Оқу курсының типі: МК «Психология (модуль)» пәнінің негізгі міндеті оқытудың келесі нәтижелерін (ОН) қалыптастыру болып табылады: ОН2–адам белсенділігінің жүйелік негізін құрайтын психикалық құбылыстарды зерделеудің негізгі теориялық және әдіснамалық тәсілдерін талдайды және қорытады, психикалық құбылыстарды талдау әдістемесі мен әдістерін (танымдық процестер мен реттеушілік механизмдер, жай-күй мен уайымдар, жеке қасиеттері мен жеке ерекшеліктері) меңгереді;
ОН8–дауларды баламалы шешудің стратегиялары мен тәсілдерін, жанжалдарды реттеу технологияларын білу, тиімді мәдениетаралық коммуникация дағдыларын меңгеру негізінде ұйымдардағы жанжалды жағдайларды анықтайды, алдын алады және шешеді;
4. Курстың академиялық саясаты: Академиялық тәртіп ережелері: Сабаққа міндетті қатысу, кешігуге жол бермеу. Сабаққа кешігу және сабақта болмау 0 баллмен бағаланады. Тапсырмаларды (СӨЖ, аралық, бақылау, зертханалық, жобалық және т.б.), жобаларды, емтихандарды орындау және тапсыру мерзімдерін міндетті түрде сақтау. Тапсыру мерзімі бұзылған жағдайда тапсырма айыппұл баллдарын шегеру есебімен бағаланады.
Академиялық құндылықтар:
Академиялық адалдық және тұтастық: барлық тапсырмаларды орындау дербестігі; плагиаттың, жалғандықтың, шпаргалкаларды пайдаланудың, білімді бақылаудың барлық түрлерінде көшіріп алу және оқытушыны алдауды болдырмау.
Мүмкіндігі шектеулі студенттер e-mail бойынша кеңес ала алады.
5. Ақпараттық ресурстар: 1. Майерс Д., Туенж Ж.Әлеуметтік психология. 12-басылым. – Алматы: Ұлттық аударма бюросы, 2018. – 648 б.
2. Құсайнова, М. А.Психология: Оқу құралы / М. А. Құсайнова. - Алматы: TechSmith, 2019. - 132 б.
3. Шульц Д.П., Шульц С.Э.Қазіргі психология тарихы. 11-басылым. Алматы: Ұлттық аударма бюросы. – 2018 ж. – 448 б.
4. Бердібаева С.Қ., Сайлинова Қ., Адилова Э., Айдосова Ж., Қайратова І. Психология.-Оқу құралы.-Қазақ университеті (РУМС, №2 хаттама, 2 шілде, 2021 ж.).-180 б.
5. Аронсон Э. Көпке ұмтылған жалғыз [Мәтін] = The Social Animal: әлеуметтік психологияға кіріспе: [оқулық] / Э. Аронсон ; ауд. Д. Д. Дүйсенбеков [және т. б.]. - 11-бас. - Астана: "Ұлттық аударма бюросы" қоғамдық қоры, 2018. - 407, [2] б. - (Рухани жаңғыру).
6. Жұмасова, Қ. С. Психология [Мәтін] : оқулық / Қ. С. Жұмасова. - 3-бас. – Астана : Фолиант, 2017. - 400 б. - (Кәсіптік білім).
Интернет-ресурстар: https://www.koob.ru http://www.naukakaz.kz/ https://psyjournals.ru/ http://elibrary.ru