Ќазаќстан республикасы ѓылым жєне білім министірлігі


Дәріс 5. Құрылымдық-механикалық қасиеттерді өлшеу әдістері мен аспаптары



бет6/29
Дата15.04.2022
өлшемі1,07 Mb.
#31143
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29
Байланысты:
?àçà?ñòàí ðåñïóáëèêàñûíû? ?ûëûì æ?íå á³ë³ì ìèíèñò³ðë³ã³

Дәріс 5. Құрылымдық-механикалық қасиеттерді өлшеу әдістері мен аспаптары.

Дәріс жоспары:

1. Құрылымдық-механикалық қасиеттерді өлшеу аспаптарының классификациясы.

2. Ығысулық қасиеттерді өлшеу аспаптары.

3. Компрессионды қасиеттерді өлшеу аспаптары.

4. Беттік қасиеттерді өлшеу аспаптары.


1. Технологиялық машиналарды және ағынды автоматтандырылған желілерді жобалау, жасау, сапалы және тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету, ең біріншіден шикізат пен өнімнің қасиеттерін жан-жақты есепке алуға негізделеді.

Материалдардың құрылымдық-механикалық қасиетерін өлшеу аспаптары үш топқа жіктеледі: абсолютті, салыстырмалы және шартты.

Абсолютті аспаптар – тәжірибені өткізу жағдайы мен жұмысшы бөліктің геометриялық өлшемдеріне негізделіп, өнім қасиетінің мәнін абсолютті жүйеде көрсетеді.

Салыстырмалы аспаптар материал қасиетіне сәйкес алдын-ала дайындауды қажет етеді де, өлшемсіз салыстырмалы көрсеткіштерді көрсетеді. Бұл мәндерді абсолютті мәнге оңай ауыстыруға болады. Бұл екі топтың аспаптарының көмегімен алынған мәндерді аппараттардың жұмысшы тораптарын есептеуге және шикізат пен өнімнің сапасын бағалауда қолдануға болады.

Үшінші, шартты топ аспаптары өлшенетін шамалардың шартты мәндерін көрсетеді, бұларды есептерде қолдануға келмейді. Бұл аспаптарды өнімнің технологиялық сипаттамасының өзгеруінің кіші диапазонындағы қандайда бір сапалық көрсеткіштерін салыстыру үшін қолданады.

Сонымен қатар аспаптарды дифференциалды және интегралды деп ажыратады. Біріншісі, уақыт пен қиманың кез-келген моменті үшін аспаптағы өнімнің жылдамдығы мен деформациясының таралуын бақылауға мүмкіндік береді. Екіншісі, өлшеудің соңғы, жалпы жағдайын анықтайды. Өнім қасиеті шамасының мәндерін есептеу және бақыланған мәндерді жалпы негіздеу үшін математикалық модельді дұрыс таңдау қажет. Бұл өнімнің нақты жағдайлардағы күйін жоғары дәлдікте сипаттауға мүмкіндік береді.

Негізгі фундаменталды айнымалы болып келесі төрт айнымалы: 1) күш, момент, кернеу; 2) арақышықтық, деформация және деформация жылдамдығы; 3) уақыт; 4) энергия. Осыған сәйкес механикалық өлшеу аспаптары күштің, деформацияның, уақыттың мәндерін есептейтін құрылғылармен жабдықталады. Энергияны осы көрсеткіш бойынша немесе арнайы аспаптар көмегімен анықтайды. Кез-келген аспаптың қиындық туындайтын жері, ол жұмысшы органы болып табылады. Жұмысшы органның аспап көрсеткіштеріне әсерін тәжірибелік жолмен анықтайды. Аталған фундаменталды айнымалылардың ішінде динамикалық факторларды өлшеу қиындық туғызады. Себебі, оның мәні тәжірибе кезінде тұрақты болмайды. Көптеген зерттеулер нәтижесінде реологиялық зерттеулер нәтижесіне өлшеу жүйесінің қатаңдығының әсері зор екені анықталды. Мұны әсіресе қалыптаспаған режимдер үшін және эксперименттік қисықтың бастапқы алаңшаларында байқауға болады. Реологиялық аспаптарды өлшенетін шамасының түріне байланысты төрт топқа жіктейді (кесте 5.1).
Кесте 5.1

Өлшенетін шама

Тұрақты шамалар

Мысал (аспаптың аталуы)

Динамикалық (күш, момент, кернеу)

Геометриялық, кинематикалық

«Peomecm» викозиметрі; ВНИИМП-тің әмбебап аспабы; Симонян ығысуды өлшегіш аспабы

Кинематиклық (уақыт, жылдамдық)

Динамикалық, геометриялық

Вискозиметрлер: РВ-8, Оствальд, Уббелоде, Гепплер

Геометриялық (ұзындық, аудан, көлем)

Динамикалық, кинематикалық

Пенетрометрлер (конусты пластометр КП-3 және басқа)

Энергия (қуат)

Геометриялық, кинематикалық

Брабендер фаринографы; Большаков-Фомин приборы; күш–арақашықтық диаграммасын орындайтын приборлар

Аспаптардың мәндерді ауытқып көрсететіндігінен, бұл жіктелу шартты болып саналады. М.М. Кусаков реологияда екі өлшемді әдістерді қарастырып капилярлы вискозиметрге сипаттама береді. Вискозиметрдің алдын-ала сығымдалған серіппесі тудыратын сұйықты ығыстырушы күші айнымалы болады. Сонымен қатар ығысу жылдамдығының және жүктелудің өзгерісі белгілі заңдылықпен берілетін аспаптар болады. Кестеде 5.1 көрсетілген әдістердің ішінде алғашқы екеуі кең таралаған. Бірінші әдіс – ығысудың тұрақты жылдамдық әдісі. Бұл әдіс электромеханикалық немесе гидравликалық жетек арқылы жүзеге асады. Ол күш әртүрлі диномаметрлермен есептеледі. Екінші әдіс – тұрақты жүктелу әдісі. Бұл әдіс конструкциялы түрде қарапайым, өйткені орын ауыстыру жылдамдығын секундомермен өлшеуге немесе диаграммалық таспаға жазуға болады.

2. Ығысулық қасиеттер өнімнің жанама ығысуы кезінде туындайды. Аққыш жүйелердің ығысулық қасиеттерін өлшеу аспаптары жұмыс істеу әрекеттері бойынша келесі топтарға бөлінеді: ротоционды, капиллярлы, пенетрометрлер. Капилляр деп диаметрі бірнеше ондаған мм-ге дейінгі түзу түтікшені айтады.

Технологиялық процесс кезіндегі өнімнің ішкі өзгерісін тек өзгеріске ұшыраған физикалық қасиеттер арқылы анықтауға болады.

Аспаптардың жұмысы кезінде жүйелік және кездейсоқ қателіктердің болуы мүмкін. Пластикалы-тұтқыр қасиеттерді өлшеген кезде қателік 10%, ал сұйық өнімдерді өлшегенде 2% аспауы керек. Экспериментті жүргізу жоспарын мұқият дайындаған жағдайда қателік 5 және 0,5%-тен аспайды. Ығысулық, компрессиондық және беттік қасиеттерді өлшеуге арналған аспаптардың өзіне тән ерекшелігі болады.

Ротационды және капиллярлы визкозиметрлерде алынған мәндерге сүйеніп, мұнда турбулентті ағын болмайтынын байқауға болады. Яғни, қозғалыс режимі ламинарлы және құрылымдық болады. Қозғалыс режимі Рейнольдс критерийімен сипатталады. Бұл өлшемсіз шама және ағынның кинематикалық энергиясының қатынасына пропорционал болады.


3. Өнімдердің механикалық деформацияларының негізгі түрлеріне ығысуға қоса көлемдік және өстік сығылу, сонымен қатар өстік созылу жатады. Аталған сипаттамаларды өлшеудің негізгі әдістері келесілер: өстік сығылу, өстіксозылу, одностороннее объемное сжатие и двустороннее объемное сжатие.

Өнімдердің өстік сығылуын анықтауға арналған аспаптар. Жұмыс істеу әдісі барлық аспаптар үшін ұқсас. Пластинаның жетегінің түріне байланысты құрылымдық сұлбалар келесідей жіктеледі: астыдан үстіге, электрқозғалтқыштан немесе жүктің өзінен. Оларға ВНИИМП-тің әмбебап аспабын және ВНИИМПа и МТИММП-тің дефометрін жатқызуға болады.

Өнімнің көлемдік сығылуын анықтауға арналған аспаптарға Москва ет комбинатының және МТИММП-тің компрессионды акалориметрін, Геплердің консистометрін, Ю.А. Мачихин мен А.С. Максимовтың аспаптарын жатқызуға болады. Олар пластикалы-тұтқыр тамақ өнімдерінің әртүрлі қысымдағы реологиялық және жылуфизикалық қасиеттерін анықтауға мүмкіндік береді.

Өнімнің созылуын анықтауға арналған аспаптарда тәжірибелік үлгіні тұрақты өлшемде деформациялайды. Оларға Ю.А. Мачихин, В.Н. Данилов және Г.П. Комогоров аспабы; Н.И. Назаров және Ю.В. Калинин аспабы; «Брабендер» фирмасының экстенсографы; «Инстрон» әмбебап сынақ машинасы және т.б..

4. Тамақ өнімдерінің беттік қасиеттеріне - қатты бет пен өнімнің шектескен жерінде туындайтын – адгезия және сыртқы үйкеліс жатады. Тамақ өнімдерінің беттік қасиеттерін анықтауға арналған аспаптар адгезиометрлер және сыртқы үйкелісті анықтауға арналған аспаптар болып бөлінеді.

Адгезиометрлердің жұмыс істеу принципі сыртқы күштерді түсіру арқылы адгезиялық қабатты бұзуға негізделеді. Күштің түсуіне байланысты үзу және (бірқалыпты және бірқалыпты емес) және ығыстыру әдістері белгілі. Адгезиометрлерге МТИММП-тің әмбебап адгезиометрі; В.А. Данилов, Ю.А. Мачихин және О.Г. Силаевтың адгезиометрлері; Ю.А. Клаповскийдің адгезиометрі; МТИПП-тің АМ-1 адгезиометрі жатады.

Сыртқы үйкелісті анықтауға арналған аспаптардың классикалық түрлері ауданы бірнеше квадрат миллиметрден ондаған квадрат сантиметрге дейін болатын, жазық беттері жанасатын денелер жұбынан құралады. Ығысу (үйкелу) денелерінің бірін тензометрлік, серіппелі және басқа датчиктердің көмегімен өлшейді. Аз жылдамдықты үйкеліс кезінде беттердің түзусызықты орынауыстыруы жүзеге асады.

Сыртқы үйкелісті анықтауға арналған аспаптардың кең таралған түрлеріне трибометр және Н.Н. Мозениннің құрылғысы жатады.
Өзінді тексеруге арналған сұрақтар

1. Материалдардың құрылымдық-механикалық қасиетерін өлшеу аспаптары қандай топқа жіктеледі? 2. Абсолютті аспаптар не үшін қолданылады? 3. Негізгі фундаменталды айнымалы болып қандай айнымалы табылады? 4. Реологиялық аспаптарды өлшенетін шамасының түріне байланысты қандай топқа жіктейді? 5. Аққыш жүйелердің ығысулық қасиеттерін өлшеу аспаптары жұмыс істеу әрекеттері бойынша қандай топтарға бөлінеді? 6. Өнімдердің механикалық деформацияларының негізгі түрлеріне ығысуға қоса көлемдік және өстік сығылу, сонымен қатар өстік созылу жатады. Аталған сипаттамаларды өлшеудің негізгі әдістері қандай? Олардың артықшылықтары мен кемшіліктерін көрсетіңіздер? 7. Пластинаның жетегінің түріне байланысты құрылымдық сұлбалар қалай жіктеледі?


Ұсынылатын әдебиет:

1. Горбатов А.В. Реология мясных и молочных продуктов. – М.: Пищевая промышленность, 1979. – 384 с.

2. Мачихин Ю.А., Мачихин С.А. Инженерная реология пищевых продуктов. – М.: Легкая и пищевая промышленность, 1981. – 215 с.

3. Реология пищевых продуктов. /Еркебаев М.Ж., Кулажанов Т.К., Мачихин Ю.А., Медведков Е.Б. – Алматы, 2003. – 192 с.

4. Реология пищевых масс /К.П. Гуськов, Ю.А. Мачихин, С.А. Мачихин и др. – М.: Пищевая промышленность, 1970. – 207 с.

5. Реометрия пищевого сырья и продуктов: Справочник /Под ред. Ю.А. Мачихина. – М.: Агропромиздат. – 1990 – 271 с.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет