 
ауыстыруға немесе алып тастауға дəрменсіз, бірақ олар бұл заңдарды ашып, 
қоғам мүддесіне пайдалана алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   200




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет