135
қажеттілік. Ол — жинақталған әлеуметтік тәжірибені аға ұрпақтың жас ұрпаққа беруі
қажеттілігі.
Тәрбие — педагогикалық процесс жағдайында жеке адамның қоғамдық тәжірибені игеруге
үшін бағытталған белсенді іс-әрекетін қолдау және ұйымдастыру
2
.
Тәрбиенің мәні, мақсаты және жүйесі өмір сүріп отырған қоғам саясаты мен экономикалық
жүйесіне байланысты туындайды. Әрбір қоғамдық-экономикалық формацияларда адамдардың
материалдық және рухани өмірлерінің үздіксіз өзгеріп отыруына сай қарым-қатынастардың
жаңа формалары туындап, тәрбиенің мақсаты мен мазмұнына жаңаша идеялар енеді
3
.
Отбасының дербестігі болғанымен, отбасылық қатынастар қоғаммен және оның дамуымен
тікелей байланысты. Отбасы — кіші әлеуметтік топ, ал оның мүшелері некемен немесе қаны бар
туыстығымен, тұрмыстық ортақтығымен және өзара адамгершілік жауапкершілікпен байла-
нысты. Отбасы — қоғамның бастапқы ұясы, қоғамның әлеуметтік құрлымының негізі болып
табылады. Ер мен әйел — отбасының екі
іргетасы, бұл іргетас үйленумен құрылады.
Үздіксіз тәрбиенің тұжырымдамасында үздіксіз тәрбиенің негізгі мақсаты — дені сау, ұлт-
тық сана-сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, мәдениетті, еңбекқор, іскер,бойында басқа
да игі қасиеттер қалыптасқан адамды тәрбиелеу.
Тәрбие процесі дегеніміз — жеке адам мен балалар ұжымын әлеуметтік тұрғыдан қалыптас-
тыруда, оларды өмірге дайындап, қоғамда өз орнын таба білуге, әрбір әрекетімен, қызметімен
қоғамда өз орнын таба білуге үйретіп, қоғамға пайда келтіру арқылы өз жеке басына қанағат-
танғанған сезіммен қарауға тәрбиелеу
4
.
Тәрбие процесінің бағыттылығы мен нәтижесіне сол сияқты сыртқы қайшылықтар да күшті
әсер етеді. Мектеп пен отбасы арасындағы қайшылық, ата-аналардың педагогтардың кейбір
талаптарына теріс көзқараста болуы тәрбие беру үрдісінде кері әсер береді. Кейінгі кезде
күшейіп отырған тарихи, әдеби, саяси ақпарат мазмұнындағы қайшылықтар да жеткіншектерде
негативті әсер тудырады. Сөз бен істің қайшылығы тәрбиеде қиындықтар тудырады. Педагог-
тардың аса мән беретін қайшылықтарының бірі — сыртқы әсерлер мен тәрбиеленушінің ішкі
ұмтылыстарындағы қарама-қайшылықтар. Баланың ішкі жан дүниесінің қажеттіліктерін есепке
алмай жүргізілген тәрбие процесі
сәтсіздікке ұшырайды
5
.
Тәрбие — мақсат көзделіп, жүйелі ұйымдастырылған тәрбие нәтижесінде іске асады, сонда
ғана, жастардың өмірге құштарлығын, еңбекті қажетсінуін дамытуға болады. Тәрбие мазмұ-
нының ұстанымдары, оны ұйымдастыруға және оның әдістеріне қойылатын негізгі талапта-
рына сай белгіленген. Тәрбие ұстанымдары жеке тұлғаны тәрбиелеу жөніндегі ілімге және
ғасырлар бойы жинақталған халықтық тәжірибеге және ғылыми педагогикаға сүйенеді. Бұл
ұстанымдардың иедялық негізгі
мектептің өмірімен,
тәжірибемен,
еңбекпен байланысына сай
6
.
1
Назарбаев Н. Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру // zakon.kz/static_zakon-notiticatons/index.ntmt.
2
Әбиева Ж., Бабаев С., Құдиярова А. Педагогика. – Алматы: Дарын, 2004. Б.51-52.
3
Назарбаев Н. Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру // zakon.kz/static_zakon-notiticatons/index.ntmt.
4
Қоянбаев Р., Қоянбаев Ж. Педагогика. — Алматы, 2004. Б.11-12.
5
Педагогика: Дәрістер курсы / Авторлар ұжымы. — Алматы, 2003. Б.21-24;
Қоянбаев Ж.Б. Педагогика: Оқу
құралы. – Алматы: Рауан, 1992 ж. Б.33-35;
Харламов И.Ф. Педагогика: Учебник. — Минск. 1998. Б.10-11.
6
Подласый И.П. Педагогика: Учебник для студ. пед. вузов — М:, Владос, 1999. Б.66-69;
Кукушин В.С. Теория и
методика воспитательной работы. — Ростов-на-Дону, 2002. Б.45-47;
Сухомлинский В.А. Как воспитать настоя-
щего человека. — М.: Пед., 1990. Б.22-23;
Щуркова Н.Е. Воспитание детей в школе. — М., 1998. Б.4-6.
Достарыңызбен бөлісу: