ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ
|
Коммерциялық емес акционерлік қоғам
«М.ӘУЕЗОВ атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті»
|
«ЖАРАТЫЛЫСТАНУ ҒЫЛЫМДАРЫ ЖӘНЕ ПЕДАГОГИКАСЫ» ЖОҒАРЫ МЕКТЕБІ
Зертханалық жұмыс
Орындаған:Шенгелбай М.
Тобы: ЕП-20-16к.
Қабылдаған:Малгайдарова Г
Шымкент, 2023 ж
Химия пәнін оқытуда саралау ерекше мәнге ие. Яғни, бұл пәннің ерекшелігіне байланысты: кейбір білім алушыларға пәнді меңгеру аса киындыкпен келсе, ал тағы басқаларда пәнді оқуда ерекше қабілет бар екені байқалады. Осы жағдайда пән мұғаліміне білім алушының танымдық қызығушылығымен қатар жеке дамуында ескергені жөн.
Химия сабағында сараланған оқытуды қолданудың негізі себептері:
- білім алушының қызығушылықтарындағы айырмашылық;
-білім игеру деңгейлеріндегі айырмашылык;
-тұлғалық-психологиялық факторлардың айырмашылығы.
Әр сабақтың басты міндеті білім алушының танымдық құзырлылығын дамыту. Ол үшін:
-Білім алушының материалды қабылдау ерекшелігін ескеру;
-Оқыту үрдісіндегі ашықтық, еркіндік;
-Білім алушының тұлғалық қасиетін қалыптастыру;
-Жеке дара оқыту үрдісн ұйымдастыру.
Саралап оқытудың мақсаттары:
Әлеуметтік
Дидактикалық
Психология-педагогикалық
Әдістемелік
Химия сабактарын оқытуда деңгейлік саралауды жүзеге асыру кұралдарының бірі әртүрлі денгейдегі тапсырмаларды пайдалану болып табылады. Оқу барысында мектеп білім алушылары күрделілігі үш түрлі деңгейдегі тапсырмаларды таңдап және орындай алады:
1. Қайталау деңгейдегі тапсырмалар білім берудің міндетті деңгейінен тұрады. Білім алушыларға мұндай есептерді шешу үшін дайын алгоритм беріледі, олар алгоритмге сүйене отырып, тапсырманы біртіндеп орындайды.
2. Орта (өнімді) деңгейдегі тапсырмалар жаңа материалды жалпылауды кажет етеді, корытындылар жасауға, жаңадан туындаған жағдайларда өз білімін колдана білуге итермелейді. Мұнда білім алушыларға мұғалім берген дайын мәліметтерді немесе мәселенің жалпы шешімін негізге ала отырып, тапсырманы орындау ұсынылады. Мұғалім берілген тапсырманы шешудің бір нұскасын өзі көрсетуі мүмкін, ал білім алушылар ойланып, өздерінің шешу жолдарын жүзеге асыруы тиіс.
3. Жоғары (шығармашылық) деңгей, шығармашылық элементтерінен құралған тапсырмаларды орындаудан тұрады. Мұндай салыстыру, талдау, корытынды жасау, сондай-ақ шығармашылық ойлауды талап ететін қиындығы жоғары тапсырмаларды шешу кезінде берілген мәселенің бірегей шешімдерін табу керек. Мұнда білім алушыларға тапсырманың тек сипаттамасы ғана беріледі, ал шешу әдісін олар өздері табады. Осындай ілгерілмелі үдеріс бойынша білім алушы алғашқы (төменгі) сатыдан бастап, өз мүмкіндігіне сәйкес деңгейге дейін көтеріле алады. Білім алушылардың алға ұмтылуына мұғалімнің де ықпалы бар: білім алушылардың алдына мәселе қойып, белсенді 22 әдіс-тәсілдерді колдану арқылы сабаққа қызықтыруы олардың өздеріне жоғары максат белгілеп, жетуіне бағыттайды.
Жетекшілік ретінде Блум таксономиясын негізе ала отырып, тиісінше сұрақтың күрделілігін реттеуге болады. Блум Таксономиясы 6 ойлау деңгейінен тұрады:
Білу: Оқыған материалды есте сақтап, қайталап айтып беру
Түсіну: Берілген материалды өз сөзімен баскаша жеткізе алу
Пайдалану: Материалды жаңа жағдайда пайдалану
Талдау: Материалды негізгі бөліктерге жіктей білу
Жинақтау: Алған біліміне сүйене отырып, ойды жинақтап, түйін түю
Достарыңызбен бөлісу: |