Қазақстан республикасы ғылым және жоғары білім министрлігі ш. УӘлиханов атындағы


Баланың физикалық қабілетін дамыту



Pdf көрінісі
бет45/532
Дата05.09.2023
өлшемі19,8 Mb.
#106156
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   532
Байланысты:
Сборник студ конф 22-23г

Баланың физикалық қабілетін дамыту 
2-кеңес. 
Осы заңнамаға сәйкес ортаңғы топ тәрбиеленушілерін толыққанды дамыту үшін 
жүргізетін жұмыстар: 

Баланың денесін шынықтыру. 

Салауатты өмір салты дағдыларын қалыптастыру. 
Баланың физикалық қабілетін дамыту 
Физикалық дамыту балалардың жеке ерекшеліктерін ескере отырып, күн сайын ойын түрінде 
және дене шынықтыру ұйымдастырылған іс-әрекеттері арқылы жүзеге асырылады. 
Мақсаты денсаулық сақтау технологиясын қолдана отырып, балалардың денсаулығын 
нығайту, қимыл белсенділігін дамыту, салауатты өмір салтын қалыптастыру болып табылады. 
Баланың денесін шынықтыру

Негізгі қимылдарды дамыту. 

Қимылды ойындар ойнату. 

Дербес бенсенділігін дамыту. 
Негізгі қимылдар. 
Жүру. Бірқалыпты, аяқтың ұшымен, тізені жоғары көтеріп, сапта бір-бірден, екеуден 
(жұппен) жүру; әртүрлі бағытта: тура, шеңбер бойымен, "жыланша", шашырап, 
тапсырмаларды орындай отырып жүру: қол ұстасып, арқаннан ұстап, тоқтап, жартылай 


89 
отырып, бұрылып, заттарды айналып жүру, еденге қойылған заттардан аттап жүру, жан-жаққа 
баяу айналу. 
Тепе-теңдікті сақтау. Тепе-теңдікті сақтай отырып, бір қырымен қосалқы қадаммен көлбеу 
тақтай (20-30 сантиметр), арқан бойымен жүру, тура жолмен, бір-бірінен 10 сантиметр 
қашықтықта орналасқан тақтайшалардың, қырлы тақтайдың бойымен жүру. 
Жүгіру. Бірқалыпты, аяқтың ұшымен, сапта бір-бірден, алаңның бір жағынан екінші 
жағына, әр түрлі бағытта: тура, шеңбер бойымен, "жыланша", шашырап жүгіру; белгілі бір 
тапсырмаларды орындау арқылы: тоқтап жүгіру, белгі бойынша көрсетілген жерге жүгіру; 
қарқынды өзгертіп, жылдам (10-20 метрге дейін), тоқтамай баяу қарқынмен (50-60 секунд 
ішінде) жүгіру. 
Домалату, лақтыру, қағып алу. Заттарды оң және сол қолмен қашықтыққа лақтыру (2,5-5 
метр қашықтық), төменнен екі қолмен көлденең нысанаға, оң және сол қолмен (1,5–2 метр 
қашықтықтан) допты кеуде тұсынан лақтыру, оң және сол қолмен тік нысанаға (нысана 
биіктігі-1,2 метр) лақтыру (1-1,5 метр қашықтық), аяқтарын алшақ қойып, отырып, 1,5–2 метр 
қашықтықтан допты бір-біріне, заттардың арасымен, қақпаға домалату. Допты жоғары 
лақтыру, төмен - еденге (жерге) соғу, қағып алу. 
Еңбектеу, өрмелеу. 4-6 метр қашықтыққа тура бағытта, заттарды айналып және заттардың 
арасымен еңбектеу, еденге қойылған тақтай бойымен, арқанның, доғаның астымен (биіктігі 40 
сантиметр), көлбеу модуль бойымен, туннель арқылы еңбектеу; саты бойымен өрмелеу, 
гимнастикалық қабырғаға өрмелеу және одан түсу (биіктігі 1,5 метр). 
Секіру. Тұрған орнында қос аяқпен, 2-3 метр қашықтыққа алға қарай жылжып, құрсаудан 
құрсауға, заттарды айналып және заттардың арасымен секіру, 15-20 сантиметр биіктіктен 
секіру, ілініп тұрған затқа қолды тигізіп, тұрған орнынан жоғары секіру, сызықтан секіру, 
тұрған орнынан ұзындыққа 40 сантиметр қашықтыққа секіру. 
Сапқа тұру, қайта сапқа тұру. Бірінің артынан бірі сапқа тұру, бір-бірінің жанына сапқа 
тұру, шеңберге тұру (көзбен бағдарлау бойынша). Саптағы, шеңбердегі өз орнын табуға 
үйрету. 
Ырғақтық жаттығулар. Таныс, бұрын үйренген жаттығуларды және қимылдарды 
музыканың сүйемелдеуімен орындау. 
Қимылды ойындар. 
Қимылды ойындарға баулу, балаларды қарапайым ережелерді сақтауға, қимылдарды 
үйлестіруге, кеңістікті бағдарлауға, "жүгір", "ұста", "тұр" белгілеріне сәйкес әрекет етуге 
үйрету, қимыл түрлерін өзгерте отырып, ойындарға күрделі ережелерді енгізу. Қимылды 
ойындарды ойнату. 
Дербес қимыл белсенділігі. 
Қимылдарды орындауда балалардың дербестігін, белсенділігі мен шығармашылығын 
дамыту. Арбалар, автомобильдер, велосипедтер, доптар, шарлармен өз бетінше ойнауға 
ынталандыру. Өрмелеу, еңбектеу дағдыларын, ептілікті, жылдамдықты дамыту, қимылдарды 
мәнерлі орындауға баулу. 
Салауатты өмір салты дағдыларын қалыптастыру. 
Сезім мүшелерін ажыратуға және атауға (көз, құлақ, мұрын, ауыз) үйрету, олардың 
ағзадағы рөлі және оларды қалай қорғауға, күтуге болатыны туралы түсінік беру (ұсақ 
заттарды құлаққа, мұрынға тықпау). 
Денсаулықтың құндылығы туралы түсінікті дамыту; ауырмауға, денсаулықты сақтауға 
ынталандыру, "салауатты өмір салты" және оны ұстану туралы алғашқы түсініктер беру. 
Адамның денсаулығына пайдалы (көгөністер, жемістер, сүт өнімдері) және зиянды 
тағамдар (тәттілер, бәліштер, тәтті газдалған сусындар) туралы бастапқы түсініктерді 
қалыптастыру. 
Дене белсенділігі (таңертеңгі жаттығу, шынықтыру, спорттық және қимылды ойындар) 
мен ұйқының пайдасы туралы түсінік қалыптастыру. 
Дене мүшелері мен ағза жүйесін нығайтатын жаттығулармен таныстыру. 


90 
Өзінің денсаулық жағдайы туралы ересектерге айту, науқастанған кезде дәрігерге қаралып, 
емделу қажеттігін білу. 
Балалардың денсаулығын және жергілікті жағдайларды ескере отырып, табиғи факторлар: 
ауа, күн, суды пайдалана отырып, шынықтыру шараларының кешенін жүзеге асыру. 
Балаларды үй-жайда жеңіл киіммен жүруге үйрету. Күн тәртібіне сәйкес олардың таза 
ауада болу ұзақтығын қамтамасыз ету. 
Серуенде қимылды ойындар мен дене жаттығуларына қатысуға қызығушылықты арттыру. 
Шынықтыру шараларын жүргізуде балалардың денсаулық жағдайын ескере отырып, жеке 
тәсілді жүзеге асыру. Шынықтыру шараларын жүргізу, жаттығулар мен массаж жасау. 
Күн тәртібіне сәйкес балалардың күнделікті таза ауада болуын қамтамасыз ету. Ересектің 
көмегімен шынықтыру тәсілдерін орындау дағдыларын қалыптастыру. Тыныс алу 
жаттығуларын жасау. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   532




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет