3 нұсқа
1. Ұялы телефон арқылы Internet-ке қосылған кезде ... қажет.
a) алдымен телефонды компьютерге қосу
b) телефонды ажырату
c) артық бағдарламаның бәрін жабу
d) басқа шолушыны іске қосу
ОӘК КОМПЬЮТЕРЛІК ЖЕЛІЛЕР
ГАБДУЛОВА А.Е.
2. Internet желісінің көмегімен ... ұшақтың билетіне тапсырыс беруге болады.
a) авиакомпанияның сайтында
b) форумдарда
c) чаттарда
d) іздеу жүйелерінде
3. Microsoft Outlook бағдарламасындағы жаңа есепке алу жазбасын әзірлеу үшін ...
командаларын орындау қажет.
a) Қызмет – Есепке алу жазбалары – Үстеу – Пошта (Сервис – Учетные записи –Добавить
– Почта)
b) Қызмет – Есепке алу жазбалары – Алмастыру – Пошта (Сервис – Учетные записи –
Заменить – Почта)
c) Қызмет – Есепке алу жазбалары – Үстеу – Браузер (Сервис – Учетные записи –
Добавить – Браузер)
d) Файл – Есепке алу жазбалары – Үстеу – Пошта ( Файл – Учетные записи – Добавить –
Почта)
4. Internet желісі көмегімен қашықтан оқытуды ... пайдалана алады.
a) тек кемтар адамдар ғана
b) тек шетел азаматтары ғана
c) Internet желісіне қатынас құра алатын кез келген адам
d) Жоғары білімі бар адам ғана
5. Internet желісіне қоңырау шалуды жүзеге асыру үшін ... арнайы бағдарламалары бар
болуы қажет.
a) Word, Excel және т.б.
b) Skype, Messenger және т.б.
c) Power Point және т.б.
d) Internet Explorer және т.б.
6. Провайдер – бұл ...
a) телефон байланысы, Internet қызметін ұсынушы компания
b) электрондық поштаны баптау және жөндеу жұмыстарын ұсынушы компания
c) жалғастырушы байланыс қызметін ұсынушы компания
d) электрондық пошта қызметін жарнамалаушы компания
7. Электрондық үкімет – бұл …
a) мемлекеттік форум
b) халықты елдің үкіметімен тікелей байланыстыратын жүйе
c) бір ақпараттық желіге біріктірілген мемлекеттік органдар жүйесі
d) республика үкіметінің сайты
8. Microsoft Outlook бағдарламасындағы электрондық хаттың жаңа шаблоны ...
батырмасын шерту бойынша ашылады.
a) жөнелту
b) әзірлеу
c) көшірмелеу
d) пішіндеу (форматтау)
9. Электрондық поштамен жұмыс істеу үшін қандай бағдарламалық жасақтама қызмет
етеді?
a) Microsoft Outlook; b) Microsoft Word; c) Microsoft Excel; d) Microsoft Access;
10. Сіздің компьютеріңізге қосылған басып шығарғышқа қатынас құруды …әмірлерінің
көмегімен ашуға болады.
a) Бастау – Менің құжаттарым – Басып шығарғыштар мен факстер
b) Бастау – Басқару үстелі – Басып шығарғыштар мен факстеар
c) Желілік орта – Басып шығарғыштар мен факстер
d) Менің компьютерім – Басып шығарғыштар мен факстер – Басып шығарғышқа қатынас
құруды ашу
ОӘК КОМПЬЮТЕРЛІК ЖЕЛІЛЕР
ГАБДУЛОВА А.Е.
11. Internet желісінің форумдарында ... болады.
a) электрондық хаттарды әзірлеуге және жөнелтуге
b) ән тыңдауға
c) телефонға ЖОБ хабарларын таратуға
d) сұрақтар беруге және оларға жауаптар алуға
12. Желіні пайдаланушылардың ортақ қатынас құруы бар. Сіздің қалтаңыздағы файлды
өзгерте алуы үшін қандай жалаушаны белсенді етуі керек?
a) өз көзқарасыңыз бойынша файлды өзгертуге рұқсат ету
b) желі бойынша файлдарды жоюға рұқсат ету
с) желі бойынша файлдарды өзгертуге рұқсат ету
d) файлды өзінікі ретінде пайдалануға рұқсат ету
13. Электрондық пошта мекен жайындағы @ таңбадан кейін не жазылады?
a) доменнің атауы
b) пайдаланушының есімі
c) провайдердің атауы
d) сервердің атауы
14. Егерде ... болса, онда ұялы телефон арқылы Internet-ке шығуға болады.
a) сенде жақсы компьютер
b) сенің телефоның соңғы модель
c) сенің телефоныңның құрамдас модемі бар
d) бұл мүмкін емес
15. Мәліметтерді жеткізу жылдамдығы бұл ...
a) уақыт бірлігінде модем арқылы берілетін ақпараттағы бит саны
b) бір компьютерден екіншісіне берілген ақпараттағы байттар саны
c) 1 секунд ішіндегі берілетін ақпарат мөлшері
d) 1 минут ішінде берілетін ақпараттағы байттар саны
16. Жергілікті желідегі компьютердің атауын … әмірлерінің көмегімен қарап шығуға
болады.
a) Менің компьютерім – Сипаттар – Ортақ таңбашасының мәтінмәндік мәзірі
b) Менің компьютерім – Сипаттар – Компьютердің атауы таңбашасының
мәтінмәндік мәзірі
с) Менің компьютерім– Сипаттар – Қосымша таңбашасының мәтінмәндік мәзірі
d) Менің компьютерім– Сипаттар – Жабдық таңбашасының мәтінмәндік мәзірі
17. Браузер бағдарламасы болып ... бағдарламалары саналады.
a) Internet Explorer, Netscape Navigator
b) Windows Messenger, Outlook Mail
c) Microsoft Excel Microsoft Internet
d) Outlook Express, Outlook Mail
18. Internet-банкинг көмегімен ... болады.
a) электрондық поштаны қарап шығуға
b) өз есеп шотыңызды бақылауға және басқаруға
c) өзіңіздің банкир достарыңызға қоңырау шалуға
d) әр түрлі тақырыпты талқылауға
19. Internet желісінің электрондық поштасының жәшігіне кіру үшін ... білу керек.
a) сервердің құпия сөзі мен атауын
b) пайдаланушының домені мен есімін
c) логин мен құпия сөзді
d) логин мен пошта серверінің типін
20. Желінің қатысушылары бірге пайдалануға бөлінген арнайы компьютер ...деп аталады.
a) Сервер; b)әкім; c)директор; d)диск;
21. Internet-тегі Қазақстанға тиесілі жоғары деңгейлі доменді көрсетіңіз.
a) .kz; b).org; c).kaz; d) .ru;
ОӘК КОМПЬЮТЕРЛІК ЖЕЛІЛЕР
ГАБДУЛОВА А.Е.
22. Желілік басып шығарғыш – бұл ...
a) лазерлік басып шығарғыш
b) Бөлек пайдаланушылар үшін ортақ қатынас құру басып шығарғышы
c) жергілікті желідегі әрбір компьютерде тұрған басып шығарғыш
d) түрлі түсті басып шығарғыш
23. Электрондық поштаны жөнелткеннен кейін хаттар ... сақталады.
a) Internet-те
b) пайдаланушының компьютерінде
c) пошта серверінде
d) алыстағы пайдаланушының компьютерінде
24. Төлемі уақыт бойынша төленген карапайым модемдік жалғастыру кезінде желіден ...
ажырату қажет
a) қосқаннан кейін бірден
b) бірінші бетті жүктегеннен кейін
c) Internet-тегі жұмысты аяқтағаннан кейін
d) желіден ажырату міндетті емес
25. Microsoft Outlook бағдарламасындағы «Кірістік» қапшығы ...үшін керек.
a) кірістік хабарларды сақтау
b) шимай жазу
c) поштадағы тіркеу
d) кірістік хабарларының көшірмесін сақтау
26. Жергілікті желі компьютерлері арасында мәліметтерді жеткізу ... арқылы
орындалады.
a) басып шығарғыш
b) телефон
c) модем
d) шоғырлағыш (концентратор)
27. Internet желісіне қосылу үшін қажетті құрылғыны атаңыз:
a) модем; b) принтер; c) тінтуір (маус); d) джойстик;
28. Смайлик – бұл...
a) мәтіндік хабар
b) көңіл күй символы
c) провайдер символы
d) сервер символикасы
29. Гипермәтіндік сілтеме ретінде ... пайдаланады
a) тек қана сурет
b) кесте
c) кез келген сөз немесе сурет
d) енгізу өрісі
30. Internet Explorer бағдарламасының Үйге (Домой) батырмасы ... мүмкіндік береді.
a) сенің соңғы қатынаған сайтыңа өтуге
b) өзіндік бетке өту
c) ең танымал бетке көшу
d) бетті жаңарту
Достарыңызбен бөлісу: |