ОӘК КОМПЬЮТЕРЛІК ЖЕЛІЛЕР
ГАБДУЛОВА А.Е.
4. IP-адресациясында маскаларды қолдану
5. IP-адрестерді тағайындау тізімі
TCP/IP стегінде мекенжайлардың үш үлгісі қолданылады: жергілікті, аппараттық және
символдық домендік аттар. IP-адрес ұзындығы 4 байттан тұрады. Ол желі нөмірінен және
түйін нөмірінен құралады. IP-адрестер 4 класқа бөлінеді (A, B, C, D).
Әрбір кластар үшін маскалар төмендегі кестеде келтірілген:
Класс
1-октет
2-октет
3-октет
4-октет
А
11111111
00000000
00000000
00000000
B
11111111
11111111
00000000
00000000
C
11111111
11111111
11111111
00000000
D
11111111
11111111
11111111
11111111
Түйін нөмірі ішкі желі нөміріне және шеткі компьютер (хост) нөміріне бөлінеді. Шеткі
түйін адресі ретінде кілең 0 және кілең 1 (екілік түрде) қолданылмайды.
Ұсынылатын әдебиет
1 В.А.Козлов, Открытые информационные системы. - М.: Финансы и статистика, 1999. –
233с.
2 К.Андерсен, Локальные сети. Уч.пособие. : Перв.с.англ. - М.: Энтропия, 1999. – 624с.
3 Э.Якубайтис, Архитектура вычислительных сетей. - М.: Статистика, 1980. – 279с
4 В.Г.Олифер, Компьютерные сети. Принципы, технологии, протоколы: Учебник для
вузов. - Спб.: Питер, 2004. – 864с.
5 В.П.Косарев, Компьютерные системы и сети. Уч. пособие для Вузов. - М.: Финансы и
статистика, 1999. – 462с.
6 Н.В.Максимов, Компьютерные сети. Уч. пособие. - М.: Форум, 2004. - 335 с.
СДЖ арналған тапсырмалар
1. IP-адрестер жиынының қандай бөлігін А класының, В класының және С класының
адрестері құрайды?
2. Келтірілген адрестердің қайсысы Internet-ке қосылған желінің шеткі түйін IP-адресі
ретінде қолданыла алмайды. Дұрыс берілген адрестер үшін класын анықтаңыз.
(A) 127.0.0.1
(Е) 10.234.17.25
(I) 193.256.1.16
(B) 221.13.123.245 (F) 154.12.255.255
(J) 194.87.45.0
(C) 126.4.37.105
(G) 11.11.11.11 (К) 195.34.116.255
(D) 103.24.254.0
(Н) 204.0.3.1 L) 161.23.45.256
3. Бір түйін IP-адресі 198.65.12.67 болсын, ал осы ішкі желі үшін 255.255.255.224 маскасы
берілсін. Ішкі желі нөмірін анықтаңыз. Осы ішкі желіде максималды неше түйін бола
алады?
4. Егер С класының желісі ішкі желілерге бөлініп 255.255.255.192 маскасына ие болатын
болған жағдайда максималды неше ішкі желілер құруға болады?
5. Компьютердің IP-адресі 192.168.5.121, ал ішкі желі маскасының мәні 255.255.255.248
болсын. Компьютер орналасқан желінің адресін табыңыз.
6. Дәріс тақырыбына сәйкес әртүрлі формалы 5 тестік тапсырма құрыңыз.
Достарыңызбен бөлісу: