Қазақстан республикасы ғылым және жоғары мектеп министрлігі abai universiti sillabus пән туралы ақпарат



бет2/5
Дата02.12.2023
өлшемі50,36 Kb.
#132643
1   2   3   4   5
Байланысты:
Силлабус

Баллдар: 1 тапсырма 40; 2 - тап. - 30; 3- тап. – 10; 4 тап. – 10; 5 тап. – 10.

А

Студент академиялық жазу ережелерімен таныс, оларды әртүрлі түрлерді құрастыру кезінде қолдану дағдыларын; академиялық жазу ережелерін, оларды әртүрлі түрлерді құрастыру кезінде қолдану дағдыларын көрсеткен; орындаған жұмысы ғылыми мәтіндерді жазу талаптарына сәйкес; жазбаша және ауызша мәтіндерді ғылыми тұрғыда еркін құрастырған; кәсіби бағдарланған тапсырмаларды (кейстер) дұрыс орындаған

А-

академиялық жазу ережелерін біледі, оларды әртүрлі түрлерді құрастыру кезінде қолдануда 1,2 қате жіберген; ғылыми қарым қатынас жүйесіндегі коммуникативті жағдайдың түрлерімен таныс, қолдануда шінара шатасулар орын алған; орындаған жұмысы ғылыми мәтіндерді жазу талаптарына сәйкес
жазбаша және ауызша мәтіндерді ғылыми тұрғыда құрастырған, қосымша сұрақтарға дұрыс жауап береді; кәсіби бағдарланған тапсырмалардың (кейс) орындалуы дұрыс.

B+

Академиялық жазу ережелерін білетінін көрсеткен;
коммуникативті байланыс жағдаяттарын ажыратады, жазудың стилистикалық құралдары дұрыс таңдайды;
жауап беру кезінде ол әр түрлі сипаттағы кішігірім қателіктер мен дәлсіздіктерге жол береді (лексикалық, грамматикалық, стилистикалық), олардың жедел жоюға дайын; қосымша сұрақтарға мазмұнды жауап береді дегенмен жауаптың теориялық бөлігі бойынша білімдерін толық көрсете алмайды, кәсіби бағдарланған тапсырмада (кейсті) кішігірім қателіктер жібереді

B

Академиялық жазу ережелерін қодануда шамалы ауытқулар жіберген;
коммуникативті байланыс жағдаяттарын ажыратуда, жазудың стилистикалық құралдарын таңдауда; 1,2 олқылықтар жіберген;
жауап беру кезінде ол әр түрлі сипаттағы кішігірім қателіктер мен дәлсіздіктерге жол береді (лексикалық, грамматикалық, стилистикалық),
қосымша сұрақтарға жауап беруде ойларының шашыраңқылығы орын алған; Кәсіби бағдарланған тапсырмада (кейсті) қателіктер жібереді

B-

Академиялық жазылым талаптарын жүзеге асыруда 2 – ден көп қателіктер жіберген, жазбаша тапсырмалардың орындалуы толық емес, ауызша жауаптарда елеулі қателіктер жіберген

C+

Студенттің пән бойынша теориялық білімі мен практикалық дағдыларын, түсінік аппаратын орташа меңгерген. Ғылыми қарым қатынас жүйесіндегі коммуникативті жағдайдың түрлерін қолдануда қиналады. Академиялық жазудың тиісті стилистикалық құралдарын қолдануда қателіктер жіберген. Академиялық жазудың лексикалық, грамматикалық, стилистикалық құралдарының жиынтығын қолдану деңгейі орташа.

C-

Академиялық жазу құралдарын пайдалану барысында қателіктер мен дәлсіздіктерге жол берген. Көрсеткен негізгі теориялық білімі ішінара, эскиздік, жүйесіз. Мәселенің практикалық аспектілері бір-бірімен байланысты емес.
қосымша сұрақтар негізінен жауап бере алмайды, мысалдар келтіре білмейді.
Кәсіптік бағдарланған мәселені (кейсті) шешуде елеулі қателер мен
дәлсіздіктер жібереді.

D+

Студенттің ғылыми коммуникация және академиялық жазу ережелері саласындағы құзыреттіліктері төмен. Жауаптарында бірқатар маңызды дәлсіздіктер орын алған. Қосымша сұрақтарда білімін көрсетуде сенімсіздік көрсетеді. Кәсіби бағытталған тапсырмаларды орындауда өрескел қателіктер жіберген.

D

Жазба жұмыстарының стилистикалық, академиялық сауаттылығы төмен. Пән бойынша теориялық материалдарды меңгеру деңгейі төмен. Академилық жазудың ережерелерін нақты қолдануға машықтанбаған, жұмыстары логикалық тұрғыдан сәйкес келмейді. Жауаптары логикалық тұрғыдан үстірт. Академиялық жазу талаптарын орындауы нашар. Практикалық тапсырмаларды орындау деңгейі өте төмен.

F

Студент пән мазмұнын мүлдем игермеген, ойын жазбаша, стилистикалық, академиялық сауатты жаза білмейді. Пән бойынша терминологияны нақты қолдана алмайды; жазу техникасын таңдай алмаған. Практикалық тапсырмалар дұрыс орындалмаған. Академиялық жазу дағдыларын меңгермеген.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет