Қазақстан республикасы ғылым және жоғары білім министрлігі ш. УӘлиханов атындағы



Pdf көрінісі
бет466/532
Дата05.09.2023
өлшемі19,8 Mb.
#106156
1   ...   462   463   464   465   466   467   468   469   ...   532
Байланысты:
Сборник студ конф 22-23г

 
4.
 
К 2025 году количество занятых в МСБ увеличится до 4 млн человек — Р. Даленов.- 
Официальный информационный ресурсПремьер-Министра Республики Казахстан - 25 
февраля 2020год- 
https://primeminister.kz/ru/news/k-2025-godu-kolichestvo-zanyatyh-v-msb-
uvelichitsya-do-4-mln-chelovek-r-dalenov
 
5.
 
Токаев заявил о новых мерах поддержки МСБ- SPUTNIK.KZ - 01.02.2022-
https://ru.sputnik.kz/20200330/Tokaev-zayavil-o-novykh-merakh-podderzhki-MSB-13445392.html
 
ӨНДІРІС ФАКТОРЛАРЫНЫҢ НАРЫҒЫ ЖӘНЕ ФАКТОРЛЫҚ 
ТАБЫСТАРДЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ 
 
Маннапова Х.Х. 
Ғылыми жетекші: Акжанова Г.А. менеджмент магистрі, лектор 
Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті, Көкшетау қ. 
mannapovakhozhikhonim@gmail.com 
Кәсіпорындар мен үй шаруашылығының қызметі өндіріс факторларын тиімді 
пайдаланып, оған сәйкес табыс алуға негізделеді. 
Өндіріс факторлар нарығы - сұраныс пен ұсынысты жасайтын еңбек, капитал және жер 
сияқты ресурстарға жалақы, пайыз және рента түріндегі бағалардың қалыптасуы орын алатын 
нарықты айтады. Бұл жерде өндіріс факторларына сұраныс туынды сұраныс болады, яғни 
фирмалардың ресурстарға деген сұранысы солардың көмегімен өндірілетін дайын игіліктерге 
деген сұранысқа тәуелді болып табылады. Егерде, дайын игіліктерге сұраныс өссе, онда 
соларды өндіруге жұмсалатын ресурстарға да сұраныс артады. Ал өндіріс факторларының 
ұсынысы – бұл үй шаруашылықтарының белгілі бір уақытта өз мүмкіндіктерін, атап айтсақ,
еңбекті, капиталды және жерді бәсекенің әртүрлі жағдайларында белгілі бір бағамен сата 
алуға деген дайындықтары. Ұсынысты жасайтын экономикалық субъектілер тұтынушылар, 
қарапайым адамдар, жалдамалы жұмысшылар, жинақтаушылар, қоғам ретінде көрінуі мүмкін 
[1].
Өндіріс факторлары ретінде шаруашылық іс- әрекеттің мүмкіндігі мен нәтижелілігіне 
шешуші ықпал ететін ерекше маңызды элементтер немесе объектілер түсіндіріледі. 
Шаруашылық іс- әрекетке тартылатын өндірістік ресурстардың әрқашан да меншік иелері 
болады және олардың бірде біреуі осы ресурстарды пайдалану құқығын басқа адамдарға 
қайтарусыз бере алмайды. Сондықтан да өндірістің негізгі элементтерінің қозғалысы, оларды 
иемдену, басқару және пайдалану терең қоғамдық- экономикалық қатынастарды қозғайды [2]. 


871 
Өндіріс факторларда негізінен, 3 факторлы нарық қарастырылады. Олар төмендегідей: 
Сурет 1. Өндіріс факторының құрылымы [2]. 
Еңбек нарығы - жұмыс күшін тауар ретінде сату және сатып алу туралы экономикалық 
қатынастардың жүйесі болып табылады. Еңбек нарығында еңбектің өзі ғана емес, белгілі бір 
еңбек түрлерінің қызметтері сауда- саттыққа түседі [3]. 
Еңбек нарығына тән қасиеттер: 
1) жұмыс орындарын ұсынатын кәсіпорындардың санының мол болуы;
2) әртүрлі мамандықтағы еңбеккерлердің санының мол болуы;
3) еңбек нарығында бірде- бір кәсіпорын және бірде-бір еңбеккердің күш ықпалының 
жүрмеуі; 
4) жұмыс күшінің еңбек ақының мөлшерімен бағалануы [4]. 
Нарықтардың басқа да түрлеріне сәйкес еңбек нарығында жұмыс күшіне деген 
сұраныс пен ұсыныс туындайды. Оларға жеке- жеке тоқталсақ: 
Еңбекке деген сұраныс- бәсекенің әртүрлі жағдайларында фирмалардың немесе 
мемлекеттің еңбек қызметінің белгілі бір түрлерін белгілі бір бағамен сатып алуын 
сипаттайтын қажеттіліктері. Еңбекке сұраныс көлемі (L) оның бағасы- жалақы деңгейіне (W) 
тәуелді және оның сұраныс қисығы теріс көлбеу болып табылады [1]. 
Cурет 2. Еңбекке деген сұраныс қисығы 
Еңбекке деген ұсыныс- бұл үй шаруашылықтарының және жалдамалы 
жұмысшылардың жалақының белгілі деңгейіне өздерінің еңбек қызметтерін нарықта сата 
алуға дайындықтары. Еңбектің ұсыныс функциясы сұраныспен салыстырғанда ерекше 
жағдайда қарастырылады. Еңбек ұсынының көлемі де жалақы деңгейіне тәуелді және оның 
ұсыныс қисығы оң көлбеулі болып табылады. 
Cурет 3. Еңбекке деген ұсыныс қисығы 
Сурет 4. Еңбек нарығындағы сұраныс пен ұсыныс тепе- теңдігі [1] 
Жалақы- әртүрлі мамандықтағы еңбеккерлердің еңбекақысы, яғни пайдаланған еңбек 
бірлігінің бағасы. Жалақының 2 түрі ажыратылады: 

Атаулы жалақы- еңбеккердің өз еңбегі үшін алған ақша сомасы.

Нақты жалақы- еңбеккердің алған ақша сомасына өзі үшін және отбасы үшін қанша 
қажетті өмір сүру тауарларын сатып алуға болатынын көрсетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   462   463   464   465   466   467   468   469   ...   532




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет