Құқық философиясының мақсаты құқық туралы шындықты тану.
Құқық философиясының авторы немістің заңгері Г. Гуго. Оның пікірінше юриспруденция үш бөлімнен тұрады:
1. юридикалық догматтар,
2. құқықтық философия,
3.құқық тарихы
Гегельдің пікірінше құқық философиясы – заңдық емес, философиялық пән.
Құқық туралы нағыз ғылым-құқық философиясы.
Құқық философиясының басты мақсаты құқықтың негізінде жатқан ойларды, идеяларды, құндылықтарды тану. Ол тек дұрыс, философиялық ойлау негізінде ғана мүмкін.