Қазақстан Республикасы Ғылым және Жоғары Білім министрлігі Академик Е. А. Бөкетов атындағы



Дата18.12.2023
өлшемі65,99 Kb.
#140552
Байланысты:
курстық жұмыс Тәуке хан


Қазақстан Республикасы Ғылым және Жоғары Білім министрлігі

Академик Е.А. Бөкетов атындағы


Қарағанды университеті

Биология география факультеті




КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: «Тәуке ханның ішкі және сыртқы саясаты. «Жеті - жарғы»»


Орындады: Ги-22,1k тобының студенті


Әубәкір Айханым Жасұланқызы

Ғылыми жетекшісі: э.ғ.к., доцент Смағұлов Нұртас Бірлікұлы


Қарағанды 2023


Мазмұны


Кіріспе 4
«Жеті жарғы» қазақ халқының дәстүрлі мемлекеттік және құқықтық мәдениетінің алтын қорынан сақталған қымбат қазына. Бұл ұлы құжатқа байланысты ауызша және жазба деректерді қарастырып отырып «Жеті жарғының» мемлекет пен қоғамның тіршілігін үйлестіретін негізгі заң қағидаларының жинағы немесе мемлекеттік биліктің үлгісі ғана емес, соныме- нен бірге ұлттық танымның айшықты айнасы, халық рухының қамқоры, ұлттық мүдденің жаршысы екенін аңғарамыз. Жер жүзіндегі қандай да бір елдің арман-тілегі де, мақсат-мүддесі де мемлекеттік және ұлттық тәуелсіздігі, осы үлы түсінік «Жеті жарғының» ел құрметіне бөленіп, ел ақсақалдарының жадына берік жазылуына негізгі себепкер. 4
Біз қолда бар деректерді қарастыра отырып «Жеті жарғы» туралы мәліметтер негізінен ауызша түрде, қазақтың шежіресі, аңыз-хикаялары, өлең-жырлары арқылы сақталған деп есептейміз. «Жеті жарғының» түп өзегі Евразия көшпелілерінің бірнеше мың жылдар бұрын қалыптасқан әдет-ғұрып заңдарына негізделген. Сонымен бірге «Жеті жарғы» XVII ға- сырдың соңы мен XVIII ғасырдың басындағы саяси-әлеуметтік ахуалға ыңғайланған әдет-ғұрып ережелерінің жаңа редакциясы. Көшпелі қауым арасындағы саяси билік бірде күшейіп, бірде әлісіреп замана әсеріне, әсіресе сыртқы ортаның ықпа- лына тікелей ыңғайланып отыратын құбылыс. Саяси билік белгілі дережеде не сырттан қауіп төнгенде, не сыртқа бағытталған көшпелілердің ірі қозғалыстарының кезінде күшейіп, ал қауым ішінде бейбітшілік тенденциялары нығайғанда әлсіреп отырады. 4
Зерттеушілердің көпшілігі «Жеті жарғыны» тек құқықтық мәселелермен ғана байланыстырады. Бұл таңдау белгілі дәрежеде тарихи институттарға ретроспекциялық тұрғыдан қараудың тікелей жемісі. «Жеті жарғыға» байланысты әдет-ғұрып ережелері жинақталып хатқа түсе бастаған уақытта қазақ мемлекет дәстүрлері аса құлдырап, оның реттегіш меха- низмдері, заңдары қолданыстан шыға бастаған еді. Қазақ мемлекетінің негізгі ұйытқысы, құрылымдық жүйесінің негізі болып табылатын туысқандық қарым-қатынастар «ақтабан шұбырынды» заманында үлкен соққы алып, қалыпты жүйесін бұзып алды. Бұл дағдарыс әлеуметтік топтар арасындағы қарым-қатынасқа да тікелей әсер етіп қоғамдағы төре мен қараша, төре мен төлеңгіт, отырықшы мен көшпелі элементтер, субэтникалық топтар мен сословиелер арасындағы қалыпты қатынас бұзылды. 4
М. Тевкелев күнделігіндегі Бөкенбай батырдың әңгімесінде: «У них, киргис-кайсаков, прежде были города, а именно: Ташкент, Тюркестан, Сейрам с принадлежащими ко оным городками и деревнями, и оными владели киргис-кайсацкие ханы и старшина. В тех городех живут сарты, то есть посацкие мужики, с которых брали они дань. А из тех городов выслал их хонтайша тому с 15 лет. А ныне оными никто не владеет и дань не забирает, живут праздно…» (37, с.62) - деп суреттелетін жағдай саяси-құқықтық құрылымға да қатысты. 4
XVIII ғасырдың ортасына қарай қазақ жерінде мемлекеттік дәстүрлердің қайта күшеюі басталды. Оның барысын біз қазақтардың Жоңғария жеріндегі белсенді саясатынан, Сыр бойындағы қалаларды қайтарып өнеркәсіп пен сауданы қолға алуынан, Сыр бойына әсерін азайту үшін Қоқан хандығын ығыстыру саясатынан т.б. салмақты істерден көріп қаламыз. Қазақ халқының мемлекеттік мүддесі бұл кезеңде Абылай атымен байланысты болды. Бірақ бір жағынан Ресей, бір жағынан Қытай шеңгелі қазақ мемлекетінің күшейіп, іргелі ел болуына тосқауыл қойды. Көшпелілер билігінің Евразиядағы үстемдігі осыменен біржолата тиылды да, Европа нақты жеңді. 5
Абылай хан қанша күш салғанымен елді өз бетімен басқарып кетуге, қазақтың басын түгел қосып алуға дәрмені жетпеді. Оның ең басты себебі Ресейдің қазақтың Кіші жүзіне енуі, Әбілқайырдың алауыздық туғызған саясаты, Ресейдің Есілді өрлеп Көкшеге жақындап қалуы. Жалпы қазақ қанша жанкешті болғанымен Евразиядағы түбегейлі өзгеріске түскен геополитикалық жағдайды өзгерте алмайтын еді. Қазақ мемлекетінің дағдарысымен бірге ірі-ірі мемлекеттік институттар, әдет-ғұрыптар, қоғамдық, мемлекеттік, азаматтық түсініктер жүдеушілігі басталды. Осылайша «Жеті жарғы» заңдарынан мемлекетке қатысты ережелердің көпшілігі ұмытылып, тек жеке адам, немесе қауымға тікелей қатысты ережелер көбірек сақталды. «Жеті жарғының» өзі қалыпты ережелер жинағы және ереже туғызушы тетік есебінде өмірден XVIII ғасырдың басында - ақ озған еді. XVIII ғасырдың ортасындағы жағдайда «Жеті жарғыны» мемлекет мүддесін ойластыратын Жоғары кеңес есебінде жаңғырту мүмкіндігі аяқталды. 5
Қолда бар тарихи-этнографиялық мәліметтер «Жеті жарғы» қызметіне және қазақтың әдет-ғұрып заңдарына жан- жақты, терең қарауға мүмкіндік береді. Бірнеше ғасыр бойы жинақталған тарихи деректер дәстүрлі зерттеу тәсілдерімен қатар, тың ғылыми зерттеу әдістері мен аспаптарын (инструментари) енгізу жемісті болатынына кепілдік береді. Оның біршама тәжірибесі кәзіргі «Нормативті этнография» аталып жүрген ғылым саласында қалыптасып қалды (18; 46; 68; 74; 82). Сонымен бірге дәстүрлі құқықтық көзқарастарды, жүйелерді, құндылықтарды зерттеуге «Құқықтық антропология» тікелей араласқаны зор пайда береді. Қалай дегенмен де дәстүрлі қоғамды, оның рухани мұрасын, тек қана саяси-құқықтық мұрасы ғана емес, рухани қазынасы болып табылатын әдет-ғұрып заңдарын, соған байланысты қалыптасқан нақыл, ақыл сөздерін, шешендік өнерін, салт-дәстүрін игеруге қазіргі уақытта гуманитарлық ғылымның басты саласының бірі ретінде этнологияның араласу мүмкіндігі мол. Классикалық тарих және заң ғылымдары тек сыртқы (жазба) дерекке негізделсе, этнология ізденіс барысында халықтың (этнос) ішкі құрылымына, жабық байланыс жүйелеріне, жан сақтау және өмір сүру заңдылықтарына үңілетін зерттеу әдістеріне сүйенеді. Бұл қоғамдық ғылымдарды, соның ішінде құқықтану са- ласын алға алып баратын жол. 5
1 Әз-Тәуке хан 6
1.1 Әз-Тәуке хан туралы 6
1.2 Әз-Тәуке ханның ішкі және сыртқы саясаты 10
2. Әз-Тәуке ханның «Жеті Жарғысы» 19
2.1 «Жеті Жарғы» заңдар жинағы 19
2.2 "Жеті Жарғы" және қазақ билері 22
Қорытынды 28
Пайдаланылған әдебиеттер 29

Кіріспе



«Жеті жарғы» қазақ халқының дәстүрлі мемлекеттік және құқықтық мәдениетінің алтын қорынан сақталған қымбат қазына. Бұл ұлы құжатқа байланысты ауызша және жазба деректерді қарастырып отырып «Жеті жарғының» мемлекет пен қоғамның тіршілігін үйлестіретін негізгі заң қағидаларының жинағы немесе мемлекеттік биліктің үлгісі ғана емес, соныме- нен бірге ұлттық танымның айшықты айнасы, халық рухының қамқоры, ұлттық мүдденің жаршысы екенін аңғарамыз. Жер жүзіндегі қандай да бір елдің арман-тілегі де, мақсат-мүддесі де мемлекеттік және ұлттық тәуелсіздігі, осы үлы түсінік «Жеті жарғының» ел құрметіне бөленіп, ел ақсақалдарының жадына берік жазылуына негізгі себепкер.
Біз қолда бар деректерді қарастыра отырып «Жеті жарғы» туралы мәліметтер негізінен ауызша түрде, қазақтың шежіресі, аңыз-хикаялары, өлең-жырлары арқылы сақталған деп есептейміз. «Жеті жарғының» түп өзегі Евразия көшпелілерінің бірнеше мың жылдар бұрын қалыптасқан әдет-ғұрып заңдарына негізделген. Сонымен бірге «Жеті жарғы» XVII ға- сырдың соңы мен XVIII ғасырдың басындағы саяси-әлеуметтік ахуалға ыңғайланған әдет-ғұрып ережелерінің жаңа редакциясы. Көшпелі қауым арасындағы саяси билік бірде күшейіп, бірде әлісіреп замана әсеріне, әсіресе сыртқы ортаның ықпа- лына тікелей ыңғайланып отыратын құбылыс. Саяси билік белгілі дережеде не сырттан қауіп төнгенде, не сыртқа бағытталған көшпелілердің ірі қозғалыстарының кезінде күшейіп, ал қауым ішінде бейбітшілік тенденциялары нығайғанда әлсіреп отырады.
Зерттеушілердің көпшілігі «Жеті жарғыны» тек құқықтық мәселелермен ғана байланыстырады. Бұл таңдау белгілі дәрежеде тарихи институттарға ретроспекциялық тұрғыдан қараудың тікелей жемісі. «Жеті жарғыға» байланысты әдет-ғұрып ережелері жинақталып хатқа түсе бастаған уақытта қазақ мемлекет дәстүрлері аса құлдырап, оның реттегіш меха- низмдері, заңдары қолданыстан шыға бастаған еді. Қазақ мемлекетінің негізгі ұйытқысы, құрылымдық жүйесінің негізі болып табылатын туысқандық қарым-қатынастар «ақтабан шұбырынды» заманында үлкен соққы алып, қалыпты жүйесін бұзып алды. Бұл дағдарыс әлеуметтік топтар арасындағы қарым-қатынасқа да тікелей әсер етіп қоғамдағы төре мен қараша, төре мен төлеңгіт, отырықшы мен көшпелі элементтер, субэтникалық топтар мен сословиелер арасындағы қалыпты қатынас бұзылды.
М. Тевкелев күнделігіндегі Бөкенбай батырдың әңгімесінде: «У них, киргис-кайсаков, прежде были города, а именно: Ташкент, Тюркестан, Сейрам с принадлежащими ко оным городками и деревнями, и оными владели киргис-кайсацкие ханы и старшина. В тех городех живут сарты, то есть посацкие мужики, с которых брали они дань. А из тех городов выслал их хонтайша тому с 15 лет. А ныне оными никто не владеет и дань не забирает, живут праздно…» (37, с.62) - деп суреттелетін жағдай саяси-құқықтық құрылымға да қатысты.
XVIII ғасырдың ортасына қарай қазақ жерінде мемлекеттік дәстүрлердің қайта күшеюі басталды. Оның барысын біз қазақтардың Жоңғария жеріндегі белсенді саясатынан, Сыр бойындағы қалаларды қайтарып өнеркәсіп пен сауданы қолға алуынан, Сыр бойына әсерін азайту үшін Қоқан хандығын ығыстыру саясатынан т.б. салмақты істерден көріп қаламыз. Қазақ халқының мемлекеттік мүддесі бұл кезеңде Абылай атымен байланысты болды. Бірақ бір жағынан Ресей, бір жағынан Қытай шеңгелі қазақ мемлекетінің күшейіп, іргелі ел болуына тосқауыл қойды. Көшпелілер билігінің Евразиядағы үстемдігі осыменен біржолата тиылды да, Европа нақты жеңді.
Абылай хан қанша күш салғанымен елді өз бетімен басқарып кетуге, қазақтың басын түгел қосып алуға дәрмені жетпеді. Оның ең басты себебі Ресейдің қазақтың Кіші жүзіне енуі, Әбілқайырдың алауыздық туғызған саясаты, Ресейдің Есілді өрлеп Көкшеге жақындап қалуы. Жалпы қазақ қанша жанкешті болғанымен Евразиядағы түбегейлі өзгеріске түскен геополитикалық жағдайды өзгерте алмайтын еді. Қазақ мемлекетінің дағдарысымен бірге ірі-ірі мемлекеттік институттар, әдет-ғұрыптар, қоғамдық, мемлекеттік, азаматтық түсініктер жүдеушілігі басталды. Осылайша «Жеті жарғы» заңдарынан мемлекетке қатысты ережелердің көпшілігі ұмытылып, тек жеке адам, немесе қауымға тікелей қатысты ережелер көбірек сақталды. «Жеті жарғының» өзі қалыпты ережелер жинағы және ереже туғызушы тетік есебінде өмірден XVIII ғасырдың басында - ақ озған еді. XVIII ғасырдың ортасындағы жағдайда «Жеті жарғыны» мемлекет мүддесін ойластыратын Жоғары кеңес есебінде жаңғырту мүмкіндігі аяқталды.
Қолда бар тарихи-этнографиялық мәліметтер «Жеті жарғы» қызметіне және қазақтың әдет-ғұрып заңдарына жан- жақты, терең қарауға мүмкіндік береді. Бірнеше ғасыр бойы жинақталған тарихи деректер дәстүрлі зерттеу тәсілдерімен қатар, тың ғылыми зерттеу әдістері мен аспаптарын (инструментари) енгізу жемісті болатынына кепілдік береді. Оның біршама тәжірибесі кәзіргі «Нормативті этнография» аталып жүрген ғылым саласында қалыптасып қалды (18; 46; 68; 74; 82). Сонымен бірге дәстүрлі құқықтық көзқарастарды, жүйелерді, құндылықтарды зерттеуге «Құқықтық антропология» тікелей араласқаны зор пайда береді. Қалай дегенмен де дәстүрлі қоғамды, оның рухани мұрасын, тек қана саяси-құқықтық мұрасы ғана емес, рухани қазынасы болып табылатын әдет-ғұрып заңдарын, соған байланысты қалыптасқан нақыл, ақыл сөздерін, шешендік өнерін, салт-дәстүрін игеруге қазіргі уақытта гуманитарлық ғылымның басты саласының бірі ретінде этнологияның араласу мүмкіндігі мол. Классикалық тарих және заң ғылымдары тек сыртқы (жазба) дерекке негізделсе, этнология ізденіс барысында халықтың (этнос) ішкі құрылымына, жабық байланыс жүйелеріне, жан сақтау және өмір сүру заңдылықтарына үңілетін зерттеу әдістеріне сүйенеді. Бұл қоғамдық ғылымдарды, соның ішінде құқықтану са- ласын алға алып баратын жол.

1 Әз-Тәуке хан


1.1 Әз-Тәуке хан туралы


Елді елдікке, ынтымаққа, бірлікке бастайтын және сол жолда жанын сала күрескен ерлерді туғызатын заман. Қазақ халқы өзінің бұрынғы соңғы тарихында басынан небір қилы замандарды өткізген. Олай болса талайлы тағдыр өмірден із- түссіз өте шығуы мүмкін емес. Тарихтың терең-терең қатпарларына көз жіберер болсақ, елдің есі мен санасында ұзақ уақыттан бері сақталып келе жатқан небір орасан оқиғалардың салиқалы соқпақтарынан аңғарамыз. Сол соқпақтардың бойында еліне елеулі еңбек сіңіріп, қаһармандық қызмет атқарған ірі-ірі тұлғалардың өмірі мен тарихта қалдырған іздері әлі күнге дейін сайрап жатыр. Халық өз басына қатер төнген шақтарда, тағдыры таразы басына түскен алмағайып сәттерде бар күш-қайратын әлгі зобалаңға қарсы қойып, ақыл-парасатымен, білегінің күшімен арашаға түсіп, сол жолда шыбын жанын аямаған, елінің, ұлтының тәуелсіздігін, бостандығын қорғаған нар тұлғалы, алып азаматтардың ерлігін де, есімін де еш уақытта ұмытпайды. Қайта уақыт өткен сайын қадір-қасиетін арттырып, төбесіне көтере түседі.


Көп жылдар бойы ұлтымыздың тамыры тереңге кеткен тарихы және елінің бостандығы мен тәуелсіздігі үшін күрескен аяулы тұлғаларының есімін атауға тыйым салып, коммунистік-тоталитарлық идеологияның үстемдік етуімен басылған әдебиеттерде өткен өміріміз бір сорлы, басқа ел емес, тіпті өзіміз шошитын құбыжық өмір болып суреттелінді. Тек тәуелсіздікке қолымыз жеткеннен кейін тарихымызға деген көзқарас, құштарлық арта түсіп, еліміздің өткенін тану жиналған астықпен, қазылған кенмен тепе-тең бағаланып, өшіп қалған есімдерді қайта тірілтіп жатырмыз.
Міне, осыған орай заманындағы Тәуке хан сондай ардақты есімдердің ішінен ерекше орын алады. Бұған тарих куә, халқымыздың ой-санасы куә. Сол тарих пен ой-сана бізді көптен толғандырып келе жатыр. Әдетте қазақ хандары хақында мәселе көтергенде біз негізінде Абылай, Кенесары туралы деректерді баспасөз беттерінде молынан жариялап келеміз және халқымыз негізінде осы екі тұлға төңірегіндегі мәліметтермен аңыз әңгімелерге қанық. Ал Тәуке хан туралы зерттеулер мүлдем жоққа тән. Оның себебі негізінде Тәуке хан туралы мәліметтердің сол заманнан бері архив қазыналарында сақталмауы және тарихи зерттеулерде ізденіс болмағандығы. Жалпы жарық көрген тарихи әдебиеттердің беттерінде Тәуке хан туралы мәлімет өте жұтаң, тіпті бір-екі ауыз сөзбен шектелетіні бәрімізге аян.
Батыр да, хан да, қара да өз заманының перзенті Тәуке хан өз дәуірінде қазақ, орыс, қытай, жоңғар және басқа шығыс халықтарының тарихында ірі қайраткер, көрнекті қолбасшы ретінде де елеулі орын алған. Ал өз елінің өміріндегі дипломат- мәмілегер, данышпан айлакер қолбасшы, әдеттік құқық системасының реформаторы және ұлтының бірлігі мен жерінің тұтастығын сақтауға жан аямай күш салған ірі мемлекеттік тұлға ретінде танылды.
Қай кезеңге де уақыт әмірші, әр адам, сол адамның қатысуымен өтер әр оқиға әмірші уақыт ерте ме, кеш пе әйтеуір бір оралмай қоймайды. Кім біледі осы қиыннан шығар, осы күнге дейін Тәуке хан жайындағы жазба деректер өте жұтаң және оның есімі негізінен жоңғар шапқыншылығына байланысты бірен-саран тұста аталып, өмірбаяны мен реформаторлық қызметі толық дәрежеде зерттеле қойған жоқ. Халқына, еліне кеңінен танымал ірі ғалым, академик Салық Зиманов өзінің зерделі шәкірттерін жұмылдыра отырып, соңғы жылдары Тәуке ханның "Жеті Жарғысына" зерттеу жүргізіп, бірнеше құнды, мазмұны терең мақала- лардың жарық көруіне ұйытқы болды. Оқырман қауым бұл басылымды жылы лебізімен қабылдады. Мұндай ізгі қадам, алғашқы ғылыми талпыныстар, әрине, Тәуке хан сияқты аса ірі тұлғаның барлық ғұмырлық реформаторлық және үлкен мемлекеттік деңгейдегі тарихи қызметі мен ролін еш уақытта қамти алмайтыны ақиқат. Әзірге игерілмей, халықтың игілігіне жарай алмай келе жатқан бұл мәселе бұдан өзінің лайықты, тақырыпқа жан-тәнімен берілген зерттеушілерін тапса ірі мәселе ретінде, кең көлемде, мазмұнды мағынамен зерттелетіні хақ.
Бізге жетіп отырған тарихи деректерде Тәукенің туған жылы белгісіз, ал қайтыс болған жылы туралы ғылыми зерттеулерде қарама-қайшы пікірлер бар. Жарық көрген тарихи әдебиеттерде Тәуке 1718 жылы дүние салды деген пікір тұрақты болып қалыптасқан. Ал белгілі қазақ тарихын зерттеуші ғалым В.А.Моисеевтің тұжырымдауынша Тәуке ханның есімі орыс тарихнамасында сақталған құжаттарда 1716 жылда мүлдем кездеспейді. Оның ойынша, осыған қарағанда Тәуке хан 1715 жылы қайтыс болуы әбден мүмкін. Бұл мәселе болашақта негізінде қытай тіліндегі құжаттарды зерттеуде нақтылы анықталады деген ойдамыз.
Тегі жағынан алып қарайтын болсақ, Тәуке хан Есім ханның немересі, Жәңгір ханның баласы, Шежіре түрінде былайша көрінеді: Керей - Мұрындық -- Жәдік - Шығай - Есім - Жәңгір - Тәуке - Болат, Сәмеке, Қосым, Қасым, Көшын, Ғайып, Мұрат, Тұрсын.
Бізге жеткен деректер мен аңыз әңгімелерге қарағанда Тәукенің әкесі Жәңгір хан бар өмірін қазақ жерін жоңғар басқыншыларынан қорғаумен өткізген, өзі жаумен кезекті шайқаста ерлікпен қаза тапқан. Халық оны "Салқам Жәңгір" деп атап кеткен. Жәңгір хан туа біткен данышпан, көрегенді қайраткер және соғыстың әр түрлі айла-тәсілдерін, ұрыстың өзіндік ерекшеліктеріне пайдалана білетін ірі қолбасшы ретінде танылады. Ол қазақ жерін сыртқы жаулардан қорғауда баға жетпес еңбек сіңірген, елінің тәуелсіздігін сақтау мақсатында келер ұрпақ алдында сүйіспеншілікке бөленген тұлғалы жан болғаны ақиқат, тарихи шындық.
XVII ғасырдың бірінші жартысында қазақ жерінің шығысында жоңғар хандығы бас көтеріп, қазақ еліне шабуыл жасауға құрылтай көлемінде шешім қабылдайды. Жоңғарлардың осындай жаулап алуға бағытталған саясатын дер кезінде түсінген "Жәңгір хан Бұхара хандығымен одақтасып, Жоңғар феодалдарының шабуылына қарсы күресті. Оңтүстік Шинжаңдағы Яркент хандығымен тату көршілес қатынас жасап, одақтастық байланыс орнату үшін екі рет елші жібереді, бұл елшілікті Жәңгір ханның балалары Тәуке, Абақ сұлтандар бастап барды".
Бірақ Жәңгір ханның бұл саясаты айдаһардай аузын ашқан басқыншыларды тоқтата алмады. 1643 жылы Жәңгір хан жоңғарлардың қазақ жеріне баса көктеп кірген 50 мың қолына қарсы тез арада жиналып, небәрі 600 жауынгерді қарсы қоя алды. Ұрыс болған жердің ерекшеліктерін және инженерлік құрылыстар салудың нәтижесінде Жәңгір хан жоңғар әскерінің 10 мыңын қырып жіберген. Бұл мақтанышпен айтатын шайқас "ерекше әскербасылық ойлау жүйесінің үлгісі. Өйткені әлемдік әскери өнер тәжірибесінде шағын ғана отрядтың өзінен жүз есе дерлік саны басым қарсыласына күйрете соққы берген мысалдарды кездестіру қиын… ержүрек жауынгерлер дұшпанның шабуылын тойтарып қана қоймай, көмекке келген күштердің жеңісті шабуылы үшін жағдай туғызды".
Әкесі Жәңгір ханның ерлікке толы қимыл-әрекеттері Тәуке ханның да бойына дарығандығын аңғармасқа болмайды. Жоғарыда көрсетілгендей, Тәуке жас кезінен-ақ саясатқа жақын болған, әкесі оған жастығына қарамастан сенім артып, елшілікке жіберіп отырған.
Тәуке бала жасынан қазақ даласының бесігінде тербеліп, көшпелі өмірдің бар өсиет-өнегесін, ерлік-батырлық қасиеттерін бойына сіңіріп өскен. Табиғат алғыр етіп жаратқан жанның балалық шағы жайлы әрқалай аңыздар да, әңгімелер де болған-ак шығар. Көп мәліметтер мен деректер қытай тілінде сақталып қалған деректерде, кітаптарда және қолжазбаларда болуы әбден иқтимал. Осындай деректердің тапшылығына байланысты Тәукенің қай жылдардан бастап хан болғандығы туралы деректер, тарихи әдебиеттерде әртүрлі. Қазақ сахарасының дарынды философы Шәкерім Құдайбердіұлы өзінің зерттеулерінде Тәукенің тек хан болып сайлануына ғана тоқталып, былай деп жазды: "Бұл Әз Тәуке Салқам Жәңгірдің қалмақ қатынынан туған баласы еді. Мұнан басқа Үргеніштегі Ғайып ханның қызынан туған Уәлибақы деген баласы бар еді. Жәңгірдің орнына әз Тәуке хан болғанда, хандыққа өкпелеп Уәлибақы Ғайып ханға кетіп еді". Бұл мәліметтен біз Тәуке ханның шешесі қалмақ екенін байқаймыз және Жәңгірдің тағын Уәлибақы емес, керісінше Тәуке басқаны кездейсоқ жағдай емес. Бұл негізінде Тәукенің ақыл-ой, парасатының терең болғанын тағы да айқындай түскендей.
Атап айтатын болсақ, бәріміз білетін еліміздің тарихында Тәуке 1680 жылы әкесінің тағына отырды делінген. Бұл дерек ешбір өзгертусіз кейінгі жылдары басылып шыққан тарихи әдебиеттерге де енді. Халқымыздың тарихында ірі құқықтық құжат болып саналатын "Жеті Жарғыны" зерттеуге елеулі үлес қосқан шығыстанушы, заңгер-ғалым Нұралы Өсеров өзінің кандидаттық диссертациясында "Тәуке 1678 жылы хан болды" деп тұжырымайды. Бұл мәселеге байланысты Сәкен Сейфуллин де кезінде өз пікірін ортаға салған. Көрнекті жазушы кезінде былай деп жазған: "Жәңгірден кейін қазаққа Тәуке хан болды (1688 жылда). Тәуке хан Ташкент ауданында тұрады. Тәуке ханның тұсында да қазақ ылғи қалмақпен қақтығысып тұрса да өзге хандардың тұсындағы тыныс алмай жөңкілу, аттаныс, шабыншылыққа қарағанда сәл шабын- шылығы аздау болып, тіршілік жасайды. Бірігіп өмір сүрген: қазақ, қырғыз, қарақалпақтың ірі руларында билік жүргізген алты бидің аты шығады. Ұлы жүзде Төле би (Дулат Әлібек баласы), Орта жүзде "Қаздауысты Қазыбек би", Кіші жүзде Әлім руынан Әйтеке би, Қырғызда Кәкім би, қарақалпақта - Сасық би, Қатаған-Жайма, басқа ұсақ рудан тағы бір би".
Қазақ совет энциклопедиясының 10-шы томында Тәукенің хан болып сайлануы 1680 жылды қайталап жазған. Жоғарыда көрсетілген мәліметтерге қарағанда, осы күнге дейін қазақтың ілгеріде өткен кемеңгер ұлдарының бірі туралы зерттеулердің әлі де қарама-қайшы екендігін анық байқатады. Шын мәнінде баға беретін болсақ Тәуке хан қазақ елінің ақылгөй, данышпаны, тірі кезінде "әз Тәуке" "адамзаттың данасы" деп аталынған, қазақ елінің ұлттық мақтанышы деуге әбден лайық. Әрине, қазіргі уақытта жалпы әдебиетте қалыптасқан көзқарасты мойындай отыра біз Тәуке ханның таққа отыруын 1680 жылмең белгілейміз. Ал жалпы оның туған жылын анықтауды болашақ зерттеушілердің үлесіне қалдырдық.

1.2 Әз-Тәуке ханның ішкі және сыртқы саясаты


Тәуке ханның ішкі және сыртқы саясаты Тәуке хан қазақ елінің қасиетті қаласы Түркістанда ақ киізге көтеріліп, бүкіл үш жүздің ханы болып сайланғаннан кейін қазақтың сол заманындағы қоғамының ішкі және сыртқы саясатына ерекше көңіл бөліп, сол кезеңнің өзінде- ақ ұлт мемлекеттілігін халықаралық деңгейге, биік дәрежеге көтеруге аянбай күш салады. Атап айтатын болсақ, Тәуке хан қазақ мемлекеттігін нығайту үшін ең алдымен бет-бетімен ру-руға бөлінген, бір- бірімен қырылысып жатқан елінің ұлттық бірлігін сақтауға аянбай күш салады. Елдің басын біріктіру мақсатында ру басшыларының алауыздылық қимыл-әрекеттерін қолдағы бар тәсілдің бәрін қолданып тыюды мақсат етті. Қазақ қоғамында дау, жанжалдың негізі көшпелі елдің мал жаятын жайылымының, қоныстың тарлығынан туып отырған. Экстенсивтік көшпелі қоғамда мал жаятын өрістің тарылуы басқа аймаққа көшуге мәжбүр етеді, басқа рулардың қоныстарына мал жаюға тура келетіні ақиқат. Малдың өсіп-өнуі, жетілуі тек шұрайлы жерге байланысты. Тәуке хан ішкі саясатта ең алдымен осы мәселені шешуге атсалысты. Ең алдымен үш жүздің жайлау, қыстау және күзеулерін Қазақстан территориясының ерекшеліктерін ескерумен бөлуге назар аударады. Үш жүздің білгір билерінің басын қосып, айларға созылған кеңестен кейін жайылымдардың барлығын тарихи қалыптасқан пайдалану негізінде бөледі. Бұдан былай жайылымдар ру-ру болып пайдалануға берілді және әр ру белгіленген аймақтың шеңберінде ғана көшіп-қонуға мүмкіндігі бар. Белгіленген жер межесінің шеңбері рудағы түтін санына және мал мөлшеріне қарай бөлініп отырды. Ендігі уақытта көшпелі қазақтар руларымен белгіленген жерге ие бола алған, сол жайылымның шеңберінде ғана мал жайып, көшіп-қонатын болған. Жерді пайдалану барысында дау туатын болса, ру басшылары, билер әділеттілікпен шешіп отырған.


Тәуке хан ішкі саясатында қолдағы бар мүмкіншіліктерді пайдалана отырып, қайткен күнде де ру арасындағы алауыздықты тыю үшін сонымен қатар ел басқару ісін жақсартуды күн тәртібіне қойды. Бір орталықтан басқарылатын қазақ мемлекеттілігін құру үшін бірінші санатта тұрған мәселе Шыңғыс хан ұрпағынан тараған сұлтан, төрелердің және ерекше статусқа ие болған қожалардың, қазақ қоғамындағы құқықтық жағдайларын өзгертуге ден қояды. Ондағы мақсаты мемлекеттік басқару ісіне әр ортадан шыққан қабілетті, туа біткен дарынды адамдарды тарту еді. Қазақ қоғамында Шыңғыс хан заманынан қалыптасқан дәстүр бойынша ел басқару сұлтан, төрелердің маңдайына жазылған қағида болды. Соның нәтижесінде елді билеген сұлтандар басқару ісін өнері, ақылы, беделіне қарай емес, жиі-жиі жағдайда тек тұқым қуалаған атағымен алып отыратын болған.
Көшпелі қазақ қоғамын зерттеуге үлкен үлес қосқан көрнекті ғалым, академик С.З.Зиманов былай деп атап көрсетеді: "Қазақстан территориясында Шыңғыс ханның және оның балаларының, немерелерінің үстемдік ету дәуірі барлық жердегідей қорқыту және халықты қарыспай бағындырумен көзге түсіп, жаңа ұрпаққа мұра ретінде сол үкіметтің беделінің алдында табынуды және олардың тұқымдарының ең жоғарғы билікті іске асыруға жаралғандығын мойындатты. Және мұндай көзқарас адамдардың санасына әбден сіңгеніне байланысты бұл қағиданы бұзу шындап зардап туғызуға әкеп соқтыратыны сөзсіз еді". Төре тұқым атанған бұл топтар қазақ қоғамында элиталық дәрежеге ие болғандықтан қарапайым халықпен неке құруды Шыңғыс хан ұрпақтарының беделін түсіру, хан ұрпағының қанын бұзу деп таныды. Тек қана өз іштерінен қыз алысқан олар экзогамиялық табу тәртібін орындамағандықтан ұрпақтың ой-өрістік, даналық санасының төмендеуіне әкеп соқтырғаны ешқандай дәлелді қажет етпейді. Оны адамзаттың неке құру заңдылығы мындаған жылдар бойы дәлелдеді.
Тәуке хан қолдағы бар мүмкіншіліктерді пайдаланумен халықтың, ел басшыларының санасына ел арасында өзінің ақыл-парасатымен, батырлық әрекеттерімен ел басқару ісіне бейімі бар дарынды тұлғаларды тарту қажеттігін сіңіруді саясатының ең басты мақсаттарының бірі деп таныды. Салыстырып байқайтын болсақ, Тәуке ханның бұл саясаты I Петр жүргізген саясатпен ұштасады. Бұл шаралар өзінің нәтижесін де берді. Қазақ қоғамының саяси аренасына осындай саясаттың негізінде халық арасынан шыққан дарынды билер мен елдің тәуелсіздігі мен бостандығын қорғауда ерлік танытқан батырлар көтеріле бастайды. Мемле- кеттік аппараттың құрамында үлкен өзгерістер болды. Атап айтатын болсак, басқару процесіне бұрын беймәлім болған "Билер кеңесі" енгізілді. Бұл мемлекеттік орган қазақ мемлекеттілігінің саяси жүйесінде үлкен құқықтарға ие болумен қатар, ішкі, сыртқы саясатты жүргізуде орасан зор роль атқарды.
"Билер кеңесі" сайланған алқалық орган ретінде талқыланған, қаралған мәселе бойынша қайта айналып қарауды қажет етпейтін шешім қабылдау дәрежесіне дейін көтеріле алған. "Билер кеңесі" өзінің мемлекеттік функцияларын тұрақты түрде атқарып отырды. Үш жүз рулары арасындағы шиеленісті дауларды шешуде, сепаратистік қимыл-әрекет жасаған сұлтандарды және жалпы трайболизмді тежеуде өлшеусіз роль атқарып отырды. "Билер кеңесінің" нақтылы мәселе бойынша қаралған істерінің шешімдері заң күшіне еніп, ханның өзі оны жоққа шығара алмағандығын айта кеткен жөн. Бұл мемлекеттік органның құрамына негізінен ру, ел басшыларының (ақылгөй ақсақалдардың) жиылысында бата алған, яғни сайланған от ауызды, орақ тілді шешендер, аймаққа танымал болған беделді адамдар және ұрыстарда ерлік танытқан батырлар енген. "Ханда қырық кісінің ақылы бар" деген сөз содан қалса керек. "Билер кеңесінің" құрамы қажет болған жағдайда кеңейтіліп отырған. Тәуке ханның тұсында "Билер кеңесінің" құрамына атақты Төле би, Қаз дауысты Қазыбек, Әйтеке, Досай, Едіге, Сырымбет, Қабек, Даба, Есейхан, Жалған, Ескелді, Сасық би, Байдалы, Тайкелтір, Қоқым сияқты дарынды қайраткерлер мен батырлар кірген. Бұл органның қазақ қоғамында беделінің артқаны сонша, тіпті Тәуке хан оның келісімінсіз, бекітуінсіз мемлекеттік маңызы бар шешім қабылдауға құқы болмаған. "Билер кеңесі" өзінің мемлекеттік статусы бойынша ханның билігін шектеу құқына ие болған, көшпелі қазақ қоғамының тұрмыс-тірлігіне сай қалыптасқан ұлы даланың сол кездегі парламенті және ең жоғарғы сот органы ханның ішкі және сыртқы саясат мәселелері бойынша шешім қабылдауы "Билер кеңесінің" құптауын талап еткен. Бір сөзбен айтқанда, қазақ қоғамында атқарушы билік ханның қолында шоғырланған. "Билер кеңесі" шығарған заңдар мен шешімдерді хан іс жүзіне асырып отырған. Хан билік жүргізуді мұрагерлік жолмен қабылдағанмен мемлекеттік маңызы бар мәселелер бойынша "Билер кеңесінің" ұйғаруынсыз шешім қабылдай алмайды. Тек тығыз мәселе бойынша тез арада шешуді талап ететін жағдайда хан өз тарапынан батыл қимыл-әрекеттер жасауға құқылы.
Жоғарыда көрсетілген тұжырымды қорыта айтатын болсақ, қазақ мемлекеттігінің билік жүргізу формасы алғашқы қауымдық құрылыстың "Ақса- қалдар кеңесі" атанған басқарудың нышандарымен ұштасқан құрылым екенін байқамасқа болмайды. Сондықтан Тәуке хан құрған мемлекеттік алғашқы кауымдық құрылыстың ыдырауының ең соңғы кезеңінде қалыптасқан әскери-демократия сатысы мен мазмұнына дәлме-дәл сәйкес келетін құрылым. Бұл кезенде рулық құрылымның дәстүрлері жаңа қалыптасып келе жатқан мемлекеттің нышандарымен біте қайнасып жатады. "Билер кенесі" Тәуке хан құрған мемлекеттілікті нығайтуға өлшеусіз үлес қосты. Халық мүддесіне қызмет еткен, ішкі және сыртқы саясат жүргізуде тиімді, даналық қызмет атқарғанына тарихтың өзі куә. "Билер кенесі" негізінде Сырдарияның бойында орналасқан Әңгірен, Түркістан мен Сайрам жерінде орналасқан Битөбе, Мәртөбе сияқты жерлерде шақырылып тұрған. Тарихтан мәлім, Тәуке ханның тұсында, әсіресе 1698-1717 жылдар аралығында қазақ елінің территориясына жоңғар басқыншылары баса-көктеп кіріп, бейбіт өмір сүріп жүрген көшпелі қазақ халқының кең даласын қанға толтырды. Дәл осындай қиын қыстау кезеңде Тәуке ханның ірі реформаторлық касиеттері айқын көрінді. Ішкі әскери стратегия- лық саясатта Тәуке хан қазақ даласында шайқастың бірнеше тактикасын ойлап тауып, жаудың қарулы күштері мен жасақтарын әлсіретіп барып, ойсырата соққы беруді дағдыға айналдырды. Қазақ әскерінде Шыңғыс хан құрған әскери басқаруды қайта жандандырды. Әскерде қатаң тәртіп орнатылды. Әскерде басшылық ету Он басы, Жүз басы, Мың басы болып қалыптасты. Мың басылыққа Тәуке ханның ұсынысымен "Билер кеңесі" аса ерлік көрсеткен ақылгөй батырларды бекіткен.
Бас қолбасшылық Тәуке ханның қолында болды. Тәуке ханның әскерінің жалпы саны соғыс жылдарында 80 мың сарбазға жетіп отырған. Ал бейбіт өмір сүрген кезенде, қысқы мерзімдерде Хан ордасында 500-1000 -ға жуық тұрақты жасақтар ғана болған. Олардың негізгі міндеті хан ордасын ішкі бүлікшіліктен қорғау және ханның қауіпсіздігін сақтаумен шектеліп отырған.
Жалпы алып қарайтын болсақ 80 мыңнан аса әскер жинау қазақ хандығы құрылған кезеңнен бері болған оқиға емес еді. Тәуке хан өлгеннен кейін билікке таласқан қазақ басшылары әскердің санын, сапасын да күрт төмендетіп жібергені тарихтан мәлім. Егер "Ұлы жүз қазақтары әз Тәуке кезінде қару-жарақтары сай 50 мың атты әскер шығара алатын болса, жоңғарлармен болған Аңырақай шайқасынан кейінгі жаудың екінші шапқыншылығынан кейін Төле бидің Тәуке хан моласын құшақтап жылаған шағында қолбасшы Қойгелді жинаған жасақ 5 мың адамға да жетпеді. Мұның өзі талай жағдайды аңғартса керек" - деп атап көрсетті танымал тарихшы К.Нұрпейісов.
Тұрақты әскердің болмағандығынан Хан ордасында сыртқы шабуылдан сақтанудың арнайы шаралары да ескерілген. Тәуке ханның тікелей өзіне ғана бағынатын "Барлаушылар жасағы" атты арнайы дайындықтан өткен сарбаздар тобы құрылды. Олардың мақсаты бейбіт өмір кезінде жау баса-көктен кіретін жолдардың маңына, айналасына барлау жасау. Жоңғар шапқыншылығы жылдары Тәуке ханның "Барлаушылар жасағының" адамдары, тіпті, Жоңғар территориясына жасырын түрде еніп, олардың әскерінің санын, әскери дайындығын, соғысты қандай тәсілде жүргізетінін, шабуылға қай айда, аптада шығатыны туралы мәліметтерді хан ордасына жедел түрде жеткізіп отырған. Жау шабуылы туралы барлаушылардан мәлімет жеткенде ел арасына тез арада жаушы жіберіп, әскерді жинап алып отырған.
Тәуке хан орнатқан тәртіп бойынша, әр ру басшылары мен билер өз елінің барлық мүмкіндіктерін пайдалана отырып, жауға аттанатын азаматтарын ер-тұрманмен, сәйгүлік атпен, қару-жарақпен қамтамасыз етуге міндеттенеді. Мойнына қару асынған қазақ әр уақытта ел қорғаушысы ретінде танылумен қатар, аса құрметті дәрежеге көтерілгенін бізге жеткен жазбалардан байқаймыз. "Аттан!" деген хабармен қару ұстай алатын азамат атқа қонып, жаушы жеткізген хабармен белгіленген жерге жиналған.
Қазақ тарихы хақында құнды еңбектер жазған Қошке Кемеңгерұлы былай деп жазды: Халықтан оқшауланып кетуге қазақ хандарының бөлек әскері болмады. Халық милициясы ретінде әр азамат қару алып жауға аттануға хақылы еді… Қарусыз адам, әскер санатына қосылмаған адам төмен бағаланушы еді. Тәуке заңында қарулы адам алымның жиырмадан бірін төлейтін болған, қарусыз үлкенге қарулы жас орын бермейтін болған. Қарусыз азамат алқасында дауысқа ие емес"
Тәуке хан әскердің соғысу қабілетінің күшті болуына ерекше назар аударған. Соғыс өнерінің әр саласынан хабары бар адамдар жауынгерлерді арнайы дайындықтан өткізуді мақсат еткен. Дайындық барысында жауынгерлер ат үстінен садақпен оқ ату, шоқпарды дұрыс пайдалану, найза шаншу, мылтықпен нысананы дәлдеп ату, аттан аударып түсіру сияқты соғыс өнерін жетік меңгеретін болған.
Сонымен қатар Тәуке хан жоңғарлардың аяқ астынан шабуылға шығуына қарсы қазақ даласында топырақтан үйілген немесе тастан қаланған биіктігі 10-15 метрге жеткен әскери мұнаралар салдырды. Бір мұнара мен екінші мұнараның арасы шамамен алғанда 5-7 шақырым болған. Егер жау тұтқиылдан шабуыл жасаса, әлгі әскери мұнара үстінде қарауылда отырған сарбаздар тез арада от жағып, келесі көрінетін мұнараға жау келе жатқаны туралы белгі беретін болған. Отты немесе оның түтінін көрген екінші мұнарадағылар да от жағып, келесі мұнаралардың үстінде отырған сарбаздарға белгі беретін болған. Осындай стратегиялық тактиканы қолдану нәтижесінде құмырсқадай қаптап келе жатқан жауды бірер минут ішінде 80-100 шақырым жерден біліп, негізгі күштерді соғысқа әзірлеп үлгеріп отырған.
Тәуке ханның аса көрегендігі, ақылдылығы мен парасаттылығы оның әрбір қимыл-әрекетінен де анық көрінді. Бірде Тәуке хан өзінің айналасындағы қолбасшыларына тапсырма беріп отырып, әлгілердің тапқырлығын сынамақ болады да, әңгіме барысында былай дейді:
-Мен мынаны білсем деймін. Жоңғар шапқыншылығын тоқтатып, олардың ордасын күл-талқан ету үшін қазақ халқына не қажет?
Біршама ойланған серіктестері әр түрлі пікір айтқан көрінеді. Сонда Тәуке хан:
-Бәрі дұрыс-ақ, тоқ етерін айтатын болсақ, қазақ халқына Құдайдың құтты күні және болашақта да ауызбірлік қажет. Ол еліміздің мәңгілік қаруы, күш- қуаты және жеңістеріміздің күре тамыры, - деген екен. Ия, Тәуке ханның сол кездегі көрегенділігі қазақ халқының бүгінгі қажетіне де анық жарағандай.
Тағы мынандай бір аңыз бар. Қаптап келе жаткан жоңғар әскерлерін көрген қазақ сарбаздары біршама абыржып, тіпті кейбіреулері қашуға ыңғай бере бастайды. Қалың қолдың бұл халін дер кезінде байқаған Тәуке хан жанында тұрған серіктесінің біріне:
-Тез арада жылан тауып алып кел, - деп бұйырады. Алып келген жыланды ұстап тұрып, бүкіл әскер алдында:
-Бисмиллә, Алла біздің жағымызда, тыныш жатқан ел едік, еліміздің даласын қанға бояған жоңғарлардың басын былай жұламыз, - деп ұстап тұрған жыланның басын жұлып алып:
-Алла жар болсын! Алаштың әруағы қолдасын! Алаш, Алаш! - деп жауға қарсы шаба жөнелгенде сарбаздардың рухы көтеріліп, артынан қоса жөңкіле жөнелген екен. Жыланның басын жұлу себебі, жоңғарлардың туында айдаһардың суреті болған. Осы бір ғана сәттің өзінен Тәуке ханның өте айлакер, ақылгөй, психолог, әрі стратег екенін анық байқауға болады.
Сыртқы саясатта Тәуке хан ең әуелі жоңғар шапқыншылығына тойтарыс беру мақсатында көрші мемлекеттермен қатынасты нығайтты. Ең алдымен Тәуке хан діні бір, тілі бір көрші орналасқан Бұхарамен дипломатиялық қатынастарды биік дәрежеге көтерді. Екі ел арасында негізінде қақтығыстар бір-бірінің керуендерін тонаудан болып тұрды. Тәуке хан өзінің арнайы жарғысымен қазақ жерінен өткен Бұхара елінің керуен, саудагерлерін тонауға тыйым салды. Бұдан былай ондай әрекеттер болған жағдайда кінәлі адамдар қатаң түрде жазаға тартылған еді. Бұхарада Тәуке ханның бұл қадамдары жылы қабылданды, қазақ еліне жасалынып жатқан шабуылдар пышақ кескендей тоқталды. Бірақ Тәуке ханның Бұхара басшыларын Жоңғар шапқыншылығына қарсы бірге күреске шақыруы ешқандай қолдау таппады, не болса да соғыстың артын бағу саясатын көздеген еді.
Тәуке хан 1686-1693 жылдар аралығында Ресейге өз елшілерін жібереді. Ондағы мақсаты - қазақ қоғамымен, оның бай мәдениетімен орыс елін таныстыру, екі ел арасындағы сауда қатынастарын жандандыру еді. Ал кейінірек, 1714 жылғы Жоңғарлардан қатты соққы алып, жеңілгеннен кейін Тәуке хан Ресеймен достық қатынастарды нығайтуды және онымен одақтасуды өзінің сыртқы саясатының ең маңызды мәселесі деп таниды. Жоңғарлар басып алған қазақ жерін азат ету үшін I Петр патшадан көмек сұрауға дейін барады.
1694 жылы Тәуке хан Түркістанда Федор Скибин, Матвей Трошихин деген орыс елшілерін сән-салтанатпен қабылдап, қазақ елінің әскери күшін көрсете отырып, келіссөз соңында оларға батыл түрде: "Түрік сұлтанының немесе Қызылбас (Парсы) шахының менен, Тәуке ханнан несі артық? Олар да мен сияқты ғой" - деген екен. Бір сөзбен айтқанда, ол қазақ елінің сол кездің өзінде барлық елдермен тең құқықтық жағдайда болуын талап еткен, отарлық саясаттың қандай түріне де үзілді-кесілді қарсы тұрған. Тіпті қазақ пен орыс халықтарының арасында қақтығыстар болып қалған жағдайдың өзінде өз халқының ұлттық ар- намысын аяққа бастырмауға тырысқан. Осыған бір дәлел, 1709 жылы Ресейде Кондратий Булавиннің патшаға қарсы жасаған көтерілісі жеңіліске ұшыраған соң, оның туының астында болған мыңдаған орыс казактары I Петрдің жазаға тарту саясатынан қашып, Дон өзенінен өткен соң қазақ даласына қарай бет алады. Бұлардың көбісі баукеспе қарақшылар, орыс үкіметінің заң алдында жауапқа тартылуы қажет, бірақ қолға түспей қашып кеткен қауіпті қылмыскерлер тобы болған. Соның нәтижесінде бұл қарақшылар Еділ мен Жайық өңірінде қоныс теуіп отырған қазақ халқына қырғидай тиіп қазақ елінің қонысын ғана тартып алып қоймай, бейбіт өмір сүріп отырған қазақтарға қарсы айуандық, бассыздық, зорлық-зомбылық әрекеттер жасайды. Мылтықпен қаруланған орыс казактары көшпелі елдің өміріне ойран салады, еркін даланы қанға бояйды. Мұндай әрекеттерді естіген Тәуке хан тез арада "Билер кеңесін" шақырып, орыс қашқындарының бассыздық әрекеттерін тыю мақсатында Әбілхайыр сұлтан мен Бөгенбай батырды 30 мың сарбазбен жорыққа аттандырады. Бұл жасақ өзінің алдына қойған міндетін ойдағыдай орындайды. Көп шығынға ұшырамай, қысқа мерзім ішінде бассыздыққа жол берген қарақшыларды күл-талқан етеді. Қалған аз ғана құрамы Еділ өзенінің арғы жағына өтіп, әрең дегенде қашып құтылады. Осының нәтижесінде қазақ елінің Ресей жағындағы шекарасы аздаған жылдарға дейін берік болып тұрған. Орыстың бір елшісі Тәуке ханның даналық қасиеттеріне бас ұра отырып өз жазбаларында былай деп атап көрсетеді: "Тәуке хан ақылды адам болған және де қазақтар оны аса құрметпен қастерлейді".
Сыртқы саясатта Тәуке хан қазақ халқы мен діні, тілі және салт-санасы, генетикалық тамыры бір көршілес Қарақалпақ және Қырғыз халықтарына да ықпалын тигізіп отырған. Ағайын елдің ақсақалдары, ел басшылары Тәуке ханның көрегенділігіне, ақылды, әрі батыл қимыл-әрекеттеріне лайықты баға беріп қана қоймай, сонымен қатар, әр уақытта қолдарынан келгенше жәрдемдерін беріп тұрған. Халқымыздың дара туған перзенттерінің бірі Шоқан Уәлиханов Тәуке ханның осындай саясатына назар аударған және өзінің "Қырғыздар туралы жазбалар" деген еңбегінде былай дейді: "Ал енді Есімнің немересі, Жәңгірдің баласы Тәуке қырғыздардың биі ретінде басқарып отырған (қырғыздардың Тиес деген биі соған бағынған). Бүкіл рудың билеушілері есебінде Тәуке мен Тиестің аты Тәуке-Тиес деп бірге аталыпты". Шоқанның бұл жазбалары Қырғыз елінің Тәуке хан заманында қазақ мемлекеттігінің протекторатында болғанын аңғартады.
Ал қарақалпақ елі Тәуке ханның әскер құрамына 6 мыңдай әскер беріп, қазақ елінің тәуелсіздігін қорғауда қан төккен. Екінші жағынан, қарақалпақ елі Тәуке ханның берік қорғауында болғанын айқын түрде аңғартады. Бұл туралы қорытынды жасауымыз негізінде Ресейдің елшісі Василий Кобоков өзінің жазбаларында көрсетілген мәліметтерге негізделді. Жалпы бұрын-сонды жазылған тарихи, публицистикалық әдебиеттеріне Тәуке ханның қазақ мемлекеттілігін құрудағы атқарған өлшеусіз қызметі және ол негізін қалаған қазақ мемлекетінің формасы хақында біржақты пікір қалыптасқан. Мысалы, 1949 жылы басылып шыққан Қазақ ССР тарихында Тәуке ханның аталмыш бағыттағы қызметі мен мемлекеттілігінің мәні былайша бағаланады: …Тәуке ханның мемлекетін бір орталыққа бағынған бірыңғай мемлекет деп айтуға болмайды. Тәуке хан осы бағытта батыл әрекет қана жасады: Қазақ мемлекетінің саяси бірлігін шамалы ғанақалпына келтіруге және қазақ сұлтандарының ханды қолдауына сыртқа қауіп қолайлы жағдайлар туғызса да бұл әрекет іске аспады".
Осындай пікірді 1957 жылы жарық көрген Қазақ ССР-інің тарихы да растағандай болады. Осы мәселеге тиісті кітапта мынандай мәлімет бар: Тәуке, орталықтанған қазақ мемлекетін құрушы болды деген әдебиетте кездесетін пікір қате пікір. Қазақ хандықтары бұрынғыша феодалдық- бытыраңқы мемлекеттер болып қала берді, демек, сырттан шабуыл болмауына көршілес мемлекеттердің бағындырып алмауына кепілдік жоқ әлсіз мемлекеттер болып қала берді". Осындай тұжырымдардың жетегімен негізінде кейініректе жарық көрген көптеген тарихи еңбектер жарық көрді және жалпы Тәуке хан туралы жаңа идея айтылмады. Көп жағдайда оның себебі советтік тоталитарлық жүйемен, партиялық зерттеу әдісі, таптық принциптер талаптарында болды. Осы сарынмен совет дәуірінде басылып шыққан Қазақ совет энциклопедиясы Тәуке хан туралы бір ауыз сөз көлемінде мәлімет беріп, оның құрған мемлекеттілігін мына мағынада суреттеді: "Тәукенің хандық үкіметті нығайту әрекетінен нәтиже шықпады, қазақ хандықтары бытыраңқы күйінде қалды…
Қазақ халқының тарихын зерттеген Шапырашты Қазыбек Бек Тауасарұлы Тәуке ханның жеке басы мен қызметіне мынандай сипаттама береді: "…Тәуке қазақ елінің ордасына бас бола салысымен ең бірінші қолға алғаны елдің, үш жүздің бірлігі болды… Тәуке хан өз төңірегіне батырлардан бұрын ел арасындағы ғақыл иесі адамдарды жинады… Тәуке хандар ішінде ғақылы асқан, сол ғақылдылығымен үш биді қатар ұстап, олардың көңіліне қонған сөздерін кешіктірмей іс жүзіне асырып отырған адам. Билер де өз тарапынан оның өкімдігін мойындап, басқа бұра тартқандарды ауыздықтап отырған".
Жоғарыда айтылған пікірлер, әрине, Тәуке ханның тұлғасын, халық үшін атқарған өлшеусіз қызметін, жүргізген саясатын және оның құрған қазақ мемлекеттігін толығымен қамтымаған. Зерттеу барысында біз мынандай қорытындыға келдік. Тәуке хан қазақ елінің біртуар, данышпан қайраткерлерінің бірі. Хандық билік жүргізген аралықта бұрын бытыраңқы жағдайда жүріп, қайсыбір мемлекеттерге жем болған, қазақ ұлдарын құлдыққа, қыздарын күндікке ұшыратқан үш жүздің ел басыларын бір орталықтан басқарылатын мемлекеттің астына топтастыра алды деп айтуға ғылыми негіз бар. Бұл сол заман талабына сай қабылданған, бір орталықтан басқарылатын мемлекеттің тиімді құқықтық негізі ретінде танылған тәуелсіз қазақ елінің тұңғыш хартиясы, әрі негізгі ата заңы болған Тәуке ханның "Жеті Жарғысы", жаудың қандай да болса шабуылына тойтарыс бере алатын, бір орталықтан басқарылған күшті әскер және халықты әрбір қимыл-әрекеттерге жұмылдыра білетін, саяси билік жүргізе алатын басқару жүйесі еді. Көптеген зерттеушілеріміз осы факторларды зерттеу барысында ескермеген сияқты. Біздің мұндай тұжырымымыз ойдан туған қияли пікір емес, зерттеу барысында жан-жақты талдау жасаудың қорытындысы және бірнеше ғалымдардың еңбектеріне сүйенген қорытынды деп айтуға болады.
"Қазақ халқының Геродоты" атанған, еліміздің тарихының білгірі, қазақтар туралы құнды еңбек жазған А.Левшин Тәуке хан құрған мемлекеттің аса жоғары дәрежеде болғандығын дәлелдегендей. Ол былай деп жазды: "Было время, - говорят благоразумнейшие из киргизов Меньшей Орды - когда и наш народ жил в покое; было время когда и у нас существовал порядок; были законы и правосудие. Сей золотой век, о котором воспоминают они со вздохом, есть царствование знаменитого хана Тявки, который… был действительно в своем роде Гений, и в летописях Казачьих должен стоять наряду с Солонами и Ликургами. Усмерив волновавшиеся долго роды и поколения, он не только ввел в них устройство, порядок, но и дал им многие законы".
Сонымен қатар Тәуке хан елге билік жүргізген кезеңде бір орталықтан басқарылған мемлекеттің құрылғанын С.Мұқанов та мойындайды. 1948 жылы басылып шыққан Абай шығармаларының толық жинағына жазған алғы сөзінде мынандай қорытындыға келеді: "Бұрын ұсақ хандықтарға бөлінген қазақ руларының XVI ғасырда тұтас бір мемлекет болуы тарихтан мәлім. Осы мемлекет, 1748 жылы Тәуке хан өлгеннен кейін әлсіреп, "Үш жүз" атанған қазақ, үш хандыққа бөлініп кетті. Қазақ халқының бұлайша ыдырауын Қазақстанның шығысында монғол тұқымдас елдерден құралған, қазақпен үнемі жауласып келген Жоңғар хандығы пайдаланып, 1723 жылы шабуыл жасады".
Тәуке ханның бір орталықтан басқарылатын қазақ мемлекеттігін құрғанын аса көрнекті қазақ тарихшысы Е.Бекмаханов та дәлелдейді. Зерттеушінің қорытындысы бойынша Тәуке хан "ру араздығына қарсы аянбай күресті және жеке сұлтандар мен билердің дербестігін шектеді… сот билігін толық өз қолына шоғырландырды… Осындай шаралармен орталықтанған мемлекетке қарсы билер мен сұлтандардың мүддесіне ауыр соққы берді”.
Революцияға дейінгі қазақ тарихнамасына көз жіберетін, болсақ Тәуке ханның жүргізген реформаторлық, данышпандық қимыл-әрекетінің нәтижесінде қазақ қоғамында бір орталықтан басқарылған, ішкі және сыртқы саясатты тиімді түрде қамтамасыз ету санаты деңгейіне жеткен мемлекеттіліктің болғаны бір ауыздан мойындалады. Атап айтсақ "Айқап", "Қазақ" сияқты ірі басылымдар осы пікірді дәлелдегендей. Сол кезеңнің ірі тарихшысы, ойшыл, публицист, Каир университетінің заң факультетін үздік бітірген, білімпаз ғалым Ғабдулғазиз Мұсағалиев өзінің 1913 жылы "Айқап" журналында жарық көрген көлемді еңбегінде былайша дәлелдейді. "XVII ғасырдың аяғы, XVIII-ші ғасырдың басы қырғыз-қазақтардың күні туып тұрған шағы еді. Сол уақытта қазақ хандарынан Тәуке хан өзінің әділ һәм ақылдылығы арқасында қазақтың үш ордасын, яғни Ұлы жүз, Орта жүз, Кіші жүз қазақтарын біріктіріп, өзіне қаратқан қазақтардың өз арасындағы соқтық жанжалдарды бітірген: Күшсіз табындарды күштілерге қарсы тұру үшін біріктіріп, күштілерді жуасытқан; Жарлыны байға, күштіні күшсізге біртегіс етіп заң-закон түзеген… Тәуке ханнан кейін қазақтардың басына түрлі-түрлі ауыртпалықтар келе бастаған. Жоңғариядағы салтанат сүюші Қалден- Церен хан ол уақытта өте күшті еді. Тәукеден кейінгі қазақ хандарының арасында береке, бірлік болмай әр уақыт бір-бірімен шабысып, жауласып тұрған. Қалден-Церен қазақ хандарының бұлайша өзара дұшпандықтарын пайдаланып, қазақтарды неше қатты шауып, оларға көп зығыр келтірген".
Зерттеуші бұл тұжырымдарын 1914 жылы "Қазақ" газетінде тағы да растай келе, мынандай қорытынды жасайды; "Үш жүз: Ұлы жүз, Орта жүз, Кіші жүздегі қазақтың бас руларын бір ауызға қаратып, қазақтың күш-қуатын арттырған ақылды Тәуке хан өлген соң-ақ, қазақ даласы, қазақ халқы оңды бір хан көрген, көзі ашық бір бастыққа ұшыраған жоқ. Тәукеден кейінгі хан тұқымдары үйірге жаңа түскен сәуріктерше, қазақтың бас, мықты руларының араларына от салып, алды-алдына болып бытырап, қас болып тұрғандықтан, өз қол астындағы қазақтарды да бір-бірімен жауластырып, қырылыстырып бітірді".
Дәл осындай пікірді белгілі тарихшы B.А.Моисеев қолдайды. Ол: "Тәуке хан басқарған жылдарда қазақ хандығында орталықтанған бағыт күшейе түсті… Тәуке өлгеннен кейін қазақ хандығында сыртқа тебетін бағыт күшейе түсіп, Тәукенің мұрагері Ғайыпқа сепаратистік пиғыл көздеген хан мен сұлтандардың қимыл-әрекеттерін тыю қиынға соқты". Қорыта айтатын болсақ, ақылы асқан әз Тәуке хан өз заманының ірі тұлғасы ретінде қазақ елін бір орталықтан басқарылған, оның тыныштығы мен тәуелсіздігін қамтамасыз еткен мемлекет құрды деп айта аламыз. Бұл тарихи ақиқат.

2. Әз-Тәуке ханның «Жеті Жарғысы»


2.1 «Жеті Жарғы» заңдар жинағы


Тәуке ханның реформаторлық қызметінің сапынан ерекше орын алатын мәселе - қазақ қоғамының құқықтық жүйесін қалыптастыруы. Мемлекетті нығайтып, тәртіп орнату үшін тиімді, халық мүддесіне сай келетін орындалуы арнайы тетіктермен қамтамасыз етілетін заң жүйесі болуы шарт. Бұл қағиданы Тәуке хан аса көрегенділікпен түсінген. Құқық жүйесін жасау қызметіне қазақ қоғамынан өздерінің қара қылды қақ жарған әділ шешімдерімен елге танымал болған билерді тарта білді. Олардың негізгі өзегін " Үш пайғамбар" атанған Төле би, Қаз дауысты Қазыбек және Әйтеке би құрады. Соның негізінде қазақ қоғамының ұлттық Хартиясы - "Жеті Жарғы" дүниеге келді. Ол тек қана сол заманның талаптарына сай келетін құқықтық құжат емес. Ол мәні және мазмұны жағынан көшпелі қазақ халқының этникалық, шаруашылық ұйымдастыру және географиялық ерекшеліктерін сай қабылданған аса құнды құқықтық ескерткіш болып табылады. "Жеті Жарғының" әрбір бабы қазақ халқының әлеуметтік практикасының жемісі, ұлтты қорғау үшін, көшпелі қоғамдық қатынастарды тиімді реттеу үшін қабылданған және талқылау барысында идеялық пікірталас, билердің данагөйлігінің қорытындысы. "Билер кенесі" бекіткеннен кейін ауызша түрде ел арасына таралған. Тарихи, құқықтық әдебиеттерде "Жеті Жарғы" қай жылы қабылданғаны туралы мәліметтер жоқ. "Жеті Жарғыны" тұңғыш болып зерттеген шығыстанушы ғалым Н.Өсеров оны 1680 жылы қабылдады деген пікір айтады . Басқа әдебиеттерде қабылданған жыл көрсетілмейді. Біздің ойымызша, "Жеті Жарғы" 1684-1685 жылдары қабылданған құқықтық құжат. Олай дейтін себебіміз, қазақ қоғамына аса маңызы бар бұл заңдарды бір жылдың аралығында қабылдау ешқандай ақиқатқа сай келмейді. "Есім ханның ескі жолы", "Қасым ханның қасқа жолы" сияқты қазақ халқының зандарын бір жүйеге салу, жаңа нормалар енгізу, ескі заман талаптарына сай келмейтін нормаларды жоққа шығару жұмыстарын Тәуке хан 1680 жылы таққа отыра салып жасап үлгерді деуіміз ғылыми шындыққа сай келмейді. Заң шығару үшін арнайы дайындықтар қажет, пікірталас болуы шарт. Үш жүздің өздеріне тән болған, партикулярлық мазмұндағы әдет-ғұрыптық құқық жүйесін бір арнаға тоғыстыру уақытты, кеңесті, данагөйлілікті талап ететін ұзақ мерзімнің шаруасы. "Күлтөбенің басында күнде кеңес" деген сөз сол мағынаны берсе керек. Қазақ ұлтының аса патриот ақыны, қоғам қайраткері Мағжан Жұмабаев "Түркістан" деп аталатын әйгілі өлеңінде әдеттік құқық жүйесін систематизациялау ісінің күрделі, қиын және маңызының тарихта зор болғанын былайша суреттейді:


Әділ хан аз болды Назардайын,
Алашқа Есім ханның жолы дайын.
Тәукедей данышпан хан құрған екен,
Басында Күлтөбенің Құрылтайын.
Ал кезінде Тәуке ханның әрі елшісі, әрі кеңесшілерінің бірі болған Қожаберген жырау "Жеті Жарғының" пайда болуы хақында былай дейді:
Шығайдан соң орнына Тәуке қалды,
Кезінде әз-Тәуке деп атақ алды.
Қазыбек, Төле, Әйтеке ақылшы боп,
Дейтұғын "Жеті Жарғы" заң шығарды.
Әз Тәукенің "Жеті Жарғысына" теориялық-ғылыми тұрғыдан талдау жасап қарасақ, оның әрбір бабы, талаптары мен реттеу функциялары сол заманның тарихи жағдайларына дәлме-дәл сәйкес келетінін байқаймыз. Тіпті кейбір мәселелерді зан нормасына айналдыруда заман талабынан асып көрегенділік танытқанын аңғармасқа болмайды. Атап айтсақ, бұл құқықтық құжат қазақ халқының ұлттық бірлігін нығайтуда, рулар арасында алауыздықты тежеуде, жоңғар шапқыншылығына қарсы елді бір тудың астына топтастыруда өлшеусіз роль атқарды.
Тәуке хан 1718 жылы дүние салды. "Жеті Жарғыны" қазақ халқы негізінде XIX ғасырдың ортасына дейін қолданып келді. Ал, кейбір нормалары Қазан төңкерісіне дейін толығынан қолданылды, қоғамдық қатынастарды реттеу функциясын тиімді атқарып келді. Көп жылдар бойы большевиктердің Кеңес үкіметі тарапынан "Жеті Жарғы" "феодалдық қатынастардың сарқыншағы, кертартпа, реакциялық мазмұндағы заң жиынтығы" деген мағынамен сипатталынды. Сонымен қатар "Жеті Жарғы" ұлттық философиялық, этникалық, көшпелі қоғамның болмыстық мәніне сай келетін тәуелсіз қазақ мемлекеттігінің Хартиясы. Негізінде "Жеті Жарғы" заңының барлық нормалары бізге түгелдей жеткен жоқ. Оның көптеген баптары К.Шүкірәлиевтің, Я.Гавердовскийдің, А.И.Левшиннің еңбектерінде берілген.
Соңғы жылдары "Жеті Жарғыны" зерттеуге молынан ат салысып, ащы тер төккен ғалымдардан бірі С.Зиманов. Қазақтың әдеттік құқығының білгірі ретінде ол өзінің шәкірттерімен бірге бірнеше құнды зерттеулерді басып шығаруға ұйытқы болды.
"Жеті Жарғы" негізінде жеті әдеттік құқықтық жүйеден тұратын қоғамдық қатынастарды реттейтін салалардың жиынтығы. Бір сөзбен айтқанда, Жеті Жарлық: жер дауы, жесір дауы, құн дауы, бала тәрбиесі және жеке қылмыстық жауапкершілік, рулар арасындағы дау, ұлт қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Біздің мұндай тұжырымымыз Қазанғап Байболұлының "Төле бидің тарихы" деп аталатын әйгілі дастанындағы идеяларға негізделген. Бұл дастанда "Жеті Жарғының" жеті институттары былайша баяндалады:
Жер дауы, баяндайтын, біріншісі,
Ру, қоныспен меншікті ісі.
Иеленген жеріне жанжал болса,
Біреуге басымдылық қып озбыр кісі.

Үй іші мен баланы тәрбиелеу –


Болған жосын заңының екіншісі.
Ұрлық, қарлық, барымға - үшінші заң,
Баян етер бәрін де білген кісі.

Төртінші боп саналған мынау заңы,


Бір халықпен басқа ру болса дауы.
Ұлтын жаудан қорғамақ - бесінші бұл,
Алтыншы, жетінші - құн дауы, жесір дауы.
Тәуке ханның "Жеті Жарғысында" қазақ қоғамының мемлекеттік құрылымы, үкіметтің қалыптасуы, хандарды сайлау тәртібі сияқты мемлекеттік құқықтың институттары бекітілмеген. Бұл саяси үкіметтің әлсіз екенін нақтылы дәлелдегендей. Керісінше, қауымдық-патриархалдық қатынастардан кіндігін үзбеген қазақ қоғамында, жеке адамның беделінің негізінде басқару өте тиімді болып, ру шиеленістерін тежеуге, ұлттық қауіпсіздік пен территориялық тұтастықты қамтамасыз етуге қызмет етті. Бірақ "Жеті Жарғы" жылына бір рет күз айларында белгіленген жерде қазақ елінің барлық ру, тайпа басшыларын құрылтай-кеңеске міндетті түрде келуге қажет екенін норма ретінде бекітті. Және қатысушылар қару асынып келуі қажет болған. Қарусыз келген адам құрылтай- кеңесте көтерілген мәселе бойынша дауыс беру құқынан айрылған. Тәуке ханның бұл саясаты ру басшыларының талқыланған мәселелер бойынша шешім қабылдап, дауыс бергенде "семсер ұстап серт бердім" деген мағынамен ұштасқан, яғни, құрылтай- кеңестің шешімін орындауға, іс жүзіне асыруға ант бергендігін дәлелдей түседі.
"Жеті Жарғы" қазақ мемлекеттігінің жариялық үкіметін қамтамасыз ету мақсатында қару асынуға жарайтын әрбір жанұя жыл сайын өз дәулетінің жиырмадан бірін салық ретінде төлеп отыруды норма ретінде бекітті.
Мемлекеттік маңызы бар мәселенің бірі - әрбір рулардың таңбаларын бекіту болды. Құрылтай бекіткен таңба рулардың символдары ретінде танылды. Ал меншікті иемделу, пайдалану, билеу барысында әрбір жанұяның арнайы малдың құлағына салынатын ендері болды. Таңба тайпалық, рулық көлемде пайдаланылса, ен салу әрбір жанұяның жеке белгісі ретінде пайдаланылды.

2.2 "Жеті Жарғы" және қазақ билері


"Жеті Жарғыны" халық арасында қолдану, оны іс жүзіне асыру және насихаттау мәселелері қазақ билеріне жүктелген. Жалпы би деген кім? Олардың қазақ қоғамының әлеуметтік статусынан алатын орны қандай? Би болу кімнің қолынан келген? Бұл сұрақтарға осы күнге дейінгі жазылған зерттеулерде. ғылыми еңбектерде әр түрлі пікірлер айтылып жүр. Қазан төңкерісінен кейінгі жазылған әдебиеттерде биді қанаушы таптардың өкілі, халықтың қанын сүліктей сорған, реакциялық , кертартпа әдет- ғұрыптарды уағыздаушы, прогресс пен әділеттілікті бұрмалаған деген ұғымдармен насихаттағаны тарихтан бәрімізге аян. Алысқа бармай-ақ Қазақ совет энциклопедиясына үңіліп, мынандай сөздерді оқимыз: "Би - әлеуметтік категория ретінде қазақ халқының тарихында ерте заманда шыққан үстем тап өкілі. Халықтың әдет-ғұрпын, дәстүрін білумен, сөз таласында шешендігімен, даулы істі қарауда тапқырлығымен көзге түскен адамдар ғана Би бола алатын. Мұндай "қасиеттері бар" адамдар көбінесе билеуші таптар, ауқатты адамдар арасынан шығып отырды. Билердің әдет-заң нормаларын талқылауда, билік шығаруда, бұл биліктің орындалу әдістерін белгілеуде кең праволары болды. Өкілдіктің мұндай өктем болуынан зорлық-зомбылық туып отырды. Әдет заңының нормаларында белгіленген билік ақыға, түрлі "сыйлық", пара қосып алып. Билер сот (қазылық) қызметін мол табыстың көзіне айналдырды… Билер соты Октябрь революциясына дейтін… күң, барымта, қалыңмал, әмеңгерлік, көп әйел алу т.б патриархалдық кертартпа қалдықтарды қорғап келді".


Не деуге болады? Әрине, коммунистік-тоталитарлық идеологияның ызғары анық байқалады, таптық позициядан баға беру мен бір жақтылық көзқарас басымдылық танытып тұрғаны ақиқат. Ал билердің қазақ өміріндегі әлеуметтік жағдайларын ғылыми тұрғыдан ашып көрсетуді коммунистік-тоталитарлық жүйе, оның таптық идеологиясы еш уақытта қаламады. Себебі, билерді нағыз әділеттіліктің жаршысы, әділ соттың білгірі ретінде тану Кеңес үкіметіне оның жергілікті органдарына абырой, атақ бермейтіні сөзсіз еді. Сондықтан өздерінің жариялаған саясатын мадақтау, марапаттау үшін Қазан төңкерісіне дейінгі құқықтық система, барлық әдет-ғұрып "керітартпа", "реакциялық", "ескінің қалдығы", "хан феодалдарға қызмет еткен" деп жоққа шығарылды, күрес жүргізілді.
Би сөзінің шығуы, оның мағынасы және қазақ қоғамының әлеуметтік саласында алатын орны хақында зерттеушілер арасында әр түрлі пікір, көзқарас қалыптасқан. Мысалы, ірі шығыстанушы, Орта Азия мен Қазақстанның тарихы туралы құнды зерттеулер жүргізген В. В. Бартольд "би" деген сөздің шығуын "бек" сөзінің өзгеруінен болғанын дәлелдеп, бұл сөздің XV ғасырға дейін мүлдем кездеспейтінін дәлелдейді. 1976 жылы жарық көрген "Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде" бұл ұғымды көнеден келе жатқанын атап көрсетіп, "дау- жанжалдарға билік айтушы үстем тап өкілі" деген бір ауыз сөзбен ғана шектелген. Тарихшы М. Вяткин "Би" ұғымының тіпті Дешті қыпшақ дәуірінде болғанын дәлелдегендей болады. Қазан төңкерісіне дейінгі мерзімде қазақ билерінің қоғамдағы орнын, атқаратын функциялары мен қалыптасу жағдайларын түбегейлі түрде зерттеген Шоқан Уәлиханов болды. Ол өзінің "Сот реформасы жайында хат" деген еңбегінде билерге мынандай сипаттама береді: "Қазақтарда құрметті би атағы халық тарапынан қандай да сайлау жолымен немесе халықты билеп отырған үкіметтің бекітуімен емес, тек сот рәсімін терең білетін, оған қоса шешендік өнерін меңгерген қазаққа ғана берілген. Би атану үшін қазақ халық алдында әлденеше шешендік сайысқа түсіп, өзінің заңжораны білетіндігін, шешендігін танытатын болған. Мұндай адамдардың есімі желдей есіп, әлейім жұртқа таралып, біріне емес, бәріне танылған. Сөйтіп би атағы сот пен адвокаттық істегі патентке айналады да, бидің балалары заңнан тәлімі болғандықтан, әке орнына мұрагер болып қала береді…
Бұған қарап, қазақтарда би атағы мұрагерлік жолмен беріледі екен деп те ойлауға болмайды… Әкесі атақты би болса да, балаларының ол атаққа қолы жетпеген талай қазақты білеміз". Шоқан Уәлихановтың бұл тұжырымы өте мағыналы және барлық зерттеушілерге методологиялық маңызы бар фактор ретінде танылатыны даусыз екені хақ.
Біздің ойымызша би деген қазақ қоғамының әлеуметтік өмірін, салт-санасын, әдет-ғұрпымен құқықтық жүйесін жетік меңгерген, халық арасынан суырылып шығып, өзінің ақылгөй даналығымен, шешендік қасиеттерімен дау-жанжалдарды шешуде әрқашан асқан әділеттілік танытып халықтың құрметіне бөленген әлеуметтік топ. Би таптық, әлеуметтік мүдделерден ада, олармен мүлдем байланыста емес. Ол тек қана әділеттіліктің символы.
Халық арасында қазақ билерінің әділеттілігін, биік деңгейдегі парасаттылығын паш ететін ұлағатты сөздер мен мақал-мәтелдер өте көп-ақ. Мысалы, "Тура биде туған жок, туғанды биде иман жок", Төле би бабамыздан:
"Батыр деген барақ ит,
Екі долы катынның бірі табады.
Би деген бір бұлак,
Қатынның ілуде біреуі табады".
"Әке - балаға сыншы, би - халыққа ақылшы", "Ақылды шешен сөйлесе, қаратар түгел қауымды" деген даналы сөздер қалған.
Қазақ сахарасында екінің бірі шешен болмағанымен жалпы данагөй, білімпаз, сөйлегенде тандайы- нан бал тамған билер көп болған. Бұған тарих, қазақ фольклоры, ауыз әдебиеті куә. Жалпы шешен- билердің дау-жанжалды шешудегі атқаратын ролі мен дарынды қасиеттеріне қазақ топырағында болған Европаның қайраткерлері де тебірене жазған. Мысалы, Бронислав Залесский: "Казақтар шешен келеді және өздері мұны тәлімді тәрбиенің немесе жақсы тектен шыққандығының дәлелі деп санайды. Жоғары мәртебелі кісі әңгімеге бел шешіп араласқан кезде шешендік сөздер мен әдемі теңеулер шегінен аса төгіледі дейсің…" деп жазса, XIX ғасырда Қазақстанға жер аударылып келген поляк халқының белгілі революционері Адольф Янушкевич өзінің жазбаларында қазақ билерінің шешендік өнеріне қайран қалып, өзінің пікірін былайша қорытындылайды: "Бұдан бірнеше күн бұрын өзара жауласқан екі партияның арасындағы қақтығыстың куәсі болған едім. Сонда Демосфен мен Цицерон туралы ғұмыры естімеген шешендерге таң қалып қол соққанмын"
Тәуке хан хандық қылған заманнан бастап XIX ғасырдың 30-шы жылдарына дейінгі аралықта қазақ билерінің іс қарауы өте салтанатты жағдайда өтіп, қандай дау болса да билердің шешімі бүкіл жұртшылықты қанағаттандырып отыратынын байқаймыз. Яғни билер сотының шешімі тек әділеттілікке негізделген және құқық жасау сипатына ие болған. Бір сөзбен айтқанда нақтылы істі шешкен қағида, нақыл сөздер норма, сот прецеденті ретінде ел арасына тарап болашақта осындай ұқсас іс, дау-жанжал, болғанда қолданып отырған. Егер бидің шығарған шешімі тек бір жақты ғана риза қылған болса, онда іс әділетсіз шешілді деп танылып, бидің беделінің түсуіне әкеп соқтырған. Болашақта ондай билерге дауласқан адамдар іс қарауға талаптар қоймайтын еді. Осы тұжырымымызды Н.Төреқұловтың "Төле би" деп аталатын кітапшасында көрсетілген бір дерекпен растағымыз келеді. Төле бидің әкесі Әлібек бірде жоғалған бота туралы іс карап, әділдігін айтпаған көрінеді. Бала Төле әкесінің айтқан билігіне риза болмағандарды қайтадан Әлібектің алдына алып келіп: - "Ата, билікке екі жақ бірдей риза болуы керек. Әйтпесе, ол әділ билікке жатпайды. Жеңілген де, жеңген де шындықты мойындауы керек" - дейді. Әлібек сонда баласы Төлеге дауды шешуді жүктейді. Қаралған іс бойынша талап қойған кісі бота кезінде жоғалтқан түйесін кетіп бара жатқан керуеннен танығанын айтады.
- "Ал енді жігітім, "тапқан қуанады, таныған алады" деген, сен таныдым дейсің кәне қалай таныдың?
-Менің танығаным, - дейді ол, - түйем туар уақ- тысына жақындаған кезде бошалап кетті. Бір жетіге дейін таптырмаған түйем тау баурайында боздап, ары, бері кезіп жүр екен. Ботасын қасқыр жесе де, шала туса да кетпес еді. Сонысына қарап, ботасын біреу алып кеткенін түсіндім. Содан бері кездескен түйеге көз салып жүруші едім, көрген бойда таныдым.
Төле ойланып отырып:
-Сол танып тұрған түйенің енесі бар ма? - дейді.
-Бар.
Төле қарсы жаққа қарайды.
-Бұл өз түйесінің ботасы. Жалақорға тура өз сөзіңізді айтыңыз. Іштегі ботаны танимын дегенге адам сене ме?
-Енесі бар ма түйенің?
-Туған енесі бар.
-Онда екеуінің де енелерін алып келіндер.
Дауласқан екеу бесті атандығының енесін алдырады.
Төле:
-Атанды тіздеңдер де, тақымына қыл бұрау салыңдар, - дейді.
Жұрт айтқанын лезде орындайды. Бесті атанның тақымына қыл шылбыр салып, шыңғырта бұрағанда, таныған жігіт түйесінің көзінен жас парлап, мұрындығын жұла-жұла бақырып жатқан атанның үстіне түсіп кете жаздайды. Ал, саудагердің түйесі орнынан қозғалмай жайымен күйсеп тұра береді.
-Оу халайық, көріп тұрсыздар. Мына жануар шын анасы екен. Не дейсіздер?
-Рас, аруана ботасын танып тұр. Төлежан бұл әділдігіңізге ризамыз, - деседі жұрт".
Екіншіден, қазақ билерінің билік айтуы, іс қарауы ашық түрде, жариялылық принципі негізінде жүргізілген. Сондықтан әділ сот ісінің барлық оқиғалары, дәлелдеу процесі қатысушылардың көзінен таса болмаған. Істі құпия түрде қарауға тыйым салынған. Бұл да рулық демократияның бір көрінісі болса керек.
Үшіншіден, қазақ билері дауласқан екі жақтың адамдарының өз қалаулары бойынша сайланады. Егер би тек бір жақтың қалауымен таңдалынса, шығарған билік әділетсіз деп танылып, қайта қаралады. Мұның құндылығы жеңілген жақтың өзі қанша өз мүддесіне қарама-қайшы келетін билікті естісе де, әділдігіне күмәні жоқ, себебі өз қалауымен сол биге билік айтуға құқық берді.
Төртіншіден, дауласқан екі жақ билердің айтқан билігіне ризашылық білдірмесе, шағым беруге құқылы. Бесіншіден, билер сотында ант беру рәсімі қабылданған және қалаған барлық іс бойынша қорғаушылар қатысады. Ол іс бойынша көрсетілген дәлелдердің мүмкіндіктерін пайдаланып, билерге нақтылы мәліметтерді айқындап беріп отырған. Қорғаушы болуға Тәуке ханның "Жеті Жарғысының" талаптары барлық ниет білдірген адамдарды қатыстырған Қорғау- шылар барлық мүмкіндіктерді пайдалана отырып, айыпкерді қорғау құқына ие. Егер қаралған іс бойынша куәгер болатын адамдар жоқ болса, ант, яғни жан беру рәсімі іске асырылады. Жан беруге дауласушылардың құқы жоқ. Айып тағылған адам үшін аймаққа, руға, елге танымал адамның оның кінәсіздігін көрсетіп, өз атынан ара түсуі және қорғауы. Жан беру рәсіміне беделсіз, елге танымал емес адамдар жіберілмейді. Себебі сенімсіз адамдардың жан беруі әділетсіз билік шығаруға жол ашуы әбден мүмкін. Қазақтың әдет-ғұрпын жетік білген және ұлт көсемі атанған Ахмет Байтұрсынов жан беру туралы былай деп жазды: "Ұзын құлақтан еш нәрсе мәлім болмаса, күмәнға салынады. Талапкер жауапкер жағынан бір қадірлі адамын жанға ұстайды. Күмәнші жауапкерге қас адамнан болса, ондайды үшеу-төртеуіне дейін жауапкер кабыл етпеске ықтиярлы…
Күмәншіге он атадан бергі ағайынынан тандалады. Атасының алыс-жақыны күмән істің түріне һәм жауапкердің сеніміне қарай. Жан беруден кейін істің ақтығына күмән қалмайды. Онан әрі дау жүрмейді. Сондықтан көбінесе екі жағы да жан беруге жібермей, қарындас болып бітіседі. Жан берушіге де жан беру оңай емес. Өйткені істің ақ-қарасын ашпай, ақтап шығасың дейді. Ақ-қарасы жұртқа анық болмаса, өтірік жан берген сияқты болып, халыққа қадірін кетіріп алуы ықтимал. Сондықтан кейде жан беруші жан садағасы деп, сұраған малын өзі төлеп жіберетін жерлері де болады. Сөйтіп, көбінесе іс антқа бармай-ақ бітіп қалады. Екі жағы я өздері бітімге келіседі, я жан беруші аласысын, шығынын көтеріп бітістіреді, я болмаса жан беруші жан беруге даярмын деп, билерге мәлім етсе, билер соған да қанағаттанып, істі тоқтатады"
Қазақ қоғамында негізінде істің қаралуы екі сатыға бөлінген: біріншісі, екі дауласқан жақ билердің істі қарауына дейін, өзара келісім дауды шешуге қимыл-әрекет жасайды. Әдеттік құқықта оны "Бітім", "Береке", "Салауат" деп атаған.
"Бітім" - екі жақтың өзара келісімі арқылы, сөз жүзінде даудың аяқталуы. Бітімнен кейін билерге істі қарауға құқық берілмейді. Себебі бітімді, өзара келісімді бір жақты бұзу сөзде, сертте тұрмаудың, жалпы ар-ожданның жоқтығының белгісі.
"Береке" - Айырбас немесе сатып алу туралы сөз жүзінде шарт жасау. Өзіндік мүдделерін қанағаттандыру. Жалпы қазақтың әдеттік құқығында "береке" институты барлық келісім-шарттардың негізі болған.
"Салауат" - немесе кешірім, - дауласқан екі жақтың бір-біріне талап қоюдан бас тартуы, яғни кешірім беруі. Кешірім жасау ауыл, ел, ру ақсақалдарының қатысуымен өтетін болған.
Тәуке хан заманынан бастап қалыптасқан тағы бір институт - "Жүгініс" - яғни рулар арасында болған даулар мен қақтығыстарды билердің алқалық құраммен қарауы. Негізінде бұл институт қауымдық демократияның бір нышаны ретінде танылады және оның тәртібі бойынша екі жақтың келісімімен, дауға ешқандай қатысы жоқ өзінің әділеттілігімен ел көзіне түскен, ақыл-парасаты жоғары, яғни "ала жіпті аттамаған" "араби" сайланады. Олістің барлық мән-жайын алқалық құрамдағы билерге баяндайды, екі жақты бітімге келуге шақырады. Бітім болмаған жағдайларда билер ұсынылған барлық дәлелдерді таразыға сала отырып, өздерінің билігін айтады. Даудың соңы "ала жіп" кесу рәсімімен аяқталады. Көпшілік алдында "араби" екі жақтың дауласқан адамдарына немесе олардың өкілдеріне ала жіптің екі шетін ұстатып, ортасынан кеседі. Қазақ қоғамының дамуы барысында "Араби" ұғымы "Төбе би" ұғымымен алмастырылды.
Қазақ билерінің өзіне тән ерекшелігі, басқа халықтарда кездеспейтін қасиеті, феномені - дау- жанжалдарды мағыналы, шешендік сөздермен шешуі. Ешқандай құқық нормасына сүйенбей-ақ бір сөзбен дауды тоқтатуды қалыптастырған қазақ ұлты сөз мағынасына, оның шексіз мүмкіндігіне ертеден-ақ назар аударған. Сөз қадірін пір тұтқан қазақ халқы ғасырлар бойы "Тіл тас жарады, тас жармаса бас жарады". "Тіл қылыштан өткір", "Сөз тапқанға қолқа жоқ", "Сөз сүйектен өтеді", "Өнер алды - қызыл тіл" сияқты тұжырымдарды өте тауып айтылған. Қара қылды қақ жарған, шешендік сөздердің мәніне ерекше көңіл аударған Ахмет Байтұрсынов сөз өнеріне былайша баға береді: "…нәрсенің жайын, күйін, түрін, түсін, ісін сөзбен келістіріп айту …сөз өнері болады.
Өнердің ең алды - сөз өнері деп саналады. "Өнер алды - қызыл тіл" деген қазақ мақалы бар. Мұны қазақ сөз баққан, сөз күйттеген халық болып, сөз қадірін білгендіктен айтқан… өнердің бәрінің де қызметін шама шарқынша сөз өнері атқара алады. Қандай сәулетті сарайлар болсын, қандай сымбатты я кескінді суреттер болсын, қандай әдемі ән-күй болсын - сөзбен сөйлеп, суреттеп көрсетуге тануға болады. Бұл өзге өнердің қолынан келмейді".
Бірақ қазақ қоғамының Ресей құрамына кіргеннен кейін, әсіресе 1867-1868 жылдары қабылданған "Уақытша Ережелер" қазақ билерінің статусын жойып, оларды чиновниктер санатына қосумен үш жыл мерзімге сайлауды практикаға енгізді. "Халық соты" деп аталғандардың құрамына енді шешендік өнерден мүлдем, мақрұм, отаршылдық аппаратпен ауыз жаласқан парақор алаяқтар жаңбырдан соң қаулап өсетін саңрауқұлақтарша көбейіп, шен лауазым үшін әділеттілікті орыс әкімшілігіне сатқан ұлт бюрократиясы қалыптасты. Түрмесі, жазалау органдары болмаса да бір сөзбен қандай да болмасын шиеленісті дау-жанжалдарды шешкен, әділдіктің нағыз парасаттылығын танытқан және тек ғана "…жеке беделге негізделген" туа біткен шешен билер қазақ қоғамының басқару ісінен мүлдем тайдырылды. Халқымыздың этникалық санасына жасанды болған бұл процесс шешендік өнердің дамуына тосқауыл болды, рухани, құқықтық өмірімізді орны толмас дағдарысқа ұшыратқанын мойындауымыз тиіс.
Патша үкіметі енгізген құқық нормалары бойынша би деген атақ тек кана "халық сотына" сайланған және губернатордың арнайы бекітуімен өткен адамға берілді. "Халық судьясы" болып сайланған адам ғана би атағына ие болып, сайлау мерзімі аяқталғанда тоқтатылатын тәртіп күшіне енді. Отарлық саясат жүргізушілердің бұл саясаттан көздеген мақсаты - халық арасына танымал болған, ақылды шешен билерді ел басқару процесінен мүлдем тайдыру, беделдің орнына білімсіздікті жағымпаздықпен енгізіп, "бөліп ал да билей бер" саясатын тиімді іс жүзіне асыру еді. Ал 1891 жылғы Уақытша Ережеге енгізген өзгертулер бойынша билер атағы "халық соттарынан" алынып тасталынды.
Қара қылды қақ жарған семсер сөздің орнына ақша өлшемі енді. ХХ ғасырдың басында қазақдала- сында осындай әсерден кең етек жая бастаған жа- ғымсыз, халықтың этникалық санасына жат құбы- лыстарды дер кезінде байқаған Ахмет Байтұрсынов былай деп жан дауысымен ашына жазды:
Тура айтатын
Биің қайда?
Би бардағы
Күйің қайда?
Би орнына
Бибін болды,
Би деу бірақ
Қиын болды.
Қаралды би
Жақтау болды,
Қараны жан
Ақтау болды.

Қорытынды


Ақылы асқан әз Тәуке хан бұл дүниеден өтер кезінде "Қазақтың ұраны - бірлік" деп көзін жұмған екен. Ия, содан бері екі жарым ғасырдан астам уақыт өтсе де бұл өсиет қазақ халқына әлі де көкейкесті, саяси, экономикалық, әлеуметтік, рухани мәселелерді шешуде Қазақстанның күн тәртібінде тұрған мәселе. Шапса тұлпардың тұяғы сынатын, ұшса сұңқардың қанаты талатын Алтайдан Атырауға дейін созылған қазақ даласының территориялық тұтастығы мен тәуелсіздігі үшін жан аямай тер төгіп, қасық қаны қалғанша ішкі сепаратистік әрекеттер мен сыртқы шапқыншылық- қа тойтарыс бере білген данышпан бабамыз әз Тәукенің қазақ халқына сіңірген еңбегі, атқарған қызметі өлшеусіз.


Тәуке хан қайтыс болған соң қара басының қамын ойлаған дарынсыз, баққұмар хандардың көбі таққа таласумен елдің бірлігін қашырып, кең- байтақ қазақ сахарасын көршілес мемлекеттердің жемтігіне айналдырды. Оған тарих куәгер. Өз әулетінің билігін сақтау үшін қайтадан рулық жікке бөлді, Әбілхайыр болса сол мақсатпен елін Ресейдің отарлығына енгізді.
Жақында өзім бұрын танымайтын Орынбай Дастановтың "Әзірет Сұлтан" деп аталатын өлеңдер мен поэмалар жинағын оқып отырып, Тәуке хан туралы мынандай шумақты оқыдым:
Тарихтан мені ешкім өшіре алмас,
Халық үшін еткен еңбек босқа қалмас.
Мен жайында жаманат пікірлерді,
Келешек ұрпақтар да айта қоймас.
Өте мағыналы сөз. Тәукенің ұлылығы мен данышпандығы бүкіл халыққа үлгі, еліктеуге тұратын қасиет. Солай бола береді де.

Пайдаланылған әдебиеттер





  1. Артықбаев Ж.О. «Жеті жарғы» - мемлекет және құқық ескерткіштері (зерттелуі, деректер, тарихы, мәтіні). Оқу құралы. - Алматы, Заң әдебиеті, 2006

  2. Бүркітбай Аяған. «Көркемсуретті Қазақстан тарихы». Ежелгі дәуірден біздің уақытымызға дейін. 4 томдық. - Алматы, 2006 2-том: Қазақстан Алтын Орда дәуірінен он тоғызыншы ғасырға дейін. – 2006.

  3. Қазақстан тарихы: дәрістер курсы. Редакцияны басқарған тарих ғылымдарының докторы, профессор Қаражан қ.с. - Алматы: Заң әдебиеті, 2009.

  4. Ахметова Н.С. Обычное право казахов в XVIII – первой половине XIX века. – Караганды, 1990.

  5. Ахметова Н.С. Институт «кун» в обычном праве казахов и его отмена советской властью. – Алматы, 1993.

  6. Кәкішев Т. Билер сөзі. – Алматы, 1992.

  7. Жиренчин К.А. Политическое развитие Казахстана в XIX - начале XX веков. - Алматы, 1996.)

  8. Загряжский А. Юридические обыча киргизов и о народном суде у кочевого населения Туркестанского края. //Материалы для статистики туркестанского края. по СПб, 1876.

  9. Зиманов С. Состояние и задачи разработки обычного права казахов //Проблемы казахского обычного права. - Алма-Aтa, 1989.

  10. Ибрагимов И. Заметки о киргизском суде //Записки Русского императорского географического общества.- 1878.

  11. Зиманов С., Өсеров Н. «Жеті жарғы жайлы» - Алматы, 1989.

  12. Кенжалиев З.Ж. Көшпелі қазақ қоғамындағы дәстүрлі құқықтық мәдениет (теориялық мәселелері, тарихи тағлымы). Aлматы, 1997

  13. Ковалевский М.М. Современный обычай и древний за-кон. - М., 1886.

  14. Козлов И.А. Обычное право киргизов (/Памятная книжка Западной Сибири. - Омск, 1882.

  15. Косвен М.О. Преступление и наказание в догосударст-венном обществе. - М., 1925.

  16. Дулатбеков Н.О. Қазақстан Республикасы мемлекет және құқық тарихынан хрестоматия // Қарағанды, 1994


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет