Пәннің міндеттері: «Бухгалтерлік есеп» курсы «Экономика» білім беру бағдарламасының білім алушылары үшін арнайы жасалған. Білім алушы берілген курсты оқыту барысында бухгалтерлік мәліметті жасау және оқуға, бухгалтерлік есептің ұлттық және халықаралық стандарттары арасындағы ерекшеліктерді және ұқсастықтарды үйренеді. Бухгалтерлік есеп объектілері, оларды жіктеу және бағалау әдістері аталған курста терең зерттеледі.
«Бухгалтерлік есеп» курсында мынадай сұрақтар қарастырылады:
-бухгалтерлік есептің мәне және оны ұйымдастыру;
-кәсіпорында құжаттарды тіркеу мен мәліметтерді құжаттау;
-шоттарды терең оқу мен қатар оларға талдау жасау;
-балансқа шолу мен оның түрлері мен құрылымын қарастыру;
-бухгалтерлік есептің стандарттары мен принциптері;
Пәнді игеру барысында қалыптасатын құзыреттіліктер: ВЕ 3301- Бухгалтерлік есеп - бухгалтерлік есепте базистік білімді алу;
- экономикалық үдерістерді талдау мен бағалауды үйрену;
- шаруашылық операцияларына бухгалтерлік жазбалар беруді үйрену;
- экономикалық ойлауды қалыптастыруды үйрену;
- әр түрлі басқару шешімдерін қабылдауға дағдылану;
- курс байынша әдебиеттермен жұмыс жасауды тиімді пайдалана білу.