ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ
«СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ УНИВЕРИТЕТІ» КЕАҚ
Физика - математика ғылымдары және информатика кафедрасы
6B01502 – Математика - информатика
ЕСЕП
Педагогикалық практика
« №3 ЖОББМ» КММ
Білім алушы 3 курс, МИ - 001 _____________ Асқарбекқызы Л.
Университеттен тағайындалған
практика жетекшісі _____________ Тлеубаеава А.Б.
Комиссия мүшелері _____________ Сагитова Ш.Г.
_____________ Оспанова Д.М
_______________
(баға)
Семей – 2023 ж.
Мен, Асқарбекқызы Ләззат, 3.04.2023ж. – 7.05.2023ж. аралығында Абай облысы Семей қаласы «№3 жалпы орта білім беретін» КММ – де педагогикалық іс - тәжірибеден ойлағанымдай сәтті өтіп, мұғалімге тән көптеген құзыреттілік пен іскерлікті бойыма жинақтадым. Іс - тәжірибе барысын мағыналы, пайдалы, қызықты, мәнді, нәтижелі өтуіне күш салып, университет қабырғасында меңгерген білімім мен осы күнге дейін жинақтаған тәжірибемді қолдандым. Тәжірибе барысында 5 «А» сыныбының сынып жетекшісі ретінде бекітілдім. Пән мұғалімім – Багдатова Алуа Багдатовна.
Іс - тәжірибенің алғашқы күнін мектептің басқару жүйесімен танысып, іс - әрекеттерін бақылауға, мектеп экскурсиясына, өзіме бөлінген сынып оқушылары мен сынып жетекшісімен танысуға арнадым. Мектеп директорының орынбасарлары тұлғалық сипаты жағынан жаңашылдыққа ұмтылуы мен өзгеріске бейімділігін байқауға болады. Маған 5 «А» сыныбы бөлініп, іс - тәжірибе өту кезінде сынып жетекшісімен тығыз байланыста болып, алда тұрған міндеттеріміз бен жоспарларды талқыладық.
Іс - тәжірибе барысында, пән мұғалімдерінің сабақ өткізу барысына бақылау жасап, психологиялық және дидактикалық талдаулар жасадым. 5 «А» сынып оқушыларының сабаққа қатысуларын, белсенділіктерін, іс -әрекеттерін бақылап, оқу үлгерімі төмендеп кеткен және белсенділіктері аз оқушылар болса, себебін анықтап, оқу үлгерімін жақсарту мақсатында барлық оқушылармен ынталандыру жұмыстарын іске асырып, сабақ пен белсенділіктің маңыздылығын көрсетіп, қызығушылықтары мен мотивтерін анықтап, өз тәжірибелеріммен бөлісіп, педагогикалық кеңес жүргізу арқылы жағдайды түзеуге ықпал еттім. Сабақтан тыс үзіліс уақыттарында оқушыларды сергітіп, оқуға деген құлшынысын арттыру мақсатында ойындар мен жаттығулар ұйымдастырып отырдым.
Іс - тәжірибе кезінде, математика пәні бойынша 5 «А» сыныбына 1 сынақ сабақ, 5 есеп сабақ , геометрия пәндерінен 7 «Г» сыныбына 2, ал 8 «В» сыныбына 1 есеп сабақтан өткіздім. 17 – сәуірде 5 «А» сыныбына «Адамдардың табиғатсыз күні жоқ, оны айтар табиғаттың тілі жоқ» атты тәрбие сағатын өткіздім. Сабақ барысында әр түрлі көрнекіліктер, технологиялар, таратпа қағаздармен жұмыс, АКТ қолдану арқылы оқушылардың қызығушылықтарын ояттым. 3 – мамыр күні 1 мамыр мерекесіне арналған «Бір шаңырақ астында» атты мектепшілік фестивальға өзіме бекітілген 5 «А» сынып оқушыларын дайындап, жүлделі 3 – орын алдық. Іс - шара жоғары деңгейде өтілді. 5 – мамыр күні «Желбіре, Жеңіс жалауы!» атты 9 – мамыр мерекесіне арналған сыныптан тыс 5 – 6 сыныптар қатысуымен ашық іс – шара өткіздік. Іс – шараның мақсаты: 1941 - 1945 жылғы Ұлы Отан соғысында неміс басқыншыларын талқандауда Қазақстан халқының майданда және тылда көрсеткен ерен ерлігін паш ету, жас ұрпақты отансүйгіштікке, ел жандылыққа тәрбиелеу. 5 «А» және 5 «Б» сынып оқушылары хормен ән айтып, көріністер көрсетіп, өлеңдер оқып, би биледі.
Іс – тәжірибе барысы жалпы мен үшін жақсы, әрі қызықты өтті. Педагогикалық іс - тәжірибеден өту барысында маған көрсетілген қолдау мен әдістемелік көмек жоғары деңгейде болғандықтан, іс - тәжірибеде өзіме жүктелген жұмыстарды атқаруда еш қиындық туындамады. Мен оқушылармен жұмыс жасауды, сонымен қатар өзіме жүктеген тапсырмаларды уақытылы, тиянақты жасауды үйрендім. Іс - тәжірибеге қатысу барысында мектеп өміріне толық еніп, оқушылармен қалай тіл табысу керектігін түсіне отырып, сынып жетекшісіне керек кезінде көмек көрсеттім. Бұл менің білетін, білмейтін тұстарымды ашуға жақсы мүмкіндік болды және ұстаз мамандығының көп ұмтылысты керек етегіндігін түсінуіме септігін тигізді. Өзімнің болашақ оқытушы ретінде жүргізген қысқаша оқытушылық жұмысыма, тәжірибем аз болса да, өзімді осы практикада сынап, өзімді жақсы жағынан көрсеттім деп сенемін.
Іс - тәжірибені қорытындылай келе, ұйымдастырушылық, зерттеу, жобалау, коммуникативтілік т.б. педагогикалық қабілеттерді дамытып, қарым - қатынас және іс - әрекет стильін шыңдадым, кәсіби бағыттағы білім - білік дағдыларын меңгеріп, кәсіби өзіндік даму жоспарын үйрендім. Сабақ өткізу барысын ұйымдастыруды, әр түрлі жағдайларға бейімделуді, оқушылармен жұмыс жасауды, қолайлы орта туғызуды, бағалауды үйрендім. Менің іс - тәжірибеден алғаным:
Маған, яғни болашақ мұғалім үшін кәсіби даярлық жүйесінде педагогикалық практиканың рөлі айрықша болды;
Университетте алған теориялық білімдерімді оқушылармен оқу - тәрбие жұмыстарында пайдаландым;
Өз мамандығыма деген сүйіспеншілігім артты;
Педагогикалық іс - тәжірибені болашақ қызметімнің тұтас нысаны ретінде сезіндім;
Іс - тәжірибе барысында кәсіби сапамыз қалыптасты.
Осы педагогикалық іс - тәжірибеден өту арқылы мен болашақта өз мамандығым бойынша білікті педагог болу үшін өзіме біраз тәжірибе жинақтадым деп есептеймін. Мен үшін бұл іс – тәжірибе үлкен жетістіктердің бастауы болмақ.
Машықкер: Асқарбекқызы Л.
Достарыңызбен бөлісу: |