Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігі исламдағЫ Өзекті мәселелер жайында сұРАҚ-жауаптар



Pdf көрінісі
бет5/8
Дата03.03.2017
өлшемі376,18 Kb.
#6209
1   2   3   4   5   6   7   8

А.Әбдірәсілқызы

3. Иіс шығару исламға жат па? Жаман түс көріп, қорқып немесе  

әлденені   сүйіншілеп   жеті   нан   тарату,   ол   дәмнің   сауабын   өлгендерге  

бағыштау дәстүрі қаншалықты дұрыс?

Бүгінде   әлем   мұсылмандарының   басым   бөлігі   ұстанатын,   Қазақстан 

мұсылмандары   үшін   де   дәстүрлі   болып   табылатын   ханафи   мазхабының 

іргесін   қалаған  имам  Ағзам  Әбу   Ханифа   ілімінде  ислам  дінін  қабылдаған 

жергілікті халықтардың салт-дәстүріне баса мән берілді. Ханафи мазхабында 

әдет-ғұрыптар   исламдағы   пәтуа   шығарудың,   яғни   белгілі   бір   мәселеге 

қатысты діни үкім берудің бір негізі ретінде саналады. Құран үкімдерінде, 

хадистерде, ислам ғұламаларының пәтуасында қарастырылмаған қандай да 

бір   жағдайға   қатысты   жергілікті   халықтың   әдет-ғұрпы   арқылы   шешім 

берілген   болса,   сол   әдет   пәтуа   ретінде   қабылданған.   Сондай-ақ   жергілікті 

халықтың дәстүріне тән қандай да бір әдет-ғұрып ислам шариғатына қайшы 

келмесе, ел арасында кең таралған болса, оны қолдануға, сол бойынша іс-

әрекет етуге ешбір шектеу қойылмайды. 

Иіс шығару – түркі халықтарының біразына тән дәстүр. Атамыз қазақта 

өлілерге арнап ас беру, жиын-той жасап, көпшіліктің басын қосып отыру – 

сонау сақ-ғұн кезеңінен келе жатқан дәстүр. Исламды қабылдағаннан кейін 

бейсенбі,   жұма   күндерін   ұлықтап   әрі   ата   дәстүрін   исламмен   астастыра 

37


отырып, иіс шығарып, жеті нан тарату немесе молда шақырып, пісірген нанға 

Құран   оқыту   дәстүрге   айналды.   Ал   көршілес   өзбек   халқында   ас   (палау) 

пісіріп, өз отбасында ішіп-жеп, Құран оқуды «иіс шығару» деп атайды, олар 

да бұл дәстүрді исламмен берік байланыстырған. Әрбір амал ниетіне қарай 

бағаланады, бұл дәстүрдің негізгі мақсаты – Құран оқытып, сауабын өлілерге 

бағыштау екені анық. 

Ислам   шариғатында   садақаға   баса   мән   берілетіні   белгілі.   Садақа   тек 

кембағалға берілетін көмек қана емес. Исі мұсылман баласына, қала берді 

барша   жаратылысқа   қатысты   әрбір   ізгі   іс,   жақсы   сөз,   тіпті   біреуді 

жамандықтан қайтарып, жақсылыққа үндеу де садақаға жатады. Ал қазақта 

садақаның ең көп таралған түрі – дастархан жайып, ас беру немесе жеті нан 

тарату.   Астың   алдында   да,   соңында   да   Құран   оқылады,   сол   секілді   жеті 

нанды берген адам да, алған адам да марқұмдарға бағыштап, Құран оқитыны 

белгілі. Сондықтан бұл дәстүр – исламмен біте қайнасып кеткен дәстүр.

Сонымен қатар қазақ үшін дастархан мен ас – қастерлі ұғымдар. Ол бас 

қосуға,   араласуға,   бірлік   пен   берекеге   себеп   болады.   Бұл   тұрғыдан   да 

шариғаттан шалыс кетпейтін мұндай ізгі дәстүрді мұсылман баласын бірлік 

пен сауапты істерге шақыратын ислам дінінің тек қана құптайтыны айқын. 

«Мұсылмандардың   жақсы   деп   тапқан   нәрсесі   Алла   құзырында   да   жақсы» 

деген   Пайғамбарымыздың   хадисі   бар.   Ал   ислам   ғұламалары   ұлттық 

дәстүрлер   жайында:   «Әдет-ғұрыптың   шариғатта   өз   орны   бар»,   «әдет-

ғұрыппен   белгілі   болған   нәрсе   шарт   сияқты   (міндетті)   болады»,   «әдет-

ғұрыппен бекітілген нәрсе насспен (аят-хадиспен) бекітілген нәрсе сияқты» 

деген тұжырымдар жасаған. 

Ал түс көру жайына келсек, Пайғамбарымыздың: «Түс үшке бөлінеді. 

Бірі – шынайы түс. Ол – Алланың сүйіншісі. Екіншісі – шайтанның салған 

уайымы.   Үшіншісі   –   пенденің   ойына   алған   нәрселерінен   туындаған   түс. 

Кімде-кім жайсыз түс көрсе, дереу тұрып намаз оқысын. Және ондай түсті 

ешкімге   айтпасын»   деген   хадисі   бар.   Сонымен   қатар   Пайғамбарымыз 

сахабаларына: «Кімде-кім түс көрген болса, маған айтсын. Мен оны жорып 

берейін»   деген.   Таң   намазынан   кейін   Пайғамбарымыз   жамағаттан: 

«Араларыңда   бүгін   түс   көргендер   бар   ма?»   деп   сұрап   отырған.   Осының 

барлығы түстің белгілі бір мағынасының барлығына дәлел. Түс – Алланың 

бір   хикметі.   Құрандағы   Жүсіп   пайғамбардың   түс   көруі,   оның   Мысыр 

патшасының   түсін   жоруы   және   жоруының   дәл   келуі   жөніндегі   хикаялар 

кездейсоқ келтірілмеген. 

Қазақы ұстанымға келсек, халқымыз: «Түс – балқыған қорғасын, қалай 

жорыса солай ауады» деп санайды. Көрген түсті іштей жақсылыққа жориды 

немесе мәнісіне жетпесе, білікті, ниеті түзу адамға арнайы жорытады. Қазақ 

дүниетанымында түс көрудің орны ерекше маңызды. Халқымыздың көптеген 

аңыз-әңгімелері   мен   ертегілерінде,   жыр-дастандарында   түс   көру   мотиві 

негізгі сарындардың бірінен саналады. Ол сол туындының бүкіл мазмұнына, 

бас кейіпкердің тағдырына арқау болып жатады. Кешегі ел бастаған хандар 

мен қол бастаған батырлардың, халқымыздың сөз ұстар даналарының көрген 

38


түстері мен оның жоруы жөнінде талай аңыздар, шындыққа айналуы жөнінде 

көптеген ғибратты әңгімелер сақталған. 

Әрине,   Пайғамбарымыздың   хадисінен   ұғынылатындай,   әрбір   түс 

мағыналы бола бермейді. Қазіргі ғалымдардың түсті «күндізгі ойдың елесі» 

немесе   «аяқталмаған   ойдың   жалғасы»   деп   санайтыны   да   негізсіз   емес. 

Дегенмен   жоғарыда   айтылғандай,   ұлттық   дүниетанымымызға   тән 

ерекшелікпен, Алланың әрбір ісінен хикмет іздеп тұратын халқымыз түске 

қашанда бей-жай қарамаған. Жақсы түс көрсе ырымдап, жаман түс көрсе, 

сақтанып,   жеті   нан   пісіріп,   садақа   таратып,   Құран   оқып   жататыны   да 

сондықтан.   Сонымен   қатар   мұндай   әрекеттер   Пайғамбарымыздың: 

«Садақамен қиыншылықтың алдын алыңдар», «Садақа жетпіс түрлі пәленің 

алдын   алады»,   «Садақа   ретінде   берілген   бір   үзім   нан   Алла   Тағаланың 

алдында   Ухуд   тауындай   үлкейеді»,   «Сауабын   мұсылман   әке-шешесіне 

бағыштап   берілген   садақаның   сауабы   оларға   да   барады,   өз   сауабынан   да 

ешнәрсе   азаймайды»,   «Садақа   беріп   ризықтарыңды   көбейтіңдер»   деген 

хадистерімен   үндесіп   жатқандығына   күмән   жоқ.   Жеті   нан   пісіріп,   садақа 

таратудың жаман ниетпен жасалмайтыны, шариғатқа қайшы еместігі және 

ешқандай   жағымсыз   салдар   тудырмайтыны   әмбеге   аян.   Сонымен   қатар 

мұндай мәселелерге баға беруге келгенде исламда шариғатпен айқын тыйым 

салынбаған   нәрселерге,   соның   ішінде   әдет-ғұрып,   салт-дәстүрлерге   де 

шектеу қойылмайтынын назарда ұстаған жөн.

А.Әбдірәсілқызы

4.   Бұрынғы   кесенелерді   қарасақ,   қам   кесектен,   топырақтан  

тұрғызылған   екен.   Ал   қазіргі   кесенелерге   қарасаңыз   сарай,   қамалдар  

секілді биік, үлкен. Құлпытас орнатудың әдебі мен тыйымдары қандай?

Қабірді   қоршау   ең   алдымен   белгі   үшін,   екіншіден   аяқ   асты   болмауы 

үшін, үшіншіден қабірді жан-жануарлардың таптамауы, жыртқыш аңдардың 

мәйітке   зақым   келтірмеуі   үшін   жасалады.   Қабір   басына   құрылыс   салуға 

қатысты   исламда  бірнеше   түрлі   пікір   қалыптасып,   әр   мазхаб   ғалымдары 

түрліше пәтуа берген. «Көпшілік қабірстанында құрылыс салуға болмайды, 

ал   жеке   қабірлерді   қоршауға   болады»   деген   пікір   мен   «кез   келген   қабір 

басында   құрылыс   жүргізуге   болады»   деген   көзқарастар   қатар   өмір   сүріп 

келеді. Кей ғалымдар белгілі діни тұлғалардың қабірі басына күмбез салуды 

тағылымды іс деп санаса, ендігі бір ислам ғұламалары ысырапшылдық пен 

сенімнің әлсіреуіне себеп болады деген пікірмен қабір басына қандай да бір 

құрылыс   нысанын   салуға   үзілді-кесілді   қарсы   шығады.   Олардың 

әрқайсысының өзіндік дәлелі, сүйенетін негіздері бар. 

Қабір басына құрылыс салу исламның алғашқы дәуірлерінен басталған. 

Көптеген белгілі дін ғалымдарының қабірі күмбезді кесенемен қоршалған. 

Пайғамбар қаласындағы «Жәннатул Бақида» жерленген саңлақ сахабалардың 

39


сәулетті   сағаналары   уаххабилік   идеология   күшіне   енген   ХІХ   ғасырдың 

екінші жартысына дейін бой түзеп тұрды.

Имам   Абу   Ханифа   негізін   қалаған   ханафи   мазхабы   ғалымдарының 

пәтуасы бойынша қабірді кіндіктен жоғары етіп қоршауға, белгі қойып, жазу 

жазуға рұқсат етіледі. Ал күмбезді құрылыс салуға ханафи ғалымдары тыйым 

салмаған, бірақ оны «тахриман (харамға жақын) мәкруһ» санатына қосқан.  

Халқымыздың   ғасырлар   бойы   қалыптасқан   мазар   мәдениетіне   көз 

салсақ,   айтылған   қағидалардан   алшақ   кетпегенін,   шариғатқа   шалыс   емес, 

салт-санаға   тиімді   тұстарын   екшеп   пайдаланғанын     байқаймыз.   Дін 

дүниесінде даңқы шыққан рухани ұстаздарының қабіріне ғана еңселі ғимарат 

орнатқан аталарымыз ел бастаған көсемі мен сөз бастаған шешенінің зиратын 

сән-салтанатсыз қоңырқай ғана күмбезбен қоршаған. Көпшілік қабірлер аяқ 

асты болмау үшін төбесі ашық төрт құлақ бейіт ретінде соғылған. Қазір де ел 

ішіндегі   есті   азаматтар   бақилық   болған   жақындарына   төрт   құлақ   бейіт 

тұрғызумен   шектелуді   жөн   санайды.   Қарапайым   адамдардың   қабірінің 

қоршауын   қам   кесектен   тұрғызудың   да   өз   қажеттілігі   бар.   Уақыт   өтіп, 

марқұмның сүйегі қурап кеткен кезде қабір қоршауы да үгітіліп, жер молаға 

айналып   жатса,   одан   жаңа   жерленген   мәйітке   келгендей   залал   келе 

қоймайды. 

Дегенмен,   «заманына   қарай   –   амалы»   демекші,   қазір   қабірді   темір 

қоршаумен   қоршап,   жазулы   құлпытас   орнату   үрдісі   кең   тарап   отыр.   Өз 

әдебінен аспаса, мұндай үрдістердің де жерлеу әдебіне, мазар мәдениетіне 

қайшылығы жоқ.

Рас,   өкінішке   орай,   ғасырлар   бойы   қалыптасқан   мазар   мәдениеті   мен 

қабірстанның   қастерлі   қағидаларын   ескерусіз   қалдырып,   қабір   басына 

салтанатты құрылыс салуды мақтан көретіндер де көбейіп барады. Бірақ бұл 

даурықтыратындай   дауасыз   дерт   емес,   ауыл   ақсақалдарының   ақыл-

кеңесімен, имамдарымыздың уағыз-насихатымен орны толатын олқылық. 



А.Әбдірәсілқызы

5.   Жуырда   «ақылы   жоқтау   айтушылар»   туралы   естідім.   Жаназа  

кезінде   өлікті   ақылы   түрде   жоқтап   жылайтын   белгілі   бір   адамдар  

болады   екен.   Бұған   қатысты   ислам   діні   не   айтады?   Жалпы   алғанда,  

жаназада мұндай «бастаушылардың» болғаны дұрыс па?

Бұл   мәселе   қысқа   қайыруға   келмейтіндіктен   бірқатар   жайттарды 

мысалдармен түсіндіре кету қажет. Сөзімізді исламның жоқтауға көзқарасы 

мен қазақ мәдениетіндегі жоқтау дәстүрінен бастасақ.

Жоқтауға  қатысты  Пайғамбарымыздың:  «Біреу  қайтыс  болғанда   бетін 

ұрғылап,   тырнап,   үстіндегі   киімін   жыртып   және   надандарша   айқайлап 

жылаған адам бізден емес» деген хадисі бар. Осы хадисті негізге ала отырып, 

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының «Пәтуалар жинағында»: «Әбу 

40


Ханифа   мазхабында   қайтыс   болған   кісіні   жоқтап,   өкіріп   жылау   –   харам, 

қатты   дауыс   көтермей   жылауға   болады»   деген   пәтуа   берілген.   Бұл   жерде 

«өкіріп   жылау»,   «бетін   ұрғылап,   тырнап,   үстіндегі   киімін   жыртып   және 

надандарша   айқайлап   жылау»   деген   ұғымдардың   барлығы   ең   алдымен 

тағдырға көндікпеу, Жаратқанның жазмышына нала болу, наразылық таныту 

ниетінен туындайды. Ал қазақтың дәстүрлі жоқтауына назар салсақ, оның 

мұндай агрессиялық көңіл-күйден ада екеніне көз жеткізуге болады. Әрине, 

ет   жақын   адамның   қазасына   күйінбеу   мүмкін   емес,   «Сөйлемей   пенде 

шыдамас   Қайғы   отына   ашынған»   деп   Абай   айтпақшы,   жоқтауда   күйікті, 

шерлі сөздердің айтылмауы да мүмкін емес. Бірақ қазақтың естірту, жоқтау, 

көңіл айтудан тұратын дәстүрлі мұң-шер өлеңдері сол қайғыны жеңілдету, 

оны   наза   мен   налаға   ұластырмау   мақсатында   шығарылған.   Сол   мақсатын 

ақтай білгені үшін де кешегі қазақ қоғамында жоқтау дәстүрі кең таралды. 

Қаза   болған   адамның   жақынын   өлім   жайлы   әңгімеге   психологиялық 

тұрғыдан дайындап барып, қазаны естірту, одан кейін оның дүниеден өткен 

жақынына   деген   барлық   сағынышын,   құрметі   мен   қимастық   сезімдерін 

көңілінде   шер  қалмастай   етіп   сарқып  айтып,   жоқтаумен  жеткізу,  соңынан 

ажалды пенденің ешбірін құтқармайтын тағдырға мойынсұндыра көңіл айту 

– барлығы жоқтау жырларында көрініс тапқан. Дәстүрлі қазақ жоқтауының 

үздік   үлгісін   Үмбетей   жыраудың   Абылайға   Бөгембай   өлімін   естіртуінен 

көруге болады. Аздаған үзінділер келтірсек: 

Ей, Абылай, Абылай! 

Сөзімді тыңда тағы да-ай! 

Өзіңнен біраз жасы үлкен, 

Дөңбек таудай басы үлкен, 

Жасыңда болған сырласың, 

Үлкен де болса, құрдасың, 

Сексеннен аса бергенде,

 Қайырылмас қаза келгенде 

Батырың өтті Бөгембай!

... Уа, Алатаудан Ақшадан

Асып тудың, Бөгембай! 

Болмашыдай анадан 

Болат тудың, Бөгембай! 

Қалақайлап дулатқан, 

Қалдамандап шулатқан 

Қалмақты қудың, Бөгембай! 

Құбыла көшкен байтақтың 

Ордасындай Бөгембай! 

Темір жұмсап, оқ атқан 

Қорғасындай Бөгембай! 

...Бөгембайдай батырдың 

Береке берсін артына, 

Бірлік берсін халқына. 

41


Жаратқан ием жар болып, 

Пейіште нұры шалқығай! 

Қазақта жоқтау жазбаған ақын жоқ десек, артық айтқанымыз емес. Өз 

әдебінен, сөз әдебінен аспаған жүйелі жоқтаудың шариғатқа шалыс еместігін 

қалтқысыз   пайымдаған   қазақтың   ислам   ілімін   жетік   меңгерген   талай 

ғұламалары   жоқтау   жазды.   Басқаны   былай   қойғанда,   Абай   мен   Мәшһүр 

Жүсіптің шығарған жоқтаулары бір жосын. Абай ақын Әбдірахман өлімінен 

кейін көптеген жоқтау жырларын жазған, келіні Мағышқа да арнайы жоқтау 

шығарып   берген.   Оспан   өліміне   арнаған   жоқтауы,   «Баласы   өлген   анаға 

шығарып берген жоқтауы» деген атпен басылған өлеңдері де бар. Соның бәрі 

– қазаның қайғысын өз жүрегінен өткізген адамның мұң-зары, шер тарқатуы 

ретінде   еріксіз   туындаған   жырлары.   «Туғанда   дүние   есігін   ашады   өлең, 

Өлеңмен жер қойнына кірер денең» дегенде де Абай жоқтаудың ғибратына 

меңзеді.   Мәшһүр   Жүсіптің   Мұса   Шорманұлын   оның   келіні   атынан 

жоқтауына назар салсаңыз: 

Бісмілла сөздің басында, 

Көрдім бір қасірет жасымда! 

Опасыз дүние-ай, дариға, 

Жан атам өтті, жарандар, 

Иманы жолдас қасында. 

Халайық, бір сөз қозғайын, 

Сүннеттен асып, озбайын, 

Асылық сөйлеп Аллаға 

Шариғат   сөзін   бұзбайын,   -  деп   басталатын   дастанға   барабар   (28   бет) 

жоқтау   жазып   қалдырған.   Дүниеден   өткен   абзал   азаматтың   барлық   қадір-

қасиетін,   парасат-пайымын,   ел   үшін   еткен   еңбегін,   артына   қалдырған   ізгі 

өнегесін шынайы дәріптеген осы жырдан жоқтаудың бүкіл ғибратты мәнін 

табуға болады. Жоқтау тек шер шығару үшін ғана емес, өлім үстінде тіріге ой 

тастап, өнегелі өмір сүруге жетелеу үшін де жазылған. 

Қайғысын   жырмен   жеңілдететін   ақындық   қабілет   әркімге 

бұйырмағандықтан жоқтауды ақындардың арнайы шығарып беруі де қазақы 

дәстүрде   бұрыннан   бар.   Бірақ   дауыс   салып,   көрісу   рәсімін   бар   ағайын 

жасағанымен,   жоқтауды   жалдамалы   жоқтаушы   емес,   қаза   болған   кісінің 

жақын туыстары – қазаның қайғысы басына түскендер ғана айтады. 

Өткен жылы есімі елге танымал бір сыйлы азаматтың ағасы дүниеден 

өтті. Арада айға жуық уақыт өткенде сол кісі мынадай бір сырды айтты: - 

Ағам дүниеден өткенде өмір тоқтап қалғандай болды. Еш нәрсемен шерімді 

тарқата алмадым, еш нәрсеге мойын бұрып, жұбана да алмадым. Есі кіресілі-

шығасылы адамдай сенделіп жүрдім де қойдым. Сол кезде барып, қазақтың 

жоқтауды не үшін шығарғанын ұғындым. Бар қайғысын жоқтаумен шығарып 

алатын   әйелдерде   арман   жоқ   екен   ғой!   Баяғыдай   ер   азаматтардың   дауыс 

салып   көрісуі   де   жоқ,   шердің   шемен   боп   іште   қатқаны   жаман   екен. 

Ақырында ағамның жетісін берген соң, қолыма күрек алып, жалғыз өзім әке-

шешемнің,   ағамның   моласының   басына   кетіп   қалдым.   Екі   күн   бойы 

42


солардың   басында   болып,   қабірінің   тікен-шөбін   тазалап,   іштей   әбден 

сырласып-мұңдасып   барып,   өзіме   өзім   келгендей   болдым.   Адамның 

хайуаннан артықшылығы да жүрегінің сезімінде ғой. Қазақ жылқыны адам 

мінездес болған соң жақсы көреді. Мал атаулының ішінде жылқы баласының 

ғана   бауыздар   сәтте   көзінен   жас   шығады   екен.   Бауырын   жоқтап,   жылай 

білмесе адамның сол жылқы ғұрлы болмағаны ғой. Жоқтау – қазақты күйік 

пен сезімсіздіктен қорғап келе жатқан өнегелі дәстүр екен. Сен осы туралы 

жазшы, - деп кетерінде аманат еткен еді ол кісі. 

Өзім   бала   кезімнен   тағдырдың   жазуымен   торқалы   тойдан   гөрі 

топырақты   өлімді   көбірек   көргендіктен,   жоқтауды   көп   естіп   өстім. 

Бауырларым   бірінен   соң   бірі   дүниеден   өткенде   еріксіз   жоқтау   жырлар 

жаздым да. Бертінде абзал замандастарымыз қайтыс болғанда талай жоқтау 

өлеңдерім   туындады.   Қазіргі   ақындар   арасында   да   жоқтау   жазушылар   аз 

емес. Дегенмен бұл жоқтаулар – дауыс салып айту үшін арнайы жазылған 

жырлар   емес,   іштегі   шерден   табиғи   түрде   туындаған   жазбаша   жоқтаулар. 

Олардың ауызша айтуға арналған жоқтаудан өзіндік өзгешеліктері бар.

  Жалпы   дауыстап   жоқтау   айту   көп   адамның   көңілінен   шыға   бермеуі 

мүмкін.   Барлық   адам   бірдей   іштегі   шерін   дауыстап,   мақаммен   шығаруға 

бейім   немесе   бейілді   бола   бермейді.   Біреулерге   жоқтау   тіпті   ерсі   көрінуі 

мүмкін. Сондықтан болса керек, бұрын жоқтау айнымас дәстүрдің бірі болса, 

қазір әркімнің қалауына қарай бірде айтылып, бірде айтылмайтын болды.

Ал сауалда айтылған «ақылы жоқтау айтушыларға» келсек, қаза болған 

кісіге   қатысы   жоқ   адамның   жоқтау   айтып   отыруы   әртістің   роль   ойнауы 

секілді   жасанды   көрініс   болары   анық.   Мұндай   нәрсе   көпшілікке   де   ерсі 

көрінеді,   өйткені   басқасы   басқа   –   топырағы   суымаған   өлімді   қазақ   өнер 

қойылымына   айналдырмаған.   Тек   асарын   асап,   жасарын   жасаған   қария 

кісілер дүниеден өткенде ғана, онда да арада жыл өткеннен кейін ас берген 

кезде «қарияныкі – той» деп ат шаптырып, балуан күрестіріп жатады. Ол, 

әрине, басқа мәселе. 

Ал  ақылы   жоқтау   айту   үрдісін   әдетке   айналдыруға   келсек   («дәстүрге 

айналдыруға»   дегенге   аузымыз   бармайды)   бұл   келешекте   бәсекенің   бір 

көзіне   айналып,   жоқтаудың   қадір-қасиетін   қашыруы   әбден   мүмкін. 

Жоқтаудың   жөні   осы   екен   деп   дүниеден   өткен   адамға   жоқ   қасиетті 

жапсырып, жалған мақтау айтып жатса, жоқтаудың ғибратынан мән-мағына 

қалмайтыны   анық.   Жалпы,   ақылы   жоқтау   айту   секілді   өтпелі   құбылыстар 

дүнияуи тұрғыдан да, діни тұрғыдан да өзін ақтамайтындықтан жүре келе 

сәннен қалуы мүмкін. 

Қоғам құндылықтарды қашанда өзі сұрыптайды. Дәуір сұранысына сай 

келмеген дәстүрлер өзі-өзінен ысырылып қалып қояды. Сондықтан мұндай 

үрдістерді арнайы реттелетін емес, ар-ождан мен таңдау еркіне жүктелетін 

құбылыстар деп білген жөн.

А.Әбдірәсілқызы

43


6.   «Түркістанға   зиярат   ету   кіші   қажылыққа   жатады»   деген  

пікірмен келісуге  бола  ма? «Арыстанбабқа  түне,  Ясауиден   тіле»  деген  

сөздің астары қандай?

Түркі-қазақ   даласында   ислам   дінінің   кеңінен   таралуына,   халық 

дүниетанымымен сіңісіп, берік орнығуына Қожа Ахмет Яссауи негізін салған 

рухани-моральдық   ілімнің   ерекше   әсер   еткені   төл   тарихымыздан   белгілі. 

Әрине,   Яссауиге   дейін   де,   одан   кейін   де   исламды   таратуға   ерен   еңбек 

сіңірген рухани тұлғалар аз болмаған, бірақ түгел түркі халқының жүрегіне 

жол тауып, «Түркістан пірі», «Әулиелер сұлтаны», «Әзіреті Сұлтан» атанған 

Қожа   Ахмет   Яссауидің   түркі   тарихындағы   орны   ерекше.   Бұл   ерекшелік 

Әзіреті   Сұлтанның   ислам   ілімін   терең   меңгеріп,   тақуалықтың   шыңына, 

рухани   кемелдікке   көтерілген   өнегелі   болмысымен,   өзі   шынайы   сезінген 

діннің рухын түркінің төл тілінде жүрекке жақын өлең тілімен өрнектеп бере 

білген   ақындық   шеберлігімен,   ислам   ілімін   түркі   халқының   дүниетанымы 

мен тұрмыс-тіршілігіне етене жақын әдістермен насихаттап жеткізе білген 

көсемдік қабілетімен байланысты болды. 

Арғы тегі араб жұртына – Пайғамбар әулетіне тірелсе де, Ысқақ бабтан 

бергі он бір атасы түркі жұртында өсіп-өнген Қожа Ахмет Яссауи жергілікті 

халықтан өзін ажыратып қараған жоқ, «Туған жерім – мүбарак Түркістан» 

деп   осы   өлкені   қастерлеп   жырына   қосты,   түркі   жұртының,   әсіресе   Яссы 

(Түркістан)   қаласының   маңын   мекен   еткен   оғыз-қыпшақ   (бүгінгі   қазақ) 

тайпаларының дәстүрі мен дүниетанымын жетік біліп, құрмет тұтты. Әйел-

еркек   деп   бөлінбей,   алқа-қотан   отырып   жыр   тыңдайтын   осы   халықтың 

нәпсіден аулақ, туысқаншыл өнегесін пір тұтқан Яссауи әйелдер мен ерлер 

бірге   қатысатын   алқа   зікірін   құрып,   Алланы   жария   еске   алудың   жолын 

қалыптастырды.   Сол   жаңашылдығы   үшін   заманының   талай   дін 

ғұламаларымен тартысқа түсіп, өзі сүйген жамағатының абыройын қорғады. 

Қорғап қана қоймай, бүкіл Орта Азия өлкесіне өз ұстанымының дұрыстығын, 

ілімінің ақиқаттығын мойындатып, «Түркістан пірі» атанды. 

Кешегі түркі, бүгінгі қазақтың болмысына біткен қонақжайлық мінез, 

алыс жақыннан келген жолаушының бәріне есігі ашық ақжарма көңіл Яссауи 

іліміндегі «суфрадарлық» – «дастархан жаю» дәстүрімен ұштасып, дастархан 

үстінде   уағыз   айтып,   ислам   ілімін   таратудың   өміршең   үрдісіне   айналды. 

Яссауи   іліміндегі   «Қызыр   пайғамбар   жолаушы   бейнесінде   келіп,   сұхбатқа 

қатысады» деген сенім қазақтың «Қонақ келсе, қыдыр келеді», «Қырықтың 

бірі – Қыдыр» деген мақалдарынан көрініс тапты. Осылайша өз болмысына 

етене жақын жолмен шынайы исламды танытқан, мың-сан шәкірт тәрбиелеп, 

өмірін дінге арнаған Әзіреті Сұлтанға деген елдің ықыласы көзі тірісінде ақ 

ерекше болған. Ол дүниеден өткеннен кейін қабірстанын қастерлеп, зиярат 

орнына   айналдырды,   Әзірет   Сұлтан   жайында   жүздеген   аңыз   әңгімелер 

туындатты. Яссауидің ұстаздарын да, оның жолын жалғастырған шәкірттерін 

де халық рухани ұстаздар санап, пір тұтты. Әзірет Сұлтан жөніндегі ең көп 

44


тараған   аңыз   Мұхаммед   пайғамбардың   аманат   құрмасын   Арыстанбаб 

әулиенің бес жүз жыл сақтап, Яссауиге жеткізгені жайында болып келеді. 

Бірқатар ғалымдар «аманат құрманы» рухани ілімнің символы деп санайды. 

    «Мәдинада – Мұхаммед,

    Түркістанда – Қожа Ахмет,

    Маңғыстауда – пір Бекет»

деп келетін өлең жолдарында аталған тұлғалардың дәрежесінің теңдігі емес, 

рухани   ілімінің   жалғастығы   астарланған.   Шын   мәнінде   Пайғамбар 

дәрежесімен ешбір әулие-тақуа жандардың деңгейін салыстыру мүмкін емес. 

Сол секілді «Әзіреті Сұлтанды үш рет зиярат ету кіші қажылық жасағанмен 

бірдей» деген ұстанымның да шариғи негізі жоқ. Бұл Мекке-Мәдинаға аяғы 

жетпеген   арманды   жандардың   «Пайғамбардың   ұрпағы,   аманат   ілімін 

жалғастырушы   піріміз   ғой»   деп   Әзіреті   Сұлтанға   қайталап   зиярат   етуді 

көңіліне   жұбаныш-медет   тұтуынан   туындаған   пікірлер   ғана.   Бұлай   етуді 

Әзірет Сұлтан да аманат етпеген, кейінгі орта ғасырлардан сақталып келе 

жатқан   Түркістанға   зиярат   ету   әдебі   туралы   жазба   деректерде   де   мұндай 

мәлімет кездеспейді. 

Ал  «Арыстанбабқа түне, Ясауиден тіле» деген сөз дұрыс айтылуында 

«Арыстанбабта түне, Ясауиде (Алладан) тіле» болып келеді. Өйткені тілек 

адамнан сұралмайды, Алладан сұралады.   Ғұмырын Алла жолына арнаған 

Ясауидей  тақуа  жандардың  «менен  тіле»  деп күпірлік  етпегені  айқын. Ал 

пайғамбарларды,   әулие-тақуа   жандарды   дәнекер   етіп,   «солардың   құрметі 

үшін дұғамды қабыл ете гөр» деп тәуәссул жасау үрдісі исламға жат емес. 

«Арыстанбабта   түне,   Ясауиде   (Алладан)   тіле»   сөзінің   шығу   төркіні 

жоғарыдағы   аманат-құрма   туралы   аңызға   тіреледі.   Арыстанбаб   ұзақ   жол 

жүріп,   Сайрам   жеріне   жеткенде   алдынан   бала   Ахмет   өзі   шығып:   «Ата, 

аманатымды беріңіз!» деп сұраған екен. Арыстанбаб қаншама жыл тілінің 

астына сақтап келген құрманы бергенде, бала оны жұтып жіберіп, бұрыла 

беріпті.   Арыстанбаб:   «Балам,   сонша   жыл   сақтап   келгенде   маған   бір   ауыз 

жылы   сөз   айтпадың   ғой»   дегенде,   бала   Ахмет:   «Қалай   айтамын,   сіз   бар 

маңызын   сорып,   маған   тек   сүйегін   қалдырыпсыз.   Жарайды,   сізге   барып 

түнесін,   бізге   келіп   (Алладан)   тілесін»   деген   екен.   «Арыстанбабта   түне, 

Ясауиде (Алладан) тіле» деген сөз содан қалыпты деседі. Ал кей аңыздарда 

Әзіреті Сұлтан дүниеден өтерде «Маған келетін адам алдымен Арыстанбабқа 

зиярат   етсін»   деп   аманат   еткен   екен   деседі.   Осы   аңызға   ұйыған   халық 

алдымен   Арыстанбабқа   түнеп,   содан   кейін   Ясауиге   келіп,   осы   әзиздердің 

құрметі   үшін   қабыл   етуін   Алладан   сұрап,   тілек   тілейтін   зиярат   әдебін 

қоштап,   ұнатқан.   Бірақ   бұл   тәртіп   қатаң   сақталатын   қағидат   емес, 

мүмкіндігіне қарай жасалатын әдеп ретінде қалыптасқан. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет