Қазақстан Республикасы жоғарғы оқу орындарның қауымдастығы



бет46/94
Дата21.11.2022
өлшемі1,55 Mb.
#51508
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   94
Байланысты:
1093 k L

1.7 Отандық философия
Дүниежүзілік тарихта адамзаттың көшпелі тұрмысы, номадтық мәдениет - бірегей құбылыс. Кейбір ғалымдар мұндай құбылысты артта қалғандық, сананың жетілмегені деп келді. Ежелгі және орта ғасырдағы көшпенділікті қажетті тұрмыс салты ретінде қарастыру керек.
Көшпенділік (номадтық) өмірдің ерекшелігі. 1. Еркін өмір сүру, яғни, негізінен экономикалық және әлеуметтік дербес, шағын топпен өмір сүруі. Оның себебі: мал, тамақ, киім, үй, көлік, отын да болып, ең негізгі қажеттіліктердің бәрін қамтамсыз етеді. 2. Көшпелі қазақ елі еуразиялық кеңістікте ақпараттық рөл атқарды, көрші отырықшы елдердің жақсы жақтарын, жетістіктерін бір-біріне жеткізіп отырды. Мысалы, Жібек жолы, оның үш бағыты: Сібір, Батыс, Оңтүстік. 3. Отырықшы елдердің идеологиялық-саяси тұйықтыққа ұмытылуын бұзып, іштен іріген елдерді жаулап, жаңа жолға итермелеп отырды. 4. Көшпенділер тек ақпараттық рөл атқармай, жаңа идея, жаңа бағыт ұсынды. Оны ежелгі зороастризмді Иран, Ирак жеріне алып келген «түйелі адам» ұғымынан, тәңірге табынудың конфуцийліктің аспанға сенуіне ұқсастығынан байқаймыз. Дін - өнегеліктің көзі десек, көшпелілердің этиканы сақтап дамытудағы ерекше рөлін байқамыз. Алғашқы иудаизм де, ислам діні де көшпелілерден шыққандығы тарихи дәлелденген. Бұған Қорқыт, Асанқайғы ізденістері, Абайдың «Адам бол» талабы да куә. 5. Көшпелілер табиғатқа жақын болғандықтан, реалистік ойлауға икемді, отырықшы елдер секілді бір мифологияны ұзақ ұстану оларға тән емес. Анарыс, Фараби ғылымның бастауы саналатын логиканы, нақты ойлауды жетілдіруде атаулы рөл атқарғаны да тарихтан белгілі. Олардың табиғатқа жақындығы балаға тән мейірмандылықты, бәсекешілдікті, жерді қорғаудағы жаугершілік мінезді сақтауға әкелді.
Халық эпостары, ертегілер, аңыздар, лирикалық-тұрмыстық поэмалар, мақал-мәтелдер, адамның табиғи және әлеуметтік, саяси-экономикалық жағдайларын, ізгілік мақсаттарын танып білуге мүмкіндік берді. Рухани және материалдық ескерткіштерді зерттеу ─ халқымыздың танымдық, адамгершілік-тәрбие және дүниеге деген көзқарастық ерекшелігін білуге көмектеседі. Қазақтың мақал-мәтелдерін алайық. Олардың әрқайсысын философиялық афоризм (түйінді ой) деуге болады, олар арқилы дәуірдің ауыр сынынан өткен, жан-жақты шыңдалған. Айталық: «көре-көре көсем боласың, сөйлей-сөйлей шешен боласың», «Көп көрген біле ме, көп жасаған біле ме?», «Өнер алды - қызыл тіл», «Сөз - өмір, сөйлеу - өнер», «Құс қанатымен ұшады, құйрығымен қонады», «Жаяудың шаңы шықпас, жалғыздың үні шықпас», «Ат шаппайды, бап шабады», «Байлық қолдың кірі, жусаң кетеді», т. б.
Ақыл-ой, әдет-ғұрып адамның өскен ортасына байланысты. «Көлде жүзген қоңыр қаз, қыр қадірін не білсін» деген қанатты сөздер мақал-мәтелдердің саны мен сапасына, философиялық ойлардың қалыптасуына әсер етті. Қазақ «тоқсан сөздің - тобықтай түйіні бар» деп ұққан, практикалық философия саласында ерекше жетілген халықтың бірі. Қазақ халқының рухани қазынасы - ауыз әдебиеті. Фольклор, тұрмыс-салттық жырлар, жан-жануарларға, табиғатқа, батырларға арналған толғаулар, философиялқ дүниетанымға қатысты мән-мағынаны ой- парасат арқылы ашу. «Алпамыс батыр», «Қобыланды» «Ер Тарғын» сияқты қазақтың эпостық шығармаларындағы негізгі ой мен мұраты ─ ел тәуелсіздігін аңсау, елге қорған болған батырларды жырлаумен бірге, ғашықтық жырлары («Қозы-Көрпеш - Баян сұлу», «Қыз Жібек», «Айман - Шолпан»), тарихи жырлар, шешендік сөздер, термелер, қара өлеңдер, аңыздар, т. б. қазақ халқында өте көп.
Қазақ халқының діни көзқарасы да әрқилы. Қазақ даласына ислам діні ІХ ғасырда келе бастады. Ол - араб халифатының Орта Азияны, Қазақ жерін жаулап алуына байланысты болды. Әскермен бірге араб миссионерлері - діни ілімді таратушылар, саудагерлер келе бастады. Олар Сунақ Сауран, Яссы, Отырар, Талас (Тараз), Баласағұн қалаларының тұрғындарына айналды, жергілікті халықтың тілін, әдет-ғұрпын бойына сіңіріп, қазақ болып кетті. Қожалар молдалық жасап ел аралап, балаларды сүндетке отырғызып, мектептер ашып, дінді уағыздады.
Ислам дінінің тұрақталуына бөгет жасаған – көшпелі тұрмыс. Мал соңында жүрген қазақ үшін бес мезгіл дәрет алып, намаз оқу, мешіт соғып бала оқыту қиынға түсті. Сондықтан олар ескі қорымдарға, ұсталық дүкендерге, далада өскен ағаштарға шүберек байлап, Әулие басына түнеп, садақа беріп, тәңірлік дінге сиынуын тоқтатпады. Ел арасында науқасқа бақсы-балгерлер шақырылып, олар түрлі емдік әрекеттер жасап, адамның ауруын қуыршаққа аударып, әртүрлі жараларға «бәдік» оқып сауықтырмақ болды. Құмалақ ашу, көкке қол жайып, тілек айту, аспан денелері - Айға, жұлдызға, Күнге табыну, отқа сиыну, күл шашу не оны баспау, үкінің қауырсынын тақияға, домбыраға, кілемге, ботаға тағу, жыртқыштың тырнағын бесікке ілу, үйге қарай жүгірмеу, иттің ұлығанынан қорқу, әйелдердің шашын жалбыратып жүруіне тыйым салу, т. б. ырымдар мен нанымдар исламға дейінгі ескі шаман дінінің қалдықтары. Ертедегі адамдар көзден, тілден қорыққан. Қазақ бұлардың бәрін ислам дінімен қабат ұстанған, оларды тіпті бөліп-ашып қарамаған.
Қазақ имандылықты сүйген, үлкендерді сыйлаған, әйелдер мен қыздар ер адамның жолын кеспеген, үлкендерге иіліп сәлем берген. Жастар үлкендердің қолына су құйып, сүлгі-орамал ұсынып батасын алған, ас қайырғанда игі тілек айтып, алғысын білдірген. Ел ішінде ата-анасын, жесірлерін, жетім балаларын тентіретіп жібермеген. Темекі, арақ-шарап ішу, карта ойнау қазақ арасында кейін кірген жағымсыз әдеттер, ол отаршылықтың салдары. Имандылық руханилық тәрбиемен, философиялық көзқарастармен бекітіліп отырған. «Әке көрген оқ жонар, ана көрген тон пішер», «Шалқайғанға шалқай, төбең көкке жеткенше, еңкейгенге еңкей, басың жерге тигенше» деп өскен еркін қазақ. Қазақта «жылан жылы жылыс болады, жылқы жылы ырыс болады», «Ағаш тамырымен көгереді», «Ажал келмесе - шыбын да өлмес»- дейді. Ал тіршіліктің өткіншілігі, мәңгі емес екені былай айтылады: «Ағаштың басын құрт жейді, адамның басы - тәңірдің тасы», «Адам ─ адамға қонақ, жан ─ кеудеге қонақ». Адамның ішкі дүниесіне, рухына байланысты қанағат, ар-ождан, пейіл, намыс ұғымдары қаралады. Мысалы, қанағат ету ─ жетіспеушілікке төзіп шыдау емес, ақылға сүйеніп, құнықтанудан бас тарту, сондықтан халық «адамды қанағат аздырмайды» дейді.
Қазақ халқының материалдық байлығы да жеткілікті. Ол халық болып «қазақ» атауын алғанға дейін де еуразиялық дала кеңістігінде тұрақты өмір сүріп, өз жеріндегі өткен мәдениеттің бәрінің жетістігіне, ата-бабалардың рухани және материалдық табыстарына ие болған, солардың бірден-бір тікелей ұрпағы. Сондықтан, қазақ тарихын Андронов мәдениеті заманы, үйсін мен қаңлы мемлекеті, түрк қағанатынан, т. б. бастаған жөн. Осы ретте оның өзіндік жазуы, қалалары, билік жүйесі болған деу әбден заңды. Соңғы деректерге қарағанда Қазақстан жерінің тұрғындары алғашқылардың бірі болып металл, соның ішінде темірді балқытуды үйренген, жылқыны ауыздақтаған. Отаршылық қысымнан енді ғана арылған еліміз, әлі де көп археологиялық, этнографиялық, т. б. зерттеулерге зәру. Рухани байлық елдің есінде қалайда сақталмаса, ал материалдық мұралардың сақталуы қиын. Бірақ, солардың көрнектілерінің өзі де қазақтың дүниеге деген түсінігін айқын көрсете алады.
Қытымыр аяздан, шілденің аптап ыстығынан қорғайтын, тез жинап, тұрғыза қоятын баспанаға киіз үй өте сай келеді. Дөңгеленген сыртқы пішіні қатты желге орнықты болса, туырлықтар жауыннан (қардан) кейін тез кебеді. Шаңырақ ─ шеңбер тәрізді шабығынан және күлдіреуіштен тұрады. Оның төбесінен жабылатын түндіктің жартылай ашық тұруы, бір жағынан қажеттілік ─ жарық түсетін терезе, түтін шығатын мұржа, таза ауа кіретін тесік, ал екіншіден ─ шаңырақ шексіз аспанның белгісі, мәңгілікке жол көрсетеді. Киіз үйге жоғарыдан төмен қарасақ, шаңырақ - күнге, ал уық, керегелер ─ оның сәулесіне ұқсас. Халық санасындағы пәни өмірден нұр жауып тұрған аспанға ұмытылу идеясы, киіз үй құрылысынан өз көрінісін табады. Киіз үй қазақтың уақыт пен кеңістікті игеруінің құралы болды. Уақыт өлшемдері негізінен «атшаптарым», «ет асым», «сүт пісірім» деп беріледі, ал ол күн сәулесінің уақытпен жылжуына сүйенеді. Киіз үйдегі шаңырақтан түскен күн сәулесінің уық аралығынан өтуі 360◦ = қа байланысты болса, уық саны 45, 60, 72, 90, 120 градус болып, қалдықсыз бөлінеді. Әрбір уықтың 5 градусқа, ал 360:5=72. Шамамен күн сәулесі екі уықтың арасын 20 м, үш уықтың арасын 40 м өтеді немесе 360:120=3 бие сауым мерзімі болады. Қазақ халқының киіз үйі соңғы мыңжылдықтарда ешқандай өзгеріске ұшырамаған. Сонда киіз үй қай заманда келген? Қонақ күту, дастархан басында ретпен отыру, етті мүшелеп, әр сүйекті мағыналай бөлу, бас беру кәдесі де ерте заманнан келе жатыр.
Қазақ халқының ойлау жүйесінің ең жоғарғы сатысы ─ философиялық дүниетанымы, ең ауқымды ұғым ─ дүние. Бұл ұғым болмыс, әлем ұғымына қарағанда көбірек қолданылады, мағынасы да өте бай. Дүние сөзі араб тілінен аударғанда:

  1. Бүкіл әлем, ғарыш, табиғат немесе болмыс.

  2. Дүниені – тіршілік немесе жарық дүние деп білу, тану. Дүние - құбылмалы, өзгермелі, опасыз, қайырымсыз. Дүниеде келу де, кету де бар. «Дүние кезек, терме ─ тезек», «Опасыз дүние ─ түлкі құйрық». Бұл мағынада оған о дүние, мәңгілік қарсы қойлады.

  3. «Дүнием түгел» деген ұғым ─ бәрі өз орында, бәрі өз ретімен істеліп жатыр дегенді білдіреді.

  4. «Дүниенің тұтқасын ұстау» деген ұғым ─ ретін, есебін тапқан және де қолына билік тиген адамдар туралы айтылады. Жалаң күш, әлсіз білім - дүниенің тұтқасына жеткізбейді.

  5. Күнделікті дүниетанымда «дүние» деп зат, мүлік, жиһаз, байлықты айтады. Бұл әрине, тіршілікте немесе көркем әдебиетте кешірімді, ал философияда «дүние» ұғымын дәл қолдану керек.

Қазақ жерінде дүние туралы жүйелі философиялық ой-пікір айтқан данышпандар жетіп жатыр. Қорқыт ата, әл-Фараби (Оңтүстік Қазақстан жерінде Отырарда дүниеге келген. Ол ұрпақтарына 160-тай философиялық трактат жазып қалдырған), Жүсіп Баласағұн, Махмұт Қашқари, Ахмет Қожа Иассауи, қазақ философиясының қайнар көзі болды.
Қорқыт ата деген данышпан философ VIII–IХ ғ өмір сүрген. Ол бүгінгі Қызылорданың Қармақшы жерінде туып өскен. Қорқыт – түркілердің оғыз ұлысынан шыққан асқан сәуегей, бақсы, дарынды күйші, сазгер, жыраулық өнердің атасы.
Қорқыт ата жиырма жасқа жеткенде, түс көріп, түсіндегі ақ киімді кісі: « қырықтан артық өмір сүрмейсің» - деген соң түйеге мініп, өлмейтін жер іздеп дүниенің төртбұрышын аралайды. Жолында кездескен бір кездегі көк майса жер «қурап солдым» десе, аспанмен таласқан асқар таулар «бұрын сәулетті едік, енді мыжырайып үгіліп біттік» деп мұңаяды. Аңыз бойынша, Қорқыт қайда барса да, қазылған қабірге тап болады. Кімнің қабірі деген сұраққа: «Қорқыттың қабірі» деген жауап алады. Ол барлық жан-жануарлардың, орман-тоғайдың да түбінде қартайып өлетінін аңғарады. Оның өлмейтін ешнәрсе жоқ деп, өлімді музыкамен жеңбекке ұмтылуында үлкен философиялық мән бар. Ол қолына қобыз алып, өлмей, өшпей түрлі халықтың есінде сақталған неше түрлі күйлер шығарды. Қорқыт ата айтыпты деген мақал-мәтелдер көп: «Ескі мамық бөз болмас, кәрі дұшпан дос болмас», «Шөлді жердің отын киік білер, сулы жердің қадірін құлан біледі», «Тәкаппарлықты тәңір сүймес», «Көңілі пасық ерде дәулет болмас», « Ұл атаның ері, екі көзінің бірі», «Жалған сөз бұл дүниеде болғанша болмағаны игі». Қорқыт айтқан болжамдардың бәрі өмірде орындалып отырған. Сондықтан Қорқыт атаның өнегелі нақыл сөздерін халық соңына дейін ұйып тыңдаған.
Жүсіп Баласағұн (ХІ ғ.) қазіргі Жамбыл облысында өмір сүрген. Ол араб әріпімен түркі тілінде жазған, ақын әрі философ. Ақынның негізгі дастаны - «Құтадғұ білік» («Құтты білік») (1069 ж.) деп аталады. Бұл дастанды саясат, мемлекет басқару, әскери іс жөніндегі философиялық трактат десе де болады. Адам баласының қадір-қасиеті, білім мен ақыл деп дүниеқоңыздықтан, жамандықтан аулақ болуға шақырды. «Құтты білігінде», төрт кейіпкер бар: Әділет,Бақыт, Ақыл, Қанағат. Күнтұды бек-әділет, Айтолды уәзір-бақыт, Өгдүлміш уәзірдің баласы ─ ақыл-ой, Одғұрмыш уәзірдің бауыры- қанағат бейнесінде беріледі. Әңгіме осы төрт кейіпкердің сұрақ жауаптары арқылы дамиды.
Негізгі пікірлері әділеттілік, бақыт, ақыл-сана, қанағат туралы диалогтармен беріледі. Одан басқа да көптеген рубаилар жазған. Шығармаларының поэзиялық көркемдік жағы жоғары, философиялық толғаулары терең. Ол адамдарды ─ адамгершілікке, тазалыққа, адалдыққа шақырған. Жүсіп Баласағұни: «Біліп сөйле, білмегенге үйрет», «Білім - жарығын шашып тұрған нұр», «Кірді сумен жуады, су кірлесе оны немен жуады» дегендей ұлағатты өсиеттер қалдырған. Ойшыл, ғалым, білімпаз ақынның кітабы ақыл - өсиет, өнеге-уағыз түрінде жазылған. Баласағұн осы кітабы арқылы Хас Хажып (сарай министірі) атағын алған.
Махмұт Қашқари (ХІ ғ.). Оның негізгі еңбегі «Диуани лұғат ат-түрік» (түрік тілдерінің жинағы). Тұрмыс-салт жырлары, түркі халықтарының фольклор жанрларының ең көне түрлері жиі кездеседі. Мұнда көшпенділерге тән төрт түлік мал туралы, ерте замандағы адамдардың дүниетанымын, тұрмыс тіршілігін, әдет-ғұрпын, салт-санасын, тотемдік түсініктерін танып - білеміз.
Махмұт Қашқари еңбегінің құндылығы ─ ондағы орта ғасыр түркілер өлең- жырларының бар болуы. Ерлік жырларының тақырып- мазмұны, суреттеу тәсілі жағынан қазақ эпос-жырларына ұқсас. Онда сопылық поэзияға тән көзқарастар, дүние жимай ақыл білім жинауға, өмірдің мәнін түсініп, оның бәрі өткінші кететінін ұғынуға шақырады. Махмұт Қашқари: «Жасауы мол келіннің күйеуі жуас болады», «Көзден алыстаса, көңілден де алыстар», «Құс тұзаққа жем үшін ілінер», «Берекесіздіктен құт қашар».
Ахмет Қожа Иассауи (1094-1167 жж.) - ақын, ойшыл. Сопылық бағытты ұстанған әулие дәрежесінде құрметтеп, халқымыз оны «Әзірет Сұлтан» деп атаған. Оның басты еңбегі - «Диуани Хикмет». Бұл кітабында қазақ халқының ежелгі мәдениетіне, әдебиетіне, тарихына этнографиясына қатысы бар көптеген құнды мәліметтер табылды. Бұл еңбек халқымыздың дүниетанымын кеңейтерлік біршама рөл атқарды. Оның есімі бүкіл араб елдеріне кеңінен танымал, әрі беделі орасан зор болды. Сондықтан Әмір Темір ол кісінің жерленген жеріне арада екі ғасыр өткенде дүниежүзілік маңызы бар Түркістан кесенесін орнатты. Иассауи еңбегінде бұқара халыққа үстемдік құрған хандардың, бектердің қазылардың қарамдық істерін әшкерлеп сынайды, фанидің жалғандығын айтады. Діни адамдардың Құдайдың атын жамылып, бас пайдасын ойлап, кемтарларды ұмытып, елді алдап, байлыққа құныққанын көріп, түңіледі. Ол өзін олардан аулақ ұстап, пайғамбар жасына келгенде қалған өмірін жер астында өткізді деген аңыз да бар. Алла тағалаға адал берілгенін дәлелдеп, дүние қызығынан безіп, софылыққа (аскетизм) ден қояды.
Келесі аты аңызға айналған тұлғалардың бірі ХV ғасырдағы алғашқы қазақ хандары Жәнібек пен Керейдің ақылшысы болған ақын, философ, ─ Асан Қайғы (ХV ғ.) атанып кеткен - Хасен Сәбитұлы. Оны Шоқан: «Көшпелі ноғай, қазақ ұлысының философы» деп атады.
Қазақ ордасының құрылу барысында жаңа мемлекетті жақтаушы және насихаттаушысы болды.Оның жыр-толғауларының түйіні, хандық билікті нығайту, елді қорғау, туыстас руларды бір жерге бағынатын мемелекет құруға арналды.
Батыс Қазақстан жерінде өмір сүрген Асан Қайғы, Жәнібек ханның халыққа қысым жасаушы билігінен қашып, елдің көшіп жүрген тұрмысына қанағаттанбай, ренжиді. Желмаяға мініп әлемді, кең дүниені аралайды. Халыққа қолайлы көп жерді көреді. «Жерұйық» оның орындалмаған арманы. «Жерұйық» ─ қой үстінде бозторғай жұмыртқалаған, ел аласы, ру таласы жоқ, қойны құт, суы сүт жер. Бірақ ол оны ешжерден таба алмай қайғырады.
Мұхамед Хайдардың (1499-1559) «Тарих и Рашиди» еңбегінде адамгершілік,әлем, дүние өз замандастары туралы дәлелді деректердің негізінде мазмұны мәнді, философиялық тұжырымдар жасап, қазақ хандығының қалыптасу кезеңін баяндай отырып, оның халықтық мемлекет болуына, ұлтымыздың қазақ ретінде қалыптасу барысында өмір сүріп, қоғамдық ойдың дамуына ұлттық философиялық білімнің қалыптасуына ат салысты.
Бұхар жырау (1684-1781жж.) ─ қазақ халқының тарихындағы ұлы тұлғалардың бірі. Абылай ханның кеңесшісі. Хан оның айтқан кеңесіне құлақ салып отырған. Ол қазақ мемлекетінің саяси тарихындағы белгілі оқиғаларды баяндайды. Оның өлеңдерінен сол кездегі халықтың салт-санасын, ой-өрісін, тілек-мақсатын, қайғы-қасіретін, қауныш-сүйінішін жырлағанын білеміз. Ол алауыздық ─ келіспеушілікпен бірбеткейліктің нәтижесі екендігін айтады. Жер бетінен жойылып кеткен жоңғар мемлекетінің тағдырын Бұхар жырау мысал етеді. Жырау дүниеде мәңгілік ештеңе жоқ екендігін, өмір күнделікті өзгерістерге ұшырап отыратынын атап көрсетті. Мұндай өзгерістер тұрмыста ғана емес, адамды қоршаған ортада, табиғатта да жүріп жатады. Бұхар жырау шығармалары нақыл сөздер, мен филсосфиялық ой- толғауларға толы, ол өз заманының көкейтесті мәселелерін көтерген отрыған азамат ақын болды.
Шалкиіз Тіленшіұлы (1465-1560) ─ барлық қазақ жырауының атасы деуге де болады. Ол ел билеушінің опасыздығын, қара басының қамы үшін бүкіл халықты сатып жіберуге баратынын бетіне айтып, сені хан көтерген халық еді, асып-таспа, халықтан қол үзбе, «көп қорқытады, терең батырады» - деген өзекті ақыл кеңестер айтты.
Шалкиіз-шығармаларында философиялық толғау көбірек орын алған. Қиынан қиыстыру, нақтылық сонымен қатар, ойларындағы тереңдік оның шығармаларына тән. « Көп түкірсе ─ көл» деп жауға айбар, елге қорған болатын бірлікке шақырады
ХІХ ғасырда қазақ жеріндегі феодалдар, дін иелері халықтың санасын революция идеологиясынан алшақ ұстады. Қазақ жерінде прогрессивтік қоғамдық-саяси, философиялық ой-пікірлер, осы идеологияға қарсы күресте туып, шынығып қалыптасты. ХІХ ғасырдың екінші жартысында қазақ жерінде болған үлкен өзгеріс, қазақ ханы Абылхайырдың қазақ елінің Ресейге қосуы, сол кезде Ресейде болған оқиғалармен тығыз байланысты. Олар:

  1. 1861 жылы Басыбайлылық хұқығы жойылғанынан кейін, Патша өкіметінің Ресей шаруаларын қазақтың жеріне орналастыра бастауы.

  2. Ресей отаршылық саясатының арқасында Батыс Еуропа секілді империализм сатысына көшуі.

  3. Ресейдің орталық аймақтарындағы революциялық қозғалыстары шет аймақтардағы ұлт-азаттық қозғалыстардың пайда болуына себеп болуы.

  4. Қазақ жеріндегі қоғамдық объективті жағдайлар, алдыңғы қатарлы ойшыл- ақындар мен қоғам қайраткерлерінің шығуына алып келді.

Орыстың отаршылдық саясатына ашық наразылық білдірушілер «Зар заман» ақындары деп аталды. Олар: Дулат Бабатайұлы (1802-1871), Шортанбай Канайұлы (1818-1881), Мұрат Мөңкеұлы (1843-1906). Бұлар өз өлеңдерінде Қазақ елінің Ресейге қосылуы нәтижесінде болған жаңалықтарды қабылдамай, өткен заманды «алтын заман» деп атады. Өз заманындағы кейбір жексұрын мінездерді, бай мен болмыстың, қожа мен молданың озбырлықтарын, кедей шаруаның ауыр халін реалистік тұрғыдан суреттеді.
Оларды ойландырған мына мәселелер:

  1. Ел тағдыры.

  2. Отаршылық бұғауынан құтылу.

  3. Тәуелсіз мемлекет құру, яғни Патшаның қазақ жерін өз меншігіне айналдырудан

арылу.

  1. Тарихи жер-су аттарын өзгертуге, оларды орысша атауға қарсылық.

  2. Отаршылықтың тағы бір түрі ─ халық намысына тию, яғни қазақтарды «киргиз» немесе буратана, тіпті дала адамы (степняк) деп, халықты біржолата өз атынан айырмақ болуына қарсы тұру.

  3. Жергілікті халық екі түрлі қыспақта болды: отаршылық пен жергілікті үстем тап езгісін - тоқтатуға ат салысу.

Сол себепті, көп уақыт бойы олардың аттары аталмай, шығармалары тарихтан бетінен алынып тасталды, олар Ресейге қарсы болған кертартпа идеология деп қаралды. Тікелей осының әсерінен, қазақ жерінде, әр кезде, жер-жерде ұлтазаттық көтерілістер болып жатты. Оларды: Сырым Датов, Исатай Тайманов, Кенесары Қасымов, Жанқожа Нұрмұхамедов, т.б. басқарды. Бұл көтерілістерді патша өкіметі арнайы әскер жіберіп басып тастап отырды. Патша өкіметі оларды қарақшылар деп атаса, жергілікті халық «батыр» деп дәріптеді. Кеңес өкіметі қазақ халқының отаршылыққа қарсы күресін орыс халқына қарсы күрес, реакцияшыл (кертартпа) қозғалыс деп, дұрыс баға бере алмады. Тек қазақтың тәуелсіз мемлекетінің пайда болуына байланысты кеткен қателіктер жөнделе бастады.
Ресейдің басқа ұлт аймақтарында сияқты қазақ жерінде де білімге, прогреске ұмытылған алдыңғы қатарлы ойшылдар болды. Бұлар: Шоқан Уәлиханов (1835-1865), Ыбырай Алтынсарин (1841-1889), Абай Құнанбаев (1845-1904), т.б. Оларды революционер-демократ, утопист деуге болмайды. Оның себебі: олар өмірді өзгерту үшін революция жасауға шақырған жоқ, социализм орнатуды армандамады. Осының нәтижесінде, олар ағартушы-демократ ретінде тарихтан орын алды.
Қазақ жеріндегі ХІХ ғ. қоғамдық-саяси және философиялық ой-пікірдің өкілі - қазақтың тұңғыш ресми ғалымы, көрнекті ұлы Ш. Уәлиханов (шын аты Мұхаммед - Ханафия), ағартушы-демократ. Ол: ориенталист (шығыстың тілі мен мәдениетін зерттеуші ғалым), этнограф (қоғамдық ғылымның тайпалар мен халықтарды зерттейтін саласы), фольклорист (халық ауыз әдебиетін зерттеуші, жинаушы), географ және тарихшы. Абылай ханның Шыңғыс деген ұлының баласы. Шыңғыс Құсмұрында (Көкшетеу облысы, Воладар ауданы) аға сұлтан болған, Шоқан осы жерде туған. Алғашқы білімін қазақ мектебінде алып, арабша хат таныды. 1847 жылы Омбыдағы Кадет корпусына түсіп, оны 1853 жылы бітірді. Ол өзімен бірге оқитын Потанинмен достығының арқасында прогресшіл тұлғалармен танысты, солардың ықпалымен ой-өрісі кеңіп дамыды. 1854 жылы Батыс Сібір мен Қазақстанның Солтүстік-батыс аймағын басқарған Генерал Г. Х. Гасфорттың адъютанты болды. Ол сол кезден бастап ғылыми-зерттеу жұмысымен айналысты.
1855 жылдан бастап Семей, Іле, Ыстық көл, Жетісу жерлерін зерттеген әскери-ғылыми экспедицияның құрамында болды. Онда осы өлкелердің өсімдіктер мен жануарлар дүниесін, халықтың тарихын, әдет-ғұрпын, ауыз әдебиетін зерттеді. Әрбір халықтың ерекшелігін бейнелейтін суреттер салды. «Ыстық көл сапарының күнделігі» деген ғылыми еңбек шығарады. 1856 жылы Қытайдағы Құлжа қаласына жасаған 3 айлық сапардың нәтижесінде «Құлжа қаласы» деген еңбек жазды. 1857 жылы 27 ақпанында «Орыс географиялық қоғамының» толық мүшесі болып сайланды.
1858 жылғы 1 қазаннан 1859 жылғы 11 наурызға дейін «Әлімбай» деген жасырын атпен Шығысты зерттеу үшін ұйымдастырылған сауда керуенімен Қашғарияға (Қытай) аттанды. Онда елдің саяси құрылымын, табиғатын, халықтың кәсібін, әдет-ғұрпын зерттеген материалдар жинады. Бұл еңбектері үшін Омбыдан Петербургке шақырылды. 1861 жылы ол науқасы меңдеп, елге қайтты. 1864 жылы Ресейге қосу үшін Ташкентке бағыталған М. Г. Черняевтың әскери отрядына шақырылды. Бұл жорықта Әулие- Ата, Шымкент маңындағы жергілікті бейбіт халықтың қанын төгіп, үйлерін қиратып өртегеніне наразылық білдіріп, армияны тастап кетті. Алматы облысындағы Алтынемел жотасының етегіндегі Тезек төренің еліне барады. Осы жерде 1865 жылы дүние салды.
Қоғамдық өмірді түсіндіруде ол идеалистік көзқараста болды. Ғылым мен ағартудың арқасында қоғамды өзгертіп, прогреске жетуге болатынына сенді. Әлеуметтік бақытсыздықтың себебін жаппай сауатсыздықтан іздеді, «Әділетті басшы» идеясын жақтады. Мәдениет дәрежесінің экономикаға тәуелділігі жайлы ойлары болғанымен, ағартушылық позициясын ұстанды. Адамның көзқарасы, мінезі, әдет-ғұрпы, сыртқы ортаға, әлеуметтік және географиялық (табиғи) жағдайларға, климатқа, топыраққа байланысты деп, қоғам өміріндегі географиялық ортаның рөлін бағалады.
Оның дүниетанымдық көзқарасы көп жағдайда, материалистік көзқарасқа жақын келеді. Материя мен сананың арақатысын материалистік тұрғыдан шешті. Мәңгілік, шексіздік идеяларының негіздерін дамытты. Дін түрлерінің ішінде ислам мен христандыққа қарағанда буддизмді «гуманистік ілім» деп бағалады. «Даладағы мұсылмандық туралы» деген еңбегінде Исламды «Қазақтың ойы мен сезіміне кедергі жасайды, орта ғасырлық қараңғылықты уағыздайды, орыс мәдениетінен бездіреді» - деп жазды. Қазақ халқының прогреске жетуі үшін ислам дінін таратушы татар молдалардан құтылу, ислам дінінің ықпалынан халықты босату, қазақ жерінде орыс мектептерін ашып, қазақтарды оқытуды ұсынды. Жалпы алғанда, оның дүниетанымы, шығармашылық мұрасы мен практикалық іс-әрекеті Орта Азия мен Қазақстанның рухани қалыптасуы жолындағы үлкен белес болып табылады.
Ыбрай Алтынсарин. Торғай жерінде 1841 дүниеге келді. Әкесі қайтыс болып, жастайынан жетім қалады да, атасы Балқожа бидің қолында тәрбиеленеді. 1850-1857 жылдары Орынбор Шекара Комиссиясының қазақ балалары үшін ашылған мектебін бітірді. Ыбрай осы өлкеде айдауда жүрген орыс зиялыларымен таныс болды. Шығыс зерттеушісі В. Григорьевтен дәріс алды. Ал елге қайтқан соң қаржы жинап, мектеп ашты. Мектеп ашуды қазақ балаларының білім алып, өз халқына қызмет етуіне мүмкіндік жасау деп түсінді. Ағарту саласында оған басшылық еткен Қазан Университетінің профессоры, миссионер ─ Н.И.Ильинский болды. Ол орыс алфавитімен жазылған, оқу құралын жазуды ұсынды. 1879 ж төрт тараудан тұратын «Қырғыз хрестоматиясын», «Қазақтарға орыс тілін үйретудің бастауыш құралын» жазды. Сегіз тараулық оқу кітабында: зат есім, сын есім, үстеу мен жалғау, етістік ұғымдарын тұңғыш енгізіп, талдап көрсетті. Оқулық осы күнге дейін өзінің құндылығын жоғалтқан жоқ. Оның тікелей араласуымен мектеп-интернаттар, училищелер және кітапханалар ашылды. Ыбрай, надандыққа, сауатсыздыққа қарсы болып, халықты еңбекке, білімге шақырады. Оның шығармалары: «Надандық», «Бай баласы мен жарлы баласы», «Лұқпан Хәкім», «Қыпшақ Сейтқұл» және «Асан мен Үсен». Ыбрай еңбектерінде халықты егін салумен айналасуға, өнеркәсіпті дамытуға және білім алуға шақырады.
Қоғамдық-саяси және философиялық көзқарасында утопиялық түсініктер басым болды. Материалдық өндірістің қоғам өміріндегі шешуі күш ретіндегі орнын түсінбеді. Мәселені шешу кілті оқуда, ағарту ісінде деп санады. Білім мәселесінде мектептегі діни-схоластикалық оқуға қарсы болды. Білімнің өзін ол заттар мен табиғи құбылыстар туралы ілім деп есептеді. Білім көзі ғажайып рухқа сенуде емес, табиғи әлемде, сондықтан білім ғажайып жол. Ол Құдай арқылы емес, адамның қабілеті мен еңбегінің арқасында жиналады дегенді ұстанды. Табиғат қатынастарын түсіндіруде стихиялық материалистік көзқараста болды. Тәжірибелік тұрғыдан танып-білу қажеттілігін атап көрсетеді.
Алтынсарин дүниеден қайтқанша, миссионерлікпен ашық күресіне күмән келтірушілер болды. Миссионер – мемлекет тарапынан қолдау тауып, бөтен діндерді уағыздаушы, таратушы. Миссионерлік қызмет атқару - экономикасы төмен, білімнен кенжелеп қалған, дамымаған елдерде христиан дінін насихаттау арқылы патшаның отаршылдық саясатын жүзеге асыруға жәрдемдесу. Ол мұндай отаршылық саясатқа қарсы болды. Мысалы, Красноуфимскідегі ауылшаруашылық мектебінде қазақ балаларына шошқа бақтыру, шошқа етін беру, орыс оқулықтарымен бірге насихат жүргізу фактілерін естіп, қатты наразылық білдірді, инспектор ретінде тікелей барып шара қолданды. Тарих пен қоғамдық құбылыстар, қоғамды өзгерту жолдары туралы мәселеде Алтынсарин ғылым мен ағартушылыққа, олардың ерекше күшіне сенім білдіреді.
Абай Құнанбаев. ─ қазақтың ұлы ақыны, қазақ жазба әдебиетінің негізін салушы, ұлы гуманист, ойшыл, философ, қоғам қайраткері әрі сазгер. Абай басқа философтар секілді әдейілеп философиялық трактаттар жазбағанымен. Бірақ, оның өлеңдері мен қара сөздері философиялық салиқалы ойларға, терең мағыналы толғауларға толы. Ол философиялық ойдың заңғар биігіне арнайы оқудан емес, өмір мен болмысты тоқу арқылы жеткен табиғаттың өзі тудырған ғұлама.
Абай қазіргі Шыңғыстау бауырында Жиделі қыстауында дүниеге келді. Ол орысша сауатын ашады. Ол шығыстың ұлы ғұламалары ─ Фирдоуси Абул Қасым, Низами Ганджев және Ильяс Юсуф-оглының шығармаларымен танысып, оны көңіліне тоқыды. Шығармалары өлең түрінде жазылған, 45 қара сөзі (ғаклиясы) де бар. Абай қазақ фольклорын жетік меңгерді. Абайдың қоғамдық-саяси және философиялық ой-пікірлерінің негізіне: қазақ халқының әлеуметтік деңгейі, тұрмысындағы кемшіліктері, эстетикалық мәселелер, өнерді, білімді игеру, еңбекке баулу, өзбектер мен татарлар секілді белсенді саудаға араласу, дүниетанымында - Құдай мен Табиғат, Адам мен Құдірет, Жан мен Тән, Өмір мен Өлім мәселелері қойылды.
Осы мәселелерге прогресшіл тұрғыдан жауап іздеді. Бір жағынан, дүниенің объективтік заңдылығының бар екенін мойындады, ғылымды меңгеруге, дүниені түсінуге шақырды. Ол «Аш қарын жұбана ма, майлы ас жемей» - деген өлеңінде «мал» деген ұғымды, былай пайдаланады: «жалға жүр, жат жерге кет, мал тауып кел, малың болса сыйламай тұра алмас ел» - деп ақыл айтады. Мұндағы «мал» дегені – нақпа-нақ сиыр, жылқы немесе қой емес, жалпылама байлық, «меншік» болып отыр. Қазақ үшін «мал» - байлықтың, барлықтың жалпылама көрсеткіші. «Мал» ұғымын экономикалық мәнде қолданудың негізі бар. «Мал» араб тілінде ─ меншік, капитал деген ұғымды білдіреді. Олай болса мал табу ─ ақыл-ойдың нәтижесі. Мал тапқан адам - ақылды тапқаны. Бұл адамдық, адалдық жол. Көкірегі ояу, саналы жұрт осы жолмен жүруі керек.
Танып-білу құмарлығы туралы отыз екінші сөзінде, дүние тану сатыларын былай белгілейді:

  1. Білу үшін ынтық болу, білуді дәулет көру;

  2. Білгеніңді жадыңда ұстап, тағы да жаңа білім алуға ұмтылу;

  3. Білгеніңді жақсы ұғып, оның анық суретін іште, санада жайғастырып қою;

  4. Білу мен құмарлықты игеру, ақиқатқа ұмтылу. Ақиқатқа көзің жетсе, соны пір тұту, өлсең де айырылмау.

Ол білімнің екі жолын көрсетті: мулахиза - барлық күш қуатыңды білу үшін қызмет етуге жұмылдыру; мухафаза - білгенді сақтау, оны дәріптей білу.
Абайдың қара сөздері мен өлеңдерінде материалистік және идеалистік көзқарастар, ой-пікірлер араласып жатады. Абай - деист. Құдайдың құдіретін тек жарату әрекетімен шектейді. Таным мәселесіне материалистік тұрғыдан қарайды, адамның танымы априорлық (тәжірибесіз ой жорамалдаушы) емес, шындықтың заттары мен құбылыстарының өзін білу, таным көзі объективтік дүние дейді. «Еңбек таным қабілетін дамытады. Елден естігенді санада (жадыда) сақтауға көмектеседі. Еңбек процесінде адам өз білімін ретке келтіреді, керекті білімді керексіз білімнен бөліп, ақылын арттыра түседі» - дейді. Бірақ Абай үшін ақиқаттың критерийі (дәйегі) ─ сайып келгенде практика емес, ақыл-ойдың өзі болып шығады. «Бұдан көсемсіз ел көгермейді, басшысыз ел азады, жер тозады, берекелі жердің көрікті болашағы басшыға, ел ағасына байланысты, сондай-ақ азаматының қадірін біл» - деген тамаша асыл ойлар туындайды.
Абай өз философиясында, адам болам десең бес нәрседен қашық бол, бес нәрсеге асық бол: өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек, бекер мал шашпақ - бес дұшпаның білсеңіз. Талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым ойлап қой - бес асылың көнсеңіз деп өсиет айтады. Өсиеттерінің бірі - бірлік: бірлік алды тірлік, бірлік жоқ болса, оның үстіне күндестік қосылса, адамдардың әлеуметтік күйі құлдырап, төмендей беретінін айта келіп: «Бірлік жоқ, береке жоқ, шын пейіл жоқ. Сапырылды байлығың, баққан жылқың» деп жазды. Қоғамдағы бір жағымсыз, зиянды құбылыс - маскүнемділіктің дерт болып жайылып бара жатқандығын көрегендікпен әшкерелейді. «Арақ ішкен, мас болған жұрттың бәрі не пайда, не залалды біле алмай жүр». Абай білімсіздіктің, надандықтың, әлеуметтік ауыр жағдайға алып келетіндігін көрсетеді.
Ғылымды әлеуметтік жағдайды жаңартудың құралы ғана емес, прогреске жетудің жолы дейді. Өзінің 17-ші сөзінде ғылымның әлеуметтік рөліне кең әрі терең тоқтап, ақыл, қайрат, жүректі айтыстыра келеді де, ғылымға жүгіндіреді. Надан ел қуанбас нәрсеге қуанады және қуанғанда не айтып не қойғанын өзі білмей есі шығады, ұялмас нәседен ұялады, ұяларлық нәрседен ұялмайды. Қазақтың әлеуметтік жағдайының ауырлығын көп зерттеген Абай, одан бүкіл адамзат баласына қатысты қорытындылар шығарады. Адам баласын қор қылатын үш нәрсе: 1. Надандық. 2. Еріншектік. 3. Залымдық деп қорытындылайды. Абай жан-жақты, үйлесімді дамыған адамды қалыптастыруды армандайды. Сондай кісілерден тұратын қоғам ғана әділеттік теңдік орнатады деп үміттенді.
1917 жылы ақпан (февраль) революциясының жеңгенін, ақ патшаның тақтан түскенін естіп, зиялылардың бір тобы «Қазақ» газетінің басшылығымен қазақтың құрылтайын шақырып, онда жалпы ұлт мәселелерін талқылауға даярлық бастады. Бұл мәселелер алдымен облыс орталықтарында талқыланып, шілде айының 21-26 жұлдызында Орынбор қаласында, бірінші жалпы қазақ съезі шақырылды. Съезд жұмысына Ақмола, Семей, Торғай, Орал, Жетісу, Сырдария, Ферғана облыстарынан және Бөкей ордасынан барлығы 20-дай өкіл қатысты. Съезд барысында мына мәселелер қаралды: мемлекеттің билеу түрі, жер мәселесі, дін, сот мәселесі, халық милициясы, оқу мәселесі, дін мәселесі, әйел теңдігі мәселесі.
Қазақ автономиясы Ресейге кіреді деп алынған қаулыға, уақытша өкімет бастығы Керенский, ешқандай өкімет берілмейді деп жауап берді. Сібір өкіметінің басында тұрған Колчак, 1918 жылы Алаш жойылсын деді. 1917 жылы желтоқсанда 2-ші жалпы қазақ съезі өтті, оның шешімдеріне байланысты мемлекет атрибуттары қалыптаса бастады. Бірақ Совет өкіметі алашорданың прогрессивтік қозғалыс екенін мойындамай, контрреволюциялық өкімет деп жариялады. Отаршылдық бұғаудан құтылу, қазақтың өз алдына тәуелсіз ел болып қалыптасуы үшін, халық санасын ояту мәселелері қойылды, ол «Айқап» журналы арқылы жүргізілді.
Міржақып Дулатов (1885-1935). Алаш елінің келешегін ойлай келіп, 1909 жылы Уфа қаласында Каримов-Хұсайновтар баспасынан жарық көрген, «Оян, қазақ» дастанын жазды. Бұл шығармасы үшін Патша Өкіметі 1913 жылы оны түрмеге отырғызды, ол түрмеден февраль (ақпан) революциясынан кейін ғана босатылды.
Көзіңді аш, оян қазақ.
Көтер басты, өткізбей.
Қараңғыда бекер жасты!
Жер кетті, дін нашарлап,
Хал һарам боп, қазағым,
Енді жату жарамасты.
Бұл дастанда халқын бейқамдықтан арылып, бостандыққа ұмтылу жолында көзді ашып, егеменді ел болуға шақырып ой толғады. Оның «Қазақ жеріне» деген өлеңінде:
Қазағым жер қайда атамекен,
Қазақ - қазақ болғалы мекен еткен.
Қазірде бәріңізді қуып шыққан.
Орнына қала салып хохол жеткен.
Шығуға жер өлшеуге землемерлер,
Бұл үшін кеткен бізден жақсы жерлер.
Тәтті шөп, тұщы судың бәрі сонда,
Табатын бұған хайла қайда ерлер.
Осы өлеңде Россияның отаршылдық саясатының негізінде қазақтың кең даласы тарылып, оның халқы жерінен айырылып қалу мүмкіндігін ашына жырлайды. Мұнда елге сүйіспеншілік-патриотизм мәселелерін көтереді. Оның айтқандары сол кездегі қазақ азаматтарының көкейтесті, бостандық тілеген ой-армандары еді. Ол 1916 жылы Ұлт азаттық қозғалысқа алып келді, Алаш өкіметін орнатуға мүмкіндіктер жасады.
Ахмет Байтұрсынов (1873-1937). Ақын, лингвист, түркі әлемін зерттеуші,ғалым, талантты аудармашы. Ол қазақтың Тәуелсіз мемлекет құрып, өндірісті дамытып, қалалар салып, мәдениет ошақтарын ашуын, мектептер мен жоғары оқу орындарының жұмысын жолға қоюын, ұлт интеллигенциясын қалыптастыруын армандады. Байтұрсынов: «Біз кейін қалған халық, алға басып жұрт қатарына кіру керек. Басқадан кем болмас үшін білімді, бай, һәм күшті болуымыз керек. Осы керектердің жолында жұмыс істеу керек» деді. Демократиялық мемлекет құру үшін. 1. білім; 2. кәсіптік дайындық; 3. байлық; 4. күштілік; 5. ұлт бірлігін ұсынды. Оның тәуелсіздік туралы осы идеялары әлі өзінің құндылығын жоймағанына, ақыл-парасатымызбен, танымдық сезімімізбен бүгін де қайран қаламыз.
Қазақ халқының тағдыры көп толғандырған азамттарың бірі ─ Сұлтанмахмұт Торайғыров (1893-1920). Ол үшін Жапондықтар нұсқа саналды, олардың 1863 жылғы мэдзи революциясынан кейінгі уақыттағы жалпы қоғам табыстарын алға қойды. «Бұдан 58 жыл. бұрынғы жапондардың жайы, осы күнгі қазақ жайынан несі артық болды? Қайта жапондарда атадан балаға мирас болып көшіп отыратын дайми (губернатор), шогондер (наместник) болды, ал қазақта болса ондай кесел жоқ. Егер осындай халден жапондықтар 35-40 жылда ержетсе, еуропа қатарына қосылса, біздің солай жылдам жетуіміз үшін тегіс жұмылып үйренуге кірісуіміз керек» деп санады. Мектеп, медресе, газет журналдар мен кітаптар көбейіп ғылым дамыса, одан соң дене азығы мен ар азығы болса дейді. Дене азығы дегеніміз ─ ғылыми-техникалық прогрестің табыстарын пайдалану. Ар азығы дегеніміз - әділдік. Өзінің талап-тілегі жөнінен Торайғыров бір жағынан Жүсіп Баласағұн, Әбу Насыр әл-Фараби секілді қайырымды қала тұрғындары, әділ әкім халқындағы утопиялық ойды дамытушы. Екіншіден, Жан Жак Руссо, Л. Н. Толстой секілді өркениеттің дамуын көзбен көрген ағартушылар идеясын жалғастырушы, жақтаушы. Жаңа адамзатқа қажетті үйлесімдікті іздеуі ─ игілікті талап етуі. Ол қоғамдағы әрбір өзгерістен үміткер болған, халқының қолын теңдікке, бостандыққа социализм жеткізеді деп сенген. Социализм ақынның кезекті үміті еді. Бұған дейін ол Алаш партиясының мүшесі, хатшы болған. Тәтті тілек, әрбір жаңалық халқыма жақсылық болып оралса деп бар жан-тәнімен тіледі. «Қамар сұлу», «Кім жазықты» романдарында ғасырдан келе жатқан әлеуметтік теңсіздікті әшкерледі.
Басқа да халқының зиялы өкілдері өз шығармаларында халықтың сана-сезімін ояту, әйел теңдігін жақтау, керенаулықтан құтылуды сөз етті. Мұны С.Көбеевтің «Қалың мал» романы, М. Дулаттың «Бақытсыз Жамал» романы, М. Әуезовтың «Қорғансыздың күні» әңгімесі терең күрсініспен қозғады.
Мағжан Жұмабаев (1843-1938). Мағжан халық ауыз әдебиетінің сюжеттерін пайдалана отырып, халқымыздың бостандығы үшін күрестегі ерліктерін кейінгі ұрпақтарға мирас еткен, сол арқылы халықтың рухани сезімін оятқысы келген. Мағжан Жұмабаевтың «Қорқыт» поэмасында Қорқыттың адамзат баласы үшін «мәңгілік өмір іздеуі», Мағжанның ел егенмендігі идеясымен сай келеді. Мәңгілік өмірді аңсау ─ адам жаратылысынан келе жатқан арман. «Көлдің суалғысы, гүлдің солғысы келмейді». Бұл табиғи шындық. Бостандық аңсаған халық мақсаттарына жетпей қоймайды. Бұл қажеттілік. Ол: «Қорқыт жан күйзелісін, арман шерін қобыз сарынымен білдірсе, мен өлеңмен аңғартамын, соны түсініп жаныңмен ұқ» ─ деп оқырмандарға кеңес береді. Сондықтан Қорқыт зары ақын мұңымен үндес.
ХХ ғасырдағы қазақ ойшылдары түрлі философиялық ізденіс жасады. Қазақ халқының қарапайым ой-пікірін алғашқы болып жүйелі философиялық деңгейге көтерген Абайдың немере інісі Шәкәрім Құдайбердиев (1858-1931). Ол орыс, араб, парсы, түрік тілдерін тектік білген. Еуропалық қоғамдық ойлармен және орыстың революцияшыл-демократ ойшылдарымен таныс болған. Ол Абайдың қара сөзіндегі ой толғау дәстүрін дамыта отырып, 1898 жылдан 1928 жылға дейін, яғни 30 жыл бойы табанды ізденістің нәтижесінде қазақтың алғашқы жүйелі философиясының жолын салды, «Үш анық» деген еңбегін шығарды.
«Үш анық» деген не?

  1. Заттық дүниені ғылыми жолмен тану.

  2. Діни ұғымдар, ғажап жағдайларға сену (магентизм, спиритизм, телепатия).

  3. Ұждан, былайша айтқанда ынсап, әділет, мейірім деп оны бөліп, адамның моральдық мәселелерін арнайы қозғайды. Ұжданды орысша ─ совесть деп атап келіп, Шәкәрім: «Совесть - жанның тірегі»,- дейді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   94




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет