Қазақстан республикасы ғылым және жоғары білім министрлігі к оммерциялық



Дата12.05.2023
өлшемі61,29 Kb.
#92296
Байланысты:
Жанерке. Эссе


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ







Коммерциялық емес акционерлік қоғам
«М.ӘУЕЗОВ атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті»

«ЖАРАТЫЛЫСТАНУ ҒЫЛЫМДАРЫ ЖӘНЕ ПЕДАГОГИКАСЫ» ЖОҒАРЫ МЕКТЕБІ


Эссе


Орындаған: Тұрсынқұл. Ж
Тобы: ЕП-20-16к
Қабылдаған: Махатова. А


Шымкент, 2023 ж


Цифрлық сауаттылық дегенде ең бірінші – цифрлық технологиялар және интернет ресурстары есіме түседі. Яғни аталған дүниелер,интернетті қауіпсіз және тиімді пайдалану үшін қажет деген пікірдемін. Егер біз цифрлық сауатты болсақ онда «Z» ұрпақтары емес «Альфа» ұрпақтарының негізін жалғастырамыз. Цифрлық сауатты болсақ, біліміміз жеткілікті түрде болса, онда алаяқтардың құрығына түспес едік. Сондықтан қазірден бастап Цифрлық технология қоғам өміріне әсері мол екенін білуіміз керек. Мысалы:біз білетін денсаулық сақтау мен білім беру, қала тіршілігі, жалпы адамның күнделікті өмірі айтарлықтай өзгеріп, цифрлық технологияға көшіп жатыр,оны өздеріңізде аңғарған болуларыңыз керек.Тіпті олар қазірдің өзінде біз тамсанып айта беретін ақпараттық технологиялардың өзін жолда қалдыра бастады. Шыныменде, технология бір орында тұрақтап қалмайды, өзгеріп отырады, тіпті бұлда адамдарды бұрынғыдай таңғалдырмайтын болды.
Ал енді осы заманға лайықты ізгі қасиеттерге ие болу – бүгінгі таңдағы әрбір жеке тұлғаның алдында тұрған асыл міндет. Қазіргі таңда адамның кәсіби шеберлігіне, білім өрісіне, зиялылық және танымдылық деңгейіне жаңа технология дәуірінің өзі биік талаптар қойып отыр. Сол талаптарды алып жүре алсақ тек қана цифлы сауатты болып қана қоймай, осы заманның Кемел адамына айналамыз.
Осы тұста елбасының сөзінде , «Білімді, көзі ашық, көкірегі ояу болуға ұмтылу – біздің қанымызда бар қасиет» дәлел бола алады. Заманауи технологиялар біздің өмірімізге тұрақты түрде енгізілуде, «Цифрлық» тұжырымдамасын тек ғылыми конференцияларда ғана емес, күнделікті өмірде де жиі кездесетін болдық. Цифрландыру үрдісі, білім беру үдерісі мен сапасына әсер етеді.
Қорытындылай келе, цифрландырудағы негізгі мақсат–бәсекеге қабілеттілікті арттыра отырып, оқу – тәрбие процесін жеделдету және жеңілдету, балаларға, ұстаздарға, ата – аналарға жүктемені барынша азайту екенін түсіндім. Ең бастысы – білім беру сапасын арттыру.Қамшының екі ұшы бар дегендей, бұл цифрлық заманда жақсы мен жаманды ажырата білуіміз керек. Цифрлық білімді болған адам, жақсы мен жаманды ажырата алады. Сондықтан қазірден балаларымызды цифрлық сауатты болуына жағдай жасауымыз керек.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет