Қазақстан республикасы ішкі істер министрлігі м. БӨкенбаев атындағы ақТӨбе заң институты


С.Д.  Сәруар  —  Қ.Жұбанов  атындағы  Ақтөбе  өңірлік  мемлекеттік  университетінің



Pdf көрінісі
бет146/216
Дата06.01.2022
өлшемі7,29 Mb.
#15950
1   ...   142   143   144   145   146   147   148   149   ...   216
С.Д.  Сәруар  —  Қ.Жұбанов  атындағы  Ақтөбе  өңірлік  мемлекеттік  университетінің 
«Құқықтану» мамандығының 3-курс студенті;  
       Ғылыми 
жетекшісі  —  Қ.Жұбанов  атындағы  Ақтөбе  өңірлік  мемлекеттік 
университетінің  құқықтану  кафедрасының  аға  оқытушысы,  заң  ғылымдарының  магистрі 
А.А. Бекбауова.  
ҚҰҚЫҚ ҚОРҒАУ ОРГАНДАРЫНЫҢ ЖАЗАСЫН ӨТЕГЕН ТҰЛҒАЛАРДЫҢ 
БЕЙІМДЕЛУІНЕ ЫҚПАЛ  ЕТУ ҚЫЗМЕТІНІҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ 
Мемлекеттің  және  оның  органдарының  қызметі  қоғам  өмірінің  әртүрлі  өрісін  қамтитын-
дығы белгілі. Тұтастай алғандағы экономиканың, оның салаларының және нақты шаруашылық 
ұйымдарының қалыпты қызмет атқаруы, сыртқы саясаттың жүзеге асырылуының, мәдениеттің, 
ғылым  мен  білімнің  дамуы  үшін  жағдай  жасау,  елдің  қорғаныс  қабілетін  арттыру  және 
мемлекеттің  қауіпсіздігін  қорғаумен  байланысты  мәселелерді  шешу,  сондай-ақ,  басқа  да  ма-
ңызды функцияларды орындау осынау әртарапты қызметтің мазмұнын құрайды. 
Мемлекеттік  қызметтің  қатарында  заңдылық  пен  құқық  тәртібін қамтамасыз  ету,  адамның 
және  азаматтың  құқықтары  мен  бостандықтарын  қорғау,    мемлекеттік  және  мемлекеттік  емес 
ұйымдардың,  еңбек ұжымдарының құқықтары мен заңды мүдделерін күзету және қылмыс пен 
өзге  де  құқық  бұзушылықтарға  қарсы  күрес  жүргізу  басты  орынға  ие  болады.  Сонымен  бірге, 
зерттеушілердің  пікірінше,  «құқық  қорғау  өрісі  қылмыстылықпен  немесе  қоғамдық  тәртіпті 
бұзушылықпен күрес өрісіне қарағанда әлдеқайда кең»
1

Мемлекеттің  негізгі  міндеттерінің  бірі  болып,  адам  мен  азаматтың  құқықтары  мен 
бостандықтарын,  тұтастай  алғандағы  қоғам  мен  мемлекеттің  мүдделерін  қылмыстық  қол 
сұғушылықтан қорғау болып табылатындығын тағы да атап көрсете отырып, аталған міндеттің 
жүзеге  асырылуы  негізінен  алғанда,  қылмыстылықпен  күрес  жүргізудің  және  оның  алдын 
алудың  негізгі  субъектісі  болып  табылатын  құқық  қорғау  органдарына  жүктелетіндігін  айтқан 
орынды. 


 
289 
Заңдылықты  және  құқық  тәртібін  қамтамасыз  етумен  негізінен  алғанда  осындай  тек 
міндеттерді атқару үшін құрылған арнайы органдар айналысуы тиіс. Оларды о бастан-ақ, құқық 
тәртібін қорғау органдары, (қоғамдық тәртіпті қорғау органдары деп те атау сирек кездеспейді) 
яғни экономикалық және әлеуметтік, өнегелік, мәдени, тарихи факторлармен, Қазақстан Респуб-
ликасының  Конституциясымен,  өзге  де  заңнамалық  және  құқықтық  ережелермен  шартталатын 
мемлекет пен қоғамның, азаматтардың өмірі мен қызметі тәртібін қорғауға тиісті органдар деп 
атау қалыптасқан.  
Құқық  тәртібін  қорғау  органдары  ұғымына  өзінің  ішкі  мазмұны  жағынан  құқық  қорғау 
органдары ұғымы барынша жақын келеді. Осы атаулар өте ұқсас болғанымен, бірақ олар бірдей 
емес. Олар арқылы білдірілетін органдар шеңбері әрдайым сәйкес келе бермейді. Құқық тәртібін 
қорғау органдарының барлығын  бірдей құқық қорғау органдары деп санауға болмайды. Соны-
мен  бірге,  құқық  қорғау  органдарының  қатарында  кең  мағынасында  алғандағы  қоғамдық 
тәртіпті  немесе  құқық  тәртібін  қорғаумен  айналыспайтын  және  айналысуға  тиісті  болып 
табылмайтын органдар да баршылық  «берілген мәселе сондай-ақ, құқық қорғаушылық қызметі 
ұғымының мәселесі де заңнамалық негізде тікелей және түпкілікті реттелмеген
2

Отандық  зерттеушілердің  пікірі  бойынша  да  «қазақстандық  заңнамада  «құқық  қорғау 
органдары» деген ұғымға берілген түпкілікті тұжырымдама жоқ. Бұл түсінік әртүрлі құжаттарда 
жалпылама  түрде  құқық  қорғаушылық  қызметті  жүзеге  асыру  міндеті  жүктелген  мемлекеттік 
органдарды білдіру үшін қолданылады».  
Қазіргі  таңда  өздерінің  кәсіби  қызметтерінің  белгілері  бойынша,  өздерінің  айқын  міндет-
теріне ие болатын мемлекеттік органдардың ерекше жүйесіне (құқық қорғау органдары) кіретін 
органдардың  қатары,  бұрынғы  уақыттармен  салыстырғанда  кең.  Заң  ғылымдарының  докторы, 
профессор  С.  Молдабаев  қазіргі  уақытта  құқық  қорғау  органдарының  көп  жүйелік  құрылы-
мының  пайда  болғандығын  атап  көрсете  келіп,  оның  өз  кезегінде  «көрсетілген  органдардың 
өзара ықпалдастығының бүкіл жүйесін күрделендіріп жібергендігін және де мұның көрсетілген 
органдардың  өздерінің  маңыздылығы  мен  мәртебелілігі  үшін  жасырын  «бәсекелестігімен», 
«күресімен» ұштасып отырғандығын» айтады. 
Әлдеқандай мемлекеттік органдарды құқық қорғау органдары қатарына жатқызу барысында 
басшылыққа  алынатын  негіздерді  барынша  анық  айқындау  үшін,  қазіргі  таңда  барлығымен 
бірдей таныла бермейтін, белгілі бір шамада алғанда шартты болып табылса да, көпшілік үшін 
дағдылы  болған  «құқық  қорғау  қызметі»  атауына  ие  болған  қызметтің  басты  белгілерін 
анықтаудың маңызы зор
3

Егер адамның және азаматтың бұзылған құқықтарын қалпына келтіру немесе дау туғызушы 
құқықтарын анықтау  мәселесін негізінен шешу,  сот  арқылы жүзеге асырылатындығын ескерер 
болсақ,  онда  сот  органдарын  құқық  қорғау  органдарының  жүйесіне  кірістірмеу  түсініксіз  әсер 
қалдыратын  сияқты.  Біздің  ойымызша,  аталған  мәселе  өз  алдына  бөлек  зерттеу  жұмысының 
тақырыбы  болып  табылады  сол  себепті,  оны  талдауды  біз  жұмысымыздың  міндеттерінің 
қатарына кірістірген жоқпыз
4

Жоғарыда аталып көрсетілгендерді негізге ала отырып, құқық қорғау қызметі ретінде нені 
қарастыруға  болатындығын  анықтауға  мүмкіндік  пайда  болады.  Құқықты  қорғау  мақсатында 
арнайы өкілетті органдармен ықпал етудің заңи шараларын заңға қатаң сәйкестікте және онымен 
бекітілген  тәртіпті  бұлжытпай  сақтау  жолымен  жүзеге  асырылатын  мемлекеттік  қызмет  түрін 
құқық қорғау қызметі деп санау қажет. 
Өзінің  мазмұны  бойынша  құқық  қорғау  қызметі  біртекті  болып  табылмайды.  Жүзеге 
асырылатын  әлеуметтік  функциялардың  салыстырмалы  түрде  алғанда  әрқилы  болып  табылуы, 
олардың  мазмұнының  мемлекеттік  қызметтің  берілген  түрінің  негізгі  бағыттарымен  айқын-
далуынан біз оның көп жоспарлы бағытын айқын аңғарамыз. 
Мемлекет  пен  құқықтың  жалпы  теориясы  бойынша  мемлекет  механизмі  аталған  меха-
низмнің  жалпы  құрылымындағы  өзінің  сипаты  және  құзіретінің  көлемі,  қызмет  атқаруының 
нысандары мен тәсілдері бойынша ерекшеліктерге ие болатын органдардың күрделі жүйесі рет-
інде  сипатталады.  Берілген  жүйеде  ерекше  орын,  оның  құрамдас  бөлігі  болып  табылатын, 
заңмен бекітілген құзіретке ие және аталған құзіреттің шеңберінде мемлекет атынан әрекет етуге 
құқылы ішкі істер органдарына беріледі. 
 Қылмыстық  жүріс-тұрыс  бірнеше  құқықтық  пәндер  арқылы  зерттеледі,  олардың  арасында 
соңғы  жылдары  криминология  және  құқық  социологиясы  үлкен  маңызға  ие  болып  отыр.  Бұл 


 
290 
түсінікті  де,  себебі  қылмыстылықпен  күресті  ғылыми  тұрғыдан  ұйымдастыру  тек  қылмыс-
тылықтың  әлеуметтік  құбылыс  ретіндегі  мәнісін  терең  ашу,  оның  себептерін  талдау,  сонымен 
бірге қылмыстылықтың алдын алу шараларын жасақтау негізінде ғана мүмкін болады, – дейді В. 
Н. Кудрявцев
5

Қылмыстық  жазасын  өтеп  шыққан тұлғалардың  бостандықтағы  өмір  жағдайларына  бейім-
делуі  криминологияның,  құқық  қорғау  қызметін  ұйымдастырудың  маңызды  мәселелерінің  бірі 
саналады,  себебі  тұлғалардың  аталған  санатының  тарапынан  жасалуы  мүмкін  жаңа  қылмыс-
тардан  сақтандыру  қылмыстылықпен  күрестің  негізгі  бағыттарының  және  де  рецидив 
мәселесінің орталық буындарының бірі болып табылады
6

Адам  көзқарастарының,  оның  дағдылары  мен  тәлімдерінің  белгілі  бір  дәрежедегі  кертарт-
палығына байланысты жаңа ортаға бейімделу көп реттерде ішкі күйзеліс, психологиялық кедергі 
жағдайында өтеді. Бас бостандығынан айыру түріндегі жазасын өтеп шыққан адамдар үшін жаңа 
ортадағы  әлеуметтік  бейімделу  процесі  бостандыққа  шыққан  адамдардың  жеке  бастарының 
ерекшеліктерінен,  қоршаған  әлеуметтік  ортаның  сипатымен  және  де  олардың  әртүрлі  шағын 
топтармен  өзара  әрекеттестігінің  ерекшеліктерімен  шартталатын  бірқатар  объективтік  және 
субъективтік себептерге байланысты көптеген қиындықтарды пайда қылады. 
Жазадан  босатылғандарды  бейімдеу  —  көп  қырлы  процесс.  Ол  сотталған  адамдарды 
бостандықтағы  өмір  жағдайларына  дайындаудың  өнегелік,  психологиялық  және  практикалық 
мәселелерінің, жазаны өтегеннен кейінгі олардың жаңа әлеуметтік рөлдерді меңгеруінің, қоғам-
дық  тұрғыдан  пайдалы  болып  табылатын  байланыстарын  қалпына  келтірудің,  бейімделу  үрді-
сінің  мемлекеттік  және  қоғамдық  ұйымдар  тарапынан  белсенді  түрде  басқарылуының,  бостан-
дыққа  шыққан  адамдардың  пайдалы  қызметке  қайтып  оралуына  кедергі  келтіретін  жағымсыз 
факторларды жоюдың кешенін қамтиды. Осы айтылғандарды өз кезегінде жазасын өтеп шыққан 
тұлғаларды  әлеуметтік  ортаға  бейімдеу  мәселесін  тек  әлеуметтік  психология  тұрғысынан  ғана 
емес,  сондай-ақ  педагогикалық,  криминологиялық  және  құқықтық  тұрғыдан  да  кешенді  түрде 
зерттеуді  талап ететіндігінің айқын дәлелі, – деп санаймыз. 
Осыған байланысты, бас бостандығынан айыру түріндегі  жазасын өтеп бостандыққа шық-
қан  тұлғаларға  қатысты  белгілі  бір  әлеуметтендіруді  жүзеге  асыру  міндеті  пайда  болады,  ол 
өзіне  қоғамнан  оқшаулаудың  әлеуметтік-психологиялық  салдарын  жоюды,  қоғамдық  тұрғыдан 
алғандағы  пайдалы  қатынастарын  қалпына  келтіруді,  қоғамдық  пікір  тарапынан  қуатталатын 
қатынастар  өрісіне  тартуды  кірістіруі  тиіс,  себебі  осындай  байланыстардың  жоғалуы  әдетте 
қылмыс рецидивінің негізгі себепшісі болады. Сонымен бірге, «қоғамның тарихи нысандарының 
дамуына байланысты әлеуметтік бейімделудің, яғни тұлғаның берілген қоғамда үстемдік құра-
тын нормалар, әлеуметтік және моральдық құндылықтар жүйесіне кірігу тәсілдері де өзгереді» 
Қылмыстық жазасын өтеп шыққан тұлғалардың жағымды әлеуметтік ортаға бейімделуінің 
барынша  тез  және  табысты  түрде  жүзеге  асырылуының,  аталған  адамдар  тарапынан  жасалуы 
мүмкін қылмыстардың алдын алудағы аса маңызды фактор екендігін ескерсек, берілген үрдісті 
басқару  барысында  және  бұрын  сотталған  адамдарға  қойылатын  мемлекеттік  қадағалауды 
жүзеге асыру арқылы ішкі істер органдары аталған өрісте негізгі маңызға ие болады. 
Жоғарыда  аталып  көрсетілген  жағдайлар  бізге  зерттеу  жұмысымызды,  негізінен  алғанда, 
осы аталған органдардың қылмыстық жазасын өтеп шыққандарды бостандықтағы өмір жағдай-
ларына бейімдеудегі рөліне қатысты зерттеу жүргізуге толықтай негіз береді деп санаймыз. 
Алайда  қазіргі  қалыптасқан  жағдайда  қылмыстық  жазасын  өтеуден  босатылғандарды 
еңбекке  орналастыру  мәселесінің  ұйыдастырылған  түрде  жоспарланып,  жүзеге  асырылуы, 
жұмысқа  орналасуға  жолдама  берілгендердің  бірыңғай  есебін  жүргізу  жолға  қойылмаған. 
Аталған міндеттерді жүзеге асыруға міндетті болып табылатын тиісті органдардың нақты жүйесі 
айқындалмаған. 
Қылмыстық  жазаны  өтеуден  босатылғандардың  жағымды  әлеуметтік  ортаға  бейімделуінің 
табысты  түрде  жүзеге  асуы,  рецидивтік  қылмыстылықтың  алдын  алуда  ерекше  маңызға  ие 
болатындығын  ескере  отырып,  біз  ішкі  істер  органдарының  құрамында  қылмыстық  жазаны 
өтеуден  босатылғандармен  жұмыс  жүргізу  негізгі  функционалдық  міндеті  болып  табылатын 
арнайы бөлімнің ұйымдастырылуы тиіс деп есептейміз.
                                                 
1
   Кузнецова Н.Ф. Криминология как наука // Советская юстиция. — 1970. —  № 2. Б. 8-12. 
2
   Никифоров  Б.С.  К  вопросу  об  изучении  эффективности  уголовно-правовых  мер  борьбы  с  преступностью. 
Эффективность уголовно-правовых мер борьбы с преступностью. — М., 1968. Б.10-14. 


 
291 
                                                                                                                                                                        
3
   Общая теория права / Под ред. А.С. Пиголкина - М.: МГТК им. Н.Э. Баумана, 1995. — 384 б. 
4
   Ағыбаев  А.Н.  Қазақстан  Республикасының  қылмыстық  кодексіне  тусіндірме:  Жалпы  және  ерекше  болімдер.  - 
Алматы: Жеті жарғы, 2010. — 278 б. 
5
   Эбенов С.М. Қылмысты квалификациялаудың ғылыми негіздері: Электрондык кітап. Оқулық — Алматы: Нур-
пресс, 2006. —  240 б. 
6
   Шаргородский М.Д. Наказание, его цели и эффективность. Избранные труды / Сост. и предисловие докт. юрид. 
наук, проф. Б.В. Волженкина. — СПб.: Издательство «Юридический центр Пресс», 2004. — 657 б. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   142   143   144   145   146   147   148   149   ...   216




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет